Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

німнің бәсекегеқабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы

Читайте также:
  1. Р Ұлттық стандарттау жүйесін түсіндіріңіз және сипаттама беріңіз
  2. Стандарттаудың қалыптасуының негізгі кезеңдері мен дамуына сипаттама беріңіз
  3. Стандарттаудың пайда болуының тарихи аспектілері мен мен дамуына талдау жасаңыз
  4. Халыкаралык әлеуметтік стандарттаур жуйесі мен олардын аткаратын кызметі кандай.Артыкшылыктары мен кемшіліктері неде.Өз жауабынызды негізденіз

Өнім мен қызметтерді сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.

Республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелінетін азық-түлік пен тағамдық өнімдердің, шикізаттардың адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға және ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет.

ҚР – ның мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:

өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;

өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;

сынақтың кәсіби түрде өтуі;

шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;

өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;

сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сертификат уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;

сертификаттау объектілерінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі;

сертификаттау жұмысында ИСО/ХЭК аймақтық ұйымдардың, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;

ҚР қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдік сертификаттау органдарының аккредитацияланған сынақ зертханаларының сертификатталатын және сәйкестік белгісін ҚР-да тану.

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты

 

 

ҚР – ның мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70%-ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85%-ды құрайды. Сондықтан өнімді сертификаттау қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналды.

ИСО Халықаралық Ұйымының сертификаттау саласындағы негізгі қызметі – ұйымдастырушылық-әдістемелігімен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда бұл аумақта сапа және сертификаттау комитеті (ССК) жұмыс жасайды. Бұл ұйым халықаралық электр комитеті (ХЭК), халықаралық сауда орталығы (ХСО), БҰҰ, сауда және өркендеу конфедерациясы ұйымдарымен бірігіп жасаған «Сертификаттау принципі мен тәжірибесі» жасаған зерттеулері нәтижесінде құрылды.

ССК ұйымына 50 ел қатысады. Олардың қызметіне:

әртүрлі елдерде өнімді бағалау және сапаны қамтамасыз ету жүйесінің тәсілдерін зерттеу;

өнімдерді, процестерді, қызметтерді сонымен қатар сынақ лабораторияларының сертификаттау органдарының сапа жүйесін қамтамасыз етудегі сынақ басшылығын, инспекциялық бақылауды сертификаттауды дайындау;

ұлтық регионалды сапа жүйесін қамтамасыз етіп және халықаралық сынақ стандарттарын сынауды, бақылауды, сертификаттауды өзара тануда көмек жасау.

ИСО сертификаттау саласында ХЭК-пен бірге жұмыс жасауда негіз болатын ИСО/ХЭК 28 нұсқауы «Үшінші жақпен өнімді сертификаттаудың жалпы типтік ережесі» ұлттық сертификаттау жүйесінің негізі ретінде пайдаланылады.

ҚР – да өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік Комитет жұмыс істейді. Бұл орган мемлекеттік стандарттарға сәйкес талаптардың дұрыстығына бақылау жасайды. Бұл органнан басқа өнімнің сапасын бақылауда сапаны мемлекеттік реттеу және бақылаудағы экология жөніндегі инспекция, халықаралық санитарлық – эпидемиологиялық шарттарды орындауы, өнеркәсіп комитеті және т.б. Бұл жоғарыда аталған органдарды сапаны реттеудегі мемлекеттік институттарға жатқызуға болады. Олар өз қызметтерін сапаны реттеу жөніндегі заңдық актілері негізінде жүргізеді. Оларға: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау», «Стандарттау», «Сертификаттау» «Бірлік өлшемді қамтамасыз ету» заңдары жатады.

Сертификаттау – бұл өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің нормативтік құжатта белгіленген белгілі бір талаптарға, стандарттарға сай екендігін білдіретін жазбаша құжат болып табылады.

Стандарттау басқарудың нормативтік әдістерімен сипатталады. Ол объектілерге белгілі бір нормалар мен ережелер арқылы әсер етеді және нормативтік құжат түрінде жазылып, заңдық күшке ие құжат болып табылады.

