Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жағдайлық есеп

 

Артық салмақтың жүрек-қан тамыр ауруларынан өлімінің қауіп-қатері екендігінің себепті-салдарлы байланыс жайлы ақпараттарды табыңыз.

 

3.ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ:

1. «Дәлелдермен негізделген медицина» деген түсінік нені білдіреді? ДМ қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдастырушының тәжірибеде қолдану жетістіктері?

2. ДМ даму тарихының кезеңдері қандай? ДМ дамуындағы дүниежүзілік тәжірибе қандай?

3. ДМ концепциясының мәні неде?

4. Медициналық ақпараттың деректер базасы.

5. ДМ Интернеттегі дәректер базасы.

6. ТМД және біздің еліміздегі дәлелді медицина орталықтары.

7. ДМ төрт қадамы.

8. Дәлелді медицинаның 5 кезеңі.

9. ДМ қазіргі заманғы фармакотерапиядағы ролі.

10. Күмән келтіретін жариялау дегеніміз не?

11. Клиникалық сұрақтың қалыптасуы?

12. Қолданбалы сұрақ, негізгі сұрақ, анықтамасы, айырмашылығы.

13. Дәлелдер иерархиясы.

14. Дәлелді бағалау шкаласы.

15. Ақпараттарды Интернеттен және деректердің электронды базасынан іздеу. ДМ ресурстары (Интернет, шығарылған версиясы, CD-ROM). Ақиқатқа жақындығы.

16. Кокран электронды кітапханасы.

17. Клиникалық эпидемиология, анықтамасы, даму тарихы.

18. Клиникалық эпидемиология қағидалары.

19. Клиникалық сынама: анықтамасы жіктелуі.Медициналық клиникалық сынама дизайны, анықтамасы.

20. Клиникалық сынама түрлері, әрқайсысына жеке сипаттама.

21. Қорытынды түрлері, әрқайсысына сипаттама.

22. Емнің тиімділік критериі.

23. КС өткізуге қойылатын талаптар қандай?

24. Топ репрезентативтілігі дегеніміз не? Қандай репрезентативтіліктің түрлері бар, осипаттамасы және қолданылуы?

25. «Соқырлық» әдісі дегеніміз не?

26. Плацебо дегеніміз не? Қандай мақсатта қолданылады?

27. Рандомизация деген не? Рандомизирленген бақылау сынамасы (РБС) түсінігі.

28. Рандомизирленген бақылау сынамасы, құрылысы.

29. РБЗ құрылымын көрсетіңіз.

30. «Жүйелік шолу», сапалы жүйелі шолу түсінігі.

31. Жүйелік және әдебиеттік шолулар арасындағы айырмашылық.

32. Мета-анализді жүргізу алгоритмі.

33. «Мета-анализ» сипаттамасы, мақсаты, қолданылуы.

34. Когортты зерттеу деген не?

35. Когортты зерттеу, анықтамасы, артықшылығы мен кемшілігі.

36. Жағдайды зерттеу немесе зерттеуді суреттеу дегеніміз не?

37. Жағдай бакылау зерттеуі дегеніміз не?

38. «Жағдай- бақылау» зерттеуі, түсінігі, негізгі қағидалары.

39. «Жағдайды сипаттау» зерттеуі, қағидалары, өткізу әдістері.

40. Көлденеңнен зерттеу әдісі, негізгі қағидалары және әдістемесі.

41. Клиникалық сынаманың дизайны түрлері (параллелді, қиылысатын, факторлық және кезекті).

42. Аудиттің анықтамасы, мақсаты, клиникалық аудит тапсырмалары.

43. Аудиттің мақсаты мен міндеттерін атаңыз.

44. Аудит түрлері (ішкі, сырткы).

45. Аудит кезіндегі жалған мәліметтерді анықтау әдістері.

46. Зерттеу орталығының аудиті.

47. Аудитке зерттеу орталығын таңдау критериі.

48. Белгілі бір себепке байланысты аудит (For Cause Audit).

