Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Минералды заттар 3 страница

Читайте также:
  1. Annotation 1 страница
  2. Annotation 10 страница
  3. Annotation 11 страница
  4. Annotation 12 страница
  5. Annotation 13 страница
  6. Annotation 14 страница
  7. Annotation 15 страница

Пациентті асқазан тесігі /гастростома / арқылы тамақтандыру

Қажетті заттар: Жуан асқазан зондын, залалсыздандырылған домалақ (түйме) зондты, воронканы, вазелин майын. 250-500мл 30-35°С дейін қыздырылған сұйық тамақтарды (дәрігердің тағайындағанына байланысты).

Іс- әрекеттер:

1. Қолыңызды тазалап жуыңыз.

2. Зондтың домалақ басына вазелин майын жағыңыз.

3. Асқазанның тесігіне орнатылған домалақ (түйме) зонд арқылы асқазанға зондты жіберіңіз.

4. Зондтың екінші жағына воронканы (оймышты) жалғастырыңыз.

5. Асқазанға әзірлеген сұйық тамақты (көлемі дәрігердің тағайындауы бойынша) зонд арқылы жіберіңіз.

6. Зондты асқазанда қалдыру керек болған жағдайда оны тамақтың қалдығынан тазарту үшін 20-40 мл қайнаған жылы сумен жуыңыз.

7. Қарын тесігінің (гастростоманы) айналасындағы теріні калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен жуып, Лассар пастасымен майлаңыз.

8. Асқазан және домалақ (түйме) зондты судың ағынымен жуып, қайнатып, ауызы жабық ыдыста сақтаңыз.

Ректальды немесе тамақты тік ішекке клизма арқылы жіберу

Егер науқастың өңешінен ас өтпей қалса, өңешке немесе өңештің асқазанға құяр жеріне операция жасалса, қоректік заттарды клизма арқылы тік ішекке жібереді. Тік ішек арқылы қоректік заттар жіберу үшін бір сағат бұрын тазалау клизмасын жасау қажет.

Клизма арқылы жіберетін қоректік заттар: 5% глюкоза, 0,9% натрий хлорид ерітіндісін, амин қышқылы ерітіндісін 37-38°С жылытып, 300-500мл мөлшерде резеңке грушаның көмегімен жасайды. Осы тәртіппен тәулігіне 3 -4 рет жібереді. Қоректендіру клизмасын жиі пайдалануға болмайды, себебі одан тік ішек сфинктері тітіркеніп, жара пайда болуы мүмкін. Осындай асқынулар болмау үшін тік ішекті ұқыпты жуып тұру керек.

Парентеральды немесе қоректік заттарды қан тамыры арқылы жіберу

Асқазанға жасалған операциядан кейін, ісік болғанда ас қорыту жүйесіндегі аурулар кезінде парентералдық тамақтандыруды белгілейді. Бұл үшін 5% глюкоза ерітіндісі, белокты препараттарды, дәрумендерді, минеральды тұздарды, жүйе /система/ арқылы тамшы күйінде жібереді. Қоректік заттарды қанға құяр алдында 37-38˚C –қа дейін жылыту керек. Қоректік ерітінділерді қанға тамшылатып жібергенде оның тамшылар жылдамдығына мұқият қараған жөн. Мысалы, гидролизин, гидролизат казеин ақуызы, фибринсол, полиаминдерді алғашқы 30 минут ішінде минутына 10-20 тамшы жылдамдықпен тамызу керек, осы аралықта науқас тарапынан ешқандай өзгеріс байқалмаса, онда минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен тамызуға болады.

Полиамин ерітіндісін алғашқы 30 мин ішінде минутына 10-20 тамшы, содан соң 1 минутта 25-35 тамшыдан тамызады. Липофундин S /10% ерітінді/ алғашқы 10-15 минут ішінде минутына 15-20 тамшыдан тамызылады, ал науқас тарапынан ешқандай өзгеріс болмаса, бірте-бірте тамшы жылдамдығын көбейтеміз, минутына 60 тамшыға дейін жіберуге болады. Мысалы, 500мл ерітіндіні құю 3-5 сағатқа созылады.

Ақуызды препараттар қанға жылдам кетсе, онда науқастың екі беті қызарып, денесі ысып, тынысы тарылады. Сол себепті қоректік заттарды қан тамыры арқылы жібергенде өте мұқият болған жөн.

