Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Таратылатын материалдар

Читайте также:
  1. Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар
  2. Ралдарға арналған материалдар

7.7. әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 480-517
  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 480-517
  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2010.- С. 716-731

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 337-340
  2. Остеоартрит//Под ред. Лесняк О.М. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2006. - 176 с
  3. Остеопороз // Под ред. Беневоленской Л.И., Лесняк О.М. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2008. - 176 с
  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология учебник + СД. – 4-е изд. – М., 2010. – с.448-450
  5. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 146-147, 214-216.
  6. Тақырыптың мульдимедиялақ көрсетілімі.

7.8. Аралық бақылау (2сағ)

Мақсаты: Аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыс (өзін өзі дамыту құзыреті) тақырыптары және өтілген сабақтар бойынша студенттердің білімін, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, ситуациялық есептер сараптауда коммуникациялық дағдыны бағалау


 

2-кезең - клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау. Ситуациялық есептерді әр сабақтан,

СОӨЖ және СӨЖ-ден қараңыз

 

Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылаудың сұрақтары:

1. Сүйек тіні дамуы бұзылысының этиологиясы және патогенезі.

2. Остеогендік жасушалардың белсенділігі реттелуінің бұзылысы. Сүйектің боркеміктенуі (остеопороз) және жұмсаруының (остеомаляция) патогенезіндегі кәлций, фосфор алмасуының маңызы.

3. Тірек-қимыл құралының біртектес бұзылыстары. Остеопатиялар туралы түсінік, түрлері (тұқымқуалайтын және жүре пайда болған), этиологиясы және патогенезі.

4. Буындардың дегенерациялық, қабынулық өзгерістері (артропатиялар). Буынның қабынуы мен шорбуын (артрит пен артроз) туралы түсінік, этиологиясы мен даму тетігі. Құздамаға ұқсас артрит туралы түсінік.

5. Тері ауруларының жалпы этиологиясы. Сыртқы және ішкі этиологиялық жайттарға сипаттама. Терінің бүлініске төзімділігі.

6. Терідегі біртектес дерттік үрдістер және олардың патогенезі.Тері аурулары патогенезіндегі жалпы және жергілікті жайттардың өзара арақатынасы.

 

1 – КЕЗЕҢ - ТЕСТІЛЕУ

СЫНАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР


1. Остеолизисті әсерлендіреді

A) Тиреокәлцитонин

B) ауыспалы (трансформирующий) өсу жайты

C) Эпидермистік өсу жайты

D) Паратирин

E) D Витамині

2. Сүйек тінінің қайта үлгіленуі – бұл:

А) сүйек тінінің кері сорылуының тұрақты үрдісі және оның түзілуі

В) аяқ-қолдың жасанды ұзаруы

С) буындарға протез салу

D) остеобластармен сүйек тінінің кері сорылуы

Е) остеокластармен сүйек тінінің түзілуі

3. Сүйек тінінің кері сорылуын ынталандырады

А)интерлейкин -1

В) механикалық жүктеменің артуы

С) кәлцитонин

D) фибробластардың өсу жайты

Е) ß.-ауыспалы (трансформирующий) өсу жайты

4. Сүйек тінінің кері сорылуының тежегіштері болып табылады

А) өспе тіршілігін жоятын жайт

В) интерлейкин -1

С) паратгормон

D) 1,25 (ОН)2 D3

Е) эстрогендер

5. Эстрогендер

А) остеокластардың белсенділігін басады

В) сүйектен кәлцийді «жуып шығарады»

С) сүйек тінінің кері сорылуын күшейтеді

D) гипокәлциемия және гиперфосфатемияны туындатады

Е) гиперкәлциемия және гипофосфатемияны туындатады

6. Аяқталмаған остеогенездің біртектес көріністері

А) шамадан тыс созылмалы тері

В) ақыл естің кемістігі

С) «өрмекші»- тәрізді саусақтар

D) сүйектердің сынғыштығы, көздің ағы көгілдір болуы, кереңдік

Е) буындардың өте қозғалғыштығы

7. Аяқталмаған остеогенездің патогенезінде коллаген тектерінің мутациясы маңызды:

А) I түрінде

В) II түрінде

С) III түрінде

D) IV түрінде

Е) V түрінде

8. Марфан синдромының біртектес көріністері болып табылады

А) буындардың өте қозғалғыштығы және арахнодактилия

В) құрсақ ішілік сүйек сынғыштығы

С) құздамаға ұқсас артрит

D) «янтарлы» тістер

Е) шамадан тыс созылмалы тері

9. Реклингаузен ауруында (фиброзды остеодистрофия, гиперпаратиреоидизм)

