Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий

Читайте также:
  1. Алматы, 2012 ГЛОССАРИЙ
  2. Глоссарий
  3. ГЛОССАРИЙ
  4. ГЛОССАРИЙ
  5. Глоссарий
  6. Глоссарий
  7. ГЛОССАРИЙ

(Бухгалтерлік есеп қағидаларынан экономикалық терминдерге қысқаша сөздік)

Еңбек құралы – бұл еңбектің құрал-сайманы, соның көмегімен адам өндіріс процесінде белгілі бір өнім өндіріп шығару үшін еңбек затына әсер ете алады.

Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар – субъектінің басқа субъектілердің жарғы капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер және девиденд немесе процент түрінде қосымша экономикалық пайда алу мақсатымен қаржы салуы.

Материалдық емес активтер – бұл құндық бағасы бар, бірақ заттай құндылық болып табылмайтын ұзақ мерзімді салымның объектісі. Оған табиғи ресурстарды, патенттерді, лицензиялар, НОУ-ХАУ, тауар таңбалары және т.с.с. жатады.

Ақша қаражаты – бұл кәсәпорынның кассасындағы қолма-қол ақша қаражатының сомасы, банктердегі есеп айрысу шотындағы, валюталық шоттағы және өзге шоттардағы ақша қаражаттары және кәсіпорынның өзге де қаражаттары.

Есеп айрысудағы қаражат – берілген аванстар бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін алынған вексельдер бойынша дебиторлық берешектер, есеп беретін адамдардағы сомалар.

Оқшауланған қаражаттар -бюджетке салық түрінде аударылуға тиіс пайда сомасы мен кәсіпорынның арнайы қорларын құруға жұмсалған сомалар.

Бөлінбеген табыс -барлық шығыстар мен салық төленгеннен кейін шығарылытын кірістің қалған сомасы.

Бухгалтерлік есеп – кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі.

Статистикалық есеп – экономиканың әр-түрлі салаларында жалпылама көпшілік сипаты бар құбылыстарды, жалпы қоғамдық құбылыстарды олардың салалық жағынанажырамас байланыстағысандық жағын зерттейді.

Негізгі құралдар - өндіріс процестерін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайтын еңбек құралдары, олар ұзақ уақыт бойы сырқы түрі мен формасын сақтап, өндіріс барысына қатысады.

Бухгалтерлік есеп тәсілі деп-әдіс,амалдар жиынтығы түсіндіріледі,олардың көмегімен бақау, есепке алынатын мәлеметтерді жете білу мен зерттеу жүргізіледі.

Қосарлы жазба -шаруашылық операцияларын есеп объектілерін өзара байланысын көрсететін бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеу тәсілі.

Активтер - болашақта табыс әкелетін,құндық бағасы бар, өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде алынған мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар.

Кірістер -меншіктеушілердің салымына байланысы жоқ,меншікті капиталдың көбеюіне әкелетін активтің немесе олардың күдігінің артуы,не болмаса міндеттемеге азаюы түріндегі есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың өсуі.

Міндеттеме -өткен операциялардан немесе оқиғалар нәтижесінде пайда болған және құндық бағсы,жеке тұлға немесе ұйым пайдасына белгілі бір әрекет етуші мүлік беруге,жұмыс орындауға,ақша және басқасын төлеуге,әлде өтеу экономикалық падалы активтің кемуіне немесе ресурстардың жылыстауына әкелетін белгілі бір іс-қимылдардан қағыс қалуға міндеттілік.

Үздіксіздік принципі - ұымнның қызметі жалғаса береді деп болжам жасалынады.

Есептеу принципі - кәсіпорындағы кез-келген операциялар(кіріс,шығыс)есептеліп отырылуы қажет.

Шығыстар -меншіктеушілер арасындағы бөлуге байланысы жоқ, меншікті капиталдың кемуіне әкелетін,активтердің немесе олардың құнының азаюы не болмаса міндеттеменің ұлғаю түрінде есепті кезең ішіндегі экономикалық паданың азаюі.

Шоттар -қаржы жағдайы,міндеттеме немесе капитал туралы ағымдағы ақпарат жинайтын,жүеленетің экономикалық топтастыру.

Бағалау -белгілі бір уақыт сәтіндегі кәсіпорын мүлкін ақшала өлшеммен бейнелеу амалы.

Баланс -шаруашылық қаржысын өндіру процесінде оның құрамы мен атқаратын міндеті бойынша, ал оның қорлану көздерін құралу формалары мен мақсатты міндеті бойынша ақшалай бағамен белгілі бір мезгілге топтастыру.

Актив- баланстың өндіріс процесінде шаруашылық қаражаттардың атқаратын міндеттеріне қарай олардың орналасуымен пайдаланылуы бойынша топтастырылған бөлігін айтады.

Пассив (міндеттемелер)-шаруашылық қаржыларының қорлану көздерінің құрамы, мақсаты,міндеті,өзіндік капиталын және орналасуы бойынша топтастырылған бөлігін айтады.

Меншікті капитал -онда кәсіпорындардың жарғылық қоры,резервтік қоры,бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі.

Тартылған капитал -Кәсіпорынның міндеттемелері,яғни осы ұйымның басқа заңды және жеке тұлғаларға қандай да бір операциялар нәтижесіне сәйкес берешек борыштары болып табылады.

Бухгалтерлік есепшот – кәсіпорынның шаруашылық қызмеиін басқарып отыру үшін шаруашылық құралдары мен қорлану көздерін белгілі ұқсастықтарына қарай біріктіріп, олардың орындалған операция әсерінен өзгеріске ұшырауын есептеп отыратын ақпаратты мәліметтер әдісі.

Шоттар жүйесі – шаруашылық активтер мен олардың көздерін күнделікті бақылап, тіркеп, бағалап, ақшалай өлшемге айналдырып, экономикалық маңызына қарай топтастырып арнайы белгіленген шоттарға түсіру.

Екі жақты жазу – ұйымдардағы күнделік болып отыратын операцияларды, үдерістерді бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитінежазып есептеп отыру үшін қолданылатын әдіс.

Дебет – берешек немесе ол тиісті дегенді білдіреді.