16.Науқасты күткенде және оның жанұясымен танысып тіл табысу.

Этика (Аристотель) - адамгершіліктік мораль мен құлықтылық туралы ғылым. Парызтану (деонтология - грек тілінен Deontos - парыз, logos - ғылым) (ағылшын Бентам) – науқас пен дәрігердің, медициналық қызметкерлердің өзара (субординация, сабақтастық, тыңғылықтылық) қарым - қатынастарындағы және ғылыми-техникалық жетістіктердің тәжірибелік медицинаға енгізілуіне байланысты парыз туралы ғылым.

Медицина қызметкерлерінен сезімталдық, ықыластылық, қайырымдылық, ақ пейілділік, мейірімділік, қамқоршылық және жоғары кәсіпкерлік сияқты адамгершілік қасиет талап етіледі.

Сыртқы бейнеге қойылатын нақты талаптарды орындау; ауыстыратын аяқ киімнің болуы, халат таза және үтіктелген, тырнақтар - қысқа қырқылған, шаш калпақтың ішіне тығылған болуы керек.

Науқаспен қарым-қатынас жасау ережелерін сақтау: науқасқа көбірек көңіл бөлу, оны сабырландыра білу, тәртіпті сактаудың, дәрілерді үнемі қабылдаудың қажеттігін ұғындыра білу, сауығуының немесе жағдайының жақсаруының мумкіндігіне сендіру, кейбір науқастарға нақты диагнозын айтуға болмайды.

Парызтанулық қағидаларды бұзу науқастарда ятрогендік аурулардың (грек тілінде Jatros- дәрігер, gеnеs - туғызылған) дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұл аурулар науқастың психикасына және сауығуына жағымсыз әсер еткен медициналық қызметкерлердің абайсызда айтылған сөздерінің немесе іс-әрекеттерінің салдарынан болуы ықтимал. Дәрігерлік құпияны сақтау қажет (қоршағандарға қауіп төндірмейтін кезде). Сырқатнамаға енгізілген зертханалық, аспаптық тексерулердің мамандар кеңесінің нәтижелерін білу науқас үшін онай болуы керек. Мейірбикеге тексерулердің деректерін науқаспен талқылауға болмайды.

Медицина қызметкерлерініің өзара қарым-қатынасының негізін субординация құрайды - қызметі бойынша кішінің үлкенге бағыну жүйесі, бұл дәрігермен немесе әкімшілік өкілімен кездескенде тұру дәрігерлік тағайындауларды ұқыпты орындау ғана емес, сондай-ақ, кейде шиеленіскен қатынаста көрінеді.

Әріптестер арасында бір-біріне көмекке, бірін-бірі құтқаруға даярлық қағидалары.

Науқастар мен келушілердің көзінше өз әріптестерін ешқашан міндемеген жөн (олар жіберілген қатенің мәнін үлкейтіп, сенім беделін түсіруі мүмкін), кіші медицина қызметкерлерімен қатынаста да тәкәппар болуға болмайды. Қатынаста әдепті, сабырлы болған жөн, мүмкіндігінше мәселенің жөнін қысқаша баяндаған дұрыс.

Кәсіптік этика мен деонтология

Этика – мораль, адамгершілік пен оның таптық мәні туралы ғылым. Этика - кәсіптік тәртіптің дұрыс-бұрысын, жақсылық пен жамандықтың анықтайтын философияның бір саласы деуге болады.

Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің өз жұмысында әдептіліктің ролін зерттейтін ілім. Этика мен мораль – қоғамдағы адамдардың мінез – құлқын, олардың бір-біріне және қоғамдық құндылыққа деген қарым – қатынасын реттейтін ережелерге қажеттіліктен туған қоғамдық сананың формасы болып табылады. Медициналық этика біздің дәуірге дейінгі 1500 жыл бұрын қолданылып келеді. Көптеген медициналық анттардың негізінде бүгінгі күні дүниежүзіндегі барлық елдерде қабылдайтын анттардың бірі «Гиппократ анты», ол 2400 жыл бойы әйгілі.

