Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тұрқы бөлшектері өңделетін станоктар және технологиялық процестері туралы жалпы мағлұматтар.

Читайте также:
  1. GPON негіздік маманданым және өзгешеліктері
  2. I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  3. I. Жалпы ережелер
  4. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  5. Анамнез жинауды және пациентті объективті тексеруді бағалау критерийлері
  6. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
  7. Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі

 

Жұмыстың істелу қасиеттеріне, түріне қарай, кескіш аспаптардың түріне қарай тұрқы бөлшектерін кесіп өңдеу әдістері әртүрлі болады: жону, бұрғылау, фрезерлеу, сүргілеу, ажарлау, созу және т.б.

Бұрғылап тесу ─ тұтас материалды айналмалы бұрғымен бұрғылап тесу әдісі. Бұл үшін бұрғылау, токарлық және т.б. станоктар, арнаулы қол аспаптары пайдаланылады.

Фрезерлеу ─ металдарды және бейметалл материалдарды жонып өңдеу әдісі; мұнда жонғыш аспап ─ фреза айналып тұрады да, өңделетін дайындама ақырын жылжып отырады.

Токарь станоктарында тесік альп және ӛңдеу − бұрғылау, жону, қырнау, үңгіштеу, үңгу, ұңғылау арқылы орындалады. Тесік ӛңдеуде жону универсаль операциялардың бірі. Жону тесік осі орнын дұрыстауға да кӛмектеседі. Жону жонғыш кескіш пенен орындалады.

Тегіс цилиндрлік тесіктерді жонғанда: жону кезіндегі металдың жонылатын қабатының шамасын анықтайды; Кесу берілісін және кесу жылдамдығын анықтап берілген тесікті өңдеу үшін шпиндельдің айналу жиілігін есептейді;

Сурет − 1. Тесік жону

дайындаманы үш жұдырықты патронға орналастырып бекітеді; жонып өтетін кескішті орналастырып бекітеді; кескішті қажетті кесу тереңдігіне орналастырып, алдымен жоңқа жонып кіреді; тесік диаметрін тексереді, егер берілген диаметрге сәйкес келмесе қайтадан жоңқа алып, яғни қажетті диаметрді алғанға дейін осылайша орындайды; тесікті жонады, механикалық берілісті және шпиндельдің айналысын тоқтатып кескішті дайындама осінің көлденең берілісіне бұрып тесіктен шығарады; қайтадан алынған тесік өлшемін тексереді, детальді алады.

Токарьлық станокта конустық беттерді пайда ету үшін конус элементтері арасындағы қатынасты білу керек. Конус құраушысы мен оның биіктігі арасындағы бұрыш- бұрыш дөңестігі д.а.

Сурет − 2. Қиық конус және оның элементі

 

Бұйым дәлдігін жоғарылату беттердің кедір-бұдырлығын төмендету үшін, олардың коррозияға қарсылығын жақсартып, жақсы сыртқы түр беру үшін түрліше әрлеу операциялары жүргізіледі. Оған қырнап тегістеу (шабрение), тегістеп тығыз қиюластыру (притирка) және жылтырату (полирование) жатады.

Қырнап тегістеу деп − деталь бетінен арнайы кескіш құрал −шабермен металдың өте жұқа қабатын жою. Қырнап тегістеу жанасатын беттердің тығыз тиіп тұруын және жанасқан жұпта үйкелісті азайту үшін қолданылады. Ол беттің 0,01-ден 0,003 мм -ге дейінгі дәлдігін алуға мүмкіндік береді. Қырнап тегістеу − қиын операция, сондықтан өндірісте оны механизациялайды. Шаберге әр түрлі электрлік немесе пневматикалық құрылғылардан механикалық энергия жеткізеді. Шабер − қыруға арналған бір жағы үшкірленген тік бұрышты немесе үш жақты тұтқалы білеу түріндегі темір шебер құралы.

Сурет − 1. Шаберлер

а − жазық бір бүйірлі; б − жазық екі бүйірлі; в − үш жақты түзу;г − фасондық (үш жақты изгнутый; д − составной; е − ауыстырылатын пластиналы кӛпжүзді (фасондық); ж − дискалық.

