Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Даму ақаулары

ДӘРІС №2

Тақырыбы: Жүректің функциональдық анатомиясы. Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері. Перикард.

Жоспары:

Жүректің дамуы.

Жүректің камералары, олардың құрылысы.

Жүректің тамырлары, қан айналым шеңберлері.

Жүрек қабырғасының құрылысы.

Жүректің жұмысы.

Жүректің өткізгіш жүйесі.

Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі.

Жүректің нервтенуі.

Жүрек екі симметриялы мойын аймағында орналасқан бастамадан дамиды, кейін олар бір түтікке айналады.

Түтіктің ұзындығының тез өсуіне байланысты ол S-тәрізді пішін түзеді. S-тәрізді жүрек ілмегінде алдыңғы бөлік артериальды немес қарыншалық болады, кейін ол артериальды сабауға жалғасып, екі алғашқы аортаға бөлінеді.

Екінші бөлігі-артқы венозды немесе жүрекшелік, оған сары уыз-шажырқайлық веналар ашылады.

Жүрек әлі бір қуысты, оның оң және сол жақ бөлімдерінің пайда болуы аралықтың дамуына байланысты.

Кейін фронтальді аралық артериальді сабауды екі бөлікке (қолқа мен өкпе сабауы) бөледі. Бұл аралық жүректің қуысына жалғасып, қарынша аралыққа қарсы өсіп, қарыншалардың бөлінуін тоқтады. Ал жүрекшелердің аралығының ортасында тесік foramen ovale орналасады, ол арқылы ұрықта қан оң жүрекшеден сол жүрекшеге өтеді. Нәрестелерде бұл тесік 1 жасқа дейін бекітілуі керек. 30% бұл тесік өмір бойы сақталуы мүмкін.

 

Даму ақаулары

Даму ақауларының ішінен үшінші жүрекше немесе созылған тәждік синус, немесе оң жүрекше жеке бөлігі. Академик А.Н.Бакулев бойынша келесі ақаулар тобын ажыратады:

1. Жүректің меншікті камераларының ақаулары.

2. Магистральды тамырлардың ақаулары.

3. Жүректің меншікті камералары мен магистральды тамырлардың ақаулары.

4. Саны бойынша ақаулар.

5. Орналасуы бойынша ақаулар.

 

2. Жүректің камералары, олардың құрылысы.

Адамдардың жүрегі төрт камералы, екі жүрекшеден оң және сол, екі қарыншадан тұрады. Оң және сол жүрекшелер бір-бірінен аралықпен, қарыншалар да аралықпен бөлінген.

Оң жүрекше мен оң қарыншаның арасында оң жүрекше-қарынша тесігі болады. Ол тесік үш перделі клапанмен (трикуспидальді клапан) толықтырылған. Клапан перделері: алдыңғы, артқы, аралық, перделердің бос жиектері төмен түсірілген. Сол жүрекше мен сол қарыншаның арасында сол жүрекше-қарынша тесігі бар, ол екі перделі клапанмен (бикуспидальді немесе митральді клапанмен) толықтырылған Клапан перделері: алдыңғы, артқы.

 

А. Клапан аппараты, оның құрамы;

1. фиброздық сақина;

2. жүрекшенің сәйкес қабырғасы;

3. перделері;

4. сіңірлі талшықтар;

5. еміздікше бұлшықеттер;

6. қарыншаның сәйкес қабырғасы.

Б. Жүрекшелердің ішкі беткейі тегіс, тек құлақшаларда тегіс емес. Жүрекше аралықтың ортасында сопақша шұңқыр орналасқан (бекітілген сопақша тесіктің орны. Қарыншалардың беткейі көлденең-сызылған, еміздікше бұлшықеттердің болуына байланысты, олар бір шетімен жүректің (қарыншалардың) қабырғасына, екінші шетімен сіңірлі талшыққа жалғасып, клапан перделеріне бекиді. Сонымен қатар, қарыншалар қабырғасында трабекулалар немесе бұлшықеттік перекладины орналасқан. Олар үш қатар орналасып, қарыншалардың жиырылуына әсер етеді.