A) Са 2↑, РО43-↓, сілтілі фосфатаза↑

B) Са 2↓, РО43- қалыпты жағдайда, сілтілі фосфатаза↑

C) Са 2 қалыпты, РО43- қалыпты, сілтілі фосфатаза қалыпты

D) Са 2 қалыпты, РО43- қалыпты, сілтілі фосфатаза↑

E) Са 2↓, РО43-↓, сілтілі фосфатаза ↓

10. Остеопатия дамымайды

A) Д витаминінің тепе-теңдігі бұзылғанда

B) Гиперпаратиреоидизмде

C) Сүйек тінінің қабынуында

D) Бүйрек қызметі бұзылысында

E) Минералокортикоидтар тепе-теңдігі бұзылғанда

12. Сенильді остеопатиялардың патогенезінде маңызы жоқ

A) Кәлцитонин белсенділігінің төмендеуі

B) Бүйрек және теріде Д витамині түзілуінің төмендеуі

C) Ішекте кәлцийді сіңірілу қызметінің төмендеуі

D) Остеобластардың белсенділігінің төмендеуі

E) Остеокластардың белсенділігінің төмендеуі

13. Бүйректік остеодистрофияға тән емесі

A) Паратгормон деңгейінің көтерілуі

B) Гиперкәлциемия

C) Гиперфосфатемия

D) Гипокәлциемия

E) Д витаминінің белсенді түрінің түзілуінің бұзылуы

14. Баланы тексеру барысында қабырғаның «ескі» сынықтары, буындарының өте жоғары қозғалғыштығы, тістердің өзгерістері, склераның көгілдірленуі анықталған. Дәрігер төмендегілердің біреуінің түзілуінің бұзылысымен қабаттасқан тұқым қуалайтын аурудың бар екендігіне күдіктенді

А) I түрлі коллагеннің

В) II түрлі коллагеннің

С) III түрлі коллагеннің

D) IV түрлі коллагеннің

Е) V түрлі коллагеннің

15.. Сүйектің қуыстануы (Остеопороз) – бұл

А) шеміршек тінінің деформациясы

В) сүйек тінінің жұмсаруы

С) сүйек тіні минералдық тығыздығының төмендеуі

D) остеомаляция синонимі

Е) остеоид түзілуінің бұзылысы.

16. Остеопороз дамуының қауіп – қатер жайты

A) аналық бездер қызметінің төмендеуі

B) кәлций дәрілік заттарын артық қабылдау

C) тестостерон сөлденісінің жоғарылауы

D) сүйек массасының жоғарғы шыңы

E) бүйрек үсті бездері қызметінің төмендеуі

17. Алғашқы жайылған остеопороз байқалады

А) қартайған шақта, әсіресе әйелдерде

В) глюкокортикоидпен 3 айдан артық емдегенде

С) барбитураттармен емдегенде

D) гипогонадизм кезінде

Е) ішектің резекциясынан кейін

18. Салдарлық жайылған остеопороз байқалады

A) гиперэстрогенемияда

B) өт-тас ауруында

C) гипопаратиреозда

D) ұзақ төсек тартып жатқанда

E) сүйек сынығын гипстік таңғышпен емдегенде

19. Остеопороз патогенезінде маңыздысы

А)остеобластар қызметінің күшеюі

В) сүйектерде кәлций және фосфор мөлшерінің көбеюі

С) сүйек тінінің қайта үлгіленуі белсенділігінің көтерілуі

D) остеоид түзілуі және минералдануының бұзылысы

Е) сүйек массасының жоғарғы шыңы.

20. Остеопороз патогенезінде мына өнімдердің көбеюінің маңызы бар

А) интерлейкин – 1-дің

В) Е простагландиндерінің

С) тромбоциттік өсу жайтының

D) инсулинге ұқсас өсу жайттарының

Е) кейлондардың.