Кредит – алажақ немесе ол сенеді дегенді білдіреді.

Активтік шоттар – шаруашылық мүліктерін олардың түрлеріне қарай жүргізуге арналған шоттар.

Міндеттемелік шоттар – шаруашылық мүлік көздерінің есебін жүргізуге арналған шоттар.

Сальдо – шоттардағы қалдық.

Бастапқы қалдық – шоттың ашылуы барысындағы қалдық.

Соңғы қалдық – шоттың жабылуы барысындағы қалдық.

Айналым сомасы – бухгалтерлік есеп шоттарында жазылған операциялар сомасы.

Дебиттік айналым – есепті кезең бойындағы шоттың дебит жағына жазылған сандардың қосындысы.

Кредиттік айналым -есепті кезең бойындағы шоттың кредит жағына жазылған сандардың қосындысы.

Қалдық сомасы -әрбір шоттағы «дебиттік айналым» мен «кредиттік айналым» айырмасы.

Шоттар корреспонденциясы – шаруашылық операцияларының екіжақты жазу әдісі көмегімен бейнеленуі нәтижесінде шоттардың арасында пайда болатын байланыс.

Жабылған шот – шоттың соңғы қалдығы нольге тең болғандағы шот.

Транзиттік шот – міндетті түрде жабылатын шот.

Шот жоспары – шоттардың белгілі бір ережеге сәйкес номерлері бойынша жасалған тізімі.

Бухгалтерлік жазба – дебеттелетін, кредиттелетін шоттарды және шаруашылық операцияларының сомасын көрсету.

Синтетикалық шоттар – шаруашылық құралдары мен олардың қозғалысы туралы жинақтап қорытылған көрсеткіштер.

Аналитикалық шоттар -есептің тиісті объектілеріне түгел, толық сипаттама береді.

Аралық шот (субшот) – синтетикалық шотқа қарағанда жіктелінген, аналитикалық шотқа қарағанда топтастырылған шот, екі шоттың арасындағы аралық буын.

Шоттардың жұмыс жоспары – бухгалтерлік есептің барлық жүйесін құруды белгілейтін және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге міндетті болып келетін бухгалтерлік шоттардың жүйелендірілген тізбесі.

Негізгі шоттар – шаруашылық құралдарының бар-жоқтығы мен қозғалысын, олардың пайда болу көздерін бақылау.

Реттеуші шоттар – ағымдағы есепте шаруашылық құралдар бағасының түзетілуі.

Тысқары шоттар – кәсіпорынға тиесілі емес жауапты сақтауда немесе уақытша пайдалануда жатқан құралды бейнелейді.

Ағымдағы бухгалтерлік қорытынды есеп – қысқа есепті кезеңде жасалатын есеп.

Жылдық есеп – есеп беретін жылға жасалады.

Алғашқы қорытынды есеп – ұйымның ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде жасалады.

Жиынтық есеп – еншілес немесе туынды серіктестіктері бар шаруашылық ұйымдары өзінің немесе сол серіктестіктерінің қорытынды есептерінің негізінде жасайды.

Ішкі бухгалтерлік есеп – мәліметтері шаруашылықты басқару үшін және басшылардың мәселелерін шешу үшін пайдаланылады.

Сыртқы есеп – барлық пайдаланушылар үшін ашық түрде беріледі.

Сенімділік дегеніміз – бұл бухгалтерлік қорытынды есептің сенімді және толық түрде кәсіпорынның мүліктік немесе қаржылық жағдайын таныстыратын шаруашылық қызметтегі қаржылық нәтижелері болып табылады.

Тұтастылық дегеніміз – бұл ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебінде осы кәсіпорындағы орындалған барлық шаруашылық операцияларды міндетті түрде қамтылып көрсетілуі болып табылады.

Тізбектілік дегеніміз – кәсіпорынның бір есепті кезеңінің екінші есепті кезеңге дейінгі орындалған операциялардың күнделікті тіркеліп отыруы.

Салыстырымдылық – бұл бухгалтерлік қорытынды есептің бір кезеңдегі мәліметінің екінші есепті кезеңнің мәліметімен салыстырылып көрсетілуі болып табылады.

Бухгалтерлік құжат -кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері- бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі қағидалары,ережелері кәсіпорындарда қазіргі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру нарықтық экономикасы дамыған елдерде қалыптасқан практикаға сай келеді.Оларда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негізгі тоғыз принципке негізделеді.

ақшалай өлшем- бухгалтерлік есеп ақшалай тұлғадағы деректермен (көрсеткіштермен,ресурстармен,құрал-жабдықпен) жүргізіледі.

дербестік- кәсіпорындарда кәсіпорынның меншік нысанына және ұйымның құрылымына қарамастан бухгалтерлік есеп шоттары оның иелері мен қызметкерлерінің шоттарынан дербес.

Үкім құжаттары- шаруашылық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар мен өкімдер жатады.

Атқарушылық құжаттар -шаруашылық операциялардың орындалғанын көрсетедіБұл құжаттарға –тауарлақ-материалдық қорларды алу үшін толтырылған жүккұжат,кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлері және тағы басқаларын жатқызуға болады.

Бухгалтерлік толтырылған құжаттар -ұйымның бухгалтериясы жасаған әр түрлі анықтамалар,бухгалтерлік еесп шоттары бойынша орындалатын операцияларға негіз болатын кәсіпорынның бухгалтері толтырған есеп айырысулар

Ішкі құжаттар -дегеніміз белдгілі бір кәсіпорында толтырылып оның ішінде жүргізілетін құжаттар болып табылады.Құжаттардың бұндай түрі арқылы қандай бір кәсіпорынның ішкі операциялары құжатталады.

Сыртқы құжаттар -кәсіпорынға басқа ұйымдардан келіп түскен немесе ұйымның басқаларға түрлі операциялар бойынша жіберген құжаттарын жатқызамыз.Олардың қатарына жабдықтаушы кәсіпорындардан келіп түскен тауарлық-материалдық қорлар бойынша толтырылған шот фактураларды,сенімхаттарды жатқызуға болады.