49. Маңыздылық дәрежесіне байланысты аудиттегі «олжаның» (findinings) жіктелуі.

50. «Клиникалық практикалық басшылық» түсінігіне анықтама беріңіз.

51. Клиникалық практикалық басшылықтардың артықшылығы мен кемшіліктерін атаңыз.

52. Ұлттық клиникалық жетекшілік.

53. Клиникалық жетекшілік түрлері, қалыптастыру кезеңдері.

54. Agree сұраунамасы, қолдану мақсаты.

55. Agree сұраунамасының құрылымы, қолданылуы.

56. Ұсынылымдардың дәлелділік деңгейін анықтайтын факторлар.

57. Дәлелділік деңгейі менградациясын анықтау кезеңдері.

58. Дәлелділік деңгейі I а дегеніміз не?

59. Дәлелділік деңгейі I b дегеніміз не?

60. Дәлелділік деңгейі II а дегеніміз не?

61. Дәлелділік деңгейі II b дегеніміз не?

62. Ұсынылым градациясы А.

63. Клиникалық жетекшілік жасау және медициналық тәжірибеге енгізу.

64. Қауіп түсінігі, қауіпті бағалау.

65. Салыстырмалы қатерліктің түсінігі, қолданылуы.

66. Мүмкіншілік қатынастарын анықтау әдісі.

67. Шыңдыққа жанасу қарым қатынас, есептеу әдістері.

68. Сезімталдық, диагностикалық тесттің спецификалылығы, тест алды мүмкіншілік түсініктері.

69. Негізгі статистикалық критерилер (Стьюдент тесті, Вилкоксон тесті, корреляция, регрессия, себептілік, мүмкіндік, скеімділік интервалы).

70. Потенциалды зиян индексі, түсінігі, есептеу әдісі.

71. Болжамдіқ құндылығы, есептеу әдістері.

72. 2х2 кестесінің – латындық шарша түсінігі.

73. Преваленс, инциденс, көрсеткіштер есебі түсінігі.

74. Жүйелі қате туралы түсінік.

75. «Кездей соқ қате» түсінігіне анықтама беріңіз. Кездей соқ қателердің пайда болу себептері.

 

 

P – құқықтық дағдылардың ағымды бақылауы:

Студенттердің рубежді бақылау кезінде тест тапсырмалары мен/немесе ситуациялық есептер шешу түрінде өткізіледі.

 

1. Қандай жағдайда науқастың денсаулық жағдайы туралы ақпарат «халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» 18.09.2009 № 193-4 ҚР Кодексіне сәйкес құпияға алынуы мүмкін (1 дүрыс жауап)

А. Егерде медициналық ақпарат тек пайда әкелмей, сонымен қатар науқасқа зиян келтіретін нақты негіздемелер болса

Б. Егерде денсаулық жағдайы туралы мәлімет қосымша зерттеулерді қажет етсе

В. Мәлімет дәрігердің қалауымен беріледі

Г. Денсаулық жағдайы туралы мәлімет науқастың денсаулық қаупіне тәуелді емес кез келген жағдайда беріледі

Д. Мәлімет бас дәрігердің қалауымен беріледі

 

2. «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» 18.09.2009 № 193-4 ҚР Кодексіне сәйкес науқас мәлімет алуға қандай құқыққа ие (1 дүрыс жауап)

А. Емнің ұсынылған және альтернативті әдістерінің басымдылығы мен қауіп мүмкіншілігің ескере отырып, науқастар өз денсаулығы жайлы нақты мәлімет алуға құқылы

Б. Науқастар өз денсаулығы туралы мәлімет алуға құқылы емес

В. Науқастар өз денсаулығы туралы тек жартылай мәлімет алуға құқылы

Г. Денсаулық туралы мәлімет емдеу дәрігерінің қалауымен беріледі

Д. Денсаулық туралы мәлімет бас дәрігердің қалауымен беріледі

 

3. Ғылыми зерттеулер жүргізгенде науқастың қандай құқықтары сақталуы тиіс (3 дұрыс жауап)

