Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Диссертациялық жұмыстың әдісі мен әдіснамасы.

Читайте также:
  1. Бап. Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі
  2. Тұтас құйылған сауытқа арнпа тісті егеу әдісі
  3. Учаскенің құнын аллокация немесе ұксастық әдісімен бағалау.

Арағанды облысы материалдарында) жаһандану жағдайында агроазықтық сектордың қызмет ету тиімділігі» диссертациялық жұмысын таңдауға

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ

 

Диссертациялық жұмыстың өзектілігі мен жаңашылдығы.

Елбасымыз «Қазақстан-2050 Стартегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен орындалуы тиіс ең принципті мәселелерді атап өтті. Жолдауда «Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет. Ауылшаруашылық қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту. Алынған шаралардың нәтижесі 2050 жылға қарай ел ЖІӨ-дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуы болуы тиіс» деп айтылған. Жаңа кезеңде агроазықтық секторды мемлекеттік қолдау «Агробизнес 2020» және басқа да бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылады.

Осы ретте аса қажетті және өте өзекті мәселе агроазықтық қамтамасыз ету механизмі қызметінің теориялық және әдістемелік негізі мен тәжірибелік аспектілерін зерттеуді халықтың ұлттық қауіпсіздігінің маңызды бағыты ретінде қарастыру болып табылады. Көрсетілген мәселелер диссертациялық жұмыстың тақырыбын өзекті етеді, агроазықтық сектордың Қазақстан үшін маңыздылығын анықтайды. Ауыл шаруашылығын дамытуды қолдау нақты қызмет ететін нарықтық экономикасы мен халқының жоғары өмір сапасы бар тұрақты мемлекет құруға көмек көрсетеді.

2. Диссертациялық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының агроазық-түлік секторы қызметінің эффектілігін арттыруға негізделген ғылыми-әдіснамалық және тәжірибелік талдамаларды ұсынуында болып табылады. Сонымен қатар ҚР агроазықтық секторының отандық және әлемдік азық-түлік нарықтарының дамуы мен жаһандану жағдайында тиімді қызмет атқаруына әсер ететін ұсыныстар жасау.

Диссертациялық жұмыстың әдісі мен әдіснамасы.

Диссертация жазу барысында төмендегідей жалпы ғылыми әдіс-тәсілдер мен экономикалық зерттеулер қолданылады: логикалық, сараптама-талдаутәсілі, экономико-статистикалық әдіс, сандық және сапалық өзгерістер байланысы, модельдеу тәсілі, ойдағы тәжірибе мен салыстырмалы анализ әдісі, есеп-аналитикалық және қорытындылау әдісі. Зерттеу жалпы республика экономикасы көлеміндегі агроазықтық сектор жағдайында және аймақтық ААТК жүйесінде жүргізіледі.

4. Диссертациялық жұмысты зерттеуге қажетті шарттар. Диссертацияның теориялық және әдістемелік негізі отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, ғылыми конференциялар, симпозиумдер мен семинарладың материалдары мен ұсыныстары болып табылады. Ұйымдық - құқықтық мәселеледді шешудің негізі Қазақстан Республикасының Заңнамасы, Президенттің Жарлықтары мен Жолдаулары, ҚР Үкіметінің жарлықтары мен шешімдері және басқа да тақырыпқа байланысты ақпарат.

5. Зерттеудің ұсынылған тақырыбы бойынша қолда бар ғылыми бастама. Диссертациялық жұмысты жазуға қажетті ғылыми материалдар, сонымен қатар берілген зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми мақалаларға материалдар дайындалған, олар болашақта диссертациялық жұмысқа қосылады.

 

 

Экономика және халықаралық бизнес

кафедрасының магистранты С.Т.Абельдинова

09.09.12

 

Ғылыми жетекші

Э.ғ.к., профессор Р.К.Андарова

09.09.12

 

 

Эффективность функционирования агропродовольственного сектора в условиях глобализации (на материалах Карагандинской области)


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 540 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Введение| Глава 1

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)