«Гиппократ анты» - негізгі медициналық этиканың ережелер кешені, мұнда уақыт айырмашылығына қарамастан, қазіргі кезге дейін сөздері өзекті болып тұр:

1. «Қауіп келтірме». Әрбір ем барлық іс-әрекеттер, дәрігердің нұсқаулары аурудың жағдайын жеңілдетуге бағытталып, оған пайда әкелу керек – бұл басты этикалық принцип.

2. Ең жоғарғы байлық – адам өмірі.

3. Дәрігер әрбір науқастың жеке өмірін сыйлау керек, моральға жатпайтын қылықтардан аулақ болу керек.

4. Дәрігер кәсіби этикасын, өзінің мамандығын сыйлауға тиіс.

Медициналық этиканың ең негізгі мәселелері: моральдық принцип бойынша іс әрекет жасау, ауруға қамқорлықпен қарау, әрқашан және қандай жағдай болмасын медициналық көмек көрсетуге дайын, жоғары адамгершілікті кәсіптің салт-дәстүрлерін сақтау қажет.

Адамдар бір-біріне деген кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, шындық пен адалдықты принциптілік пен табандылықты, еңбекті сүюді, ата-аналармен, жолдастарымен, достарымен өзара қамқорлықпен сыйластық қарым - қатынасты сақтау қажет. Медициналық этикаға медицина қызметкерлерінің жұмысына тән ерекшеліктері мен қоғамдағы орнына қарай мінез-құлық нормаларын реттейтін принциптер жиынтығы жатады.

Науқасқа толық сеніммен қарау арқылы Сіз оның жағдайын түсінесіз, араларыңызда шынайы қарым – қатынас туындайды. Бұл дұрыс емдік нәтижеге жету үшін өте қажет.

Мейірбике алынған ақпаратты құпия түрде сақтауы керек және оны айтпауы қажет. Мейірбике қызығушылық танытқан таныстарының сұрауы бойынша диагнозды немесе анализдердің нәтижесін айтуға тиісті емес.

Медициналық этикада келесі принциптер қолданылады:

1. Жеке адамды құрметтеу.2.Автономия.3.Жақсылық жасау.

4. Зиян келтірмеу.5.Шындықты айту.6. Құпияны сақтау.7.Әділдік.

Медициналық этиканың бір бөлігі – деонтология. Деонтология грек тілінен аударғанда - «тиісті» деген мағынаны білдіреді. Деонтология – басқа салаларға қарағанда, медицина мен тәжірибелік денсаулық сақтау саласына өте тән қажетті ғылым.

Медициналық қызметкерлердің күш-жігері тек науқасты емдеуге ғана емес, аурудың алдын алуға, адамның денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған.

Деонтологияның тараулары:

• Мейірбикемен науқастың қарым-қатынасы.

• Мейірбикемен қоғам арасындағы қарым-қатынас.

• Мейірбикемен науқастың туысқандарының ортасындағы қарым қатынасы.

• Мейірбикемен әріптестер арасындағы қарым- қатынас.

Деонтология мен этиканың принциптерін қолайлы іске асыру үшін мынандай жағдайлар қажет: парыз сезімі, өз мамандығына бейімділігі мен білімін үнемі жетілдіру, медициналық қызметкер сырқат сеніміне кіріп, ауруынан жазылатындығына иландыру.

Гиппократ: «Не істеу керек болса да бәрін байсалды және шебер істей біл... Реті келгенде сырқатты көңіл аулағыш орынды сөздермен, достық пейілмен мақұлдау керек. Қажетті жағдайда оның орынсыз талабын қатал да, орнықты түрде ысырып, ал кей кезде оған сүйіспеншілік білдіріп, басу айту керек» деген.

Науқасты емдеуде сөздің ролі әрдайым жоғары, кей кезде сырқат көзінше медициналық қызметкерлер көбірек сөйлеп қояды. Ол ятрогенияға әкеліп соқтырады. Науқасқа әр түрлі психикалық сөз әсерлерінен болатын жағдай эгротогения деп аталады.

Ятрогенді ауру – медицина қызметкерінің сөзінен, ісінен пайда болатын ауру. Ол медициналық қызметкерлердің теріс түсіндірген сөзінен немесе мінез - құлқынан шығады. Кіші мейіркеш немесе техникалық қызметкерлердің сырқатқа зерттеу нәтижесін қате болжап, айтып берген жағдайда да кездеседі. Сөз науқасты емдеп қана қоймайды, оны жаралауы да мүмкін екендігін мейірбике жанында ұстап, науқас көзінше түсініксіз терминдерді айтпауға тырысу керек.