Табиғи шығын нормасы -шегіндегі жетіспейтін және бұзылған мүлік ұйым басшысының өкімі бойынша немесе өндіріс және айналым шығындарына жатқызылады,ал нормадан тыс кемшіліктер жауапты тұлғалардың есебінен орны толтырылады.

Таза табыс -бұл абсолютті экономикалық көрсеткіш.Ол барлық кәсіпорынның өндірістік,коммерциалыққызметінің нәтижесінде алынатын кірістері мен шығыстарының арасындағы айырмашылықпен анықталады.

Рентабельділік -(немістің –rentabel- табыстылық деп аталатын сөзінен шыққан)-салыстырмалы көрсеткіш.Ол ұйымның белгілі бір уақыт аралығындағы атқарған жұмысын табысы жағынан сипаттайды.

Ақша - төлемнің тауарлар мен қызмет көрсетуге айырбасталатын және борышты төлеу үшін пайдалынылатын жалпы қабылданған қаражаттар.

Ақша қаражаттары - ел аумақтары мен шетелдегі банктердегі есеп айырысу, валюталық және басқа шоттарда, кассаларда орналасқан, жеңіл сатылатын құнды қағаздар, төлем мен ақша құжаттарында орналасқан отандық және шетелдік валюталардағы қаражаттар.

Ағымдық шот - қоғамдық ұйымдар мен бюджеттік мекемелер ашатын банктегі шот.

Корреспонденттік шоттар - банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары.

Ағымдық активтер - қысқа мерзімді пайдалануға арналған және бір жылдан артпайтын шаруашылық циклі ішінде қолма – қол ақшаға айналдырылатын қаражаттар.

Аккредитив - банк клиенті тапсырысы негізінде қойылатын банктің ақшалай міндеттемесі көрсетілетін құжат.

Вексель (немісше Wechsel – “айырбас”) - қатаң түрде белгіленген сөзсіз және талассыз орындалатын борыш құжаты, құнды қағаз түрі, ақша міндеттемесі.

Чек - банктегі шоттардан сол бойынша қолма – қол ақша беретін және соның көмегімен тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін қолма – қол ақшасыз есеп айырысулар жүргізілетін құжат.

Қолма – қол ақшамен есеп айырысу - сатып алушы меншігіне түскен кездегі тауардың толық құнын төлеу.

Кассалық кітап - түсу мен жұмсау бойынша барлық операциялар жазылатын, бір жылға ашылатын кітап.

Дебиторлық берешек – жеке және заңды тұлғалармен өзара шаруашылық қатынастардың нәтижесінде олардан кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) тиесілі борыштардың сомасы.

Мерзімі өткен дебиторлық берешек – шартта белгіленген мерзімнен тыс төлем тәртібін бұзу жолымен айналым қаражатын алу.

Қалыпты дебиторлық берешек – шартта белгіленген мерзімде кредитордың (сатып алушының) айналымынан қаражат алу.

Үмітсіз дебиторлық берешек – соттың өндіріп алудан бас тартуы немесе борышқордың төлем төлеуге қабілетсіздігі себепті алу мүмкін емес деп танылған борыш. Үмітсіз дебиторлық берешек жағдайында берешек сомасы мен құжаттар бақылау үшін баланста 3 жыл бойына және баланстан тысқары шотта 5 жыл бойына есепке алынуға тиіс. Қуыну мерзімі өткеннен кейін дебиторлық берешек залалға жатқызылады.

Дебитор – (лат. debitor борышқор) – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге немесе азаматқа) берешегі бар жеке немесе заңды тұлға.

Қаржы қызметі – субъект қызметі, осы қызметтің нәтижесінде меншікті капиталдың және қарыз қаражатының мөлшері мен құрамында өзгерістер болады.

Материалдық жауапкершілік – қызметкерлердің заңды немесе жеке тұлғалар келтірген мүліктік, материалдық зиынның орнын толтыруға міндеттілігі.

Шикізаттар -азды-көпті еңбек сіңірген заттар. Олардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы мекемелерінің өндірген өнімдері – мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш т.б. материалдар жатады.

Жартылай фабрикаттар - өндірістік үрдістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар.

Материалдар номенклатурасы - өндірісте пайдаланатын материалдардың белгілі бір түріне олардың аты, сапасы, мөлшері, тағы да басқа көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімі.

Түгендеу -барлық материалдардың әрқайсысын біртіндеп санап шығып, материалдардың нақтылы қалдығын бухгалтерлік баланстағы қалдығымен салыстыру.

Өндірістік қорлар - бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.

Өзге материалдар - бұл өндіріс қалдықтары түзелмейтін, ақаудан қайтарылмайтын қалдықтар.

Көмекші материалдар - бұл шығарылатын өнім құрамына енетін материалдар, бірақ негізгі материалдардан ерекшелігі - өнімнің заттық негізін қаламайды.

Лифо - бұл материалдық құндылықтарды «Соңғы топтама – кіріске,

біріншісі – шығысқа» қағидасына орай ағымдағы бағалар бойынша бағалау әдісі.

Номенклатуралық тізілім - номенклатура бағалық деп, онда көрсетілетін бағалар есептік деп аталады.

Фифо – материалдық құндылықтарды олардың бастапқы құны бойынша бағалау әдісі.

Негізгі құралдар дегеніміз -ақшалай бағаланған негізгі қорлар.

Өндірістік негізгі құралдар дегеніміз -мөлшері мен техникалық деңгейіне қарай субъектілердің техн,икалық жарақтандырылуына тікелей байланыс болатын өндірістік құралдар.

Өндірістік емес негізгі құралдар дегеніміз -тұтынушыларға арналған құрал жабдықтары.

Бастапқы құн дегеніміз -негізгі құралдардың сатып алынған мезгіліндегі немес іске қосылған кездегі нақты жұмсалған шығындардың құны.

Ағымдағы құн дегеніміз -белгі бір мезгілдегі нарық бағасы бойынша есептелінетін құн.

Баланстық құн дегеніміз -бастапқы немес ағымдағы құнынан, лның жинақталған тозуын, амортизациясын шығарып тастағандағы құн.

Сату құны дегеніміз -өзара келісілген баға.