Шабер (қырғыш) – бұл түрліше формада кескіш жиектері бар металл стержень. Олар құрал-саймандық көміртекті болаттан жасалады. Шабердің кескіш бөліктері термо өңдеуден өтеді және қайраланады. Шабер кескіш бөлігінің формасына тәуелді (сурет 1) жазық, үшжақты, фасондық және дискалық болып бөлінеді. Жүзі саны бойынша бір бүйірлі, екі бүйірлі, көпжүзді деп бөлінеді. Конструкциясы бойынша: бүтін және құрамалы.

Тегістеп тығыз қиюластыру − деталь бетін абразивті ұнтақ немесе паста мен өңдеу айтылады. Абразивтік аспаптар − металл, әйнек, басқа да материалдардан істелген бұйымдарды өңдеуге қолданылады. Тегістеп тығыз қиюластыру мағынасы: беттің тӛмпешіктерін абразивтік түрпі қырларымен кесу. Абразивтік түрпі құралға немесе сүртілетін беттерге жағылады.Абразивті ұнтақ ретінде: корунд, зімпара (наждак), карборунд, алунд, графит қолданылады. Абразивтік ұнтақтар түрпі шамасы бойынша – шлифзерно, шлифұнтақ, микроұнтақтар және жұқа микроұнтақтар болып бөлінеді. Ол дөрекі, орташа және жұқа болып бөлінеді. Притирка өте жоғары дәлдік керек жағдайда және бір-біріне жанасқан денелердің тығыз тиіп тұруы үшін қолданылады. Притирка арнайы құрал − притирка мен жүргізіледі. Олар абразивтік дәндердің жұмыс бетіне жақсы ене алатындай болып жұмсақ

болуы мүмкін немесе абразивтік дәнді ыдырату қатты болуы мүмкін. Притир

формасы бойынша − жазық, цилиндрлік, конустық, фасондық болуы мүмкін.

Оларды сұр шойыннан, қоладан, қызыл мыстан, ағаштың қатты жыныстарынан және басқа да материалдардан дайындайды. Кейбір бұйым детальдары (мысалы, кран, клапан) арнайы қырнау қолданбай-ақ жанасатын беттер жағылады.

Бұйымдардың беттерін жылтырату (полирование) – деталь беттерінде кедір-бұдырлықты азайту үшін, өткен өңдеуден қалған ізді тазарту үшін. Жылтыратудың екі түрі бар: алдын ала және ақырғы. Алдын ала жылтырату − әдетте қажау қағаз бенен орындалады. Дән өлшеміне тәуелді шкуркалар тұрпайы, орташа, ұсақ және әрлеу болып бөлінеді.Ақырғы жылтырату − элактикалық дөңгелек түрінде дайындалады. Оған жылтырататын паста жағылады. Жазық беттерді қырнап тегістеу мынадай реттілікпен жүреді: бетті «бояуға» тексеру тәсілімен қырнау жасалатын жерлерді анықтайды; шабер тұтқасынан оң қолмен ұстап, ал сол қолалақанын шабердің ортасына жоғарыдан қойып, тӛрт саусақпен төменнен ұстайды; шаберді өңделетін бетке 0 30 40 - бұрышпен орналастырып жұмыс шартын алады; дӛңес жерлерді қырнап тегістейді; өңделген бетті құрғақ сүртіп көреді және қайтадан «бояуға» тексереді. Қыруды өңделетін беттің бірлік ауданына дақ мӛлшері сәйкес болғанша жалғастырады. Қырнап тегістеу сапасы − дақ (нүкте) санымен анықталады. Бұл сан қанша көп болса, өңделген беттің дәлдігі соншама жоғары. Жазық беттерді тегістеп тығыз қиюластыру мынадай реттілікпен орындалады: қырналатын плита бетіне пастаның жұқа қабатын жағады; бұйымның қырналанатын бетін плитаға орналастырып, кішкене қысып, плита бетінде қайтымды-ілгерлемелі немесе дөңгелеп қозғалтады; 20 30 қозғалыстан кейін өңделген пастаны жойып,жаңа қабат жағады; пастаның жаңа қабаттарын біртіндеп жағу арқылы тегіс жұмсақ немесе жылтыраған бет алады; қырланатын беттің жазықтылығын лекальдық сызғышпен тексереді. Детальді жылтырату мынадай реттілікпен орындалады: өңделетін беттердің сипатына тәуелді абразивтік шкурка номерін таңдайды; шкурка мен тазалап, ағаш брусканы, оларды притир ретінде қолданып, детальді алдын ала жылтыратады; жылтырататын пастаны жылтрататын дөңгелекке жағып, детальді ақырғы жылтырату жасайды.Әрлеу операцияларда қауіпсіздік шаралары: шабермен жұмыс істегенде − өткір кескіш жиектері қолды зақымдаудан сақтау керек.Абразивтік құралдармен жұмыс істегенде − абразивтік шаң немесе ұсақжоңқалардан көзді қорғау керек.

