Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жобалау кӨлемініҢ ҚысҚаша тҮсініктемесі

Читайте также:
  1. Жобалаудың мақсаты мен міндеттері.
  2. Кранасты арқалығын жобалау

Болат қаңқа – ғимараттың қоршау конструкциялар салмағынан түсетін жүктемелерді (жабын, қабырға панельдері), атмосфералық жүктемелерді (қар, жел), крандардан, тельферлерден және басқа технологиялық жабдықтардан түсетін жүктемелерді қабылдайтын көтергіш конструкциялар комплексі.

Қаңқаның негізгі бөлігі колоннадан және өтпелі (ферма) немесе бірыңғай беларқадан тұратын көлденең рама (1-сурет) ([1]261б.10.4-сурет). Колонналар көбінесе іргетас қыспағында және беларқамен қатты немесе шарнирлі байланыс түрінде жобаланады. Колонналардың кранасты арқалықтары тірелетін кемерлері бар. Технологиялық және эксплуатациялық міндеттемелерге байланысты бір-екі-үш және төрт аралықты аралығы 18,0 ÷ 42,0 м, шеткі колонналар адымы – 6000мм, ортаңғылар – 6000 және 12000 мм еңіс және жазық жабынды және төбежабын конструкциялар адымы 6000 және 12000мм тең ғимараттарды қолдану мүмкіндігі қарастырылады.

1-сурет. Беларқаның колоннамен түйіндсу түрлері және көлденең раманың есестік схемасы.

Жазық көлденең рамалар байланыстар жүйесімен, төбежабынның бойлық элементтерімен (сырғауылдар, панельдер, тіректер) және кранасты арқалықтарымен (жолдармен) және қаңқаның қаттылығы мен оның сығылған элементтерінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін кеңістіктік өзгермейтін жүйемен байланысады.

Ғимараттар жылытылатын және жылытылмайтын болады. Қабырға қоршауларына ілмелі темірбетон панельдері пішінделген бетті металл панельдері және терезе панельдерінің жақтаулары қолданылады.

Ғимараттың төбежабыны темірбетон қабырғалы тақтайлардан (панель), болат бірыңғай немесе өтпелі сырғауылдан, қоршау элементтерінен тұратын металл панельдерден орындалады.

Орамалы жабын битум мастикасынан. Жылуоқшаулағыш қабырғалар мен төбежабындар үшін көлемдік массасы 0,5 кН/м3 кем емес тиімді жылытқыштар қолданылады (4.1 кестені қараңыз).

Ғимараттың жарықталынуы қабырғалардағы терезелер арқылы түсетін табиғи жарық көмегімен және ілмелі светильниктер арқылы жүзеге асады. Шатырдан су әкету іштен, барлық сыртқы қабырғалар парапетпен (карнизсіз) орындалады.

 

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 182 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Байланыс жүйесін құрастыру | Көлденең раманың статикалық есебі. | Көлденең рамаға жүктемелерді жинау | Көлденең раманың статикалық есебінің ерекшеліктері | Колонна есебі және конструкциялау | Итарқалы ферманың есебі және конструкциялануы. | Кранасты арқалығын жобалау | МКБ кезеңіндегі жұмысшы жоба. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жобалаудың мақсаты мен міндеттері.| Ндірістік ғимараттың болат қаңқасын құрастыру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)