Жойылу құны дегеніміз -негізгі құралдардың жойылуынан пайда болатын, қосалқы бөлшектерінің метал сынықтарының болжамдық құны.

Тозу дегеніміз -физикалық және моральдық сипаттамаларын жоғалту процесі.

Физикалық тозу - негізгі құралдарды пайдалану және сыртқы факторларының әсер етуі нәтижесінде пайда болады.

Амортизациялық норма дегеніміз -амортизациялық аударымдардың жылдық соммасының, негізгі құралдарының орташа жылдық құнына қатынасы.

Қаржылық есеп беру дегеніміз -бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы шаруашылық қызметіне сипатама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы дегеніміз -ресурстардың қолда барын, орналастырылуын және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік.

Материалдық емес активтер дегеніміз -бұл құндық бағасы бар, бірақ заттай құндылық болып табылмайтын ұзақ мерзімді (1 жылдан астам) салымның объектісі.

Есеп беру дегеніміз - кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі өндірістік шаруашылық және қаржы қызметтерін сипаттайтын көрсеткіштердің ранайы кестелерге топтастырылған жүйесі.

Ақша қаражаты дегеніміз - бұл кәсіпорынның кассасындағы қлома қол ақша қаражаттарының сомасы, банктердегі есеп айырысу шотындағы, валюталық шоттағы және өзге шотардағы ақша қаражаттары, бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, жинақ ақша сертификаттары, вексельдер) және кәсіпорындардың өзге де ақша қаражаттары.

Муниципалдық құнды қағаздар дегеніміз - құнды (қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджетпен, эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылды.

Ақшалай құнды (бағалы) қағаздар дегеніміз - ақшаны қарызға алғандығын білдіреді.

Капиталды құнды қағаздар дегеніміз -кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын (капиталын) құруға немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылуы.

Инвестициялық құнды қағаздар дегеніміз -құнжы қағаздардың бұл түрі иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді.

Нарықтық құнды қағаздар дегеніміз -бұндай құнды қағаздар айналыста еркін сатып немесе сатып отырылады.

Капитал – кәсіпорындардың өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшердегі мүліктерінің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы.

Жарғылық капитал – меншік иесінің (кіспорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы.

Резервтік капитал – келешекте болуы мүмкін зияндар мен шығындардың орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі.

Қосымша төленген капитал – қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайтын капитал.

Қосымша төленбеген капитал – кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдар мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы басқа жағдайлардан туындайтын капитал.

Бөлінбеген пайда (табыс) – кәсіпорынның жалпы кірісінен барлық жұмсалған шығындарды шегеріп тастағандағы қалған бөлігі.

Серіктестіктер – бұл адамдардың бірлестігі, онда екі немесе одан да көп серіктестер болады және олар өз капиталдарын қосады, әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.

Акционерлік қоғам – жарғылық қоры акционерлердің арасында таратылған акциялардың белгілі бір санына бөлінген заңды тұлға.

Акция – иесінің акционерлік қоғамға қатысты барлығын растайтын және оған дивиденд түсіретін бағалы қағаз.

Дивидендтер – акциялар бойынша төлеуге тиісті табыс; заңды тұлға өз қатысушылары, құрылтайшылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі.

Акционерлік капитал – акцияны эмиссиялау есебінен құрылатын акционерлік қоғам капиталы.

Жай және кәдімгі акциялар – табысы кәсіпорын пайдасына байланысты құбылмалы болатын акцияның түрі.

Артықшылығы бар акциялар – тұрақты түріндегі процентті алдын ала белгіленген табыс алуға құқық беретін акция түрі.

Атаулы акция – иесі оны шығарған кәсіпорын мүшесі болып табылатын акция.

Ұсынбалы акциялар – иелерінің аты-жөні, яғни олар туралы деректер мен мәліметтер акцияны шығарушы кәсіпорындар мен ұйымдарда тіркелмейтін акция.

Баланс – белгілі бір датаға кәсіпорын иеленетін барлық активтердің және қарыздарды ажыратқандағы пассивтер тізімі болып табылады. Бұл берілген уақыт аралығындағы бизнестің қаржылық жағдайының фотосуреті.

Актив (лат adere, әрекет істеу) болып табылады, яғни мекеменің мүлік қаражаттарының жиынтығы. Алдағы кезеңде кәсіпорын экономикалық тиімділік күтетін өткен кезеңдегі құбылыстар нәтижесінде кәсіпорын бақылайтын ресурстар болып табылады.

Пассив – бұл басқа біреу иеленетін бір нәрсе. “Пассив” – термині таза бухгалтерлік және кәсіпорын қарыздарын сипаттайды. Пассив – бұл кәсіпорын берешегінің сомасы.

Аралық есептілік – есепті жыл басынан өсу нәтижесімен құрылған айлық және кварталдық бухгалтерлік есептілік болып табылады.

Бухгалтерлік есептілік – бұл ұйымның қаржылық, мүліктік жағдайы және бекітілген нысандағы бухгалтерлік есеп негізінде құрылған шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы мәліметтердің бірегей жүйесі.

Жылдық бухгалтерлік баланс – мекеменің есепті кезеңіндегі қаржылық жағдайын сипаттайтын есеп.

Біріктіруші баланс – бір заңды тұлғаға бірнеше шаруашылық субъект біріккенде құрастырады. Жаңа шаруашылық субъектінің енуші балансы – біріктіруші болады.

Бөлуші баланс – бір шаруашылық субъектіден бірқатар заңды тұлғалар немесе шаруашылықтың бір балансынан кейбір капитал жаңа мекеме құру үшін бөлінгенде жасалады.

Санируемдік баланс – субъектілер банкроттың негізінде жойылғанда немесе банкроттыққа жақындағанда жасалады.

Тартушы баланс (ликвидациялық) –заңды тұлғаның өз мүлік жағдайын бейнелейтін баланс, оны ликвидациондық комиссия несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін және заңды тұлғаны жою туралы шешім қабылданған соң құрылтайшылар бекітеді.

Консолидирленген бухгалтерлік баланс – бір заңды тұлғаның еншілес мекемелерінің бухгалтерлік балансы. Бұл баланстың негізгі мақсаты – қызығушылық танытқан тұтынушыларға мекеменің мүліктік және қаржылық жағдайы туралы ақпарат беру.