Стандарт – бұл өнім сапасына негізгі талаптарды бекітетін нормативтік-техникалық құжат болып табылады.

Мемлекеттік стандартау – басқару деңгейінің барлық сатыларында таралып, қоғам мен өнім мен қызметті негізгі тұтынушылардың қызығушылықтарын қорғау ретінде қолданылады.

ИСО 9000 сериялы стандарттары — өнімнің жасалу процесіндегі өнім сапасына әсер ететін заңдық базаларын, тұтынушылардың рөлін, талаптарының сақталуына кепілдік береді.

Өнімдер, қызметтер мен процестерді ҚР – ның заңнамасына сәйкес стандарттаудың мақсаты төмендегідей:

өнімдер мен қызметтерге нормалар белгілеу;

қоршаған ортаны қорғау, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

өнімнің бәсекегеқабілеттілігін сыртқы және ішкі нарықта қамтамасыз ету;

бірлік өлшемді қамтамасыз ету;

барлық ресурстарды сақтау және тиімді пайдалану;

Еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету;

сапа төңірегінде тұтынушылар қызығушылықтарын қорғау.

Сапаны қамтамасыз етуде жоғарыда аталған заңнамалардан басқа, Үкіметтің «Сапасыз тауарлардың ҚР территориясына кіруіне кедергі жасау» 29 сәуір 1999ж. жеке қаулысы да қызмет етеді.

Бұл Үкімет қаулысы ҚР – на келетін сапасыз импорт тауарларының жойылуына, тұтынушыларды сапасыз тауарлардан сақтауға қол жеткізеді. ҚР территориясына импорт тауарлары келесідей жағдайда кіргізілмейді:

егер өнім сертификатталатын өнімге жататын болса және ол өнім сертификатталмаған жағдайда;

өнім қорабында мемлекеттік және орыс тілінде ақпарат берілмесе (тауар түрі, өндірілетін ел және өндіруші, өндірілген уақыты және жарамдылық мерзімі, сақтау белгілері және қолдану үлгісі, құрамы).

ИСО стандарттарын енгізу мәселесі Астана қаласында өткен «TQM-2004» Халықаралық конференциясында талқыланды. Онда ҚР – ның «Стандарттау, метрология және сертификаттау» индустрия министрлігі Комитетінің төрағасы Әбілғазы Құсайнов сөз сөйледі: — ҚР – да әрекет ететін кәсіпорындарға ИСО стандарттарын енгізуге, салық кодексіндегі өзгерістер ықпал етеді. Мұнда сапа менеджментін, экология стандарттарын енгізген кәсіпорындар үшін корпоративтік табыс салығын төмендету қарастырылуда.

2010 жылға дейін Үкімет ИСО 9000 сериялы стандарттарын ҚР-да әрекет ететін барлық кәсіпорындарға енгізуге қол жеткізуге тиіс. Ол үшін мемлекеттік тендерлер, мемлекеттік сатып алулар жариялағанда осы стандарттар ескерілуі тиіс. Бұл процесс кәсіпкерлердің бұл стандартарды енгізуге қызығушылықтарын ынталандырады.

Осы стандарттардың енгізілмегендігінен сыртқы нарықта біздің тауарларымыз өте төмен бағамен сатылуда. Егерде отандық кәсіпорындар, әсіресе мұнай және газ секторындағы кәсіпорындар сапа менеджментін енгізсе біздің тауарларымыз жоғарғы сұранысқа ие болар еді.

Қазіргі таңда ҚР стандарттау және сертификаттау жүйесін жетілдірудің негізгі бағыты болып, сертификаттау мен аккредитациялаудың нормативтік базасын ИСО, Халықаралық электротехникалық комиссия, Европалық стандарттарға EN 45000 талаптарына сәйкес өзгерту. ҚР-да осы аккредитациялау жүйесін жетілдіру мақсатында халықаралық стандарттар мемлекеттік стандарттар ретінде қабылданды: ҚР СТ ИСО 17025-2001 «сынақтау және зертханалық зерттеулерге қойылатын жалпы талаптар», ҚР СТ ИСО/ХЭК 65-2001 «өнімді сертификаттау органдарына қойылатын жалпы талаптар».

