Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Облыс аумаҒын дамытуды Қала ҚҰрылысы тҰрҒысынан жоспарлаудыҢ кешендi сҰлбасы

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОНЫСТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАС СҰЛБАСЫ
  2. КIМШIЛIК АУДАН АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫ
  3. ОБЛЫСЕНИЕ
  4. Облысение
  5. ОНЫСТАНДЫРУ МЕН ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ СҰЛБАСЫ

 

4.1. Аумақты аудандарға бөлудi оны пайдалану тәртiптемесiмен бiрге белгiлеу, аумақтарды шаруашылық-экономикалық дамыту мен жоспарлық ұйымдастырудың ұзақ мерзiмдiк болжамдарын әзiрлеу, Қазақстан Республикасының аумағындағы қоныстандыру мен қала құрылысын дамытудың бас сұлбасының және қоныстандырудың аймақтық сұлбасының негiзгi ережелерiн талдап баяндайтын әлеуметтiк және мекенаралық мәндегi инженерлiк және көлiк инфрақұрылымын, демалыс пен туризм орындарын дамыту бойынша ұсыныстар әзiрлеу облыс аумағын дамытуды қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешендi сұлбасы (бұдан әрi қала құрылысын жоспарлаудың кешендi сұлбасы) кезеңiнде жүзеге асырылады.

4.2. Қала құрылысын жоспарлаудың кешендi сұлбасы екi және одан артық облыс аумағын қамтитын облыстың әкiмшiлiк-аумақтық құрылым ретiндегi және қызметтiк аудан ретiндегi, сондай-ақ қызмет ауданы (тынысжайлық, экономикалық жағынан өзара байланысқан, ерекше қорғалатын табиғи аумақ және т.б.) ретiндегi әкiмшiлiк шекараларында, бастапқы мерзiмдi (5-7 жыл) және аралық кезеңдi (10-15 жыл) бөлiп көрсете отырып, 25-30 есептiк жылға әзiрленедi.

4.3. Қала құрылысын жоспарлаудың кешендi сұлбасының құрамында төмендегi мәселелер шешiледi:

- жобаланушы аумақты орналасқан жерiне орай табиғи-климаттық, инженерлiк-геологиялық, әлеумет-тiк-экономикалық, жоспарлық, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және басқа шарттарды баға-лауды қосқанда аумақтың кешендi бағалау;

- қала құрылысы ахуалының өзгеруiн болжау;

- аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуын болжау;

- оларды қала құрылысы жағынан пайдалану тәртiптерiн белгiлеумен бiрге аумақтардың жоспарлық құрылымы мен қызметтік бағыты бойынша аудандарға бөлу мен келешек дамытудың бағыттарын айқындау;

- қоныстандыруды жетiлдiрудi, халыққа мекенаралық қызмет көрсетудi, рекреация мен туризм жүйесiн қалыптастыруды, табиғат, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн сақтауды қосқанда аумақтарды жоспарлы ұйымдастыру;

- инженерлiк-көлiк инфрақұрылымын дамыту;

- қоршаған ортаға әсердi бағалау, сондай-ақ аумақты қауiптi табиғи-геологиялық және техногендiк процестер мен құбылыстардан қорғау, экологиялық және басқа төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарларын жою бойынша инженерлiк қорғау;

- аумақты жоспарлы ұйымдастыру, аумақты қоныстандыру және аудандарға бөлу, инженерлiк-көлiк инфрақұрылымы мен халыққа қызмет көрсету жүйесiн дамыту бойынша бiрiншi кезектегi iс-шараларды жүзеге асыру бағдарламалары;

- инвестициялардың құрылымы, көлемi мен ықтимал қаржыландыру көздерi бойынша бағдарлық болжалдық көрсеткiштер.

4.4. Белгiленген тәртiпте бекiтiлген қала құрылы-сын жоспарлаудың кешендi сұлбасының принциптiк шешiмдерi әкiмшiлiк ауданның аумағын дамытуды қала құрылысын жопарлаудың кешендiк сұлбасын, елдi мекендердiң бас жоспарларын, ұлттық парктердiң, қорықтардың, тынысжайлық пайдалану аудандары мен басқа да қызметтік аумақтардың жоспарлану жобаларын әзiрлеу кезiнде, сондай-ақ мамандандырылған салалық бағдарламалар үшiн негiз болып табылады.

4.5. Қала құрылысын жоспарлаудың кешендi сұлбасының құрамында төмендегi кескіндемелік материалдар әзiрленедi: 1:100000 - 1:300000 масштабта орындалатын аумақты қазiргi пайдалану жоспары (тiректiк жоспар), аумақты кешендi бағалау сұлбасы, жобалық жоспар, әзiрлеушi тапсырыс берушімен келiсе отырып айқындайтын масштабта орындалатын аумақтарды жоспарлық аудандарға бөлу, аумақтарды қауiптi табиғи процестерден және техногендiк әсерлерден инженерлiк қорғау сұлбалары, қоршаған ортаны қорғау, инженерлiк-көлiк инфрақұрылымын дамыту бойынша принциптiк шешiмдер.

Қала құрылысын жоспарлаудың кешендi сұлбасының құрамында жобалық шешiмдердi негiздейтiн қосымша сұлбалар мен жекелеген бөлiктер әзiрленуi мүмкiн.

Кескіндемелік материалдардың құрамы мен масштабы жобалау туралы тапсырмада белгiленедi.