Пайда орталығы – бұл басшының өзінің бөлімшесіндегі шығындарға да табыстарға да бір уақытта жауап беретін, сегмент.

Қаржылық есептің мақсаты – сыртқы қолданушыларға қаржылық құжаттарды құру.

Басқарушылық есептің мақсаты - ішкі өндірісті жоспарлау, басқару және бақылауды қамтамасыз ету.

Қаржылық есеп жалпы қабылданған принциптерге негізделген,яғни қаржылық ақпаратты жазу, бағалау және қаржылық ақпаратты беру анықталған деңгейде орталықтандырылған. Жарияланатын қаржылық есептілік міндетті түрде аудиторлық тексеруге жатады.

Қаржылық есепте шығындар экономикалық элементтері бойынша топтастырылады:материалдық шығындар;еңбекті төлеу шығындары;әлеуметтік аударымдар;амортизация;басқадай шығындар.

Жоспарлау -е септі кезең қорытындысын құру, оларды қорытындылау

және талдау.

Бақылау -е септі кезең аяқталған соң, әрбір жауапкершілік орталықтарына бюджеттің (жоспар) орындалғаны туралы есеп құрады.

Ынталандыру - бухгалтер – талдаушымен дайындалған, орындалғаны туралы есептер және бюджеттер кәсіпорын қызметкерлерінің қызметін ынталандырады. Себебі, бюджетте жетуге тиіс, жоспарлы көрсеткіштер көрсетіледі.

Шығындар – шаруашылық іс – әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек –жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілген болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн.

Өндіріске шыққан шығындар – өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру барысында тұтынылатын ресурстар бөлігі.

Шығындардың пайда болу орындары бойынша – өндіріс, цехтар, учаскелер және кәсіпорынның басқа құрылымдық бөлімшелері бойынша топтастырады. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру мен өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өндірістік өзіндік құнын белгілеу үшін қажет

Шығынды көтерушілер – сатуға арналған, кәсіпорын өнімі (жұмыс,қызмет) түрлерін атайды. Бұл жіктеу өнім (жұмыс, қызмет) бірлігінің өзіндік құнын анықтау үшін қажет.

Шығын түрлері бойынша – калькуляция баптары және экономикалық бірдей элементтер бойынша топтастырылады.

Кіретін шығындар – бұл қолда бар, сатып алынған және болашақта табыс әкелуі тиіс деп күтілетін, ресурстар. Баланста олар актив ретінде бейнеленеді.

Шығатын шығыстар - егер осы ресурстар есепті кезеңде табыс алу үшін жұмсалған болса және болашақта табыс әкелу қабелетін жоғалтса, онда олар осы бөлімге өтеді.

Тікелей шығындарға тікелей материалдық шығындар мен тікелей еңбекті төлеу шығындары қатысты.

Негізгі материалдар – бұл дайын өнімнің бөлігі болып табылады, материалдар, олардың құнын тікелей, аса шығынсыз анықталған өнімге апаруға болады (мысалы, орындық дайындау үшін, қолданылатын, ағаш).

Еңбекті төлеуге тікелей шығындарға анықталған дайын өнім түріне тікелей апаруға болатын, жұмыс күшін төлеу бойынша барлық шығыстар кіреді (мысалы, жинау цехының жұмысшылар еңбегі)

Жанама шығындар – өндіріспен байланысты, нақты өнім түріне тікелей апаруға болмайтын, шығындар жиынтығы. Отандық экономикалық әдебиеттерде оларды үстеме шығындар деп атайды.

Жалпы өндірістік (өндірістік) шығындар – бұл өндірісті ұйымдастыру, қамтамасыз ету және басқару шығындары.

Жалпы шаруашылық(өндірістен тыс) шығындар – өндірісті басқару мақсатында жүзеге асырылады. Оларға: әкімшілік – басқару шығындары; техникалық басқару шығындары; өндірістік басқару шығындары; жабдықтау – дайындау қызметтерін, қаржы- өткізу қызметтерінбасқару шығындары; жұмыс күшіне: таңдау, басшыларды дайындау, оқыту, қайта дайындау, мамандығын көтеру шығындары; сыртқы мекемелерге қызмет көрсеткені үшін төлемдер; ғимарат, құрылғы, құралдарды ұстау; заңмен бекітілген міндетті төлемдер мен аударымдар.

Үстеме шығындар – өндірістік қызметтен өзінің сипаты, тағайындалуы және ролімен ерекшеленетін, басқару қызметінен туады. Бұл шығындар, кәсіпорын қызметін ұйымдастырумен, оны басқарумен байланысты (мысалы, көмекші материалдар, жөндеу жұмысшыларының еңбегі, коммуналдық қызметтер, өндірістік ғимараттар және құрылғыларының амортизациясы).

Өнімнің өзіндік құны – негізгі өндіріске қызмет көрсететін көмекші және қосалқы өндірістер.

Калькуляция - өнім (жұмыс, қызмет) бірлігінің өзіндік құнын есептейді және бухгалтерлік есеп әдісінің бір элементті. Калькуляциялау – бұл калькуляцияларды жасау. Жоспарлы, нақты және сметалық калькуляциялар бөліп көрсетеді.

Калькуляция бабы – шығын шығарушыны және шығынның пайда болу орнын қоса ескеретін шығын түрлері. Калькуляции бабы бойынша шығынды жіктеу ресурстар қайда және не үшін шығын болды деген сауалдардың жауабын беребі.

Нормативтік шығындардан ауытқу – бұл бюджетпен қарастырылған

Қайтарымсыз шығындар. Бұл өткен шығындар, бірде бір альтернативті нұсқа түзетуге қабілетсіз.

Бейнеленетін шығындар (немесе кәсіпорынның жіберіп алған пайдасы). Бұл категория тек басқарушылық есепте бар. Басқарушылық есепте шешімдер қабылдау үшін, шығындарды есептеу немесе шығару керек, кейбіреуі болашақта құрылмауы мұмкін. Бұндай шығындар бейнеленетін деп аталады. Мәні бойынша бұл кәсіпорынның жіберіп алған пайдасы.

