Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экологиясы.

Шойын болат балқыту және прокат даярлау аса улы өндіріс. Металлургиялық зауыттың әсері Л.Овчинников пен Ю.Саеттің мәліметтері бойынша 150-200 км радиуста сезіледі. Темір кенді және металлургиялық өнеркәсіптің қоршаған ортаға әсерінің 80 %-ы атмосфераға әсері арқылы көрінеді. В.Дмитриевтің мәліметтері бойынша әлемдік металлургия атмосфераға жылына 50 мың т. қорғасын, 35 мың т. мырыш, 6 мың т мыс, 1,2 мың т. никель, 70 т кадмий бөледі. Ауада үнемі селен, теллур, молибден, маранец, ванадий болады.

Қоршаған ортаны ластау кен орнын игеруден басталады. Жауын болмаған жағдайда шаң ұзақ уақыт бойы сейілмейді (таралады). ЖЭС-нан көмір, мұнай жағу кезінде шаңға күкірт оксиді қосылады, әрбір тонна көмір жағу нәтижесінде 14 г. шлак, 80 г. күл, 100 г. көміртегі оксиді, 14 г. күкірт қос тотығы, 4 г. азот оксиді бөлінеді.

Атмосфераның ластану салдары:

1)C, N, S қосылыстары, шаң әсерінен тыныс алу органдарының аурулары;

2)Құрылыстардағы (ғимараттардағы) конструкциялық материалдардың бұзылуы;

3)Ауыл шаруашылығына әсері – жиналымның, мал өнімділігінің кемуі (нашарлауы);

4)Жабайы флора, фаунаға әсері.

Қара металдар балқыту материалдарды көп қажет ететін өндіріс болғандықтан толық циклді металлургиялық кәсіпорындар негізінен темір кені мен кокстелетін көмір өндірілетін аудандарда немесе ортасында (өндіріс орналасуының шикізаттық факторы) орналасады.

Болаттың айтарлықтай бөлігі қазіргі уақытта металл ломынан балқытылады (болат балқытудың арзан әрі сапалы әдісі – темір рудасына қарағанда 12-15 есе арзан).

Ломмен жұмыс істейтін металлургиялық кәсіпорындар (Волгоград, Мәскеуғ Электросталь, Нижний Новгород т.б.) қайта өңдеу металлургиясына жатады. әдетте мұндай зауыттар машина жасау өнеркәсібінің ірі орталықтарында орналасады (өндіріс орналасуының тұтыну факторы).

Болаттың арнайы түрлері мен ферроқорытпа өндіретін металлургиялық кәсіпорындар көп мөлшерде электр энергиясын қажет етеді. Сондықтан олар тек шикізат қана емес, сонымен бірге арзан энергия өндіруші аудандарында орналасады.

Ресейдегі қара металлургия өндірісі негізінен үш аса маңызды металлургиялық база кәсіпорындарында орналасқан: Орал, Орталық және Сібір.

Орал металлургиялық базасы -елдегі ең ескісі. Кәсіпорындар Кузбасс көмірін, Орал кен орындарының, КМА, Қазақстандық рудаларды (Қостанай облысындағы Соколов-Сарыбай, Лисаковск) пайдаланады. Негізгі зауыттары Төменгі Тагил, Магнитогорск. Челябинск, Новотроицкте орналасқан.

Сібір базасының – кәсіпорындары Таулы Шория, Хакасия және Ангаро-Илимск кен орындарының темір рудасы мен Кузбасс көмірін пайдаланады. Толық циклді металлургияға Кузнецк және Батыс Сібір металлургиялық комбинаттары (Новокузнецк), ал қайта өңдеу металлургиясына Новосибирск, Красноярск, Петровск-Забайкальск зауыттары жатады.

Орталық металлургия базасының – құрамына көптеген зауыттар, соның ішінде Тула мен Липецкте (толық циклды Новотульск және Новолипецк зауыттары) шойын мен домналық ферроқорытпа балқыту Мәскеу, Электросталь, Нижний Новгород т.б. қалаларда орналасқан болат пен прокат өндіру (қайта өңдеу зауыттары) зауыттары кіреді. КМА темір рудаларының негізінде Оскольск электрометаллургиялық комбинаты жұмыс істейді (АЭС энергиясымен жұмыс істейді). Ресей Федерациясының Солтүстік экономикалық ауданында толық циклді Череповецк металлургиялық зауыты орналасқан (Чероповецк қ. Вологодск облысы). Ол Кола түбегінің рудалары және Печора алабының кокстелетін көмірлері негізінде жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындардың барлығы Орталық металлургия базасына жатады 6/.

Қара металлургияның ары қарай дамуының аса маңызды міндеттері - өндірістік қауаттылықты жаңарту, болат балқыту үшін жаңа технологиялық процестер мен құрал-жабдықтарды игеру т.б.

