Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Конкурс кезеңдері

Читайте также:
  1. I класс тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау кезеңдері.
  2. II. КОНКУРСЫ, МЕРОПРИЯТИЯ
  3. II. Приоритетные направления конкурса
  4. II. Цели и задачи Конкурса
  5. III. Условия проведения Конкурса
  6. IV. Конкурсная комиссия
  7. IV. Конкурсная программа.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ЕУРАЗИЯ ҚОРЫ

Азақстан Республикасы, Алматы қ., Биокомбинатская к-сі, 7А, 050008

Тел: 7(727) 250 18 10, Факс: 7(727) 250 18 11. www.ef-ca.kz

 

 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ "ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ЕУРАЗИЯ ҚОРЫ" АҚШ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІНІҢ (USAID) ҚОЛДАУЫМЕН "ТИІМДІ БАСҚАРУДЫ ҚОЛДАУ БАСТАМАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ЦИКЛІ АЯСЫНДА ГРАНТТЫ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ ЖӘНЕ ЖОБАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ҚАБЫЛДАЙДЫ. КОНЦЕПЦИЯЛАРДЫ / ЖОБАЛЫҚ ИДЕЯЛАРДЫ ҰСЫНУДЫҢ СОҢҒЫ МЕРЗІМІ - 2015 ЖЫЛҒЫ 21 ТАМЫЗ, 18:00 (АСТАНА УАҚЫТЫ)

Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» жобасы туралы

АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Қазақстанда "Тиімді басқаруды қолдау бастамасы" жобасы аясында грантты бағдарламаға қор бөлді. Жоба республиканың барлық 14 облысын қамтиды. Жобаны орындаушы "Орталық Азияның Еуразия Қоры" (ОАЕҚ). Жоба коммерциялық емес ұйымдарға арналған көп фазалы бағдарламаны ұсынады және тиімді басқару бойынша бастамаларды дамытуға арналған инновациялық тәсілдерді анықтауға және кеңейтуге негізделеді.

Жобаның мақсаты:

Нақты мемлекеттік қызметтерді, құқықтық өріс немесе саясат элементтерін, басқару механизмдері мен процестерін ұзақ мерзімді жақсартуға алып келетін азаматтық қоғам ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасындағы жүйелік өзара әрекеттерді қолдау арқылы институционалды тиімді басқару саласындағы бастамаларды қолдау.

Түрлі әлеуметтік және экономикалық салалардағы тиімді басқаруға қол жеткізумен қатар жобаның екінші циклінде келесілерге ерекше назар аударылады:

 

- денсаулық сақтау саласындағы тиімді басқаруға қол жеткізуге;

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелерін шешу саласында тиімді басқаруға қол жеткізуге;

 

Жобаның міндеттері:

 

Конкурс кезеңдері

Бірінші кезең: Жобалық идеяларды/концепциялады қарастыру.

Өтініш берушілердің күрделі жобалық өтініштерді жазуға кететін уақыты мен күшін үнемдеу үшін конкурсты ұйымдастырушылар бастапқы кезеңде жобалық идеялар / концепциялар конкурсын жариялайды. Өтініш беруші www.ef-ca.kz және www.ngoexpert.kz сайттарында ұсынылған не болмаса konkurs@ef-ca.org электронды сайты арқылы сұрап алынған форма бойынша жобаларының 1-4 беттен тұратын концептуалды идеяларын ұсынуы тиіс.

 

Концепция формасы жобаның мақсаты мен міндеттерінен, бірінші фаза аясындағы күтілетін қысқа мерзімді нәтижелерінен және екінші фаза аясында одан ары ұзақ мерзімді жалғастыру болашағынан тұратын негізгі қысқаша баяндалған идеяны ұсынады (1-қосымшаны қараңыз).

Сәтті концепция жобаның өзектілігімен, инновациясымен және болашағының бар болуымен ерекшеленуі тиіс, осы кезде ғана концепция 2-іріктеу кезеңіне қатысуға арналған толық конкурстық өтінім жазуға жіберіледі. Толық толтырмаған, сонымен қатар концепцияның / конкурстық өтінімнің басқа формаларын қолданған жағдайда ОАЕҚ оларды конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп қарастырады және тәуелсіз Грант комитетінің одан ары қарастыруына жібермеуге құқылы. Барлық алынған концепциялар ОАЕҚ тіркеледі және кейінірек Грант комитетінің тәуелсіз мүшелерімен бағаланады.

 

Екінші кезең: "Шағын" жобаларды іске асыру бойынша толық өтінімдерді қарастыру.

Ең жақсы концепциялар ұсынған қатысушылар үш тақырыптық бағытқа сәйкес инновациялық "шағын" жобаларды іске асыру бойынша толықтырылған өтінімдерді жазуға шақырылады:

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелері;

- денсаулық сақтау саласындағы мәселелер;

- басқа да тақырыптар (денсаулық сақтау саласы мен мүмкіндігі шектелуі адамдармен жұмыс жасау саласын қоспағанда).

 

Толықтырылған өтінімдер конкурсының жеңімпаздары 8 ай бойы 15 000 АҚШ долларына дейінгі мөлшерде қаржыландыруға ие болады.

 

Үшінші кезең: Жобалау қызметінің масштабын ұлғайту.

"Шағын" жобалардың қол жеткізілген нәтижелерін бағалау негізінде ең жақсы грант алушылар өздерінің жобалау қызметінің масштабын 18 айға дейінгі мерзімге 100 000 АҚШ долларына дейінгі қосымша қаржыландыруға ұлғайта алады (шарттары жобаның негізгі доноры тарабынан қаржыландыру мәртебесіне байланысты көп немесе аз тарапқа қарай өзгеруі мүмкін).

Грант бағдарламасының шарттары туралы толық ақпаратты www.ef-ca.kz және www.ngoexpert.kz мекенжайы бойынша ОАЕҚ сайтынан алуға болады.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 70 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Регламент проведения конкурса| Жобаларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)