Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бақылау сұрақтары. 1. Басу процестері дегеніміз не?

Читайте также:
  1. Бақылау сұрақтары
  2. Бақылау сұрақтары
  3. Курс бойынша емтихан сұрақтары

1. Басу процестері дегеніміз не?

2. Басу мен ашық элементтер дегеніміз не?

3. Басу процесінің классификациясы, Басу формасының элементтерінің орналасуына қарай басу процесінің классификациясын айтыңыз.

4. Классикалық басу процесінің жалпы технологиялық сұлбасы бойынша төрт негізгі элементтерінатап көрсетіңіз.

5. Таңба дегеніміз не және таңбаларды алу процесін сипаттап беріңіз?

6. Парақты және рулонды ротациялық машиналарда таңба басу ерекшеліктерін айтыңыз.

7. Басу таңбаларының ерекшеліктерін атаңыз.

8. Жазық басылым әдісінің артықшылықтарын атаңыз.

9. Ойыңқы басу әдісімен басылған таңбаларға тән ерекшеліктер.

 

Дәріс тақырыбы №9. Басу машиналарының негізгі құрылымдары.

Барлық басылым машиналарының орындайтын біртұтас процестік талаптарына сәйкес, құрылымдары бірдей болып келеді. Өнімді баспас бұрын, полиграфия өндірісінің қазіргі жағдайы, яғни, құрылысы, басу тәсілі, өнімнің және басатын материалдың түрлеріне қарай, әртүрлі болып келетін басылым машиналары мен агрегаттары туралы түсінік алу қажет.

Барлық басылым қалыбына бояу беру, басылатын материалды беру, жоғары және ойыңқы басылымдарды тікелей бояу беру, ал офсеттік басылымда — рәзеңке маталы пластина арқылы байланыстыру, басылған материалды басу аймағынан шығару және дайын баспа-таңбаларды қабылдау процестері орындалады.

Соңғы жылдары басылым процестері мен құрал-жабдықтарда түбегейлі өзгерістер орын алды. Бұл, тек, түрлі-түсті компьютер принтерлері ғана емес, сериялық басылым машиналары саласында да, сандық (цифровая) технологиялардың пайда болуында да көрініс тапты.

Басылым машиналарының қондырғылары туралы негізгі түсініктер. Қағаз беретін жүйелер – бұлар бақылау-блокадалау (тежеу) механизмдерімен жасақталған пневматикалық және механикалық қондырғылардың кешені. Басылым машиналардың қағаз бергіш жүйелердің негізін пневматикалық парақ бөлгіш қондырғысы – қағаз бергіш аппараты құрайды.

Қағаз бергіш аппараты — бұл басылым машинасымен синхронды байланыстырылған парақтарды машинаға бір-бірлеп беріп тұратын қондырғы.

Басылым машинасын қағаз бергішпен жабдықтау, оны жартылай автоматтан толық автоматқа айналдырып, баспагердің еңбегін едәуір жеңілдетеді және машинаның жұмыс істеу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Қағаз бергіш аппараты мынандай қызметтерді атқарады: бір бума қағазды парақ ажырату механизмдеріне беру, парақтарды бумадан бір-бірлеп ажырату, оларды теңестіру механизіміне беру және парақтарды дұрыс немесе мүлдем бермеген жағдайда оның жұмысын тоқтату. Қағаз бергіш аппараты жұмысының дәлдігі, көбінесе, таралымды басу кезінде бейненің табақта дұрыс орналасуына әсер етеді.

7-Сурет. Кезекпен-кезек берілген өзі бергіш сұлбасы:

а парақтарды тасымалдау сұлбасы;

б орындалу мысалы (Heidelberg)

8-сурет. Каскадты(сатылы) өзі бергіш түрі: а парақтарды тасымалдау сұлбасы;

б орындалу мысалы (Heidelberg)

Парақты топтан ажырату тәсіліне қарай, қағаз бергіш аппараты пневматикалық және фрикционды болып бөлінеді; парақтарды машинаға беру тәсіліне қарай, олар сатылы (каскадты) және қағаз парақтарын кезегімен беретін болып бөлінеді; стапельдік қондырғының типіне қарай – жазық стапельді және дөңгелек стапельді; машинаға орналастыру тәсіліне қарай, орналастырылған және ажыратылымды; стапельдің сыйымдылығына қарай – биік стапельді және қысқа стапельді болып жіктеледі.

Пневматикалық қағаз бергіш аппаратында парақ жиынтығынан, пневматикалық құрлығылардың көмегімен вакуумдық сору арқылы ажыратылады, ал фрикционды топтың үстіңгі парағымен байланысқа түсетін жылдам айналатын фрикциондық дөңгелек – тарағыштардың үйкеліс күштерінің көмегімен ажыратылады.