Ятрогенді аурулардың себептеріне: жалпы және медициналық мәдениетінің жетіспейтіндігі, асығысты, науқастың ыңғайсыз диагнозын болжау, зерттеу нәтижесін дұрыс түсіндірмеу жатады. Кез келген ауру жағдайында мейірбике науқастың психикасын бұзбауға тиіс.

Науқастар ауруханаға түсіп, өздерінің қасына адамдар жинайды, «дәрігерден» артықпыз деп ойлайды, басқа науқастарға агрессивті түрде өздерінше оңды-солды кеңестер, нұсқаулар береді, өздерінің тыңдаушыларын депрессияға, толқуға ұшыратады. Мейірбике мен дәрігер осы сырқаттарға ерекше көңіл аударып, түсіндіру жүмысын ж.ргізгенде терең білім мен ақылды қолдану қажет. Науқасқа дәрі-дәрмектерден гөрі, Сіздің түсінушілігіңіз, моральдық қолдауыңыз керек.

Ал науқастың өзіне әсері /жақсы, жаман ойлауы / эгогения деп аталады.

Эго дегеніміз:

- ішкі мәдениеттің ережелерін сақтау, тәртіпті сақтау, қоғамдық жағдайларға үнемділікпен қарау, татулық, әріптестік сезім;

- сыртқы мәдениет ережелерін, тәртіпті сақтау, сыпайлық, әдептілік, жақсы сөз, сәйкес келетін киім /сыртқы жинақылық, денесінің, киімінің, аяқ киімінің тазалығын сақтау т.б./

Субординация –қызметіне қарай бір-біріне бағыну.

Мейірбике дәрігердің бірінші көмекшісі. Дәрігерге қарағанда мейірбикелер жұмыс кезінде көп уақытын науқастармен өткізеді. Мейірбикелер науқастың көңіл –күйін, қорқыныш-уайымын, жасалып жатқан емнің түрлерін жақсы біледі. Емнің ең басты мақсаты – дәрігердің, мейірбикенің, науқастардың сеніміне кіруі мен олардың талабына сай келуі.

ЭТИКА – дегеніміз гректің мінез, әдет-ғұрып деген сөзінен шыққан философиялық ұғым. Яғни адамдардың мінез-құлқы, әдептілігі туралы ілім. Этика адамдар мен адамдардың арасындағы адамгершілікке толы қарым-қатынастардың озық үлгілерін, жақсы дәстүрлерін оқытатын қағидалар жиынтығы.

Этика - мораль туралы ілім, яғни адамгершілікті, ізеттілікті, кішіпейілділікті, әдептілікті оқытады. Ал мораль дегеніміз қоғамдық сананың бір түрі немесе бір көрінісі. Адамдардың арасында ежелден қалыптасқан жақсы мінез-құлқы мен инабатты, адамгершілікке толы қарым-қатынастарын реттейтін принциптер мен жиынтық ережелерін мораль дейміз. “Адам адамға – дос, жолдас, бауыр” – деген ұлағатты сөз этикасының ең негізгі қағидаларының бірі. Медициналық этика – медициналық қызметкерлер жұмысындағы гуманизм көрінісі, деонтологияның теориялық негізі болып саналады.

ДЕОНТОЛОГИЯ – (гректің deon – тиіс, керек деген сөзінен шыққан) дегеніміз әрбір жеке адамның бүкіл адам баласы мен қоғамның алдындағы атқаруға тиіс міндетін, борышын, парызын оқытатын этиканың негізгі бір саласы. Деонтологияның негізгі принципі – адам жеке басының қамын ойламай, өз мұддесін халық пен қоғамның қажеттілігіне саналы түрде бағындыра отырып, жеке басының мүддесін қоғамдық мүддемен гармониялық түрде үйлестіре алуында.

Медициналық деонтология дегеніміз – медицина қызметкерлерінің адам баласы алдындағы, қоғам алдындағы атқаруға тиіс кәсіптің парызы мен өтеуге тиіс борышын оқытатын ілім.

