Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Базаға енгізілген тест тапсырмаларының тақырыптары 1 страница

Читайте также:
  1. Annotation 1 страница
  2. Annotation 10 страница
  3. Annotation 11 страница
  4. Annotation 12 страница
  5. Annotation 13 страница
  6. Annotation 14 страница
  7. Annotation 15 страница

Тест тапсырмалары

Пәні: « Педагогика»

 

Бағыты: Білім беру саласы

 

Мамандық:

050107 –Бейнелеу өнері және сызу – 4 жылдық (2008 жылы түскендер)

 

Қазақ тілінде білім алатын бөлімдер үшін

 

Құрастырған:

БОПжӘ кафедрасының

доценті Амирбекова М. Р. ___________

БОПжӘ кафедрасының

доценті Аяган Е. С. ___________

БОПжӘ кафедрасының меңгерушісі

п. ғ. к. доцент Абильдина С. Қ. ___________

 

 

Тест тапсырмаларының саны: 250.

Құрастырылған күні: 2011 ж.

Арналған: білімді бақылау кесіндісі

 

 

Базаға енгізілген тест тапсырмаларының тақырыптары

Пәні: П едагогика

 

Мамандық:

050107 –Бейнелеу өнері және сызу – 4 жылдық (2008 жылы түскендер)

 

Қазақ тілінде білім алатын бөлімдер үшін

 

Тақырып № Тақырыпша № Тақырып атауы Тақырыпша атауы
  Қазіргі педагогика ғылымының әдіснамалық негіздері
1. 1 Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде
1. 2 Педагогиканың объектісі, пәні, негізгі категориялары
1. 3 Педагогика ғылымының міндеттері мен функциялары
  Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері мен әдіснамасы
2. 1 Әдіснама туралы түсінік
2. 2 Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі
2. 3 Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері
  Тұлғаны дамыту, қалыптастыру және тәрбиелеу
3. 1 Тұлға қалыптастыру – педагогикалық проблема
3. 2 Тұлға қалыптастыруға әсер ететін факторлар
3. 3 Әлеуметтендіру және тәрбиенің тұлға қалыптаструдағы ролі
  Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері
4. 1 Оқушылардың жас ерекшеліктерін кезеңдеу
4. 2 Түрлі жастағыларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктері
4. 3 Дербес ерекшеліктерді есепке алу
  Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
5. 1 Дүниетаным туралы жалпы түсінік
5. 2 Ғылыми дүниетаным компоненттері
5. 3 Ғылыми дүниетаным қалыптастыру жолдары
  Тәрбие мақсаты
6. 1 Тәрбие мақсатының түсінігі
6. 2 Педагогикалық ой-пікір тарихындағы тәрбие мақсатының проблемасы
6. 3 Тәрбиелік кеңістіктегі жалпыадамзаттық мәдениет
  Тұтас педагогикалық процесс
7. 1 Тұтас педагогикалық процестің мәні
7. 2 Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары
7. 3 Тұтас педагогикалық процестегі танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері
8. Дидактика туралы жалпы түсінік
8. 1 Дидактика – теориялық және қолданбалы ғылым.
8. 2 Дидактиканың негізгі категориялары
8. 3 Дидактикалық жүйелер және оқыту модельдері
8. 4 Қазіргі дидактиканың ерекшеліктері
  Тұтас педагогикалық процесс құрылымындағы оқыту
9. 1 Оқыту процесінің мәні
9. 2 Оқыту процесінің құрылымы, кезеңдері
9. 3 Мұғалімнің оқытушылық іс-әрекеті
9. 4 Оқушылардың танымдылық іс-әрекеттері
  Дидактикалық принциптер
10. 1 Дидактикалық принцип туралы түсінік
10. 2 Дидактикалық принциптер және оларға сипаттама
  Оқыту технологиялары
11. 1 Оқыту технологиялар туралы ұғымдар
11. 2 Оқытудың дәстурлі технологиясы
11. 3 Оқыту процесінде жана педагогикалық технологиялар
  Қазіргі заманғы мектептегі білім беру мазмұны
12. 1 Білім беру мазмұнының мәні
12. 2 Білім беру мазмұнын қалыптастыру факторлары және білім беру мазмұнын іріктеу критерийлері мен принциптері
12. 3 Білім беру мазмұны компоненттеріне сипаттама
12. 4 Қазіргі мектепте білім беру мазмұнын анықтайтын құжатттар, оларға сипаттама
  Оқыту әдістері мен құралдары
13. 1 Оқытудың әдістері, тәсілдері және құралдары
13. 2 Негізделген оқыту әдістерінің сипаттамасы
13. 3 Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемасы
13. 4 Оқыту әдістерін таңдау және қолайлы етіп пайдалану
  Оқытуды ұйымдастырудың формалары
14. 1 Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы ұғым
14. 2 Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ
14. 3 Оқыту процесінде сабаққа қойылатын талаптар сабақтың құрылымы
  Оқыту нәтижелерін бақылау формалары және әдістері.
15. 1 Бақылаудың және оқытудың нәтижелілігін есепке алудың теориялық негіздері
15. 2 Оқыту нәтижесін есепке алу және бақылау түрлері мен оны ұйымдастыру формалары
15. 3 Бақылау әдістері
15. 4 Оқушылардың білімін бағалау
  Тәрбие процесінің мәні және мазмұны
16. 1 Тәрбие процесінің мәні мен кезеңдері
16. 2 Тәрбие жұмысының бағыттары мен мазмұны
16. 3 Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу
  Тәрбие процесінің заңдылықтары және принциптері.
17. 1 Тәрбие процесінің диалектикасы және ерекшеліктері
17. 2 Тәрбие процесінің заңдылықтары
17. 3 Тәрбие процесінің принциптері
  Тәрбие әдістері, формалары және құралдары.
18. 1 Тәрбие әдісі, формасы, құралы туралы жалпы түсінік
18. 2 Тәрбие әдістерін топтастыру
18. 3 Тәрбие әдістеріне сипаттама
  Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу
19. 1 Балалар ұжымы әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі
19. 2 Балалар ұжымын қалыптастыру кезеңдері, заңдары
19. 3 Ұжымдық іс-әрекеттегі педагог пен оқушылардың өзара әрекеттері
  Отбасы тәрбиесінің негіздері
20. 1 Отбасы – тәрбие факторы
20. 2 Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздері
20. 3 Мектеп пен отбасының әрекеттестігі
  Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесі.
21. 1 Білім жүйесіне жалпы сипаттама
21. 2 «Білім туралы» Заңның негізгі қағидалары
21. 3 Білім берудің мемлекеттік стандарттары
21. 4 ҚР білім жүйесінің даму тенденциялары
  Педагогикалық жүйеларді басқару мәні, принциптері
22. 1 Халыққа білім беру жүйесін басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесі
22. 2 Педагогикалық жүйелерді басқарудың принциптері
22. 3 Мектепішілік басқарудың негізгі функциялары
  Мектептегі әдістемелік жұмыс
23. 1 Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті арттыру факторы ретінде
23. 2 Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі формалары
23. 3 Мұғалімнің өзіндік білімін жетілдіруі