Парақты ажырату және алдыңғы жиекке беру қағидасы бойынша, жұмыс істейтін қағаз бергіш аппараттары – бұлар парақтарды кезегімен беретін қағаз бергіш аппараттары. Парақты топтан (жиынтықтан) ажырату бірнеше серіппеленген сорғышы бар штанганың көмегімен іске асырылады. Мұндай жүйенің жетістігі – олардың құрылысы мен қызмет көрсетуінің қарапайымдылығында. Кемшілігі – өнімділіктің шектеулілігінде.

Үлкен пішімді басылым машиналарында парақтарды сатылы беріп тұру үшін, қағаз бергіш аппаратының типтік бас тиегі қолданылады. Парақтарды артқы жиектерден ажырату қағаз тобына түсіп, үстіңгі парақтың шетін көтеретін ажыратушы сорғыштармен іске асырылады. Ажыратылған артқы жиек пен қағаз бумасының арасында қармауыш жұтқыш сығылған ауаның ағынымен ажыратылған парақты көтереді. Артқы жиегі көтерілгеннен кейін, жетекші сорғыштар парақты іліп әкетіп, оны қабылдау дөңгелекпен өткізілетін үстелге беріп отырады.

Жоғары жылдамдықтағы кіші пішімді машиналарда парақты артқы жиектен ажыратып, оны қабылдау дөңгелектеріне жеткізетін әмбебап сорғыштардың бір ғана қосағы болады. Сонымен қатар, қармауыш жұтқышта, тек, бума деңгейін бекітеді, ал ауа беру артқы үрлегіштер арқылы іске асырылады.

Бұл ықшамдалған әмбебап құрылым өлшемдерінің қағаздардың әртүрлі пішімдері мен қалыңдықтарына сәйкес, 16000 от/сағ жылдамдықта жұмыс істеуге қабілетті және біртіндеп беру режиміне көше алады.

Басылатын өнімнің сапасы парақтардың технологиялық талаптарға сай болуы қажет, сондықтан да, басылым аппаратына беру алдында, қағаз бергіш аппаратының өткізу үстеліне барлық парақтардың алдыңғы және бүйір тіректері түзуленіп, теңестіріліп беріледі. Парақтар теңестіру аймағына жүк дөңгелектерімен тасымалданып немесе вакуумдық таспалармен жеткізіледі, олар парақтардың алдыңғы тірекке жақындағанда жылжуын 25%-ға баяулатып, сапалы болуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі кейбір жаңашыл машиналарда үстелдің төменгі жағында орналасқан тар саңылаулар арқылы ауа келіп, парақтың алдын көтереді де, оның алдыңғы жиегін теңестіреді. Парақты алдыңғы жиек бойынша теңестірген соң, механизм көмегімен бүйір жақтары теңестіріледі. Жаңашыл құрылымдағы машиналарда бүйір тірек механизміне қосарланған парақтарды бақылаудың индукциялық датчигі орналастырылған, ол машинаға басылатын материал туралы мәліметтер берісімен, автоматты түрде жұмыс қалпына қосылады. Датчик теңестіру сапасын бақылайды, ал қажет болған жағдайда машинаның жұмысын тоқтады.

Жоғары деңгейдегі автоматтандырылған басылым машиналарында алдыңғы және бүйір тіректерін жұмыс қалпына келтіру автоматты басқару пультімен іске асырылады. Осы мақсатпен әрбір тірек жеке қозғағышпен жабдықталған, олардың көмегімен тіректердің жағдайын реттеп, қалыпқа келтіруге болады.

Қағаз бумасының үстіңгі жағы аспалы столдың ауық-ауық көтеріліп тұруына байланысты, автоматты түрде біркелкі деңгейде ұсталынады. Қағаз бергіш аппаратын қағазбен қайта жабдықтау машинаның жұмысын тоқтатпаған күйде іске асырылады. Қағаз бергіш аппараты басылым қондырғысына бір мезгілде екі дұрыс тегістелмеген парақтың түсуін болдырмайтын автоматты құрылғымен жабдықталған.

Рулонды қондырғылар – рулонды қондырғыға бекіту, жұмыс жағдайына көтеру және оны машина жүріп тұрғанда осьтік жетекке жеткізу үшін қолданылады. Олар, сонымен бірге, басу кезінде қағаз алаңын басылым қондырғысына біркелкі беруді қамтамасыз етеді.

Рулонды басылым машиналарының қағаз өткізгіш жүйелерінің құрамына мыналар жатады: рулонды қондырғылар, рулондық тежеулер мен жетектер, таспалы автоматты реттеу қондырғысы, қағаз таспаларын тарту амортизаторы, жапсыру механизмі, қағаз таспаларын басуға дайындайтын қондырғылар, шаң тозаңнан тазарту т.б.