Дүние жүзі, халықтарының әрқайсысының өздерінің ұлттық діни, қоғамдық, мәдени ерекшеліктеріне қарай әр дәуірде денсаулықты сақтау этикасы мен медициналық этика жөніндегі көзқарастары әртүрлі болған. Тарихқа жүгінсек әртүрлі қоғамдық-экономикалы формацияларда адамның денсаулығы мен өнерін сақтауға байланысты этикалық - нормалардың көптеген түрлері болғанына көзіміз жетеді.Қай заманда болмасын дәрігерлер мен емшілерден, медицина қызметкерлерінен адамзатқа қызмет ету жолында олардың бойында адамгершіліктің, мейірімділіктің, ізгі ниеттіліктің, адамға деген сүйіспеншіліктің, жанашырлықтың мол болуын талап етіп отырған.

1.«Мейірбикелік үрдіс,мейірбикелік диагноз»ұғымы.

Мейірбикелік үрдіс – кәсіптік бикелік күтімді ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі.

Мейірбикелік үрдістің мақсаты – ауру қалпындағы өмірді қолайлы қасиеттермен қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық, психологиялық - әлеуметтік және рухани тыныштықпен толық қамтамасыз ету, басқаша айтқанда: емделушінің ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті қанағаттандыру, науқас тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру.

Қажеттілік дегеніміз – адамның денсаулығы мен амандығы үшін маңызды психологиялық және физиологиялық тапшылық.

Адам өмір бойы қоршаған ортаға сәйкес өмір сүру үшін өз мұқтаждықтарын үнемі қанағаттандыруы қажет.

Американдық психолог А. Маслоу адамдағы 14 негізгі қажеттілікті қарастырды:

1. Тыныс алу

2. Тамақтану

3. Ішу

4. Бөліп шығару

5. Қозғалу

6. Дені сау болу

7. Дене қызуын сақтау

8. Ұйықтап, демалу

9. Киініп, шешіну

10. Таза болу

11. Қауіпсіз болу

12. Қарым – қатынас жасау

13. Өмірлік қазынаға ие болу

14. Қызмет ету, ойын ойнау, оқу

Тыныс алу қажеттілігі - оттегіні қажет ету адамның негізгі физиологиялық қажеттіліктерінің бірі. Тыныс алу мен өмір ажырамайтын түсініктер. Оттегі жетіспеушілігінде тыныс жиіленеді, беткей болады, ентігу, жөтел пайда болады. Оттегінің ұлпаларда тұрақты жетіспеушілігі цианозға алып келеді, тері мен шырышты қабықтар көгереді. Бұл қажеттілікті қолдау медицина қызметкері үшін басты ауықымды (приоритетті) мәселе болуы керек. Адам бұл қажеттілікті қанағаттандыра отырып, өмір сүруге қажет болған қанның газды құрамын қолдайды.

Тамақтанудың қажеттілігі -денсаулықты сақтау үшін өте маңызды. Рационалды және адекватты тамақтану көптеген аурулардың қауіпті факторларын жоюға көмек береді. Мысалы жүректің ишемиялық ауруы жиі жануар майлары мен холестеринге бай тағамдарды тұрақты қабылдағанда дамиды. Тамақтың құрамында ақуыздың көп мөлшерде болуы жаралардың тез жазылуына көмектеседі. Медқызметкер науқастың тамақтану қажеттілігін қанағаттандыру үшін рационалды дұрыс тамақтануды үйретіп ұсыныстар беруі қажет. Күнделікті жеміс-жидектерді, сүт өнімдерін, ботқаларды, майсыз ет, балық, құс етін қабылдау ұсынылады. Қант, тәтті тағамдар, тұздар, алкогольді ішімдіктер шектеледі. Тамақтану қажеттілігінің қанағаттанбауы адам денсаулығының бұзылуына алып келетінін ұмытпау керек.

Ішу қажеттілігі - бұл күнделікті 1,5-2 литр сұйықтықтар: су, шай, кофе, сүт, сорпа, жеміс-жидектер қабылдау. Мұндай мөлшер зәрмен, нәжіспен, терлеуде, тыныс алуда жоғалтқан сұйықтықты толтырады. Су балансын сақтау үшін адам бөліну мөлшерінен көбірек сұйықтық қабылдау қажет. Сұйықтықты аз қабылдау дененің сусыздануына, ал шамадан тыс яғни 2 литрден артық қабылдау бірнеше жүйе, ағзалардың қызметінің бұзылуына алып келеді. Мейірбикенің сусыздану немесе ісіктердің пайда болу қаупін алдын ала анықтауы көптеген асқынуларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Бөліп шығару қажеттілігі -тағамның қорытылмаған бөлектері ағзадан зәр, нәжіс түрінде бөліп шығарылады. Бөліп шығару режимі әрбір адамда жекеше болып келеді. Басқа қажеттіліктерді қанағаттандыруды қалдыруға мүмкін болғанымен, бөліп шығаруды ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды.