Құрастырған:

БОПжӘ кафедрасының

доценті Амирбекова М. Р. ___________

БОПжӘ кафедрасының

доценті Аяган Е. С. ___________

 

БОПжӘ кафедрасының меңгерушісі

п. ғ. к. доцент Абильдина С. Қ. ___________

 

Құрастырылған күні: 2011 ж.

Арналған: білімді бақылау кесіндісі


 

$$$ 1

Педагогика ғылымының зерттеу объектісі:

A) Жеке тұлғаның даму процесі.

B) Мемлекеттің білім беру жүйесі.

C) Оқушылар ұжымы.

D) Қоршаған педагогикалық шындық.

E) Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс.

 

$$$ 2

Педагогика ғылымының зерттеу пәні:

A) Жеке тұлғаның даму процесі.

B) Білім беру жүйесі.

C) Оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған педагог іс-әрекеті.

D) Педагог тұлғасы.

E) Педагогикалық процесс.

 

$$$ 3

Педагогика ғылымының негізгі категориялары:

A) Педагог, тәрбиеленуші, мектеп.

B) Тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс.

C) Дамыту, қалыптастыру.

D) Оқыту процесі, тәрбиелеу процесі.

E) Оқу, сабақ беру.

 

$$$ 4

Педагогика ғылымының функциялары:

A) Ғылыми-теориялық, технологиялық.

B) Оқыту, тәрбиелеу заңдылықтарын ашу.

C) Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу.

D) Педагогикалық озық тәжірибені қорыту, игеру және тарату.

E) Оқыту, тәрбиелеу принциптерін құру.

 

$$$ 5

Адамзат дәуірінің әр даму кезеңдеріндегі тәрбие және білім беру теориясы мен практикасын зерттейтін педагогика ғылымымының саласы:

A) Салыстырмалы педагогика.

B) Әлеуметтік педагогика.

C) Педагогика тарихы.

D) Коррекциялық педагогика.

E) Жалпы педагогика.

 

$$$ 6

Жалпы педагогика бөлімдері:

A) Педагогикалық психология, таным теориясы.

B) Жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, мектептану немесе педагогикалық жүйелерді басқару

C) Әлеуметтік педагогика, педагогика тарихы, әскери педагогика.

D) Мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, үлкендер педагогикасы.

E) Логопедия, сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика.

 

$$$ 7

Психикалық дамуында ауытқушылық бар балаларды оқытумен және тәрбиелеумен айналысатын педагогика саласы:

A) Валеология.

B) Салыстырмалы педагогика.

C) Олигофренопедагогика.

D) Әлеуметтік педагогика.

E) Этнопедагогика.

 

$$$ 8

Әр елдердің білім беру жүйелерінің қызметтерін және дамуын зерттейтін педагогика ғылымы саласы:

A) Салыстырмалы педагогика.

B) Этнопедагогика.

C) Педагогика тарихы.

D) Логопедия.

E) Мектеп педагогикасы.

 

$$$ 9

Педагогика ғылымының пайда болу себебі:

A) Ғылыми-техникалық прогресс.

B) Адамды өмірге дайындау қажеттілігі.

C) Тәрбие маңызының артуы.

D) Тәрбие мақсатының өзгеруі.

E) Тәрбие мақсатының жетілуі.

 

$$$ 10

Ғылым ретінде педагогиканың негізін қалаған:

A) Сократ.

B) А. С. Макаренко.

C) Ж. Ж. Руссо.

D) Я. А. Коменский.

E) Д. Локк.

 

$$$ 11

Тұлға дамуы – бұл:

A) Адамның дене, психикалық және рухани сипаттамаларының сандық және сапалық өзгерістері.

B) Адам организміндегі сандық өзгерістер.

C) Білімдер, іскерліктер және творчестволық іс- әрекеттер әдістерін игеру.

D) Тәрбие ықпалымен жеке адамның әлеуметтік қасиеттерге ие болуы.

E) Ескінің жоғалуы, жаңаның пайда болуы.

 

$$$ 12

Оқушы қабілеттерін дамыту:

A) Табиғи нышандардан тәуелді.

B) Игерген білімдер, іскерліктер көлемінен тәуелді.

C) Оқыған кітаптар санынан тәуелді.

D) Құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынасқа түсуінен тәуелді.

E) Оқу-тәрбие процесін мақсатты ұйымдастырудан және іске асырудан тәуелді.

 

$$$ 13

Тұлға дамуында қоршаған ортаны шешуші фактор деп қарастыратындар:

A) Бихевиористер.

B) Прагматиктер.

C) Әлеуметтік бағыт өкілдері.

D) Биологиялық бағыт өкілдері.

E) Экзистенциалистер.

 

$$$ 14

Тұлға – бұл:

A) Жеке адам.

B) Саналы және ойлай білетін адам.

C) Бір адамды екінші адамнан айыратын ерекшелік.

D) Оның әлеуметтік мәнін көрсететін қасиеттер жиынтығы.

E) Тірі организмнің дамуының ең жоғары деңгейі.

 

$$$ 15

Қандай қасиеттер ата-анадан балаға туғаннан беріледі:

A) Қабілеттер дамуының негізі – нышандар.

B) Әлеуметтік тәжірибе.

C) Адамгершілік қасиеттер.

D) Арнайы қабілеттер.

E) Эстетикалық талғам.

 

$$$ 16

Тұлға дамуының негізгі факторлары:

A) Ойын, оқу, еңбек.

B) Тәрбие, қоршаған орта, тұқымқуалаушылық, іс-әрекет.

C) Отбасы, мектеп, әлеуметтік орта.

D) Білім, іскерлік, дағды.

E) Діни ұйымдар, мектептен тыс мекемелер.

 

$$$ 17

Өмір сүру және іс-әрекет барысында тұлғаның биологиялық және рухани өсуі:

A) Тәрбие.

B) Қалыптасу.

C) Даму.

D) Білім беру.

E) Оқыту.

 

$$$ 18

Тұлға дамуының қандай факторы мақсатты және ол қоғам мақсатына сәйкес әсер етеді:

A) Тұқымқуалаушылық.

B) Географиялық орта.

C) Отбасы.

D) Тәрбие.

E) Мектептегі орта.

 

$$$ 19

Тұлға қалыптасуына ең аз әсер етеді:

A) Әлеуметтік орта.

B) Географиялық орта.

C) Тәрбие.

D) Тұқымқуалаушылық.

E) Тұлға іс-әрекеті.

 

$$$ 20

Жасөспірімнің дене, ішінара психикалық жедел дамуы:

A) Әлеуметтену.

B) Акселерация.

C) Индивидуализация.

