Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий. АбиотикалыҚ факторлар - өлі табиғат факторлары (су

Читайте также:
  1. VII. Глоссарий
  2. VII. Глоссарий
  3. Глоссарий
  4. Глоссарий
  5. Глоссарий
  6. ГЛОССАРИЙ
  7. Глоссарий

АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР - өлі табиғат факторлары (су, топырақ, ауа, температура т.б)

АККЛИМАТИЗАЦИЯ – ағзалардың өзгерген климаттық- -географиялық жағдайына тіршілік етуге бейімделуі.

АНАЭРОБТЫ БАКТЕРИЯЛАР- тіршілік қызметі үшін оттекті қажет етпейтін микроорганизмдер.

АНТРОПОГЕНЕЗ – адамның шығу тегі, пайда болуы және дамуының тарихи процесі.

АЭРОЗОЛЬ – газды ортадағы қатты және сұйық заттардың жүзгін бөлшектері; сұйық бөлшектер – тұман, қатты бөлшектер – түтін.

АЗОТТЫ БАКТЕРИЯЛАР- (азотобактериялар) – ауадағы азотты байланыстыруға қабілетті аэробты бактериялар тобы.

АЗ ҚАЛДЫҚТЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ластағыш заттар мен қалдықтарды белгілі бір минимум деңгейге дейін қысқартуға әр алуан білім көздерін, әдіс- тәсілдерді және құралдарды пайдаланатын технология

АҚАБА СУ – бұрын өндірісте. тұрмыста немесе ауылшаруашылығында пайдаланылғаннан кейін шыққан су

БИОГЕНДІ ЭЛЕМЕНТТЕР – ағзалар құрамында тұрақты болатын және олардың тіршілік қызметіне қажетті химиялық элементтер.

БИОТИКАЛЫҚ ФАКТОР- тірі табиғат(өсімдік, жануар, микроорганизмдер) факторлары (тірі ағзалар арасындағы байланыс, өзара әрекет)

БИОГЕОХИМИЯ – биосферадағы химиялық элементтер концентрациясы мен таралуы, миграциясы, айналымы, тау жыныстары мен минералдар бұзылуындағы тірі ағзалар ролін зерттейтін ғылым.

БИОГЕОХИМИЯЛЫҚ АЙНАЛЫМ- ғаламшар биосферасында жүріп жататын тірі және өлі табиғаттағы химиялық элементтердің сан- алуан өзгерістері мен алмасуының заңды процесі

БИОХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАР АЙНАЛЫМЫ- химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта бірнеше рет алмасуы мен өзгеруінің заңда процесі.

БИОЦЕНОЗ- бірігіп тіршілік ететін және бір- бірімен байланысты түрлер жиынтығы.

БИОГЕОЦЕНОЗ- өзара байланысты ағзалардан (биоценоз) және оның абиотикалық ортасынан тұратын, сонымен бірге жердің беткі бөлігінің белгілі бір аймағын (биотоп) қамтитын табиғи жүйе.

БИОСФЕРА- барлық тірі ағзалар (биотоп) жиынтығы және олардың мекен ету ортасынан тұратын Жер қабығы; тіршілік ететін қабық.

БИОТОП- бірыңғай абиотикалық жағдай және онда мекен ететін биоценоздан тұратын кеңістік.

ГЕОХИМИЯЛЫҚ АЙНАЛЫМ- Жер қыртысындағы химиялық элементтердің миграциясы процесі мен олардың биосферадағы таралуы.

ГЕНОТИП – ағзадағы гендер жиынтығы.

ГИДРОБИОСФЕРА- барлық гидросфера.

ГОМЕОСТАЗ- табиғи жүйенің тепе- теңдік күйі.

ДЕТРИТ- өлі органикалық заттар, ағзаның ыдырау және бөліп шығаратын өнімдері.

КСЕНОБИОТИКТЕР- өндіріс өнімдері түріндегі токсиканттар ксенобиотиктерге жатады. Ксено «бөгде» деген сөзді білдіреді. Осы токсиканттар яғни өндірістік улар организмде жинақталып, ішкі мүшелердің қызметін бұзып, ағзада қайтымсыз өзгерістер тудыруы мүмкін.