Жону ─ бұл металды кесу арқылы өңдеу түрі. Мұнда дайындамадан айналу денелерін және олардың түрліше түрлерін алады. Кең тарағаны цилиндрлік және конустық формадағы детальдарды осьтік жону болып табылады. өңдеу сапасы бойынша таза емес және таза жону болып бөлінеді. Остік жону үшін әдетте кескіштерді қолмен және механикалық беретін центрлік токарлық станок қолданылады. өндірісте универсаль станок ТВ-300 қолданылады, ал мектеп шеберханаларында ТД-120 және ТСД-120 қолданылады. Жону кезінде негізгі бақылау-ӛлшегіш құралдары: кронциркуль және нутромер, сәйкесінше сыртқы және ішкі диаметрлер өлшенеді; масштабтық сызғыш, шаблон. Штангенциркульдыда қолданады. Кең тараған универсаль токарлық бұрама-кескіш станоктардың бірі 1K62 моделді станок. Ол түрліше токарьлық жұмыстарды және түрлі резьбаларды кесуге арналған.

 

Сурет-1.1К62 токарьлық станогінің негізгі бөліктері.

 

Станина станоктың барлық бөліктерін орналастыру үшін қажет.ол шойыннан құйылады. Станинаның жоғарғы жағында суппорт және артқы бабка қозғалуы үшін бағыттауыштар бар. Алдыңғы бабка станинаға бекітіледі.

Негізгі икемдеуші құрылғылар: ұшаша, планшайба, патрон. Патрон және ұшаша остік жону кезінде дайындама шетін ұстап тұрады. Патрон, бұдан басқа өте үлкен емес дайындаманы ішкі жонуда қолданылады. Планшайба үлкен дайындаманы және жазық дискілерді өңдейді. Ол үшін дайындаманы винттермен бекітетін тесік қарастырылған. Бұл кезде дайындаманың өңделетін бетіне винт шығып кетпеуі керек. Дайындама бекітіліп болғаннан кейін планшайба шпиндельге винттеледі. Үш жұдырықты патрон дайындаманың жылдам және берік қысылуын қамтамасыз етеді және дайындаманың центрленуін қамтамасыз етеді. Ол бірдей уақытта жұдырықшалардың радиалды орын ауыстыруы арқылы жетеді. Тискалық патронды жақтық дайындамаларды жонуда қолданылады. Ол үшін дайындаманы патрон тискісіне орналастырып винт пенен қысады. Шпиндель әр түрлі құрылғылар көмегімен дайындамаға бас қозғалысты беру үшін. Шпиндельдің оң шетінде патронды және басқа да құрылғыларды бұрап қою үшін резьба жасалған.


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1162 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Тұрқы бөлшектерді жасау | Йылып жасалған бөлшектерді жобалау | Кеңістік белгі түсіру. Құюмен, штамптаумен,бұрғылаумен алынған тесікті зенкерлеу және қашап кеңейту. | Ндеу уақыттары және олардың құрамдары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Майлау жабдықтары| Юмен, қақтаумен және штамптаумен алынған дайындамалардан бұйымдар дайындау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)