D) Өзін-өзі тәрбиелеу.

E) Саралау.

 

$$$ 21

Бала организмінің күрт өсуі және дамуы, жыныстық жетілуі қандай кезеңде жүреді:

A) Сәбилік.

B) Жеткіншек.

C) Мектеп жасына дейінгі.

D) Мектеп жасынан кейінгі.

E) Бастауыш сынып жасында.

 

$$$ 22

Педагогика әдіснамасы:

A) Педагогикалық теорияның құрылымы және негіздері, ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құрудың принциптері, формалары және әдістері туралы оқу.

B) Зерттеу міндеттерін шешу жолдарын көрсетеді.

C) Зерттеушінің зерттелетін құбылысқа деген көзқарасы.

D) Зерттерлетін педагогикалық құбылыстың объективті қасиеттерін көрсететін заңдылықтар.

E) Іс-әрекетке қойылатын талап, негізгі ереже.

 

$$$ 23

Зерттелетін объект туралы нақты деректер алу үшін қолданылатын педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдау:

A) Сауал-сұрақ әдісі.

B) Эксперимент.

C) Әңгімелесу әдісі.

D) Интервью алу.

E) Бақылау әдісі.

 

$$$ 24

Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісі ретіндегі бақылау:

A) Жақсы жұмыс істегендерді мадақтау мақсатымен сенбілік кезінде сынып оқушыларын бақылау.

B) Бақылау жұмысын орындау барысында мұғалімнің оқушылар тәртібін бақылауы.

C) Алдын-ала анықталған мақсатпен белгілі бір схема бойынша оқушылардың іс-әрекетін бақылау, деректерді тіркеу және өңдеу.

D) Оқушылар мен педагогтың тәжірибе алаңында өсімдіктің өсуін бақылаулары.

E) Оқушылар мен педагогтың лабораторияда химиялық реакциялардың жүруін бақылаулары.

 

$$$ 25

Басқа жағдайда жүретін тәжірибемен немесе бақылаушы объектімен салыстырылатын, педагогикалық процесті өңдеп, ғылыми қойылған тәжірибе:

A) Бақылау.

B) Эксперимент.

C) Тәжірибені зерттеу.

D) Педагогикалық процесс.

E) Сараптау.

 

$$$ 26

Педагогикадағы табиғи эксперимент:

A) Оқу-тәрбие процесін бұзбай зерттеу гипотезасын тексеру.

B) Зерттеу гипотезасын арнайы лабораториялық жағдайда тексеру.

C) Гипотезаны жалпы тексеру.

D) Педагогикалық процестің жүру жағдайына өзгеріс енгізу арқылы зерттеу гипотезасын тексеру.

E) Қалыптасқан педагогикалық процесті тексеру.

 

$$$ 27

Педагогикалық процестегі қалыптасқан жағдайды анықтайтын эксперимент түрі:

A) Табиғи эксперимент.

B) Қалыптастыру эксперименті.

C) Констатациялық эксперимент.

D) Лабораториялық эксперимент.

E) Ойша эксперимент.

 

$$$ 28

Сауал-сұрақ әдісі:

A) Анкета жүргізу.

B) Мектеп құжаттарын тексеру.

C) Бақылау.

D) Теориялық талдау.

E) Эксперттік бағалар беру.

 

$$$ 29

Оқушылардың шығармаларын, творчестволық, практикалық жұмыстарын және т. б. зерттеушінің талдауы:

A) Бақылау.

B) Эксперимент.

C) Іс-әрекет өнімдерін зерттеу.

D) Сауал-сұрақ әдісі.

E) Мектеп құжаттарын тексеру.

 

$$$ 30

Зерттелетін құбылыстар арасындағы сандақ тәуелділіктерді анықтау, эксперимент және сауал-сұрақ барысында алынған нәтижелерді өңдеу үшін қолданылатын әдіс:

A) Теориялық анализ.

B) Индуктивтік әдіс.

C) Дедуктивтік әдіс.

D) Статистикалық әдіс.

E) Тест.

 

$$$ 31

Арнайы ұйымдастырылған педагог пен тәрбиеленушілердің мақсатты өзара қимылдары:

A) Оқыту процесі.

B) Тәрбие процесі.

C) Педагогикалық процесс.

D) Оқу-тәрбие процесі.

E) Мектептегі тәрбие жұмыстарының бағыттары.

 

$$$ 32

Тұлғаның “қалыптасу сәті” (педагогикалық жағдай):

A) Іскерліктер, дағдылар қалыптастыру негізі.

B) Педагогикалық процестің компоненттері.

C) Оқыту процесінің элементарлық бөлігі.