Өсетін шығындар болып қосымшалар табылады. және қосымша өнім партиясын дайындау немесе сату нәтижесінде туады.

Шекті шығындар және табыстар, өнім бірлігін есептеу кезінде қосымша шығындар мен табыстарды көрсетеді.

Жоспарланған шығындар – бұл анықталған өндіріс көлеміне есептелген, шығындар. Олар өнімнің жоспарлы өзіндік құнына енгізіледі.

Жоспарланбаған шығындар – жоспарға кіргізілмейтін және тек өнімнің фактілік өзіндік құнымен байнеленеді.

Өндірістегі шығындар деп өнімді (жұмыс, қызмет) дайындауға тірі және заттық шығындар түсіндіріледі

Негізгі еңбек шығындары -тікелей өнімді дайындаумен айналысатын, жұмысшылардың еңбек ақысын есептеумен байланысты.

Өндірістік үстеме шығындар – бұл өндірісті ұйымдастыру, қамтамасыз ету және басқару шығындары.

Толық өзіндік құн – өткізу шығындары сомасына көбейтілген, өндірістік өзіндік құн. Бұл көрсеткіш, өндіріс пен өнімді сатумен байланысты, кәсіпорынның жалпы шығындарын біріктірді.

Калькуляция (лат.тілінен calculation - есептеу) өзіндік құнды есептеуден тұрады.

Калькуляция міндеті – ішкі қолдану және сату үшін бағытталған, өнімнің (жұмыс, қызмет) бірлігіне шығындарды анықтау.

Смета – бұл әкімшіліктің қабылданған әр түрлі шешімдерін жүзеге асырудың қаржылық жоспары

Шығындар үғымына өндіріс шығындарының пайда болуымен байланысты активтердің азаюы (материалдар, ақшалай қаражаттар) немесе міндеттемелердің артуы (әсіресе, кредиторлық қарыз) енеді.

Шығыстар — бұл ағымдағы есептік кезеңге жатқызылатын шығындар баптары. Шығыстар ағымдағы кезең бойында табыс табу үшін пайдаланылған ресурстарды көрсетеді.

Өзіндік құнның нормативтік калькуляциясы – бұл қызметті ынталандыру үшін қолданылатын, ауытқышылықтарды алу мақсатында нормативті шығындар мен фактілік нәтижеден табыстарды салыстыратын, бақылаушы әдіс.

 

 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

 

1.Ағымдағы активтерге жатпайды

A. негізгі құралдар

B. қорлар

C. ақша қаражаттары

D. қысқамерзімді дебиторлық берешек

E. қорларды есептен шығару бойынша резерв

F. көлік құралдары

G. жабдықтар

H. материалдар

2.Кассадан қолма-қол ақша берумен байланысты операциялар құжатпен ресімделеді

A. шығыс касса ордері

B. кіріс касса ордері

C. чек кітапшасы

D. төлем тапсырмасы

E. қолма-қол ақша жарнасы

F. шығыс кассалық құжат

G. кассалық шығыс ордер

H. счет-фактура

3.Кассалық кітап қандай мерзімге жасалады

A. күн сайын

B. ай сайын

C. декада сайын

D. тоқсан сайын

E. жыл сайын

F. бір күндік мәлімет жинағы

G. күнделікті

H. квартал сайын

4.Банктің клиентке беретін оның банктік шоты бойынша жүргізілген операциялары туралы құжаты – бұл:

A. банк үзіндісі

B. төлем талабы

C. чек кітапшасы

D. төлем тапсырмасы

E. вексель

F. кәсіпорынның банктегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы банк үзіндісі

G. ақша қаражаттарының қозғалысы туралы банк үзіндісі

H. счет-фактура

5.Банктегі ағымдағы есеп айырысу шотынан кассаға ақша түсті

A. Дт 1010 Кт 1030

B. Дт 1040 Кт 1010

C. Дт 1040 Кт 1030

D. Дт 1010 Кт 1060

E. Дт 1010 Кт 1070

F. Дт 1010/1 Кт 1030/1

G. Дт 1010/2 Кт 1030/2

H. Дт 1030 Кт 1010

6.Аккредитив дегеніміз

A. шарт бойынша контрагенттің пайдасына клиенттің тапсырмасымен берілетін банктің шартты ақшалай міндеттемесі

B. чек берушінің банк алушыға жазбаша бұйрығы

C. қысқа мерзімдік ақшалай қажеттіліктерді қаржыландыру құралы ретінде корпорациялар шығаратын қағаздар

D. тез талап етуге болмайтын депозиттер

E. ақша аудару туралы өтініш

F. бір ғана мердігерге ашылған клиенттің тапсырмасымен берілетін банктің шартты ақшалай міндеттемесі

G. банк клиенті тапсырысы негізінде қойылатын банктің ақшалай міндеттемесі көрсетілетін құжат

H. тез талап етілетін алажақ суммалар

7.Банктен қысқа мерзімдік несие қолма қол ақшамен кассаға алынды

A. Дт 1010 Кт 3010

B. Дт 1010 Кт 3110

C. Дт 3010 Кт 1060

D. Дт 1040 Кт 1030

E. Дт 1050 Кт 1020

F. Дт 1010/1 Кт 3010

G. Дт 1010/2 Кт 3010

H. Дт 1050 Кт 3030

8.Жұмысшыларға қарыз берілді:

A. Дт 1250 Кт 1010

B. Дт 1250 Кт 1030

C. Дт 1010 Кт 1250

D. Дт 1210 Кт 1010

E. Дт 1240 Кт 1040

F. Дт 1250 Кт 1010/1

G. Дт 1250 Кт 1010/2

H. Дт 1250 Кт 2410

9.Күмәнді дебиторлық берешектің талап ету мерзімі қанша уақыт

A. 3 жыл

B. 5 жыл

C. 1 жыл

D. 7 жыл

E. 10 жыл

F. 36 ай

G. 3жыл мерзім

H. 4 жыл

10.Күмәнді талаптар бойынша резервтер құрылды

A. Дт 7440 Кт 1290

B. Дт 1290 Кт 1210

C. Дт 1290 Кт 1280

D. Дт 7410 Кт 1290

E. Дт 1290 Кт 7440

F. Дт 7440 Кт 1290/1

G. Дт 7440 Кт 1290/2

H. Дт 1290 Кт 7210

11.Іс сапарға шыққан шығындар мен есеп беру мақсатында алынған шығындарды қандай құжат бойынша дәлелдеуге болады?