21. Остеопорозға әкеледі

А ) остеобластар белсенділігінің көтерілуі

В) остеокластар белсенділігінің төмендеуі

С) өсу жайттары өндірілуінің азаюы

D) сүйек тіні қайта үлгіленуінің әсерленуі

Е) остеоциттер санының көбеюі

22.. Остеопороздың салдары

А)сүйектердің сынғыштығы

В) инсульттер

С) қант диабеті

D) артериалық гипертензия

Е) аяқтардың қисаюы

23. Сүйек жұмсаруы (остеомаляция) кезінде

A) остеоид түзіледі, бірақ минералданбайды

B) сүйек тінінің остеоиды түзілмейді

C) остеоид түзіледі және минералданады

D) сүйектерде кәлций, фосфор мөлшері көбейеді

E)) сүйек тінінде минерализация үрдістері күшейеді

24. Буындық синдром кезіндегі ауыру сезімінің патогенезінде маңыздысы

А) буын қуысына эксудаттың жиналуы

В) синовиоциттермен брадикинин өндірілуінің азаюы

С) гистамин өндірілуінің азаюы

D) антиноцицепциялық жүйенің белсенділігінің көтерілуі

Е) эндорфиндердің артық түзілуі

25. Буындағы үзіліссіз түнгі сыздап ауыру сезімі байланысты

А) веноздық стаз және сүйек ішілік қысыммен

В) шеміршектік детрит шөгетін шеміршек беттерінің үйкелуімен

С) «буындық тышқан» буын бөгетімен

D) ГАМҚ- ергиялық қабылдағыштардың қозуымен

Е) антиноцицепциялық жүйенің белсенділігінің көтерілуімен

26 Остеоартроз – бұл

А) буынның қабынуы

В) буындық шеміршектің бүлінген-нәрсізденулік (дегенеративті-дистрофиялық) зақымдануы

С) сүйектің минералдық тығыздығының азаюы

D) сүйектердің жұмсаруы

Е) омыртқа аралық табақшалардың дистрофиялық (нәрсізденулік) өзгерістері

27. Остеоартроз патогенезінде маңызы жоғы

A) синовиттің біріншілік дамуы

B) хондроциттермен шеміршек матриксінің құнарсыз нәруыздарының түзілуі

C) шеміршекте ыдырау үрдістерінің күшеюі

D) буындардың шеміршегіне жүктеме түсуі және олардың репарациясының арасындағы сәйкессіздік

E) синовиттің екіншілік дамуы

28. Буын шеміршегі төзімділігінің төмендеуін туындатады

А) өспе тіршілігін жоятын жайт түзілуінің азаюы

В) интерлейкин – 1 азаюы

С) коллагеназа жеткіліксіздігі

D) буынның сілемейлі қабығының деструкциясы

Е) эстрогендердің артықтығы

29. Құздамаға ұқсас артрит дамуының негізінде жатқан иммундық зақымданудың негізгі түрлері

A) Реагиндік

B) Цитотоксиндік және реагиндік

C) Иммундық кешендік және жасуша қатысуымен жүретін

D) Қабылдағыштық

E) Реагиндік және иммундық кешендік

30. Құздамаға ұқсас артрит кезіндегі буын шеміршегінің ыдырауын қамтамасыз етеді

A) остеобластардың әсерленуі

В) паннус коллагеназасы

С) остеокластардың әсерленуі

D) остеоид минерализациясының бұзылысы

Е) шеміршекке жүктеме түсу және олардың репарациясының арасындағы сәйкессіздік

31. (ОН)2Д3 тапшылығы ® ішекте кәлций сіңірілуінің бұзылысы ®? ® салдарлық гиперпаратиреоз ® сүйек тініне кәлций қосылуының төмендеуі, остеокластарды ынталандыру ® остеомаляция

A) Гипокәлциемия

B) гиперкәлциемия

C) гипофосфатемия

D) гипернатриемия

E) гипонатриемия

32. Мешел ауруы пайда болады

A) Е витаминінің тапшылығында

B) В тобы витаминдерінің тапшылығында

C) Д витаминінің тапшылығында

D) К витаминінің тапшылығында

E) А витаминінің тапшылығында

33. Д гиповитаминозының көрінісіне жатады

A) еңбектің ерте бітуі

B) кәлциноз

C) түтікті сүйектердің қисаюы

D) микроцефалия

E) «янтарлық тістер», көздің ағының көгілдірленуі, буындардың қозғалғыштығы

34. Ультракүлгін сәуленің зақымдаушы әсеріне тері төзімділігін қамтамасыз етеді (1)