КАНЦЕРОГЕНДЕР – зиянды жаңа түзілулердің дамуы немесе пайда болуына әкелетін заттар.

КӨМІРТЕГІ АЙНАЛЫМЫ – көміртегі (ІV) оксидінің түзілу және жұмсалу процесі. Көміртегінің қазіргі айналымында органикалық заттардың жануы және өндіріс пен транспорттың өсуімен байланысты атмосферадағы көмірқышқыл газы құрамының біртіндеп артуы ерекше орын алады. Ғалымдардың есептеуінше, ғасырдың аяғына дейін оның концентрациясы 12-20%- ке артуы мүмкін.

ЛАСТАҒЫШ - шегі шектеулі мөлшерден артып кеткен жағдайда қоршаған ортаға түсіп, оның ластануын тудыратын кез- келген зат, физикалық фактор немесе биологиялық түр.

ЛИТОБИОСФЕРА- литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтитын биосфера бөлігі.

Мигарция (элементтердің) – химиялық элементтердің жер қыртысында және Жердің беткі бөлігінде алмасуы, қайта топтасуы.

МОНИТОРИНГ – (латын сөзі моnitor- қадағалаушы) – айналадағы қоршаған ортаның өзгеруін комплексті түрде бақылау жасауға арналған ғылыми жүйе.

ТОКСИКОЛОГИЯ (грек. toxicon-у, logos –ілім) – тірі ағзаның умен әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтін медицина саласы.

ТЕХНОГЕНЕЗ (экологиядағы) – табиғи және қоршаған ортадағы өзгерістер тудыратын, материалдық мәдениет және техника дамуының процесі.

ТІРІ ЗАТ - Жер бетінде тіршілік ететін барлық тірі ағзалардың (адам, жануар, өсімдіктер) жиынтығы.

ТЕРРАБИОСФЕРА – құрлықтың беткі бөлігі және литобиосфераны қамтитын биосфера бөлігі.

ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ- адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы.

ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫ- пайдалануда болғаны үшін тозып, өздерінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдарды айтады.

ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ- қоғамның материалдық, рухани, мәдени т.б мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен құбылыстары.

ПЛАНКТОН- су бойында тіршілік ететін және активті қозғалуға қабілетсіз ағзалар жиынтығы.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІЛЕРІ- қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөліктері.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУ - қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық, биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдың әсері.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ САПАСЫ- қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ САПАСЫН НОРМАЛАУ - адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуантүрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу.

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІ БАҒАЛАУ (ҚОӘБ) – жобаны іске асырғанда әсердің барлық түрлерінің сипаттамасы мен қауіптілік дәрежесін алдын-ала анықтау және оның экологиялық, экономикалық, әлеуметтік зардаптарына баға беру.

ҚАУІПТІ ҚАЛДЫҚТАР- құрамында зиянды заттектері бар, қауіпті қасиеттері (улылық, өртенетін, жарылатын қауіптілігі) бар, қоршаған ортаға қауіп төндіретін қалдықтар.

ҚОРШАҒАН ОРТА - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, климатты қоса алғанда табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы

НООСФЕРА - ғаламшарымызбен оның маңындағы кеңістіктің адамның саналы әрекетінің белгілері орын алған бөлігі.

ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫ – бұйым алу процессінде және жартылай немесе түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттардың, материалдардың, шала бұйымдардың қалдықтарын айтады.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӨЛҚҰЖАТ- объектілердің немесе өнеркәсіп кәсіпорындарының нормативті- техникалық құжатының жаңа түрі.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 477 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жылы Б.Коммонер қалыптастырған экологияның негізгі заңы | Тақырып №2: Өмір сүрудің популяциялық деңгейі. Өмір сүрудің экожүйелік деңгейі. | Экожүйе компонеттері және олардың сипаттамалары. | Тақырып №9: Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер ету. Өсімдіктердің ластануын бағалау. | Тақырып №12:Табиғат және қоғамның стратегиялық өзара қатынасы. Тұрақты дамуға өту концепциясы. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ГЛОССАРИЙ| ГЛОССАРИЙ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)