Ұйықтау, дем алу қажеттілігі - ұйқы аз болған жағдайда қандағы қант деңгейі төмендейді, мидың қоректенуі нашарлап, ойлау процестері бәсеңдейді, зейін тұрақсызданады, қысқа мерзімді есте сақтау нашарлайды. Американдық ғалымдардың зерттеуі бойынша жарты түн ұйықтамаған адамда фагоцитоз үшін жауапты болған қан жасушалары 2 есе төмендейді. Науқас адамға ұйқы өте қажет, өйткені ұйқы науқас жағдайының жақсаруына алып келеді. Зерттеу барысында ұйқының бірнеше кезеңдері анықталған.

І кезең-жәй ұйқы. Ұйқы жеңіл және бірнеше минутқа ғана созылады. Бұл кезеңде ағзаның физиологиялық белсенділігі төмендейді, өмірлік маңызды мүшелердің қызметі, зат алмасу процестері бәсеңдейді. Адамды ояту оңай, егер ұйқы бөлінбесе, 15 минуттан кейін ІІ-кезең байқалады.

ІІ кезең - жәй ұйқы. Ұйқы терең емес, 10-20 минутқа созылады. Өмірлік функциялар әрі қарай әлсірейді, толық босаңсу байқалады.

ІІІ кезең-жәй ұйқы. Ең терең ұйқы кезеңі, 15-30 минутқа созылады, ұйықтап жатқан адамды ояту қиын. Өмірлік маңызды функциялардың әлсіреуі жалғасады.

ІV кезең-жәй ұйқы. Терең ұйқы, 15-30 минутқа созылады, ұйықтап жатқан адамды ояту өте қиын. Бұл кезеңде физикалық күштің қалпына келуі байқалады. Өмірлік маңызды функциялар ояу қалпына қарағанда әлсіз. ІV-кезеңнен соң 3-ші және 2-ші кезеңдер қайта байқалады, содан соң ұйқының 5-ші кезеңі байқалады.

V кезең-тез ұйқы. І-кезеңнен 50-90 минуттан соң түрлі түстер байқалады. Көздердің аз қимыл -әрекеттері, жүрек соғуы, тыныс алу жиілігі, қан қысымы өзгереді. Дене бұлшық еттерінің тонусы төмендейді. Бұл кезеңде адамның психикалық қызметтері қайта қалпына келеді, ұйықтап жатқан адамды ояту өте қиын. Бұл кезеңнің созылу уақыты –шамамен 20 минут.

V-ші кезеңнен кейін қысқа уақыттан соң 4, 3, 2 содан соң қайтадан 3, 4 және 5-ші кезеңдер яғни, ұйқының келесі циклы байқалады.

Адамның ұйқысына бірнеше факторлар әсер етеді: физикалық талығу, дәрілік заттар, есірткілер, өмір сүру қалпы, эмоционалды стресс, қоршаған орта және физикалық жүктеме. Ауырсынумен, физикалық әлсіздікпен, уайыммен, депрессиямен сипатталатын кез-келген ауру ұйқы бұзылуына алып келеді. Мейірбике науқасты тағайындалған дәрілердің жалпы және ұйқыға әсерімен таныстыруы керек.

Демалу - физикалық және психикалық белсенділіктің төмендеу жағдайы. Диванда жатып қана емес, сонымен қатар арнайы жаттығулар жасап, кітап оқу арқылы да демалуға болады. Емдеу мекемесінде қатты шу, жарық, басқа адамдардың болуы демалуға кедергі жасауы мүмкін.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 652 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кресло - каталкамен тасымалдау | Термометрия. | Дене биомеханикасы | Артериялык гипертензия | Сифонды клизма | Жатуды айтамыз; | Болуы керек. | Егде жас. | Терморегуляция | Минералды заттар 1 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Минералды заттар 2 страница| Минералды заттар 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)