В. Жүректің құлақшалары: Жүрекшелерде екі құлақша оң және сол бар. Әрбір құлақша жүрекшелердегі жалпы қан мөлшерінің 15%-ін сыйғызады. Олар жүрекшелер жиырылған кезде жүрекшелерде алғашқы кернеу туғызады. Оң құлақша қолқа негізінде, сол құлақша өкпе сабауы негізінде орналасады.

ҚҰЛАҚШАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ:

1. рефлексоген ролі;

2. атриовентрикулярлық тесіктің жабылуына әсер етеді;

3. жүректің сору қызметін реттеу.

4. қосымша резервуар болып табылады-биологиялық амортизатор ретінде.

5. бұлшықеттік қабатта алғашқы кернеу.

В.А. Шидловский жүректі-алты камералы дейді:

· құлақшалар қанды жүрекшелерге айдайды.

· Жүрекшелер қарыншалардың толық қанмен толығуын қамтамасыз етеді.

· қарыншалар жиырылып, тамырлардағы перифериялық кернеуді баяулатады.

 

3. Жүрек қабырғаларының құрылысы:

Жүрек қабырғасы үш қабықтан тұрады:

1. Эпикард –сыртқы қабық-эпикардтың қабығы-серозды қабық, ішперде мен плевраға ұқсас. Эпикардтың кейбір жерлерінде специфиялық тесіктер «сору тесіктері», бар, олар перикардиалді сұйықтықты реттейді.

2. Миокард -ортаңғы қабық, жүрек қабырғасы қалыңдығының 7/10 бөлігін құрайды, миокард көлденең-жолақты мускулатурадан-миокардиоциттерден тұрады. Клеткаларда ядро ортасында орналасқан, ал көлденең –жолақты мускулатурадан ерекшелігі, онда ядро орталықтан тысқары орналасады. Бұлшықет жұмыс атқару үшін, фиксация нүктелері болуы керек. Жүректің үш фиксация нүктелері бар:

· Ірі тамырлар негізі.

· Қарыншалар мен жүрекшелер арасындағы фиброзды сақина.

· Жүрек ұшындағы ілмек.

 

Жүрекшелердің мускулатурасы қарыншалардың мускулатурасынан ерекше:

Жүрекшелердің мускулатурасы екі қабаттан тұрады:

1. сыртқы, ұзына бойлық жалпы жүрекшелерге.

2. ішкі, циркулярлық-бөлек екі жүрекшеге, бұл жерде;

1. сақиналық будалар;

2. ілмек тәрізді будалар;

 

Қарыншалардың мускулатурасы үш қабаттан тұрады:

1. сыртқы, ұзына бойлық-қарыншаларға жалпы, жүрек ұшында ілмек түзіп, ішкіге өтеді.

2. ортаңғы циркулярлық-екі қарыншаға жек меншікті.

3. ішкі, ұзына бойлық жалпы сыртқы сияқты.

Сурет №

 

 

3. Эндокард -ішкі қабық. Бұл қабық қарыншалар мен құлақшаларда жіңішке. Эндокард эндотелий мен ішкі дәнекер ұлпалы қабаттан, бұлшықет-эластикалық және сыртқы дәнекер ұлпалы қабаттан құралған.

 

4. Жүректің тамырлары, қан айналым шеңберлері:

Жүректен шығатын тамырлар: сол қарыншадан-қолқа, оң қарыншадан-өкпе сабауы шығады.

Жүрекке кіретін тамырлар: оң жүрекшеге-жоғарғы және төменгі қуыс веналары, жүректің меншікті веналары ашылады, сол жүрекшеге оң және сол 4 өкпе веналары ашылады.

Сурет №

 

 

Қан айналым шеңберлерін 1628 жылы ағылшын ғалымы Вильям Гарвей ашқан.

1. Үлкен қан айналым шеңбері, денелік, жүректен мүшелерге, мүшелерден жүрекке.

Сол қарынша-----------------------оң жүрекше.

2. Кіші қан айналым, өкпелік, оң құлақша -----------сол жүрекше.

Кіші қан айналымының қызметі:

· Өкпеге қанның транспортировкасы, газ алмасу.

· Қанның депосы, өкпеде жалпы қан мөлшерінің 30%, 1200мл қан жиналуы мүмкін.

 

Қан айналым шеңберлерінің ерекшеліктері:

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 715 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Часть III РАЗЛУКА| СПИСОК СОКРАЩЕНИЙ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)