Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кезеңнің максималды баллы – 100. Тапсырмаға берілген уақыт - 5 мин.

Читайте также:
  1. Каждая позиция должна быть зафиксирована в течение трех секунд, чтобы баллы были засчитаны.
  2. Кезеңнің максималды баллы – 100. Тапсырмаға берілетін уақыт - 5 мин
  3. Тапсырмаға берiлген уақыт – 5 мин
  4. Тапсырмаға берiлген уақыт –3 мин
  5. Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут
  6. Уақыт нормаларын есептеу

Кезеңнің максималды баллы – 100. Тапсырмаға берілген уақыт - 5 мин.

«ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІ»

Экзаменаторға ақпарат: студенттердің зерттеу әдісін анықтауы, кеуде торы мүшелерінің сәулелік анатомиясын білуі, рентгенограммаларды интерпретациялауы бойынша тәжірибелік дағдыларын төменде келтірілген критерийлерге сәйкес бағалаңыз.

 

қадам№ Қадамдарды бағалау критерилері Максималды балл
үздік жақсы қанағаттанарлық қанағаттанарлықсыз
  Рентгенограмманы негатоскопқа дұрыс орналастыру және зерттеу әдісін анықтау. Кеуде торы мүшелерінің рентгенограммасын негатоскопқа дұрыс орналастырғанда суреттің сол бөлімінде – қолқа доғасы, жүрек көлеңкесінің 2/3, көкеттің сол күмбезінің астында асқазанның ауа толған түбі анықталады. Зерттеу әдісі - кеуде торы мүшелерінің тура бағыттағы жалпы шолу рентгенограммасы. 100 -90 89 -75 74-50 49-0
  Рентгенограммада жүректің кардиометриялық өлшемдеін анықтау.Жүректің сол контуры сол жақтық бұғана ортаңғы сызықтан аспауы тиіс. Кардио-торакальный индекс (КТИ) – жүректің көлденең өлшемінің кеуде торының көлденең өлшеміне қатынасы (қ.ж. 0,4-0,5). Жүректің көлденең өлшемі оң жүрекше доғасының алыс жатқан нүктесінен орталық сызыққа дейін және сол қарыншаның алыс нүктесінен орталық сызыққа дейін жүргізілген сызық арқылы анықталады (қ.ж. - 12-13см). Кеуде торының көлденең өлшемі көкеттің оң күмбезі деңгейімен анықталады. 100 -90 89 -75 74-50 49-0
  Кеуде торы мүшелерінің тура бағыттағы рентгенограммасында жүрек және ірі қантамырлар доғаларының контурын анықтау және бағалау. Кеуде торы мүшелерінің тура бағыттағы рентгенограммасында оң жақта жүрек және ірі қантамырлардың 2 доғасы анықталады (жоғарыда қолқаның жоғарлаған бөлімі, төменде оң жүрекше контуры); Сол контуры бойынша 4 доғаны анықтайды (1 – қолқа доғасы, 2 – өкпе артериясының бастау алған орны, 3 – сол жүрекше құлақшасы, 4 – сол қарынша контуры). 100 -90 89 -75 74-50 49-0
  Кеуде торы мүшелерінің тура бағыттағы рентгенограммасында жүрек патологиясының белгілерін бағалау.Жүректің көлденең өлшемінің өзгеруі, кардио-торакальді индекстің өзгеруі, оң атрио-вазалды бұрыштың ығысуы, жүрек доғаларының өзгеруі, қолқа және өкпе сабауының өзеруі, өкпе түбірлері мен өкпе суретінің өзгеруі. 100 -90 89 -75 74-50 49-0
  Осы рентгенограммадағы белгілерді негізге алып қандай қорытынды жасауға болады? 100 -90 89 -75 74-50 49-0

 

 

Кезеңнің максималды баллы – 100. Тапсырмаға берілген уақыт - 5 мин.

НЕСЕП-ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ»

Экзаменаторға ақпарат: студенттердің зерттеу әдісін анықтауы, құрсақ арты кеңістігі, жамбас қуысы мүшелерінің сәулелік анатомиясын білуі, рентгенограммаларды интерпретациялауы бойынша тәжірибелік дағдыларын төменде келтірілген критерийлерге сәйкес бағалаңыз.

 

қадам№ Қадамдарды бағалау критерилері Максималды балл
үздік жақсы қанағаттанарлық қанағаттанарлықсыз
  Негатоскопқа урограмманы дұрыс қою және зерттеу әдісін сипаттау.Суретті әріптер мен сандар бойынша анықтап қояды. Зерттеу әдісі экскреторлы урография. Жалпы шолу урограммасында бел бұлшықеттерінің көлеңкесі, омыртқалар көлеңкесі, көкет күмбезі және шонданай сүйегінің жоғарғы қыры қоса алынған көлеңкесі анықталады. Науқастың зерттеуге дайындығы бағаланады. Құрамында йоды бар контрасты зат 40-60 мл мөлшерде көктамырға енгізіледі. Экскреторлы урограммада - 7-минутта тостаған-астауша жүйесінің контрасталғаны анықталады, 15-минутта - тостаған-астауша жүйесінің, несепағардың контрасталуы және қуықтың контрастала бастаған көлеңкесі анықталады. 30-35 минутта несепағар, қуық контрасталуы және тостаған-астауша жүйесінің контрасталған іздері көрінеді. 100 -90 89 -75 74-50 49-0
  Зерттелетін ағзаны анықтау. Экскреторлы урограммадан бүйректің, несепағардың және қуықтың көлеңкесін көрсетіңіз. 100 -90 89 -75 74-50 49-0
  Бүйректің, несепағардың, қуықтың рентгенанатомиясы. Сол бүйрек Th-12 – L-2, оң бүйрек L-1 – L-3 деңгейінде орналасқан. Сол бүйректің көлеңкесін 12-ші қабырға көлеңкесі ортасынан, ал оң бүйректі жоғарғы 1/3 мен ортасы арасында қияды. Бүйректердің жоғарғы полюстері төменгі полюсіне қарағанда дененің ортаңғы сызығына жақын орналасқан. Пішіні бұршақ тәрізді, ұзындығы - 12-14 см, ені -4-5 см, шеті тегіс, анық көрінеді. Орталық бөлігінде үш топ тостағаншалары бар бүйрек түбекшесі орналасқан. Несепағар ұзындығы 25-30см, диаметрі – 5 мм, үш жерде тарылған орны анықталады - түбекшемен жалғасқан орында, мықын артериясымен қиылысқан жерде және қуыққа жалғасқан орында. Қуық кіші жамбас қуысында, пішіні домалақ, шеті тегіс, анық көрінеді, сиымдылығы 250-300мл. 100 -90 89 -75 74-50 49-0
  Патологиялық өзгерістердің негізгі рентгенологиялық синдромдарын анықтау. Бүйректердің орналасқан орнынан ауытқуы, пішінінің, өлшемдерінің, паренхимасы және тостаған-астауша жүйесі құрылымының өзгеруі, конкременттер болуы және қызметінің бұзылуы. Несепағар - қуысының өзгеруі, конкременттер болуы. Қуық - пішінінің, шетінің өзгеруі, толыу дефектісі симптомы болуы. 100 -90 89 -75 74-50 49-0
  Осы урограммадағы белгілерді негізге алып қандай қорытынды жасауға болады? 100 -90 89 -75 74-50 49-0

 


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 129 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Художественное своеобразие прозы Чехова| Кезеңнің максималды баллы – 100. Тапсырмаға берілетін уақыт - 5 мин

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)