D) Педагогикалық процестің элементарлық бөлігі.

E) Тәрбие процесінің элементарлық бөлігі.

 

$$$ 33

Педагогикалық процестің функциялары:

A) Білім беру, тәрбиелеу, дамыту.

B) Педагогикалық құбылыстардың заңдылықтарын ашу, теория құру, технология жасау.

C) Білім беру орындарының жұмысын реттеу.

D) Озық педагогикалық тәжірибені қорыту, тарату.

E) Теориялық, технологиялық.

 

$$$ 34

Педагогикалық процестің тұтастығы:

A) Педагогикалық процестің функцияларының бірлікте іске асырылуы.

B) Отбасы, мектеп және басқа да әлеуметтік институттардың ынтымақтастығы.

C) Оқыту және тәрбие процестерінің өзара байланысы.

D) Педагог пен оқушылардың өзара бірлескен әрекеттері.

E) Ата-ана мен педагог іс-әрекетінің бірлестікте жүргізілуі.

 

$$$ 35

Педагогикалық процестің компоненттері:

A) Педагогтер, оқушылар.

B) Бала-бақша, мектеп, жоғары оқу орындары.

C) Мақсат, міндет, мазмұн, әдіс, форма, құрал, нәтиже.

D) Оқыту, тәрбиелеу, дамыту.

E) Оқыту бағдарламалары, оқулықтар, оқу жоспары.

 

$$$ 36

Педагогикалық процестің қозғаушы күштері:

A) Педагогикалық процесте туындайтын қарама-қайшылықтар.

B) Жаңашыл-педагогтар.

C) Жаңа педагогикалық технологиялаарды қолдану.

D) Педагогикалық зерттеулер.

E) Озық педагогикалық тәжірибені практикаға енгізу.

 

$$$ 37

Педагогикалық процестің заңдылықтары:

A) Педагогикалық процесті ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

B) Педагогикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын, объективті байланыстар.

C) Педагогикалық процестің ережелері.

D) Педагогикалық процестің принциптерінен туындайды.

E) Педагогикалық процестің қағидалары.

 

$$$ 38

Педагогтік қабілеттер:

A)Ұйымдастырушылық, дидактикалық.

B) Перцептивтік, суггестивтік.

C) Коммуникативтік, конструктивтік.

D) Зерттеушілік, ғылыми-танымдық.

E) Жоғарыда айтылғандардың барлығы педагогикалық қабілеттерге жатады.

 

$$$ 39

Тәрбие мақсаты – бұл:

A) Тәрбиенің не нәрсеге ұмтылатыны.

B) Тәрбиеленушінің не нәрсеге ұмтылатыны.

C) Тәрбие барысында алынатын нәтиже.

D) Тәрбие іс-шарасының нәтижесі.

E) Оқушының даму деңгейі.

 

$$$ 40

Тәрбие мақсатын анықтайтын негізгі фактор:

A) Мемлекет идеологиясы, саясаты.

B) Ата-аналар.

C) Педагогтер.

D) Педагогикалық процестің мүмкіндіктері.

E) Оқушылардың қажеттіліктері.

 

$$$ 41

Тәрбиенің жалпы мақсаты:

A) Азамат тәрбиелеу.

B) Отбасын тәрбиелеу.

C) Еңбекші адамды тәрбиелеу.

D) Жан-жақты, гармониялы дамыған тұлғаны қалыптастыру.

E) Белсенді тұлға тәрбиелеу.

 

$$$ 42

Әлемге деген философиялық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік және саяси білімдер, көзқарастар, сенімдер жүйесі:

A) Білім беру мазмұны.

B) Ғылыми дүниетаным.

C) Ғылымдар жүйесі.

D) Әлеуметтік тәжірибе.

E) Оқыту нәтижесі.

 

$$$ 43

Ғылыми білімдер жүйесі, көзқарастар, сенімдер және адам идеалы – бұл:

A) Дүниетаным компоненттері.

B) Дүниетаным қалыптастыру құралдары.

C) Тәрбие мазмұны.

D) Дүниетаным формалары.

E) Тәрбие мақсаты.

 

$$$ 44

Педагогика ғылымында тәрбиенің әртүрлі анықтамаларының болуы:

A) Педагогика ғылымындағы тәрбие проблемасының шешілгендігінің айғағы.


Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 343 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Базаға енгізілген тест тапсырмаларының тақырыптары 3 страница | Базаға енгізілген тест тапсырмаларының тақырыптары 4 страница | Тест тапсырмаларының паспорты |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Перечень вопросов для подготовки экзамену| Базаға енгізілген тест тапсырмаларының тақырыптары 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.069 сек.)