Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Читайте также:
  1. Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы, гигиенасы. Ағзаны шынықтыру.
  2. Тақырыбы: Қан – тамырлар жүйесі
  3. Тақырыбы: Өсу мен дамудың заңдылықтары.
  4. Тақырыбы: Балалар мен жас өспірімдер гигиенасы және физиологиясы дамуының негізгі кезеңдері
  5. Тақырыбы: Дене бітімінің қалыптасуы.
  6. Тақырыбы: Ішкі секреция бездері

Сабақтың жоспары: Ас қорыту мүшелерін муляждан, атластан, таблицадан зерттеу.

Құралдар: «Адам торсы», «Ас қорыту органдары», «Бас сүйектің сагитальді кесіндісі», тақырыпқа байланысты таблицалар мен атластар.

Тапсырмалар:

1.Ауыз қуысының құрылысын зерттеп, суретін салу

2.Жұтқыншақ, өңеш, асқазанның құрылысын зерттеп, суретін салу.

3.Ішектерді зерттеп, атластан суретін салу

4.Қарын асты, сілекей бездерінің құрылысын зерттеп, суретін салу.

5. Бауырдың құрылыс ерекшеліктерін зерттеп, суретін салу.

 

Жұмыстың барысы:

Ауыз қуысы (ротовая полость) – ас қорыту жүйкесінің алдыңғы бөлімі болып табылады. Ауыз қуысына тіл, тіс, сілекей бездері жұтқыншақ өңеш жатады.

Сілекей бездер. (слюнные железы) – Үш жұп болады.шықшыт, тіл асты, жақ асты. Олардың шығаратын сөлін сілекей сөлі деп атайды. Ал олар өз аттарына сай жерде жатады. Сілекей сөлі ауыз қуысындағы тағамды ылғалдап тұрады. Құрамындағы птиалин ферменті тағам құрамындағы углеводқа әсер етіп крахмалға айналдырады. Сөйтіп ас қорыту процесіне едәуір көмектеседі. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ қуысының жалғап тұратын аралықты көмекей тесігі дейміз.

Тіл (язык) – қимылды келген етті орган. Оның үсті, екі бүйірі және астыңғы беті кілегейлі қабықшамен жабылған. Тіл шайнау процестерімен бірге дәм сезу және сөйлеу қызметіне де қатысады. Тіл үш бөліктен тұрады - тіл түбірі, тіл ұшы тіл арқасынан.

Тіс (зуб) – ауыз қуысында жоғарғы және төменгі жақтың тіс ұяларында орналасқан. Тістер сүт тістер және тұрақты тістер болып бөлінеді. Әрбір тістер тіс сауытынан, түбірінен және және сәл жіңішкеріп келген мойынан тұрады. Тістер қызметіне құрылысына қарай әр түрлі болып келеді. Олар күрек тістер, үшкір тістер, кіші азу тістер және үлкен азу тістер болып бөлінеді.

Жұтқыншақ (глотка) – Мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан. Ол ауыз қуысын өңешпен, мұрын, қуысын көмекеймен жалғастырып жатады. Жұтқыншақ мұрын, ауыз және көмей қуыстарымен шектеліп жатуына байланысты мұрын ауыз және көмекей бөлімдері дейтін үш бөлімге бөлінеді. Жұтқыншақ пен омыртқа жотасының аралығында болбыр, дәнекер тканьге толы кеңістік болады. Ол жұтқыншақ пен өңештің тағам жұтқан кезде кеңеюіне жағдай жасайды.

Өңеш (пищевод) – жұтқыншақ пен асқазанды жалғастырып тұратын етті түтік. Өңеш қабырғасы үш қабаттан түзілген. Ішкі жағын астарлап жатқан кілегейлі қабатты эпителийден түзіліп ұзына бой қыртыстанып жатады. Жас нәрестеде нәрестеде өңештің ұзындығы 25см дейін болады. Ас қорыту мүшелеріне сонымен бірге мыналар кіреді: асқазан аш ішек (он екі елі ішек, ащы және мықан ішек), тоқ ішек, (соқыр ішек, тік ішек), қарынасты безі, бауыр.