4.6. Аумақтарды кешендi бағалау сұлбасында төмендегiлер көрсетiледi: аумақты қала құрылысы мен шаруашылық тұрғысынан игеруге әсер ететiн және жобаланушы аумақтың табиғи-климаттық, геологиялық, инженерлiк-құрылыстық және жоспарлану шарттарын сипаттайтын пайдалы қазбалар жатқан аудандарының, су басу аудандарының, қоршаған табиғи орта ластанған аудандарының алаңдарының шекаралары, қолайсыз геологиялық, гидрогеологиялық, атмосфералық және басқа да табиғи құбылыстардың (сейсмика, жылжымалар, карст, су жайылу, мүжілу және т.б.), техногендiк процестер (карьерлер, үйiндiлер, жерастылық бос кеңiстiктер және т.б.) учаскелерi, табиғи-ошақтық жұқпалар таралатын ареалдар көрсетiледi.

Аумақтарды кешендi бағалау сұлбасында табиғи және техногендiк шарттары бойынша, соның iшiнде санитариялық-эпидемиологиялық және инженерлiк-геологиялық шарттар бойынша тұрғын үй-азаматтық және өндiрiстiк құрылыс үшiн қолайсыз және шектеулi түрде қолайлы аудандар белгiленедi.

4.7. Аумақты қазiргi пайдалану жоспарында (тiректiк жоспарда) және жобалық жоспарда төмендегiлер көрсетiледi: әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың шекаралары; қалалар, кенттер, ауылдық елдi мекендер; iрi өндiрiстiк, соның iшiнде елдi мекендерден тыс орналастырылған ауылшаруашылық бағыттағы объектiлер; ауылшаруашылық жерлердi қоса, егiстiк жерлердi, бақтарды және басқа да жер-суларды бөлiп көрсете отырып аумақтарды басым қызметтік пайдалану аудандарына бөлу; I топтың ормандары, қорықтар, курорттық аудандар; бау-бақша және бақша қоғамдарының аумақтары, аумақтарды қала құрылысы тұрғысынан игерудi тәртiптеу аудандары; инженерлiк және көлiк магистральдар мен құрылыстардың, суғару арналары мен су қоймаларының, аэродром аумақтарының жолдары; iрi инженерлiк қорғаныс құрылыстары.

Жобалық жоспарда есептi мерзiмге жобалық ұсыныстар мен бiрiншi кезектегi iс-шаралар бөлiнiп көрсетiледi.

4.8. Түсiнiктемелiк жазбахат қысқаша болуға және оған төмендегiлер кiруге тиiс:

а) аумақтың табиғи жағдайлары мен ресурстарын, шаруашылық-экономикалық кешендi және қоныстандыруды, пайдалануды, инженерлiк жабдықты, көлiк жүйесiн талдау және экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды талдау;

б) аумақтың жоспарлану құрылымы мен қызметтік аудандарға бөлу жөнiнде ұсыныстар, аумақты пайдалану тәртiптемесi мен шектеулерi, қоныстандыру жүйесiн жетiлдiру, қалалық және ауылдық елдi мекендердi дамыту, ауылдық қоныстандырудың жаңа жүйелерiн қалыптастыру, қалалардың қаламаңы аудандары мен ерекше қала құрылысы тұрғысынан реттеу аудандарын құру, мекенаралық қызмет көрсету жүйелерiн айқындау бойынша ұсыныстар;

в) қоршаған ортаға әсердi бағалау, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды қала құрылысы құралдарымен жақсарту және аумақты табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан инженерлiк қорғау бойынша iс-шаралар;

г) инженерлiк және көлiк жүйелерiн дамыту бойынша принциптiк ұсыныстар;

д) облыс аумағын дамытуды қала құрылысын жоспарлаудың кешендi сұлбасының шешiмдерiн ресурстық жағынан қамтамасыз ету мен iске асыру туралы ұсыныстар.

4.9. Түсiніктеме жазбахаттың iшiне кескіндемелік материалдардың фотокөшiрмелерi (ксерокөшiрмеле-рi) кiредi.

4.10. Облыс аумағын дамытуды қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешендi сұлбасын iске асыру бойынша жобалық шешiмдер мен ұсыныстар техникалық-экономикалық көрсеткiштермен және жобалық жоспардың сұлбалық бейнесiмен бiрге, «Облыс аумағын дамытуды қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешендi сұлбасының негiзгi ережелерi» деген қағаз немесе магниттiк негiздегi қысқаша түсiнiктеме жазбахат түрiнде мүдделi ұйымдарға ұсынылады.

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 160 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАЗМҰНЫ | ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР | АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОНЫСТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАС СҰЛБАСЫ | АЛА, КЕНТ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЕЛДI МЕКЕННIҢ БАС ЖОСПАРЫ | АЛАЛАР МЕН БАСҚА ДА ҚОНЫСТАРДЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫ | РЫЛЫС САЛУ ЖОБАСЫ | АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАЛАРДЫ КЕЛIСУ, САРАПТАУ ЖӘНЕ БЕКIТУ | АЛА ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖОБАНЫ РЕСIМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР | РЫЛЫС САЛУ ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУ ТАПСЫРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГIЗГI ТАЛАПТАР | АЛА МЕН БАСҚА ҚОНЫСТЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕРДIҢ ҚҰРАМЫ МЕН МАЗМҰНЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ОНЫСТАНДЫРУ МЕН ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ СҰЛБАСЫ| КIМШIЛIК АУДАН АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДI СҰЛБАСЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)