Қазақстан Республикасында ресми құжаттарды ресімдеудің бірыңғай ережесін ендіру мақсатын көздеп дайындалған арнайы мемлекеттік стандарт бар. Ол тек мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен бірге жекеменшіктік және ұйымдық-құқықтық формалары қандай екендігіне қарамастан барша ұйымдарда, соның ішінде шетелдіктер қатысуымен жұмыс істейтін заңды тұлғаларда да қолдану үшін жасалған.

Бұл стандарт «Ұйымдық-құқықтық құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар. СТ ҚР 1042-2001» деп аталады. Ол Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитет пен ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық орталық тарапынан әзірленіп, қолданысқа ендірілген. Бұл стандарт Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне қарасты Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеттің 2001 жылғы 22 қазандағы № 376 бұйрығымен бекітіліп, іске қосылған.

Бұл стандарт құжаттардың деректемелер құрамын айқындайды, ресімделуін нақтылайды, бланкілерді жасауға, толтыруға, оларды есепке алуға, пайдалануға және сақтауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Сонымен қатар қолданыста «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар. СТ ҚР 1037-2001», «Қағаз негіздегі құжаттар. Мұрағаттық сақтауға қойылатын техникалық талаптар» атты стандарттар да бар.

Стандарттау – барлық ынталы тараптар пайдасын көздей отырып, солардың қатысуымен белгілі бір сала қызметін ретке келтіру мақсатында ережелер белгілеу және оларды қолдану. Стандарттау іс-әрекеттің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы жалпыға ортақ ең жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуді көздейді. Мәселен, іс қағаздарын жүргізу саласындағы терминдер мен анықтамаларды стандарттау мамандар мен аудармашылар жұмысын тіл, лексика және стиль жағынан бір ізге түсіріп, олардың кәсіби салада бірін-бірі түсінісу мүмкіндігін арттырады.

Қазақстан Республикасында бірқатар стандарттар жасалып, қолданысқа ендірілген. Олардың ішінде, жоғарыда атап өткеніміздей, іс қағаздарын жүргізуге байланыстылары мыналар:

1) СТ РК 1042-2001 «Ұйымдық-өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар»;

2) СТ РК 1037-2001 «Іс жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар»;

3) СТ РК 1237-2004 «Қағаз жеткізгіштегі құжаттар. Мұрағаттық сақтау ісіне қойылатын жалпы техникалық талаптар».

Құжаттаудың бір ізге түсірілген жүйесі – бірыңғай тәртіп, талап, стандарт негізінде жасалған, белгілі бір сала қызметін басқаруға қажетті ақпараттардан тұратын құжаттама жүйесі.

Қандай бір сала қызметінде болмасын, маманның кәсіби деңгейін анықтайтын факторлардың бірі құжаттау жүйесі туралы білімі болып табылады. Неғұрлым кеңінен қолданылатын құжаттар тобы ұйымдық-өкімдік құжаттар болып табылады. Оның жасалуына, ресімделуіне, өңделуіне қызметкердің қай-қайсысы болмасын белгілі дәрежеде қатысып отырады (мәселен, жеке құрам бойынша құжаттар, бұйрықтар, анықтамалар, хаттамалар т.б.). Сондықтан жоғарыда аталған СТРК 1042-2001 стандартында ұйымдық-өкімдік құжаттаманың бір ізге түсірілуіне ерекше назар аударылып, ұйымдық-басқару міндеттерін орындауда пайдаланылатын құжаттар құрамына, мазмұнына, құрылысы мен ресімделуіне қойылатын талаптар белгіленген.

Құжат формасы – белгілі бір ретпен орналастырылған деректемелер жиынтығы.

Құжат деректемесі – белгілі бір құжат түріне тән міндетті элемент.

Құжаттың тұрақты деректемесі – құжат бланкісін жасау кезінде қойылатын деректеме.

Құжаттың ауыспалы деректемесі – блакіні толтыру кезінде қойылатын деректеме.

Белгі-деректеме – құжатқа алынып отырған объектінің сапалық сипатын білдіретін көрсеткіш деректеме.