Асқазан (желудок) немесе қарын ас қорыту жолының ең кең бөлімі. Сырт пішіні иілген қапшыққа ұқсас, диафрагма күмбезінің астында, құрсақтың сол жағында жатады. Асқазанның төменгі жағында он екі елі ішек, артында талақ, қарынасты безі және сол бүйрек жанасып жатады. Ал асқазанның шығаберіс төменгі жақ бөлімі, ол оңға карай иіліп беломыртқаның тұсында он екі елі ішекке жалғасып кетеді. Асқазанның сыйымдылығы орта есеппен 3 литр ұзындығы 25-30см, ені 4см –ге, ал толқан кезде созылып, кейде кіндікке дейін жетеді. Асқазанға белоктар мен майлар көміртектері асқазан сөлі мен тұз қышқылының әсерінен жартылай қортылады. Осымен бірге қарағанға түскен микробтар да тұз қышқылының әсерінен жойылып, өлтіріліп отырылады. Белгілі дәрежеге дейін қорытылған тағамдар ас қорыту жүйесінің келесі бөлігі - аш ішекке қарай өтеді Бауыр (Нераr) адам денесіндегі ең үлкен без, оның салмағы 1,5 кг-ға дейін барады. Бауыр құрсақ қуысының оң жағында, көкет күмбезінің астында төменгі қабырғаларға таяу жатады.

 

Оның түсі қызғылт қоңыр, консистенциясы жұмсақ болады. Өт қапшығы (vesica fellea)алмұрт тәрізді, ол бауырдың оң жақ ұзынша сайының алдыңғы бөлігінде орналасқан. Оның түбі, денесі және мойны болады. Түбі өте кең және жұмыр келеді. Өт қапшығы өтке көп толса, бауыр астынан шығыңқырап тұрады. Оның мойын бөлігі жіңішкере келіп, өт жолына көшеді. Өт қапшығына бауырдан шықкан өт жиналады. Оның сыйымдылығы 60см3.

Асқазан (желудок) немесе қарын ас қорыту жолының ең кең бөлімі. Сырт пішіні иілген қапшыққа ұқсас, диафрагма күмбезінің астында, құрсақтың сол жағында жатады. Асқазанның төменгі жағында он екі елі ішек, артында талақ, қарынасты безі және сол бүйрек жанасып жатады. Ал асқазанның шығаберіс төменгі жақ бөлімі, ол оңға карай иіліп беломыртқаның тұсында он екі елі ішекке жалғасып кетеді. Асқазанның сыйымдылығы орта есеппен 3 литр ұзындығы 25-30см, ені 4см –ге, ал толқан кезде созылып, кейде кіндікке дейін жетеді. Асқазанға белоктар мен майлар көміртектері асқазан сөлі мен тұз қышқылының әсерінен жартылай қортылады. Осымен бірге қарағанға түскен микробтар да тұз қышқылының әсерінен жойылып, өлтіріліп отырылады. Белгілі дәрежеге дейін қорытылған тағамдар ас қорыту жүйесінің келесі бөлігі - аш ішекке қарай өтеді.

 

Бекіту сұрақтары:

1. Ас қорыту жолының ерекшеліктері?

2. Асқазанның құрылысы?

3. Аш ішек, тоқ ішектерінің құрылысы?

 

 

№ 10 Практикалық сабақ


Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 370 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тақырыбы: Балалар мен жас өспірімдер гигиенасы және физиологиясы дамуының негізгі кезеңдері | Тақырыбы: Өсу мен дамудың заңдылықтары. | Бақылау сұрақтары | Тақырыбы: Ішкі секреция бездері | Тақырыбы: Қан – тамырлар жүйесі | Жұмыстың барысы. | Тақырыбы: Оқу бөлмесінің ауасына қойылатын талаптар | Тапсырма | Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы, гигиенасы. Ағзаны шынықтыру. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырыбы: Дене бітімінің қалыптасуы.| Тақырыбы: Тамақ рациондарын түзу.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)