Рулондық қондырғылардың конструкциясына қарай, бұл жұмыстар механикаландыру мен автоматтандырудың әр түрлі деңгейінде іске асырылады. Жылдамдықтары жоғары машиналарда қағазды тарту автоматты түрде, ал рулондар жұмыс барысында ауыстырылады. Рулонды бекіту қондырғылары бір рулон бекітілсе – бір иінді, екі рулон – екі иінді, үш рулон бекітілсе үш иінді деп аталады. Екі иінді және үш иінді қондырғылар жылдамдығы жоғары машиналарда қолданылады, мұнда әрбір рулон 15-20 минут ішінде таусылып отырады. Мұндайда, ауыстырылатын рулонның қағазына, келесу рулон автоматты түрде жабыстырылады және пайдаланылған рулонның қалдығы кесіледі.

Басу аппараты. Тікелей басудың басылым машиналарының басу қондырғысы басылым қалыбы орналасатын негізден, басылатын материал мен оны басылым формасымен байланыстыратын тіректен құралады. Негізі мен тірегінің геометриалық пішініне қарай, басу қондырғылары үш түрлі болады: тигелді, жазық басылымды және ротациялды.

Тікелей басылым әдісінде ротациялық басылым қондырғылары пайдаланылады, ол үш цилиндрден тұрады: басуформасы бар формалы цилиндр, басылым және резеңке маталы пластинамен жабылған офсеттік (беретін) цилиндр. Қағаз офсеттік және басылым цилиндрлері арасынан өтеді.

Офсеттік басылым әдісі – ең көп тараған және негізгі басылым әдісінің бірі. Офсеттік машинаның жұмыс жасау принципі, бейнені басылым аралық иілімді бет арқылы қағазға түсіру болып табылады. Офсеттік машиналарда жазық басылым қалыптары пайдаланылады, баспа және ашық элементтер іс жүзінде бір жазықтық бойында жатады. Қалыпты химиялық өңдеу нәтижесінде ашық элементтері таңдамалы түрде ылғал ерітіндісімен, ал баспа элементтері бояумен жағылады.

Бояу аппараты — айналғанда бір-бірімен түйісіп тұратын біліктер мен цилиндрлерден және бояу салатын құрылғылардан тұрады. Бояу аппаратының құрылымдары әр түрлі болып келеді. Басылым әдісі мен түрлеріне қарай, әр мөлшерде басылым қалыбына сұйық және созылмалы бояу қабаттары жағылады. Шығыңқы және жазық басылым машиналарының бояу аппараты тұтқыр бояуды пайдаланатын үш топтан тұрады: бояу беретін, жаймалатын және жағатын. Бұл топтар машинаның типіне қарай, жұмыс істеу принциптері бірдей өзіндік ерекшеліктерге ие болады.

Бояу беретін топ бояудың белгілі мөлшерін ауық-ауық жағатын топқа беріп тұруға арналған, бұл операцияны айналмалы білік орындайды. Ол бояуды белгілі уақыт ішінде бұрылып тұратын дукторлық цилиндрден бояуды жағатын топтың цилиндріне беріп тұрады.

Дукторлық цилиндрға бояу бояу жәшігінен беріледі, дукторлық цилиндр мен иілімді пышақ арасындағы реттеуші саңылау арқылы іске асырылады.

Жағатын топ металл цилиндрлері мен иілімді біліктерден тұрады, ол берілген бояуды біркелкі тегіс қабатпен жағып, жаятын қабатпен басылым қалыбының баспа элементіне жағады. Бұл топ, әдетте, үш немесе төрт иілімді (көбінесе, резеңкелі) біліктерден тұрады, басылым қалыбы мен жағатын цилиндрмен байланыста болады.

Ойыңқы басылым машиналарының бояу аппаратарының құрылысы – қарапайым. Бұл қалыптық цилиндр шайылып тұратын бояу жәшігі немесе бір жайылымды білігі бар бояу резервуары болып табылады.

Қабылдау қондырғысы — басылым машиналарының түрлеріне қарай, әр түрлі құрылымды болып келеді. Мысалы, парақтық қағаз пайдаланылатын машиналарда басылған парақтар басу қондырғысынан басылым цилиндріне, әдетте, парақ шығаратын транспортермен шығарылады да, стапельдік (қабылдау) үстелге жинақталады. Жинақтау алдында парақтар автоматты түрде алдыңғы және бүйір тірек итергіштерімен теңестіріледі. Стапельдік үстелдік табақ баспа-таңбалары түскен сайын автоматты түрде ол төмен түседі. Қазіргі жаңашыл басылым машиналарының табақ қабылдау қондырғылары стапельдік столды машина қосылып тұрған кезде ауыстыратын механизмдермен жабдықталған.

