Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Банкрот деп тану

Читайте также:
  1. Анализ коэффициентов финансовой устойчивости и анализ возможности банкротства.
  2. Бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану
  3. ГАРАНТИИ РАБОТНИКАМ В СЛУЧАЕ ИЗМЕНЕНИЯ ОРГАНИЗАЦИИ ПРОИЗВОДСТВА, ФОРМЫ СОБСТВЕННОСТИ, БАНКРОТСТВА
  4. Дело о банкротстве индивидуального предпринимателя А.В. Королькова.
  5. Дело о банкротстве индивидуального предпринимателя А.Н. Никулина.
  6. Дело о банкротстве индивидуального предпринимателя Н.Ф. Чуб.

 

1. Банкроттық ерiктi түрде немесе мәжбүр ету тәртiбiмен танылуы мүмкiн.
2. Банкроттықты ерiктi түрде тану борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады. P00003S
3. Мәжбүр ету тәртiбiмен банкрот деп тану несие берушiнiң, ал заң актiлерiнде көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтiнiш беруi негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 1997.01.21. N 68-I Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.06.29. N 238 Заңымен.

 

54-бап. Оңалту рәсiмдерi

 

Төлемге қабілетсіз борышкерге оның таратылуын болғызбау мақсатында төлемге қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған, заңнамаға қайшы келмейтiн кез келген шаралар қолданылуы мүмкiн.
Көрсетiлген шаралар жеделдетiлген оңалту рәсiмi, оңалту рәсiмi шеңберiнде iске асырылады, оларды жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында айқындалады.
Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

54-1. Сырттай байқау

 

Ескерту. 54-1-бап алып тасталды - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

55-бап. Банкроттық рәсімін қозғау салдарлары

 

1. Сот борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғау туралы шешім шығарған күннен бастап:
1) банкрот мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), банкрот-заңды тұлғаның құрылтайшыларына (қатысушыларына), барлық органдарына мүлікті иеліктен шығаруға және міндеттемелерді өтеуге тыйым салынады;
2) банкроттың барлық борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өткен деп саналады;
3) банкрот берешегінің барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық айыбы мен сыйақыны (мүдденi) есептеу тоқтатылады;
4) банкроттың қатысуымен сотта қаралатын мүліктік сипаттағы даулар, егер олар бойынша қабылданған шешімдер заңды күшіне енбеген болса, тоқтатылады;
5) үшінші тұлғалардың кепілдіктер мен кепілгерліктерді орындау жөніндегі талаптарын, сондай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші ретінде әрекет ететін жағдайларда кепіл затына өндіріп алуды қолдануды қоспағанда, банкроттық рәсімі шеңберінде ғана банкротқа талаптар қойылуы мүмкін;
6) уақытша немесе банкроттықты басқарушының өтініші және борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің ұсынылған көшірмесі негізінде банкроттың мүлкіне барлық шектеулер мен ауыртпалықтар (борышкердің шоттарына қаржылық және мемлекеттік органдардың инкассолық өкімдері, сот орындаушылары тағайындаған мүлікке тыйым салу және басқалар) оларды салған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан алып тасталады;
7) банкроттың мүлкіне жаңа тыйым салуларға және банкроттың мүлкіне иелік етудегі өзге де шектеулерге мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікті бөгденің заңсыз иеленуінен талап ету туралы банкротқа қойылатын қуынымдар бойынша ғана жол беріледі;
8) банкроттық рәсімі қозғалған кезде сатып алушыға берілмеген банкроттың мүлкі банкроттың мүліктік массасының құрамына енгізіледі, ал кредитор немесе орындалмаған міндеттеме бойынша дәрменсіз болған сатып алушы банкроттық рәсімі шеңберінде борышкерге өзінің талаптарын қоюға құқылы.
Ескерту. 55-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

56-бап. Дәрменсiз борышқорды борыштардан босату

 

1. Мүлiктi сатқаннан кейiн және сатудан түскен ақшаны несие берушiлердiң арасында бөлгеннен кейiн дәрменсiз борышқор қалған мiндеттемелер мен орындауға ұсынылған және заңды тұлғаны банкрот деп тану кезiнде есепке алынған өзге де талаптарды орындаудан босатылады.
2. Дәрменсiз борышқор, егер өзiнiң мүлкiнiң бiр бөлiгiн тарату iс басталғанға дейiнгi үш жыл iшiнде жасырса немесе жасыру мақсатымен басқа адамға берiп жiберсе, бухгалтерлiк кiтаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса алғанда, қажеттi есеп-қисап ақпаратын жасырса немесе қолдан жасаса мiндеттемелерiн орындаудан босатылмайды.
Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.03.02. N 211, 2001.07.11. N 239, 2006.01.10. N 115(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

57-бап. Банкрот болған заңды тұлға қызметiнiң
тоқтатылуы

 

1. Заңды тұлғаны соттың банкрот деп тануы оның таратылуына әкелiп соқтырады.
2. Банкрот-заңды тұлға Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған кезден бастап оның қызметi тоқтатылды деп есептеледі.
Ескерту. 57-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

II. Шаруашылық серiктестiк

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 153 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану | Сенiм (коммандиттiк) серiктестiгi | Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк | Осымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк | Бап. Мекеме | Бап. Дiни бiрлестiк | Параграф 1. Жалпы ережелер | Бап. Жануарлар | Бап. Фьючерс | Бап. Банктiк депозит сертификаты |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
I. Жалпы ережелер| Жалпы ережелер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)