Негіз-деректеме – құжатқа алынып отырған объектінің сандық (мөлшерлік) сипатын білдіретін көрсеткіш деректеме.

Құжаттағы көрсеткіш – белгі-деректеме мен негіз-деректеменің жиынтығы.

Құжат бланкісі (бланкі) – тұрақты деректемелер салынған ақпарат негізі.

Құжат деректемелерінің орналасу схемасы – белгілі бір қалыптағы құжат формасының құрылымдық үлгісі. Мұнда деректемелерді жазуға өзіне тән арнайы орындар белгіленеді. Ұйымдық-өкімдік құжаттар деректемелерін орналастыру схемасы СТРК 1042-2001 Стандартында, Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарында құжаттау және құжаттаманы басқару жөніндегі тұрпатты ережелерде келтірілген.

Кәсіпорынның іс қағаздарын жүргізуге жауапты адамы немесе бөлімшесі құжаттама саласындағы мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді қадағалап отыруы тиіс. Қолданыстағы нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе, жаңа құқықтық актілер мен стандарттар қабылданса, іс қағаздарын жүргізуде сол құжаттарға сәйкес шараларды дер кезінде қолға алған жөн.

ҚР “Білім заңына” сəйкес елімізде білім стандарттары қабылданған.
“Стандарт” түсінігі латын сөзі негізінде қабылданып, “үлгі”, “өлшем” деген мағынаны аңдатады. Білім стандарты мəн-мағыналық тұрғыдан сауат, білімділіктің мемлекеттік өлшемі ретінде қабылданып, қоғамдық мұратқа орайластырылған, əрі нақты тұлға мен білім жүйесінің мүмкіндіктерін ескерген сол мұратқа жету негізгі белгі - талаптар (параметры) жиынтығын қамтиды.

Білім саласындағы стандарттаудың негізгі нысандары –стандарт құрылымы, оқу жүктемелерінің мазмұны, көлемі жəне оқушыны дайындау деңгейі. Стандарт бойынша белгіленген деңгей, дəрежелер мен талаптар білім сапасын бағалау мен білімдену процесінің негізгі қырларын сараптауда мызғымас шек (эталон) сипатында қабылданады.

Білімді стандарттаудың қажеттігі қоғамдық құбылыс ретінде танылған білім саласындағы түбегейлі өзгерістерге орай туындап отыр. Қазақстан Республикасының егеменді елдер қатарында демократияға, нарықтық қатынастарға, тұлғаның құқы мен еркіндігіне бетбұрысы білім аймағындағы саясатты қайта қарастырып, жаңаланған заман көзқарасымен түсінуді талап етіп отыр.Білім саласы енді ең алдымен жеке тұлғаның рухани қасиеттерін қамтамасыз етуге бет бұрды. Бұл өз кезегінде оқу процесін ұйымдастыру, оқу –оқыту формалары мен əдістерін таңдау жəне білім мазмұнын іріктеу істеріне көптеген өзгерістердің енуіне себепші болды.

Стандарттау сонымен бірге білім саласындағы көптеген жаңашыл қадамдарға байланысты қажет болып отыр. Атап көрсететін болсақ, олар:
мектеп оқу процесінің жаңа еркін ұйымдастыру формаларына өтуі;
көптеген мектептердің құқықтық дəрежесінің өзгеруі;
тың оқу жоспарларының енгізілуі;
мектептердің оқу пəндері мен олардың игерілу көлемін өз қалауымен таңдауы;
баламалы оқулықтардың қосылуы;
оқудың жаңа технологияларының жасалуы; көп деңгейлі жəне жіктемелі оқуға өту.

Байқағанымыздай, аталған демократиялық қадамдар өткендегіміздей тезге салынған бір сарынды (шаблон) оқу жүйесіне тосқауыл қойып, əрқандай жəйт, жағдайларды ескеріп, білім беру процесіне шығармашылдықпен қатынас жасау қажеттігін айғақтауда. Осыдан, əрқилы оқу мекемелерінде оқушылар игеретін білімнің біргелкі деңгейін қамтамасыз ететін білімдену кеңістігінің базалық тұтастығын сақтау- міндетті шараға айналды.