A. аванстық есеп беру

B. іс сапар куәлігі

C. шот-фактура

D. касса кітабы

E. сенімхат

F. аванстық есеп

G. аванстық есеп (түбіртек, жол жүру билеті)

H. түбіртек

12.Жал бойынша қысқа мерзімді берешектің төленуі

A. Дт 1010 Кт 1260

B. Дт 1260 Кт 6280

C. Дт 1260 Кт 6260

D. Дт 1010 Кт 1280

E. Дт 1250 Кт 1020

F. Дт 1010/1 Кт 1260

G. Дт 1030 Кт 1260

H. Дт 1040 Кт 1280

13.Тауарлы-материалдық қорларға жатпайды

A.берілген аванстар

B. тауарлар

C. қосалқы бөлшектер

D.отындар

E. аяқталмаған өндіріс

F. негізгі құрал

G.жабдық

H.материалдар

14.Бухгалтерлік баланста қорлар құнымен бағаланады

A.нақты құны

B. келісімді бағасы

C. өзіндік құны

D.өндіріс шығындары

E. сату құны

F. әділ құны

G.баланстық құн

H.калькуляциялық құн

15. ФИФО әдісі

A.“Бірінші кірістелгені – бірінші шығысталады” деген принцип қорларды бағалаудың әдісіне тән

B. арнайы бірегейлендіру әдісі

C. орташа өлшемді құн әдісі

D.ЛИФО әдісі

E. стандарттық баға

F. бұрын кірістелгені – бұрын есептен шығарылады

G.бірінші кірістелген материал бірінші шығысталады

H.соңғы кірістелген материал бірінші шығысталады

16.Жабдықтаушылардан тауарлар келіп түсті

A. Дт 1330 Кт 3310

B. Дт 1310 Кт 3310

C. Дт 3310 Кт 1310

D. Дт 1010 Кт 3310

E. Дт 1320 Кт 3310

F. Дт 1330/1 Кт 3310

G. Дт 1330/2 Кт 3310

H. Дт 3510 Кт 1310

17.Өндіріспен байланысты материалдық емес активтерге жатады

A. бағдарламалық қамтамасыз ету

B. франшиза

C. тауар белгісі

D. патент

E. лицензия

F. бағдарлама

G. гудвилл

H. ұйымдастыру шығындары

19. Материалдық емес активтер сатып алынды

A. Дт 2730 Кт 3310

B. Дт 2730 Кт 1420

C. Дт 3310 Кт 2730

D. Дт 1420 Кт 3310

E. Дт 2730 Кт 3010

F. Дт 2730/1 Кт 3310

G. Дт 2730 Кт 3390

H. Дт 2740 Кт 3310

20. Негізгі құралдардың ағымдағы құны....

A.негізгі құралдың бүгінгі күнгі нарықтық құны

B. бастапқы құннан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны

C. жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома

D.жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құңның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны

E. сатып алу құны

F. нарықтағы баға

G.НҚ нарықтағы құны

H.Келісім құны

21.Негізгі құралдардың аналитикалық есебі жүргізіледі

A. негізгі құралдарды қабылдау - тапсыру актісі негізінде жасалатын мүліктік карточкада (№НҚ-1)

B. негізгі құралдарды есептеу мүлікті түгендеу карточкаларының тізімдемесінде (№НҚ-6)

C. негізгі құралдарды есептен шығару актісі (№НҚ-3)

D. автокөліктерді есептен шығару актісі (№НҚ-4)

E. негізгі құралдардың төлқұжаты

F. №НҚ-1 формасындағы бланкте

G. НҚ қабылдау - тапсыру актісі негізінде жасалатын мүліктік карточкада

H. Синтетикалық есепте

22.Негізгі құралдар басқа тұлғалардан тегін алынды

A. Дт 2410 Кт 6220

B. Дт 2410 Кт 3110

C. Дт 2410 Кт 3310

D. Дт 2410 Кт 6320

E. Дт 2410 Кт 6010

F. Дт 2410/1 Кт 6220

G. Дт 2410/3 Кт 6220

H. Дт 2420 Кт 6220

23. Бұл негізгі құралға тозу есептелмейді

A. өнер ескерткіштері

B. үйлер

C. көлік құралы

D. машиналар

E. құрал-жабдықтар

F. жер

G. кітапхана қоры

H. ғимарат

24.Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі бойынша амортизациялық аударым есептеледі