А. Ғылыми зерттеуге науқастың қатысуының біле тұра хабарландырылған келісімі

Б. Барлық іс-қағаздар этикалық сараптамаға сәйкес өтуі қажет

В. Егерде зерттеу науқастың мүддесіне сәйкес жүргізілсе және науқас өз еркін білдіре алмаса, оның заңды тұлғасынан келісім алуы қажет

Г. Ғылыми зерттеуге науқастың қатысуының хабарландырылған келісімі қажет емес

Д. Іс қағаздар этикалық сараптамаға сәйкес өтпейді

 

4. «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» 18.09.2009 № 193-4 ҚР Кодексіне сәйкес науқас мәлімет алуға қандай құқыққа ие (1 дүрыс жауап)

А. Науқас медициналық көмек алуда тағайындалған дәрі дәрмек жайлы нақты мәлімет алуға құқылы

Б. Науқас медициналық көмек алуда тағайындалған дәрі дәрмек жайлы нақты мәлімет алуға құқылы емес

В. Науқастар тағайындалған дәрі дәрмек жайлы тек жартылай мәлімет алуға құқылы

Г. Дәрі дәрмек жайлы мәлімет емдеуші дәрігердің қалауымен беріледі

Д. Дәрі дәрмек жайлы мәлімет бас дәрігердің қалауымен беріледі

 

5. Медициналық көмек алуда «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» 18.09.2009 № 193-4 ҚР Кодексіне сәйкес науқас мәлімет алуға қандай құқыққа ие (1 дүрыс жауап)

А. Науқас дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға құқылы

Б. Науқас дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға құқылы емес

В. Науқастардың тек жеке топтары ғана дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға құқылы

Г. Науқас тек дәрігерді таңдау мен ауыстыруға құқылы

Д. Науқас тек медициналық ұйымды таңдау мен ауыстыруға құқылы

 

 

Ситуациялық есептер:

 

1. Операция кезінде науқастан тін бөлігі алынып, зерттеу жұмысы жүргізілді: нәтижесінде сол тіннен жасушалар бөлінді және дақыл өсірілді.

 

Науқастың келісімінсіз генетикалық коды бар жасушаларды қолданғанда, науқастың қандай құқығын бұзды?

 

2. Паркинсон ауруымен ауыратын нашар қамтамасыздандырылған науқас мемлекетімізде тегін тізіммен берілмейтін дофамин рецепторларының агонистерін қабылдауға мұқтаж. Науқасқа соқыр плацебо – бақылау зерттеуі ұсынылады, ол жыл бойы плацебо (пустышка) қабылдайды, егерде алдағы уақытта бірнеше жыл бойы агонисті тегін алу мүмкіншілігі болса; Зерттеуге қатысу туралы шешімді науқас қабылдайды.

 

Клиникалық зерттеуде препарат қабылдамайтын науқастардың құқықтары бұзылама?

 

3. Травмпунктке келушілерге науқас туралы мәліметті тек жеке басын куәландыратын құжаттары бар және жеке келуші туысқандарына беріледі, егерде науқас туралы мәлімет құқыққорғайтын мекемелер үшін арнайы сұрау көмегімен жүзеге асады.

Мысалы: белгілі ата – анасы бар бала құрдастары жағынан ұру фактісімен травмпунктке қаралады. Орташа ауырлық жағдайда госпитализацияға жолданады. Сол күні телефон арқылы науқастың туыстары ретінде өздерін таныстырып, баланың қаралу фактісі бойынша мәліметтерді сұрастырады. Мәлімет берілмейді. Сол күні ақ баланың қаралу фактісі бойынша бірнеше жеке кезеңдік прессадан сұрастырулар болды.

 

Дәрігер телефон арқылы мәлімет беруге құқылы ма?

 

4. Ауыр емі жоқ ауруы бар науқас соқыр плацебо – бақылау зерттеуіне қатысуға ұсыныс алды. Ұстанымды жаңа дәрілік препарат оның жағдайын радикальді өзгертуі мүмкін, бірақ ол препараттың барлық қасиеттері мен әсер ету эффектісі белгісіз.

