Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тіс беткейлері

Читайте также:
  1. Тістің сыртқы құрылысы. Тіс беткейлері.

 

Тіс беткейлерінің түрлері:

1. Жабық беткейі (түйісу беткейі), facies occlusalis, қарама-қарсы жақсүйектің тістеріне бағытталған. Олар кіші және үлкен азу тістерінде болады. Ит тістер мен күрек тістердің шетінде кесетін жиек, margo incisalis түзеді. Бұл беткейлерді шайнау беткейлері, facies masticatoria, немесе шайнау жиегі margo masticatoria деп те атайды.

2. Вестибулярлы (беттік) беткей, facies vestibularis, ауыз кіреберісімен шектелген. Алдыңғы тістерде ерінге жақын беткейі еріндік, facies labialis, ал артқы ұртқа жақын беткейі ұрттық facies buccalis деп аталады.

 

 

 

Сурет 2. Тіс беткейлері (а), жиек (б) және білік (в).

3. Лингвалді (тілдік) беткей, facies lingualis, ауыз қуысынан тілге бағытталған. Сонымен бірге түбір беткейі және орын қабырғасы деп те аталады,ол меншікті ауыз қуысына бағытталған.

4. Түйісу беткей і, facies contactus, көршілес тістерге жақын. Онда медиалды беткейі, facies medialis, тіс доғасының ортасына жақын, ал дисталды facies distalis, тіс доғасының жиегіне жақын орналасқан бұл беткейлер апроксималды, facies aproximalis, деп те аталады. Бүйір азу тістер үшін мынадай терминдер қолданылады: алдыңғы беткей facies anterior, артқы facies posterior. Аналогиялық терминдер тіс түбірінде таралған,ал сәйкес тістің орын бөлігі орынаралық қалқаны білдіреді septa interalveolaria medialis et distalis. Әрбір тісті сипаттау және зерттеу аталған беткейлерге байланысты болады. Сондықтан осы мақсатпен вестибулярлы қалып, лингвалды қалып, жалпақ қалып және медиалды қалып деген терминдер қолданылады. «Қалып» деген мағына тістің зерттеудегі жағдайы, тістің орналасу қатарына байланысты. Мысалы, вестибулярлы қалып бұл вестибулярлы тіс беткейінен қарағанда тістің сауыты, мойыны, түбірінің сипаттамасы.

Тіс сауыты мен түбірін үштен бірге бөлу қабылданған. Осылайша,тісті перпендикулярлы білігі бойынша бөлгенде сауытында окклюзальді,ортаңғы және цервикальді, ал түбірінде цервикальді ортаңғы және апикальді бөліктерге бөледі. Вестибулярлы қалыпта сауыт аймағында медиалды ортаңғы және дисталды бөліктерге бөлінеді,олар өзара сагиталды жазықтықтармен бөлінеді.

Медиалды қалыпта фронтальді оринтерленген жазықтықтармен сауытты вестибулярлы, ортанғы және лингвальді бөліктерге бөлуге болады.

 


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 465 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тістің формуласы. | Жоғарғы жақсүйектің тіс- жақсүйек сегменттері | Тұтас тіс-жақсүйектік жүйе | Алыпты және патологиялық тістеулер. | Күрек тістер | Ит тістер. | Кіші азу тістер – премолярлар | Лкен азу тістер | Күрек тістер. | Лкен азу тістер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тістің сыртқы құрылысы. Тіс беткейлері.| Тістің гистологиялық сипаттамасы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)