A.(бастапқы құн-қалдық құн)/пайдалану мерзімі

B. бастапқы құн/пайдалану мерзімі

C. (бастапқы құн+қалдық құн)/пайдалану мерзімі

D.(бастапқы құн-қалдық құн)/өндірілетін өнім саны

E. (бастапқы құн-қалдық құн)/әр жылдағы өнім саны

F. (бастапқы құн-жойылу құны)/пайдалану мерзімі

G.(бастапқы құн-болжамды жойылу құны)/пайдалану мерзімі

H.(бастапқы құн-қалдық құн)/өндірілетін өнім бірлігі

25.Қызметкерлердің жұмыс уақытын есептеу құжаты -

жұмыс уақытын есепке алу табелі

A. төлем ведомосі

B. есеп айырысу ведомосі

C. шот-фактура

D. шығыс касса ордері

E. Қызметкерлердің жұмыс уақытын есептеу құжаты

F. Еңбекақы төлеу ведомісі

G. Банк үзіндісі

H. Салық шот - фактурасы

26. Жеке табыс салығы есептелді

A.Дт 3350 Кт 3120

B. Дт 7710 Кт 3110

C. Дт 3350 Кт 3220/2

D.Дт 3120 Кт 1040

E. Дт 3120 Кт 3350

F. Дт 3350/1 Кт 3120

G.Дт 3350/2 Кт 3120

H.Дт 1250 Кт 3120

27.Кәсіпорын есеп айырысу шотынан ақша алғанда құжат толтырады

A.чек кітапшасы

B. шығыс касса ордері

C. кіріс касса ордері

D.төлем тапсырмасы

E. төлем талабы

F. лимиттік чек кітапшасы

G.лимитсіз чек кітапшасы

H.касса кітабы

28.Жабдықтаушыларға берешек кассадан төленді

A.Дт 3310 Кт 1010

B. Дт 3310 Кт 1050

C. Дт 3350 Кт 1010

D.Дт 3110 Кт 1010

E. Дт 3130 Кт 1040

F. Дт 3310/1 Кт 1010

G.Дт 3310/2 Кт 1010

H.Дт 1010 Кт 3010

29.Банктен шот ашу үшін келесідей құжаттар тапсырылады

A.чек

B. салық төлеушінің номері жазылған құжат

C. жарғының көшірмесі

D.қаражат бөлушілердің қолдары қойылған үлгісі бар құжат

E. касса кітабы

F. төлем талап тапсырмасы

G.касса кіріс ордері

H.счет-фактура

30. Банктегі шотты толықтыру үшін қолма - қол ақша келесі құжатпен енгізіледі

A.қолма-қол ақша жарнасымен хабарландыру

B. төлем-талап тапсырмасы

C. кәсіпорын басшысының өтініші

D.шот-фактура

E. шығыс касса ордері

F. қолма-қол ақша салуға хабарландыру

G.қолма-қол ақша салу жарнасына хабарландыру

H.қолма-қол ақша алуға хабарландыру

31.Бірін бірі алмастыра алмайтын тауарлы - материалдық құндылықтарға бағалаудың әдісі тән

A.Арнайы идентификация әдісі

B. ЛИФО

C. орташа өлшемдік құн

D.ФИФО

E. стандарттық баға

F. сәйкестендірілген әдіс

G.идентификация әдісі

H.әділ құн әдісі

32.Жабдықтаушылардан материалдар келіп түсті

A.Дт 1310 Кт 3310

B. Дт 3110 Кт 1420

C. Дт 2010 Кт 3010

D.Дт 3310 Кт 1040

E. Дт 3310 Кт 1310

F. Дт 1310/1 Кт 3310

G.Дт 1310/2 Кт 3310

H.Дт 3310 Кт 1410

33.Негізгі құралдар бұл-

A.Ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құрал ретінде әрекет ететін материалдық активтер

B. Субъектінің меншік құқығымен алынған объектілері

C. Еңбекке керек жарақтардың өзгеруіне байланысты емес міндетті іс-әрекет аясын атқару жолымен өндіріс процессін жүзеге асыруға арналған объектілер

D.спорттық мүлік, мұражай құндылықтары

E. 1 жыл ішінде қолданылатын құрал-жабдықтар

F. Бір жылдан астам материалды өндіріс саласында әрекет ететін материалдық активтер

G.1 жылдан артық мерзімде қолданылатын жабдықтар

H.Өндіріске босатылатын материалдар

34.Сатып алушылар дебиторлық борышын кассаға төледі

A. Дт 1010 Кт 1210

B. Дт 1310 Кт 3310

C. Дт 1010 Кт 3310

D. Дт 1040 Кт 1210

E. Дт 1010/1 Кт 1210

F. Дт 1010/2 Кт 1210

G. Дт 1020 Кт 1210

H. Дт 1030 Кт 1280

35.Негізгі құралдардың амортизациялық аударымын есептеу әдісіне жатпайды

A. арнайы (сәйкестендіру) идентификация әдісі

B. куммулятивті тәсіл

C. өндірістік тәсіл

D. бірқалыпты есептен шығару тәсілі

E. арнайы бірегейлендіру әдісі

F. ЛИФО әдісі

G. ФИФО әдісі

H. Азаятын қалдық әдісі (екі еселенген %)

36. Куммулятивтік әдіс бойынша негізгі құралға амортизациялық аударым есептеледі

A. (қалған жылдар саны) /жыл сандарының қосындысы х (бастапқы құн-қалдық құн)

B. (бастапқы құн-қалдық құн) /(жалпы өндірілетін өнім) х (әржылдағы өндірілген өнім саны)

C. (қалған жылдар саны) /жыл сандарының қосындысы)

D. (бастапқы құн-қалдық құн) /пайдалану мерзімі

E. (қалған жылдар саны) / (бастапқы құн-қалдық құн)

F. (қалған жылдар саны) /жылдардың қосындысы х (бастапқы құн-қалдық құн)

G. (есептеге жататын жылдар саны) /жыл сандарының қосындысы х (бастапқы құн-қалдық құн)

H. Бастапқы құн/пайдалану мерзімі

37. ЛИФО әдісі (қорларды бағалаудың әдісіне тән)

A.“Соңғы кірістелгені – бірінші шығысталады” деген принцип

B. арнайы бірегейлендіру әдісі принципі

C. ФИФО әдісі

D.орташа өлшемді құн әдісі принципі

E. стандарттық баға

F. “Кейін кірістелді – бірінші шығысталады” деген принцип

G.Қоймаға соңғы кірістелген қор бірінші шығысталады

H.“Бірінші кірістелді – бірінші шығысталады” деген принцип

38. Бухгалтерлік есеп:

A шаруашылық әрекетті жалпы көрсету

B шаруашылық әрекет туралы ауызша айту

C шаруашылық әрекетті кезеңдік көрсету

D шаруашылық әрекетті теріп көрсету

E шаруашылық әрекетті үздіксіз көрсету

F шаруашылық әрекетті құжатта көрсету

G шаруашылық әрекетті тек жылдық есептілікте көрсету

H ең маңызды шаруашылық операцияларды көрсету

39. Еңбек өлшемі:

A жұмыс уақытының бірлігі апта, күн, сағат

B өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалған жұмыс уақытының санын өлшеуге арналған

C жұмыс уақыты, сметалық

D адам, минут

E бағалау

F өнімділікті есепке алу үшін

G уақыт бірлігіне жұмсалған еңбек санын өлшеу үшін

H жалақыны дұрыс есептеу үшін


Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 2738 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Изменение мира к лучшему| Капитал

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.203 сек.)