 

Зерттеуге қатысу шешімін кім және не анықтайды?

 

5. Көптеген клиникаларда мынадай ереже кіріскен: дәрігер баланы операцияға алуға құқылы, егер дәрігер ата анасына операция және жансыздандыру ерекшеліктері мен операциядан кейінгі кезең жайлы мәліметтендірсе, сонымен қатар ата анасы оперативті араласу мен интраоперациялық жансыздандыру үшін келісімге қол қою керек.

Қалалық ауруханалардың бірінің реанимациясына оң аягының гангренасымен бала түседі: айқын интоксикация, полиорганды жетіспеушілік. Баланың ата аналары оперативті ем – ампутациядан мүлдем бас тартады. Ата аналарын көндіруге тырысу 2 күнге созылды. Үшінші тәулікте бала полиорганды жетіспеушіліктен қайтыс болады. Мәйітті ашып қараудан ата анасы бас тартады.

 

Ата анасының келісімінсіз дәрігерлер оперативті әдісті қолдануға боларма еді?

 

6. Косметологиялық клиникада науқасқа липосакция жасалды, жойылған май тіні алдағы уақытта бағаналы жасушаларды алу мақсатында қолданылды. Бірақ науқас бұл туралы мәліметтендірілмеді.

 

Клиника дәрігерлері қандай құқықтарды бұзды?

 

7. Фармацевтикалық фирмада жұмыс істейтін дәрігер акушер гинеколог препаратты сату кезінде өз бағасының 20 ℅ ын алады. Өз аймағының жүкті әйелдеріне қымбат поливитаминді кешенді препарат тағайындайды. Бірақ оның мүмкін болатын әртүрлі ауырлық дәрежедегі жиі аллергиялық реакциялар мен баланың үлкен еңбегінің ерте жабылуы сияқты жанама әсерлерді және мүмкін болатын арзан, бірақ эффектісі басым аналогтар жайлы айтуға ұмытып кетеді.

 

Берілген жағдайды (ситуацияны) бағалаңыз?

 

ТӘЖІРИБЕЛІК БІЛІКТІКТІ ИГЕРУ ТІЗІМІ:

1. Интернет желісінде жұмыс жасай білу.

2. Арнайы сайттарда ақпараттарды іздей білу

3. Ғылыми дәлелденген мәліметтерді электрондық кітапханада сүзгілерді қолдана отырып ізей білу

4. Перезентацияларды даярлау және оны аудиторияға баяндап беру біліктілігі.

5. Жеке біліктілігін көрсете отырып топтық жұмыс істей білу.

6. Өзара додаға қатыса білу

7. Қлиникалық сұрақты құрастыра білу

8. Клиникалық зерттеу түрін және дәлелділік деңгейін анықтай білу

9. Ғылыми статьялардың көрсетілген жағдайда талдау кезінде ДМ статистикалық мәліметтерін қолдана білу.

10. Әртүрлі көздерден алынған мәліметтерге желісті ізденіс жүргізу және бағалай білу.

11. Клиникалық аудитке болжамды жоспар құруды білу

 

 

 

 

 


Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 316 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН ІСКЕРЛІГІҢ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН БАҚЫЛАУШЫ ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР 1 страница | ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН ІСКЕРЛІГІҢ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН БАҚЫЛАУШЫ ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР 2 страница | ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН ІСКЕРЛІГІҢ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН БАҚЫЛАУШЫ ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР 3 страница | ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН ІСКЕРЛІГІҢ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН БАҚЫЛАУШЫ ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР 4 страница | ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН ІСКЕРЛІГІҢ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН БАҚЫЛАУШЫ ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР 5 страница | ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН ІСКЕРЛІГІҢ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН БАҚЫЛАУШЫ ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР 6 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН ІСКЕРЛІГІҢ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН БАҚЫЛАУШЫ ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР 7 страница| Сущность метода скользящих средних

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)