Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аудармашыға қойылатын талаптар

Аударма қоғамдық қызмет түрі ретінде

Аудармашыға қойылатын талаптар

Аударма қызметі – аса қиын, жауапты қызмет. Ол аудармашыдан ең алдымен шынайы болуды, ғылыми ұстанымдарға бойсынуды талап етеді:

1) аудармашы болған адам ең алдымен аударатын өзге тілді жетік білуі қажет. Сонымен қатар өзінің ана тілін толық білуі, лексикалық қорының бай, бейнелеу қуаты күшті болуы керек. Түпнұсқаны толық түсіну оны дәл бейнелеу аударманың сапасына кепілдік етудегі негізгі шарт болып табылады. Аударатын өзге тілді толық білмеген жағдайда бұл мақсатқа жетуі мүмкін емес. Ал егер өз ана тіліңді жақсы білмесең, түпнұсқаның мазмұнын дәл бейнелеп, түсінікті, жатық етіп жеткізе алу да қиын. Бұл 2 шарттың қайсысы кем болса да аударма сапасы ақсап қалады;

2) аудармашы әр ғылымнан хабары бар, бұрынғыны да бүгінгіні де жақсы білетін, мол білімді адам болуы керек. Тар өрісті, таяз адамдар екінің бірінде қателікке бой алдырып, ұятқа қалып жатады;

3) аудармашы үшін өзге тілді жақсы меңгеру өзінің ана тілін толық білудің алғышарты екені шындық. Бірақ оның сыртында аудармашы болған адам екі тілдің бейнелеу жағындағы ерекшеліктерін де жан-жақты игеруден тыс, аударма теориясы мен оның шеберлік тәсілдеріне де атүсті қарауына әсте болмайды;

4) аудармашы идеялық және саяси жағынан саналы, теориялық білім жағынан сауатты болу керек. Аударма жұмысы қашанда тарихтағы және қазіргі кездегі алуан түрлі саясатпен қатысты болмай қоймайды. Әсіресе саяси теориялық шығармаларды аударғанда аудармашының бұл жақтағы білімі таяз болса, қателік көп кездеседі. Сондықтан аудармашы әрбір тарихи дәуірдің саяси жағдайына қанық болуы шарт. Сол дәуірдегі қоғамдық тәртіпті, саясат пен экономиканы, алуан түрлі ағымдар мен діндерді толық түсінуі, соларға қатысты атау терминдерді айқын білуі қажет. Өйтпегенде екінің біріне душар болады.

3.2 Аудармашы қоғамның бір бөлігі ретінде

Жоспар:

1) қулық (абдукция);

2) аудармашы деп қылымсу;

3) аудармашы қалай болуға болады (индукция);

4) аударма әлеуметтік қызметтің түрі ретінде (дедукция).

Аудармашылар тек адамдар болғанымен ғана емес сонымен қатар әлеуметтік қоғамда үлкен рөл атқаратындықтан социумның негізгі бір бөлігі болып табылады. Онсыз сен ешбір тілді меңгере алмайсың, аударма үшін берілетін төлемақыңды ала алмайсың, себебі оған тапсырыс беруші болмайды.

Барлығы білетіндей, аудармашылар – басқа адамдармен қарым-қатынас арқылы, өзіне ақша табады, сондықтан олар социумның негізгі бөлігі болып табылады.

Оған қарамастан, бұл факт ғалымдармен тек жуырда ғана бекітілген. Бұрында аударма тек мәтіндермен лингвистикалық жұмыс ретінде қарастырылған. Осы аудармаларға негізгі талап ретінде нақтылық болды.

70 ж. соңғы кезінде аудармаға деген көзқарас жылдам өзгерді. Бірақ ескі әдеттерден айырылу қиын болып табылған. Аударманың абстрактті лингвистикалық концепциясы бұрыннан келе жатыр. Әлеуметтік мінезді елемеу – ежелгі Батыстың дәстүрі, бірақ қазіргі қоғамға да оның әсері зор.

Қулық (абдукция)

Аудармашы деген кім? Ұзақ тәжірибелі аудармашылардың көбі біріншіден осы сферада жұмыс істеуді ойлаған да жоқ, тек уақыт өте келе, көптеген аудармаларды жасай отырып, олар өзін аудармашылар деп атай бастады. Сонда «аудару» және «аудармашы болу» арасындағы айырмашылық қандай?

Ең бірінші жауап- тәжірибеде. Аудармашының жаңа келгенге қарағанда кәсіби тәжірибесі болады. Аудармашының қалай және не айтудың кәсіби көзқарасы болады, сондықтан оның сөйлегені дұрыс болып табылады. Жаңа келген аудармашы өз ісінің маманы болуы үшін өзінің өмір сүру салтын түгелдей өзгертуге тиіс. Ол өзін маман ретінде көрсетуі тиіс, міне осында қулықтың элементі болады.

Аудармашы қалай болуға болады (индукция)

Ең негізгісі, бұл аудармашылар бірлестігі. Аудармашылар тілдердің және мәдениеттердің қалай қарым–қатынасатындығын біледі. Аудармашы – әріптес егер аударманы жасай алмаса, немесе уақыты болмаса оны басқа аудармашыға бере алады. Егер бір сұрақ туындаса олар бір- бірімен ақылдаса алады. Сонымен қатар олар интернеттегі электрондық аудармашылар конференцияларына қатысулары жөн. Юджин Найда «Аударманың мағынасы- мағынасын аударуда» атты мақала жазған. Оның мәні: аудармашы мағынасын табу үшін түпнұсканың мәтініне енеді, оны табады да аудару тіліне алмастырады.

 

Аударма әлеуметтік қызметтің түрі ретінде (дедукция)

Аудару теориясының негізгі және ресми себептерінің бірі аудармашылардың әрекеттерін бақылау болған. Теория аудармашыларды басқарушыларға толықтай бағындыруды көздеді. Басқарушылар (тапсырыс берушілер) үшін теория бұл толықтай және нақтылы аударманың нормативтік стандарттарының болуы мен дамуы.

Ал аудармашылар үшін бұл білімі, әрекеті, санасы жағынан кәсіби даму болып табылады.

  Enlightenment “Robinson Crusoe”   Reading. Answering the questions according to the text Report White-board, Internet-recources M. Alexander A History of English Literature, 2000. С.189 – 190 Defoe D. An Essay Upon Literature//The Idea of Literature. — М., 1979. - С. 44-46.
  Critical realism “The Vanity Fair”   Reading. Answering the questions according to the text Short message White-board, Internet-recources M. Alexander A History of English Literature, 2000. С.281 – 282  

 


Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 863 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
С чем носить и где покупать| Физика цвета

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)