Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Хромтау қаласының географиялық орны

Читайте также:
  1. Хромтау қаласының әлеуметттік-экономикалық жағдайы
  2. Хромтау қаласының даму ерекшеліктері

Аудан орталығы Хромтау қаласы Ақтөбе қаласының шығысында 86 км қашықтықта орналасқан. 1940 жылдары "Алмаз" кен орнының солтүстігіне, Ойсылқара, Сармырза өзендеріне жақын жұмысшы поселкесі ретінде іргетасы қаланған. 1967 жылы қала статусы берілді.

Хромтау ауданы Ақтөбе облысының солтүстігінде орналасқан. Аудан солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен және Ақтөбе облысының Қарғалы ауданымен, батысында Алға ауданымен, шығысында Әйтеке би ауданымен, оңтүстігінде Мұғалжар ауданымен шекараласады.

Хромтау ауданының аумағы 12 мың шаршы шақырым және ол көлемі жағынан Ақтөбе облысының аудандары арасында 8-ші орынға ие. Ауданның әкімшілік орталығының негізі 1940 жылы қаланған Хромтау қаласы.

Хромтау аумағы Мұғалжар тауларының солтүстік бөлігін, Орал тауларының оңтүстік бөлігін, Торғай үстіртінің батыс бөліктерін қамтиды. Ауданның батыс аймағының үлкен бөлігі Ор-Елек көтерілуінде орналасқан, мұнда абсолют биіктіктер 360-400 м-ге дейін жетеді.

Солтүстік Мұғалжар Ор өзенімен батыс және шығыс қанаттарға бөлінген. Батыс қанат (Ор және Елек қосөзені) үстіртті және Орал тауларының оңтүстік сілемдерінің жалғасында орналасқан. Суайрықтан батысқа қарай үстірт су ағындарымен қатты тілімденіп, ұсақ шоқылы болып келеді, ал шығысқа қарай Ор өзенінің сол салаларымен тілімденген әлсіз төбелі жазыққа ұласады. Мұнда абсолют биіктіктер 509 м-ге дейін жетеді. Солтүстік Мұғалжардың шығыс қанаты (Ор және Ырғыз қосөзені) теңіз деңгейінен 340 м биіктікке жететін жазық аймақ болып табылып, Ор өзеніне қарай төмендей түседі. Эрозиялық тілімдену бұл аумақта өзен аңғарларының беткейлерінде ғана кездеседі.

Сонымен, ауданның жер бедерінің басты ерекшеліктеріне батыста және оңтүстікте биік телімдері бар жазықты аймақтар жатады. Аудан территориясы оңтүстіктен солтүстікке және батыстан шағысқа қарай әлсін көлбеулі болып келеді. Геоморфологиялық аудандастыру бойынша Хромтау ауданының барлық территориясы Ор таулы еліне кіреді, өйткені Мұғалжар таулары Орал тауларының жалғасы болып табылады.

 

 

1-сурет

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 869 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Маңызды нышаны ретінде | Алалардың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен заңдылықтары | Хромтау қаласының даму ерекшеліктері | орытынды |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Шағын қалалардың дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлары мен ерекшеліктері| Хромтау қаласының әлеуметттік-экономикалық жағдайы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)