Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Эндокриндік жҮйе» модулінен аралыҚ баҚылау

Читайте также:
  1. тақырып. «Балалық шақтағы эндокриндік бұзылыстардың ерекшелігі».
  2. ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ БОЙЫНША АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Мақсаты:

Аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыс (өзін өзі дамыту құзыреті) тақырыптары және өтілген сабақтар бойынша студенттердің білімін, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, ситуациялық есептер сараптауда коммуникациялық дағдыны бағалау

Студенттер білімін бақылау сұрақтары:

1. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің орталық реттелу тетіктерінің бұзылыстары (транс- және парагипофиздік реттелу), себептері, даму тетіктері. Кері байланыс тетігінің бұзылысы.

2. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің бұзылыстарына әкелетін дерттік үрдістер.

3. Гормондар белсенділігінің бұзылуының шеткері (безден тыс) тетіктері.

4. Қалқанша безі қызметінің бұзылуы. Гипотиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.

5. Гипертиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.

6. Бүйрек үсті бездерінің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.

7. Гиперкортицизм, этиологиясы, негізгі көрністерінің патогенезі.

1 – КЕЗЕҢ - ТЕСТІЛЕУ

СЫНАМАЛЫҚ БАҚЫЛАУ


1. Парагипофиздік реттелу бұзылысының себебі

A) ТШҚҰ- синдромы кезіндегі гипофиздің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы

B) нейрогипофиздің зақымдануы

C) гипоталамустың нейросөлденістік жасушаларының уыттанулық иммундық зақымдануы

D) гипофиздің өспесі

E) жүйкелік өткізгіштердің зақымдануы

2.Трансгипофиздік реттелу бұзылысының себебі

A) қалқанша бездің аденомасы

B) нейрогипофиздің зақымдануы

C) жүйкелік өткізгіштердің зақымдануы

D) аденогипофиздің өспесі

E) орхит

3.Трансгипофиздік реттелудің бұзылысына әкелмейтіні

a) либерин түзілуінің бұзылысы

b) статин түзілуінің бұзылысы

c) гипофиздің тропты гормондары түзілуінің бұзылысы

d) шеткері бездердің денервациясы

e) психикалық жарақат

4. Трансгипофиздік реттелу, негізгі болып табылады

А) бүйрек үсті безінің қыртысының шоғырлы аймағына+

В) ұйқы безіне

С) бүйрек үсті безінің шумақты аймағына

D) қалқанша маңы безіне

Е) айырша безіне

5. Трансгипофиздік реттелу негізгі болып табылады

A) нейрогипофизге

B) ұйқы безіне

C) жыныс безіне

D) қалқанша маңы безіне

E) эпифизге

6. Кері байланыс тетігінің бұзылысының негізінде жатады

a) қандағы гормондар мөлшерінің өзгерісін қабылдайтын гипоталамус орталықтары сезімталдығының төмендеуі

b) тропты гормондар өндірілуінің жоғарылауына жауап ретінде либериндер өндірілуі азаюы

c) шеткері бездердегі гормондарының деңгейі жоғарылағандықтан статиндер өндірілуінің артуы

d) либериндер өндірілуі жоғарылағандықтан аденогипофиз гормондары өндірілуінің артуы

e) тропты гормондар өндірілуінің төмендеуінен либериндер өндірілуінің артуы

7. Кері байланыс тетігінің бұзылысы байқалады

A) тропты гормондар мөлшері төмендегендіктен, статиндер өндірілуінің азаюында

B) шеткі бездегі гормондар деңгейінің жоғарылауынан либериндер өндірілуінің азаюы

C) шеткі бездердің аденомасында

D) шеткі бездердегі гормондар мөлшері азаюынан аденогипофиз гормондары өндірілуі артуында

E) психикалық қозу кезінде либериндер өндірілуінің артуы

8. Гормондар белсенділігінің шеткері, безден тыс тетіктерінің бұзылысына жатады

a) бездердің өспесі

b) без гормондарының биосинтезі бұзылысы

c) бездің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысы

d) без дамуының туа пайда болған ақауы

e) гормондық қабылдағыштардың бөгелуі

9. Эндокриндік бездер қызметінің алғашқы бүлінісіне әкелуі мүмкін

a) нысана жасушаларда гормонды қабылдағыштар санының азаюы

b) бездің қабынуы

c) глюкокортикоидтардың қолдаушы (пермиссивті) әсерінің бұзылысы

d) айналымдағы гормонның бөгелуі

e) гормондардың әсерсізденуінің бұзылысы

10. Без гипофункциясына әкелуі мүмкін

a) гипоталамус либериндерінің тым артық өндірілуі

b) без аденомасы

c) без атрофиясы

d) гипоталамус статиндері сөлденісінің төмендеуі

e) нәруыздар мен гормондар байланысуының төмендеуі

11. Бездер гиперфункциясының көріністерін дамытады

a) прогормонның гормонға тым артық айналуы

b) гормондық қабылдағыштардың бөгелуі

c) гипофиздің тропты гормондарының сөлденісі төмендеуі

d) бездің қабынуы

e) бездің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысы

12. Гиперкортизолизмге әкелмейтін жайт

a) кортиколиберин сөлденісінің жоғарылауын дамытатын гипоталамус, таламустың зақымдануы