Қазіргі кезде, Ресей Федерациясының макроэкономикалық көрсеткіштерінің қалыптасуында маңызды рөл ойнайтын және экономиканың базалық салаларының бірі болып табылатын, ресейлік металлургияның даму шаралары туралы мәселе бұл саладағы өндіріс қарқындылығының кемуіне байланысты аса өзекті болып отыр. Атап айтқанда, 2001 ж металлургияның Ресейдің өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлеміндегі үлесі 16,5%, өнеркәсіпте жұмыс істеушілердің 11,8% - ін құраған. Кәсіпорындар жалпы ресейлік валюта кірісінің 14,4%, ел бюджетіне салық түсімінің 7,8% -ін қамтамасыз етті. Ресей Федерациясының металлургиялық өнеркәсібі 2002 жылы 3,5 мың кәсіпорыннан тұрды, оның ішінде 800 ірі және орта. Металлургиядағы персоналдың жалпы саны 14 млн адамды құрады. Бүгінгі таңда металлургиялық кәсіпорындардың 95% -ы аздаған ғана үлесі мемлекеттік акциямен негізделген акционерлік қоғамдарға өзгерген /7/.

Металлургияның ерекшелігі өндірістің қаржыны, материалды және энергияны көп қажет етуі. Нәтижесінде металлургиялық өнеркәсіп айтарлықтай дәрежеде ұлттық экономиканың өзге базалық салаларының өндірістік қуаттылық дәрежесін анықтайды. Осылайша металлургиялық кешеннің өнім өндірісіне 14% отын, 33% электр энергиясы, өндірілген шикізат пен минералды ресурстардың 40% - ы жұмсалады. Оның үстіне, металлургиялық кәсіпорындар темір жол транспортының жүк айналымының 30% жуығын қамтамасыз етеді.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басынан бері металлургиялық өнеркәсіптің дамуында бірнеше кезең бөлінеді.

Алдымен, 1991 жылдан 1998 жылдың ортасына дейін ішкі рыноктағы металл тұтынудың төмендеуімен байланысты өндіріс көлемінің кемуі орын алды.

1998 ж қаржы-экономикалық дағдарыс пен қара металлургия өндірісінің құлдырауынан кейін 1999 жылдың ортасына қарай ол біршама тұрақтанып, 1998 жылғы көрсеткіштерден 8% -ға өсті. Сол уақытта Қытай болат өндірісінің жылына 120 млн.т. шегінен асты және де дүниежүзілік балқытудың 10% -н құрады. Болат өндірісі ТМД елдерінде де өсті (17% астам), ал оның Ресейдегі өндірісінің өсімі 1998 жылдың ең төменгі көрсеткішімен салыстырғанда 20% -ға дейін өсті.

1999 және 2000 жылдары металлургия Ресей өнеркәсібінің салаларындағы өндіріс өсімінің көрсеткіштері бойынша лидерлердің бірі болды. Осылайша, өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемдік өсім қарқындылығы қара металлургияда 116,8%, түсті металға 110,1% құрады. 1999-2000 ж.ж. металлургиядағы өндіріс өсімінің факторлары рубль девальвациясы мен жағымды сыртқы конъюктурадағы байланысты металдық өнім экспортының эффективтілігі және металға деген ішкі сұраныстың күшеюі болды /8/.

2001 жылы қара металлургиядағы өндіріс көлемі бұрыңғы деңгейінде қалды (99,8%) түсті металлургияда 4,9% өсті (нәтижесінде Ресейдің жалпы өнеркәсіптік өнім көлеміндегі металлургия үлесі 1999 жылы 19,1% -дан 2001жылы 16,5% -ға дейін кеміді). Ресейлік металлургиялық кәсіпорындардың жұмысындағы қаржы жағдайы нашарлады. 2000 жылмен салыстырғанда қара металлургия кәсіпорындарының табысы 1,9 есе (37 млрд рубльге дейін), түсті металлургияда 1,4 есе (94 млрд рубльге дейін), кеміді. 2002 жылы металлургияның бірқатар салаларында негативті тенденциялар жалғаса берді: труба өндірісі 10% -ке, метиз - 8%-ке, мыс - 4%-ке кеміді.

Ресейдің ішкі сұранысындағы металл тұтыну көлемінің кемуін назардан тыс қалдырмау керек. Осылайша, соңғы 10 жылда Ресейдің алюминий өндірісі деңгейінде айтарлықтай өзгерістер болмағанымен, бұл металды ішкі тұтыну шамамен 14 есе кеміді. 1996 жылы рафинирленген мыс өндірісі 1992 жылмен салыстырғанда 20%-ға кеміді, ал тұтыну 3 есе кеміді. Осы кезеңде Ресейдегі никель өндірісі 1992 жылғы көрсеткішке дейін кемісе, 1996 жылғы тұтыну оның өндірісінің 14% -н ғана құрады. Аса маңызды металдардың ішкі тұтынуының кему фонында экспорт өсімінің масштабтары айтарлықтай. Алюминий бойынша 10 жыл ішінде экспорт көлемі 1,6 есе өсіп, жылдық ішкі тұтыну 6,6 есе кеміді.