Рулонды қағаз пайдаланатын басылым машиналарында парақтың қабылдау–шығарушы қондырғылары болуы мүмкін, олардың жұмыс істеу принципі жоғарыда қарастырылғанға ұқсас немесе басылып шыққан қағаз төсемін рулонға орайтын рулондық қабылдау қондырғысы болады. Кітап–журнал, газет басатын машиналар дәптерлерді қабылдау және шығару үшін қондырғысы бар бүктемелеу–кесу аппараттарымен жабдықталған. Бұл аппараттар басылып шыққан қағаз төсемін ұзына бойы бүгу, оны жеке парақтарға кесу және ол парақтарды дәптерлерге бүктеуге арналған. Бүгу саны мен олардың бір–бірлеріне қарағанда орналасулары бүктейтін аппараттың құрылымдары және басылым өнімінің түрімен анықталады. Мысалы, газетті екі, ал кітап–журнал дәптерлерін үш немесе төрт мәрте бүгеді.

Өңдеуге түсетін таспаның еніне қарай, бүктейтін аппараттары біршұңғымалы (бірізділік машиналарды), екі, үш шұңғымалы болып шығарылады. Екі немесе үш шұңғымалар машинада қатар орналастырылады, ал олардың алдыңғы жағында таспа дискілі пышақтармен ұзынынан кесіліп отырады.

Газеттік бүктеу аппараты екі бүгуге арналған. Басылып шыққан қағаз таспасы шұңғымаға келіп түседі, ұзынынан бүгіледі, біліктермен қосылып, қағаз жетелеуші цилиндрлермен ұсталынады.

Кесетін және бүктейтін пышақтық цилиндрлер арасында таспа пышақпен кесіледі. Олар бүгуді қалыптастырып, бұрынғыға перпендикуляр бүктеме жасап, газетті жинақтауға жібереді, мұнда ол транспортерға түседі. Парақ екінші рет бүгілгенде, кесетін пышақ қуысқа еніп, келесі парақты кеседі.

Кітап–журналдық бүктеу аппараты үш бүгілмелі бүктемеге және 16 немесе 32 беттік дәптерлерді құрастыруға арналған.

Кітап–журнал басылымдарының 16 және 32 беттік дәптерлерін бүктеуді құрылысы күрделірек бүктемелеу–кесу аппараттары орындайды. Сонымен бірге, бұл аппараттарға көбінесе есептеу–қабылдау–қысу қондырғыларын жалғайды, олар бүктелінген дәптерлерді есептеп, оларды белгілі бір көлемдегі бумаларға жинақтап, қысуға арналған.

Жоғары және жазық офсеттік басылымының көптеген рулондық машиналары басылым бояуларының қағаз төселімінде бекуін жылдамдататын кептіру құрылғыларымен қамсыздандырылған. Жылу кептіру құрылғысы машинаның жоғары жылдамдық кезінде бояудың жабысуына мүмкіндік береді, бірақ, сонымен бірге қағаздың физика-химиялық қасиеттерін төмендете отырып, оның ылғалдылығын кемітеді. Сондықтан да, соңғы кезде қағазды кестіру кезінде ылғалдылығын өзгертпейтін прогрессивтік кептіру құрылғылары қолданыла бастады. Оларға мысалға, жоғары жиілікті сәулелендіру мен кептіру, микротолқындық кептіру, УК кептіру құрылғылары жатады. Кептірудің электронды-сәулелі әдісі жасалынуда.

Ойыңқы басылым машиналарында баспа-таңбаларды кептіру үшін қыздырылған ауа ағынымен жылытатын цилиндрлер қолданылуда.

Негізгі әдебиет (1 нег. [6-20], 12 нег. [16-22)

Қосымша әдебиет (1 қос. [3-25], 2 қос. [3-25])


Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 281 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі | Дәріс тақырыбы №1. Кіріспе. Полиграфиялық өнім және полиграфия жайлы жалпы түсінік | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №3. Негізгі басылым түрлері | Дәріс тақырыбы №4. Полиграфиядағы өлшем бірліктері | Дәріс тақырыбы №5. Басуға дейінгі процестер. Басуға дейінгі процестердегі бағдарламалық қамтамасыздандыру. | Дәріс тақырыбы №6. Мәтіндік және бейнелік ақпараттарды өңдеу | Дәріс тақырыбы №7. Негізгі басылым әдістерінің басу формаларын даярлау | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №12. Кітапшалау процесі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс тақырыбы № 8. Басу процесі. Басу процесінің негіздері.| Дәріс тақырыбы №10. Басу машиналарын жіктеу.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)