b) АКТГ сөлденісі жоғарылауымен сипатталатын гипофиздің базофилдік аденомасы

c) глюкостеромалар

d) бүйрек үсті бездері қыртысының шумақты аймағының өспелері

e) бронх өспелері кезінде АКТГ-нің эктопиялық түзілуі

13. Гиперкортизолизм кезінде нәруыз алмасуы бұзылуының салдары болады

A) антиденелер өндірілуінің жоғарылауы

B) бұлшықет атрофиясы, остеопороз

C) глюконеогенездің төмендеуі

D) қандағы қалдық азоттың төмендеуі

E) жұқпаларға төзімділіктің жоғарылауы

14. Гиперкортизолизм кезіндегі гипергликемияның патогенезінде маңызы бар

a) глюконеогенездің белсенділенуі

b) липогенездің белсенділенуі

c) гликогеногенездің белсенділенуі

d) гликогенолиздің тежелуі

e) липолиздің тежелуі

15. Гиперкортизолизм кезіндегі су-электролит алмасуының бұзылысына жатады

a) гипернатриемия, гипокалиемия, ішекте кальций сіңірілуінің тежелуі

b) гипонатриемия, гиперкалиемия, АҚК-нің (ОЦК) жоғарылауы

c) гиперкәлциемия, АҚК-нің азаюы

d) гиповолемия

e) гиперкалиемия, гиперволемия

16. Гиперкортизолизм көрінісіне жатады

A) артериялық гипотензия

B) жүдеу

C) аяқтарда майдың жиналуы

D) гипогликемия

E) іштің, иықтың, санның терісінде жолақтардың пайда болуы

17. Гиперкортизолизм көрінісіне жатады

A) артериялық гипотензия

B) жүдеу

C) майдың бет, мойын, іште жиналуы

D) толық және жартылай салданулар

E) экзофтальм

18. Гиперкортизолизм кезіндегі остеопороздың патогенезінде маңызы жоғы

a) сүйек тіні нәруыздарының ыдырауы жоғарылауының

b) сүйектің нәруыздық бетіне кәлций бекітілуі бұзылуының

c) ішекте кәлций сіңірілуі төмендеуінің

d) салдарлық гиперпаратиреоз дамуының

e) гипопаратиреоз дамуының

19. Бүйрек үсті бездерінің жіті жеткіліксіздігінің себебі болуы мүмкін

a) бүйрек үсті бездері қыртысты қабатының аутоиммундық зақымдануы

b) бүйрек үсті бездерінің туберкулезі

c) бүйрек үсті бездерінің қыртысына өспелердің метастаз беруі

d) ТШҚҰ-синдромы кезінде бүйрек үсті бездері артерияларының тромбозы

e) бүйрек үсті бездерінің туа біткен гипоплазиясы

20. Аддисон ауруына тән

A) терінің гиперпигментациясы, гипонатриемия, гиперкалиемия+

B) терінің гиперпигментациясы, гипернатриемия, гипокалиемия

C) тырысулар

D) артериялық гипертензия

E) семіру

21. Аддисон ауруы кезіндегі тері және шырышты қабықтар гиперпигментациясы патогенезінің көрсетілмеген тізбегі:

Кортизол тапшылығы → кері байланыс тетігі бойынша? өндірілуінің артуы → тері және шырышты қабықтарда меланин жиналуының жоғарылауы → гиперпигментация

a) АКТГ

b) АДГ

c) СТГ

d) ТТГ

e) ГТГ

22. Бүйрек үсті бездерінің созылмалы жеткіліксіздігінің себебі болуы мүмкін

a) бүйрек үсті бездерінің туберкулезі+

b) бүйрек үсті бездері қыртысты қабатына қан құйылу

c) ТШҚҰ-синдромы кезінде бүйрек үсті бездері артерияларының тромбозы

d) глюкокортикоидтармен емдеудегі доғару синдромы

e) екі жақты адреналэктомия

23. Бүйрек үсті бездерінің жіті жеткіліксіздігіне тән

a) артериялық гипертензия

b) гипернатриемия

c) гипокалиемия

d) гипергликемия

e) артериялық гипотензия

24. Бүйрек үсті бездері қыртысты қабатының қызметі бұзылуы салдарынан дамитын эндокринопатияларға жатпайтыны