A) су-майлық тері жабындысы

B) Лангерганс жасушалары

C) эпидермистік Т-лимфоциттер

D) меланоциттер

E) Меркел жасушалары

35. Фотодерматиттердің дамуын қамтамасыз етеді

A) мұздау

B) стероидтық емес қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау

C) еркек жынысы

D) егде жас

E) ішімдік қабылдау

36. Генотиптің дерті төмендегілердің пайда болуына әкеледі

A) пиодермияның

B) жанасулық дерматиттің

C) микоздың

D) эпидермофиттің

E) ихтиоздың

37. Іріңді қабыну мынаның даму негізінде жатады

А) меланоманың

В) базилиоманың

С) микоздың

D) ихтиоздың

Е) гидрадениттің

38 Табан эпидермофитиясының дамуын қамтамасыз етеді

A) балықты шикі түрінде жеу

B) жанұяда ауру мысықтың болуы

C) монша, душ, қауызға түсу

D) бас киімді, тарақты ортақ қолдану

E) қайнатылмаған сүтті қолдану

39. Адамның қотырды жұқтыру жолдарын көрсетіңіз

A)ауалы-тамшылы

B) оральді-фекальді

C) киім және төсек арқылы

D) жануарлар арқылы

Е) қан сорғыш жәндіктер арқылы

40. Терінің аутоиммунды ауруы

А) стрептодермия

В) күйік

С) дискоидті қызыл жегі

D) фотодерматит

Е) фолликулит

41. Аллергиялық серпілістің реагиндік түрі, патогенезінің негізінде жатыр

A) Есекжемнің

B) Жанасулық дерматиттің

C) Артюс еренінің

D) Шенлейн-Генох ауруының

E) Қызылша кезіндегі бөртпелердің

F) Желшешек кезіндегі бөртпелердің

42. Есекжемнің патогенезінде маңызы бар

A) сезімталдығы көтерілген Т- лимфоциттердің клонының түзілуі

B) сезімталдығы көтерілген Т- лимфоциттердің лимфокиндерді бөліп шығаруы

C)комплемент жүйесі нәруыздарының әсерленуі

D) мес жасушаларының түйіршіксізденуі

E) гранулемалық қабынудың дамуы

43. Аллергиялық серпілістің иммундық кешендік түрі, патогенезінің негізінде жатыр

A) Есекжемнің

B) Жанасулық дерматиттің

C) Шенлейн-Генох ауруының

D) Желшешек кезіндегі бөртпелердің

E) Квинке ісінуінде

44. Аллергиялық серпілістің жасуша қатысуымен жүретін түрі, патогенезінің негізінде жатыр

A) Есекжемнің

B) Жанасулық дерматиттің

C) Артюс еренінің

D) Шенлейн-Генох ауруының

E) Қызылша кезіндегі бөртпелердің

45. Лайелл синдромының ен жиі кездесетін себебі болып табылады

А) вирустар

В) ауыр металл тұздары

С) дәрілік заттар

D) уақ саңырауқұлақтар

Е) стафилококтар.

46. Жанасулық дерматит патогенезінің негізін құрайтын аллергиялық серпіліс түрі

A) Реагиндік

B) Цитотоксиндік

C) Жасуша қатысуымен жүретін

D) Иммундық кешендік

E) Қабылдағыштық

47. Аддисон ауруы кезіндегі гиперпигментация патогенезінде маңызы

А) глюкокортикоидтардың тапшылығы салдарынан АКТГ көбеюі

В) глюкокортикоидтардың артықтығы салдарынан АКТГ көбеюі

С) минералокортикоидтардың тапшылығы салдарынан АКТГ көбеюі

D) глюкокортикоидтардың артықтығы салдарынан меланоцит ынталандырушы гормонның көбеюі

Е) минералокортикоидтардың тапшылығы салдарынан меланоцит ынталандырушы гормонның көбеюі

48. Альбинизм кезіндегі. депигментация байланысты

А) меланоциттердің болмауымен

В) тирозиназа белсенділігінің төмендеуімен

С) меланосома түзілуінің бұзылысымен

D) кератиноциттерге меланосоманың тасымалдануының бұзылысымен

Е) меланиннің антиденелермен жойылуымен

49. Фенилкетонурия кезіндегі гипопигментация байланысты

A) тирозиназа белсенділігінің жеткіліксіздігі

B) меланоциттердің бұзылуымен

C) фенилаланиннің меланинге уытты әсерімен

D) меланоцит ынталандырушы гормон тапшылығымен

E) фенилаланиннің тирозинге айналуының бұзылысымен

50. Витилиго кезіндегі терінің депигментация байланысты

А) тирозин түзілуінің азаюымен

В) тирозиназа белсенділігінің жоғарылауымен

С) меланоцит ынталандырушы гормон тапшылығымен

D) меланоциттердің бұзылуымен

Е) кератиноциттерге меланосоманың тасымалдануының бұзылысымен


 

2-кезең - клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау. Ситуациялық есептерді әр сабақтан, СОӨЖ және СӨЖ-ден қараңыз


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 145 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Есеп №3| ТОПОГРАФИЯ ДЕЛЬТОВИДНОЙ ОБЛАСТИ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.041 сек.)