Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жарнама

Қазіргі заманға қажетті барлық 47 мамандықты ҚазҰТУ дайындайды. Мамандар өте білікті, сапалы білім алуда. Сізге қандай мамандық керек? ҚазҰТУ-ға келіңіз! ҚазҰТУ-ға келу арқылы сіз дұрыс таңдау жасайсыз. Еңбек жолына да жақсы жолдама алғыңыз келсе, бізге келіңіз!!!

2 сурак: Түйіндеме, оның тәсілдері.

Резюме француз тілінен алынған термин. “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді.

Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес.

Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек. Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқыңыз келсе, түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі.

Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.

Жиналған мәліметтерді түйіндемеде берудің екі жолы бар: хронологиялық және функционалдық (күнтізбелік және қызметтік тәсілдер).

Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жұмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер сіздің жұмыс өтіліңіз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда ұстайды.

Функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл білімі мен біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс өтілі кері хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жұмысыңыздың жалпы сипаты өзгермеген болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, "1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқарды".

Соңғы жұмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынған кепілдеме болса, оның бар екендігі түйіндемеде бір сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол түйіндемемен бірге тапсырылады.

1-үлгі Түйіндеме

Аты-жөнi: Айбек Нұргүл Хамитқызы

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 25 үй, 33 пәтер

Телефон: 8 (7272) 45-96-73; ұялы телефон: 8 777 123 45 67

Е-mail: nurgulaibek@hotmail.com

Жұмыс тәжiрибесi: « Аймаусым» ЖШС, 2007 – 2008 жыл, Алматы қаласы, жетекші маман «Қайсар» АҚ, 2008- осы күнге дейін жетекші маман.

Бiлiмi:

- Орта 1989 – 2000 жж. – №12 орта мектеп

- Жоғары: 2000-2004 жж. Құрылыс-сәулет академиясы – сәулетші, бакалавр.

2004-2006 жж. Құрылыс-сәулет академиясы – магистр

Тiлдi бiлуi:

Қазақ тілі – ана тілі

Орыс тілі – еркін

Ағылшын тілі – еркін

Компьютердi игеруi:

Microsoft Office, Enternet Explorer

Жеке қасиеттері: ұқыпты, ақкөңіл, ашық, адамдармен тез тіл табыса алады.

Қосымша ақпараттар: Көлік жүргізуші

Құштарлығы: тілдер үйрену, кітап оқу, саяхат жасау

 

Есте сақтаңыз!

Түйіндемеде жұмсалатын терминдер және термин клишелері:

ұлт _________________ ұлтым – неміс (украин)

азаматтық _______________ Қазақстан Республикасының азаматы

білім _______________ жоғары білімді, орта білімді

отбасы _______________отбасым бар, үйленгенмін, үйленбегенмін,

қыз – тұрмыстамын, ұл – үйленгенмін, ұл-ажырасқанмын, қыз - тұрмысқа шыққанмын, тұрмысқа шықпағанмын

Спортпен айналысамын: ат спортын, футболды ұнатамын, I разрядты волейболшымын, Компьютерде, интернетте, ЭЕМ машиналарында жұмыс істей аламын. Қазақ, ағылшын, орыс тілдерін меңгергенмін, меңгермегенмін, орташа меңгергенмін, түсінемін, оқи аламын, сөздікпен аудара аламын, жаза аламын. Жұмыс өтілі, еңбекақы, үстеме ақы, марапаттау, еңбек кітапшасы, дәрігерлік сараптау қорытындысы.

Билет

Шарт - жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат. Шарттың (келісімшарттың) жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмұны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.

Шарт мынадай жағдайларда жасалады:

1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер: а) тұрғын үйді сатып алу - сату туралы; о) тұрғын үйді сыйға беру туралы; б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.

2. Жер телімдері туралы мәмілелер: а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісімшарт; ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісімшарт; б) жер телімдерін сатып алу - сату туралы келісімшарт.

3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер: а) автомашинаны сатып алу - сату жөніндегі келісімшарт; ә) автомашинаны кепілге беру жөніндегі келісімшарт;

б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісімшарт.

4. Ақша қаражатын заемға алу - заемға беру жөніндегі мәмілелер: а) пайыз төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт; ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт.

Үлгі:

Шарт

Ғылым мен өндірістің арасындағы байланысты тығыз, әрі жан-жақты дамыта беру мақсатында Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті мен _______________ мына мәселелер жөнінде келісті:

(мекеменің аты)

I.Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті өзіне мынадай міндеттемелер алады:

1.Оқу жоспарына сәйкес__________________ металлургия және полиграфия

(мекеменің аты)

институты студенттерін өндірістік практикаға жібереді.

2. Металлургия және полиграфия институты практиканы жүргізу барысында жан-жақты ғылыми әдістемелі көмекті жүйеге асырады.

3. Металлургия ғылымы саласындағы білікті, өндірістік тәжірибесі мол мамандар мен тәлімгерлердің студенттердің курс жұмыстарына жетекші, диплом жұмыстарына қосалқы жетекші болуына жағдай жасайды.

4. Металлургия ғылымы саласындағы білікті, өндірістік тәжірибесі мол мамандар мен тәлімгерлерге университеттің металлургия институтында 0,5 және 0, 25 жүктемелері мен қосымша жұмыс атқаруына мүмкіндік береді.

II._________________өзіне мынадай міндеттемелер алады:

(мекеменің аты)

1. Өндірістік практиканың - маманданудың сапалы өтуіне жағдай жасайды.

2. Практикаға жіберілген студенттерді білікті мамандар мен тәлімгерлерге бекітіп береді.

3. Практикадан өтіп жүрген маманданушы студенттердің таңдаулы жұмыстарын басылымдарда жариялауға ықпал етеді.

___________________ басшысы мен жетекші маман тәлімгерлеріне

(мекеменің аты) студенттердің мамандануына ықпал жасағаны үшін университет тарапынан сағаттық көлемде өтем ақы төленеді.

Маманданушы студенттердің өндірістік практика кезінде жасалған жұмысы екі дана етіліп жасалады. Оның жұмысына маман-тәлімгердің қолы қойылған мінездеме-баға беріледі. Бұл құжаттардың бір данасы университетке жіберіледі, екінші данасы __________________ сақталады.

Осы ШАРТ 5 жыл мерзімге жасалады, егер Тараптардың бірі Шартты тоқтату туралы мәлімдемесе, оның күші тағы да 5 жылға өздігінен ұзартылады.

Шарт 200 ________ қыркүйек айынан бастап күшіне енеді.

 

Қаныш Сәтбаев атындағы

Қазақ ұлттық техникалық

университетінің ректоры


Дата добавления: 2015-07-24; просмотров: 256 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жеделхат| Мекеме басшысы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)