Ал Мемлекеттік стандарт елдегі жалпыға ортақ бірдей білім қорының болуын қамсыздандыратын жалғыз тетік.
Сонымен бірге, білім стандартының алғы шепке тартылуына себеп - Қазақстан Республикасының əлемдік мəдениет жүйесіне енуге болған талпынысы. Бұл білім сапасын қалыптастыруда халықаралық білімдену тəжірибесінің жетістіктерін ескеруді қажет етеді. Осы талаптың орындалуынан Қазақстан азаматтарының білімі жөніндегі құжаттары шет елдерде мойындалатын болады.

Мектеп тəжірибесіне енген Мемлекеттік стандарт оқу процесін мызғымас, қатаң ресми байламға матау емес, керісінше, ол педагогикалық шығармашылдыққа, міндетті мазмұндық өзек (стандарттың өзі) төңірегінде баламалы бағдарламалар, оқудың əрқилы технологияларын, оқу құралдарын жасауға кең жол ашады.

Мемлекеттік міндетті стандарттар бəсеке негізінде қабылданады,10 жылда бір рет қайта өңделіп, қажетті реттеулер мен түзетулер енгізіледі, мемлекеттік заңмен бекиді. Ол барша оқу орындарының қай салаға бағынуына, типіне, меншіктік формасына тəуелсіз орындалуы міндетті.
Жалпы білім беруші мекемелердің білім стандарты үш бөліктен құралады: мемлекеттік, ұлттық – аймақтық жəне мектептік.

Стандарттың мемлекеттік бөлігі (инвариант) елдегі білім кеңістігінің біртұтастығы мен тұлғаның əлемдік мəдениет жүйесіне енуін қамтамасыз етеді.

Ұлттық – аймақтық елдің жер-жерлеріндегі ерекшелік, талаптарына (ана тілі мен əдебиетіне, жағрафиясына, мəдениет пен өнеріне, еңбек, өндіріс дайындығына жəне т.б.) байланысты анықталады.

Мектептік білім мазмұны нақты оқу орнының анайылығы мен бағыт –бағдарына орай оқу пəндерінің енгізілуімен белгіленеді.

Стандарттың мемлекеттік бөлігі – бұлжымас, қайта қарастырылуы өте сирек, ұлттық аймақтық жəне мектептік бөліктер- баламалы, оның құрамды бірліктері жүйелі жаңаланып барады.

Қазақстан республикасының “Білім туралы Заңында” көрсетілгендей, жоғары өкілетті мемлекеттік органдар негізгі білім ақпараттарының ең төмен көлемдегі мазмұнын, оқу жүктемесінің ең жоғары деңгейін белгілеп, түлектер дайындығына қойылатын талаптарды алға тартады. Қабылданған оқу жүктемесі шегіндегі міндетті білім көлемінен тыс, қосымша білім мазмұнын ұсыну жергілікті оқу орындарының билігінде. Стандарт құрамы келесі бірліктерді қамтиды: жалпы білімдік оқу орындарының түбір (типтік) жоспары, мазмұн құраушы мызғымас (инвариант) жəне баламалы бөліктер, оқушыларың жалпы дайындық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптар.

Бұл стандарт магистратурадағы білім беру бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумына және оны бітірушілерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.

Стандарттың ережелері барлық магистратура бойынша мамандар даярлау ұйымдарында олардың ведомстволық бағыныштылығы мен ұйымдық кұқықтық нысандарына тәуелсіз қолдануы және сақталуы тиіс.
Стандартты, сонымен қатар мемлекеттік басқару, білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау және лицензия беру комиссиялары, оқу-әдістемелік бірлестіктер, тапсырыс берушілер мен жұмыс берушілер пайдалана алады және ол магистрлерді дайындаудың сапасын саралауда негізгі құжат болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ техникалық регламенттердің, стандарттардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдағаннан кейін мемлекеттік стандарттау жүйесін реформалау басталды. Бұл жұмыстың үш кезеңін атап өтуге болады.

1-кезең - алғашқы (2005 ж.) - мемлекеттік стандарттау жүйесінің Қазақстан егемендік алғаннан бастап аталған заң қабылданғанға дейінгі жағдайы.