A) Конн синдромы

B) Иценко-Кушинг синдромы

C) Симмондс ауруы

D) Аддисон ауруы

E) адреногениталды синдром

25. Гипотиреоз кезінде сөлденісінің жеткіліксіздігі дамиды

A) тироксин, трийодтирониннің

B) АКТГ

С) ДҚГ

D) СТГ

E) глюкагонның

26. Гипотиреоз көрінісіне жататыны

a) негізгі алмасудың жоғарылауы, жүдеу

b) дене қызымының жоғарылауы, тершеңдік

c) гиперхолестеринемия

d) тахикардия, артериялық гипертензия

e) қалқанша безінің ұлғаюы, экзофтальм

27. Гипотиреоз көрінісіне жатпайтыны

A) аутоиммундық тиреоидит

B) тиреотропиномалар

C) тағаммен йодтың жеткіліксіз түсуі

D) струмэктомия

E) радиобелсенді йодтың әсері

28. Тиреоидты гормондардың жеткіліксіздігінен дамиды

A) гиперкинездік диарея

B) дисметаболизмдік кардиомиопатия

C) тахикардия

D) холестерин деңгейінің төмендеуі

E) гипергликемия

29. Гипотиреоз кезінде қанда ТТГ мөлшерінің жоғарылауы, дерттік үрдістің орналасқанын көрсетеді

a) гипофизде

b) гипоталамуста

c) мый қыртысында

d) таламуста

e) қалқанша безде

30. Гипотиреоз кезінде қанда ТТГ мөлшерінің азаюы, дерттік үрдістің орналасқанын көрсетеді

a) аденогипофизде

b) қалқанша безде

c) бүйрек үсті безінде

d) нейрогипофизде

e) таламуста

31. Эндемиялық жемсау патогенезінің көрсетілмеген тізбегі:

Йод тапшылығы ® тиреоидты гормондардың (Т3, Т4) түзілуінің төмендеуі® қанда Т3, Т4 мөлшерінің азаюы ®? ® қалқанша безінің гиперплазиясы

a) ТТГ (тиреотропин) сөлденісінің жоғарылауы

b) соматостатин сөлденісінің жоғарылауы

c) соматомединдер сөлденісінің жоғарылауы

d) тиреолиберин сөлденісінің азаюы

e) кортиколиберин сөлденісінің төмендеуі

32. Балалық шақтағы қалқанша бездің гипофункциясына жатпайтыны

A) ақыл-ой дамуының идиотияға (кретинизм) дейінгі кемістігі

B) еңбектің ұзақ уақыт бітпеуі

C) сүт тістері ауысуының кешеуілдеуі

D) жыныстық және ақыл-ой дамуының уақытынан ерте дамуы

E) бой өсуінің артта қалуы

33. Гипертиреоз дамуы мүмкін

a) АКТГ-ның артық сөлденісінде

b) нейрогипофиздің аденомасында

c) тиреостатин артық сөлденісінде

d) организмге глюкокортикоидтарды енгізгенде

e) тиреоынталандыратын иммуноглобулиндердің түзілгенінде

34. Гипертиреоз кезінде зат алмасу өзгерістеріне жатады

a) Тотығу-тотықсыздану үрдістерінің қарқыны төмендеуі

b) АҮФ түзілуінің күшеюі

c) негізгі алмасудың жоғарылауы

d) гиперхолестеринемия

e) липогенездің белсенділенуі

35. Гипертиреоздың көріністеріне жататыны

A) қалқанша безінің ұлғаюы, микседема, брадикардия

B) қалқанша безінің ұлғаюы, экзофтальм, тахикардия

C) қалқанша безінің ұлғаюы, шаштың түсуі, терінің құрғауы

D) қалқанша безінің ұлғаюы, іш қатуы, іштің кебуі

E) сүт тістері алмасуының кідіруі, физикалық және ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі

36. Йодтың суда және тағамда жетіспеуінен дамиды

a) аутоиммундық тиреоидит

b) гипертиреоз

c) гипопаратиреоз

d) эндемиялық жемсау

e) жайылған уыттық жемсау

37.Мориак синдромының патогенезінде маңызы жоғы

a) инсулиннің тапшылығы

b) кортизолдың артық өндірілуі

c) глюкагонның артық өндірілуі

d) қанда бета-липопротеидтер мен БМҚ жоғарылауы

e) жыныс гормондары сөлденісінің артуы


 

2-кезең - клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау. Ситуациялық есептерді әр сабақтан, СОӨЖ және СӨЖ-ден қараңыз

 

8.АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР (СӨЖ)


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 414 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Эндокрин жүйесі патологиялары бойынша тәжірибелік дағдыны қалыптастыру.| тақырып. «Балалық шақтағы эндокриндік бұзылыстардың ерекшелігі».

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.029 сек.)