Халықаралық еңбек бөлінісінің қазіргі қалыптасқан жағдайында Ресейдің аса маңызды салалық мамандануының бірі-ұлттық металлургиялық өнеркәсіп.

Ресейдің металлургиялық кешен құрамына тек қара және түсті металлургия ғана емес, өндірістік процестің өзара байланысты салалары мен стадияларының тұтастығы – минералды шикізат өндіруден дайын өнім шығаруға дейін –кіреді, яғни:

1.Рудалы шикізат өндірісі мен байыту;

2.Рудасыз шикізат өндірісі мен байыту (қара металлургия үшін флюстер, отқа төзімді саз, әктас т.б);

3. Қара металдар, түсті металдар және олардың қорытпаларының өндірісі (шойын, болат, домналық ферроқорытпа т.б);

4. Болат және шойын трубаларының өндірісі;

5. Кокс химиялық өнеркәсіп;

6. Қара және түсті металдардың екінші реттік өңделуі;

Ресейдің қара металлургия салаларының орналасу ерекшелігі мынада: темір рудаларының кен орындары негізінен елдің европалық бөлігінде, ал көмір негізінен шығыс аудандарда шоғырланған. Сондықтан, кәсіпорындар шикізаттық (Орал) немесе отындық (Кузбасс) аудандар территориясында орналасты. Сонымен қатар кәсіпорындардың сумен қамтамасыз ету, газ, жұмыс күші, энергетика т.б. көздеріне жақын орналасуының маңызы зор.

Атап айтсақ, Орал металлургиялық базасы өзіндік темір рудаларын, Курск магнит аномалиясының (КМА) рудаларын, Қазақстанның Қостанай тобының кен орындарының рудаларын (Соколов-Сарыбай т.б) пайдаланады. Көмір Кузнецк және Қарағанды алаптарынан жеткізіледі.

Қара металлургияның орталық базасы Абакан, Ангар-Илим кен орындарының, КМА,Кола түбегінің темір рудаларын, Кузбасс көмірін пайдаланады.

Қара металлургияның қиын балқитын металдары (марганец, хром, титан, никель, кобальт, вольфрам, молибден, ванадий, тантал және ниобий) қара металдар экономикасымен тығыз байланысты сала болып табылады.

Ресейдің түсті металлургиясы жақын орналасқан кен орындарының түсті металдарын (мыс, қорғасын, мырыш, қалайы және алюминий) пайдалануға негізделген, яғни шикізат көздеріне бейім. Алайда бұл барлық түсті металдарға байланысты емес. Мысалы, алюминий өндірісі арзан энергия көздеріне (Красноярск, Братск алюминий зауыттары) бейім орналасады /9/.

Ресей металлургиясының өнімдері дүниежүзілік метал өндірісі мен саудасында айтарлықтай үлес алады: 2001 жылы. Ресейде 59 млн тонна болат өндірілген, ол әлемдік өндірістің 7% -ы (4 орын). Оның ішінде қара металдар прокатының өндіріс көлемінің 55%-ы экспортталды, ол 26 млн тонна немесе әлемдік сауданың 10% болып табылады (1-ші орын). Ресейдің түсті металдардың негізгі 6 түрінің дүниежүзілік өндірістегі үлесі (алюминий, никель, мыс, мырыш, қорғасын, қалайы) 8,5% болып табылады. Экспортқа негізгі түсті металдардың жалпы ұлттық өндірісінің 80%-ы кетеді, сирек металдардың 70%-ы кетеді.

Қара металлургияның ресейлік экспортында шикізат пен жартылай фабрикаттар (руда, лом, кокс, шойын, құймалар т.б.) 60%-н құрайды. Түсті металлургия экспортында 80%-алғашқы негізгі металдарға келсе тек 10%-қана аса жоғары қайта өңдеудегі өнімге сәйкес келеді.

Осы фактор әсерінің нәтижесінде соңғы метал өнімін (труба мен прекат) өндіру қуаттылығының деңгейі төменгі қайта өңдеудегі метал өнімдерінің деңге.йімен салыстырғанда айтарлықтай төмен /6/.

Сонымен қатар төменгі сатылы қайта өңдеудегі метал өнімдерінің рыногында ресейлік кәсіпорындар өзге елдер тарапынан қысым сезінуде. (Ең алдымен Қытай, Үндістан, Бразилия т.б.). Өндірістік шығынның аз болуы мен жоғары сапалы рудалы базаға ие бұл елдер ұлттық металлургиялық өнеркәсіп құру мақсатында зор шетелдік инвестицияны жұмылдыра білді.

 

 


Дата добавления: 2015-07-17; просмотров: 282 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дипломдық бітіру жұмысының өзектілігі. | Кесте 1 | ТМД елдерінде қара металлургия мен болат рыногының даму тенденциялары. | Кесте 13 | Кесте 18 | Орытынды |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Металлургиялық өнеркәсіптің Ресей экономикасындағы ролі.| Ресей металлургиясының 2010 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)