2-кезең - өтпелі (2005-2012 жж.) - жүйе жұмыс ының құқықтың статусын мемлекеттіктен еріктілікке өзгерту үшін мемлекеттік стандарттау жүйесін ұлттық стандарттау жүйесі етіп қайта құру.

3-кезең - қорытынды, яғни стандарттаудың үлттық жүйесін қалыптастыруды аяқтау. Бұл жүйені мемлекеттік емес үйымдар басқаруға тиісті жене жүйе ерікті қолданылатын ұлттық стандарттарға негізделеді.

Алғашқы кезеңде Қазақстанның мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізін осы саладағы заңнамалар қоры, Заңдарды іске асырушы актілер және нормативтік құжаттар құрды. Өтпелі кезеңде адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін өнімге және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейтін техникалық регламенттер және олармен үйлестірілген стандарттар қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Техникалық регламенттердің қолданысқа енгізілуіне қарай олар қамтитын немесе оларға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылуға тиіс. Қорытынды кезең. 2013 жылға дейін ұлттың жүйе біржолата шет елдердегі практикаға ауысуға тиісті. Жүйені мемлекеттік емес мекеме басқарады. Қажетті техникалық регламенттер қоры қалыптасқандықтан, ұлттың стандарттарда тек қана ұсынылатын талаптар қарастырылады. Ұлттық жүйенің статусының өзгеруі бұл жұмысқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мүлдем қатыспайды дегенді білдірмейді. Үкіметтің реттеудегі жұмысы стандарттау саласының мақсаты мен принциптерін, Қазаңстанның стандарттау саласындағы үлттың органның жұмысын, үлттың стандарттарды әзірлеу және іске асыру ережелерін регламенттеу болып табылады. Стандарттардың екі категориясының болуы - «ұлттың стандарттық» және «ұйым стандарттарының» - әрекет өрісіне байланысты екі жүйенің болатынын айқындайды, яғни, бүкіл Қазақстан аумағында іс-әрекет жасайтын ұлттық жүйе және іс-әрекеті жекелеген ұйым шеңберінен аспайтын жергілікті жүйе. Стандарттаудың ұлттық жүйесіне мыналар кіреді:ұлттық стандарттар;стандарттау ережелері, стандарттау саласындағы нормалар мен ұсыныстар;техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктеуіші.

Стандарттаудың жергілікті жүйесі ұйым стандарттарына негізделген. Бұл стандарттар Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңында келтірілген мекеме қоғамдардың және қоғамдық бірлестіктердің стандарттарын алмастырады.

Стандарттау саласындағы органдар мен қызмет атқаратын мекемелер негізгі іс-әрекеттерді стандарттау саласындағы жұмыстарды немесе белгіленген функцияларды атқаратын мекемелер, бірлестіктер және олардың бөлімшелері. Стандарттау саласындағы органдардың негізгі функциясы стандарттау жұмыс тарын басқару. Қазақстанда стандарттау саласындағы ұлттық органның функциясын атқаратын стандарттау саласындағы іс-қимылдарды басқару органы«Техникалық реттеу және метрология комитеті» Комитет стандарттау саласында мына функцияларды атқарады:

Мемлекеттік стандарттарды және техникалық экономикалық ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, жоюдың және қолданысқа енгізудің тәртібін белгілейді.

Техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады.

Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді.

Мемлекеттік, халықаралық және өңірлік стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестік- ті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды.

Мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу төртібін белгілейді.

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады. Техникалық реттеу және метрологиялық комитеті өзінің функциясын тікелей және өзі құрған органдар арңылы атқарады. Стандарттау саласында қызмет атқаратын мекемелербелгіленген басқару деңгейінде стандарттау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы құрылған мекемелер мен бөлімшелер. Олардың қатарына ғылыми-зерттеу институттары және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер жатады.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін экономика салаларында құрылады. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрамына мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың өкілдері кіреді.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құзыретіне мыналар кіреді:

бекітіліп берілген объектілер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі үсыныстарды дайындау;

Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және оларға енгізілетін өзгерістерді өзірлеуге, оларға сараптама жасауға белгіленген тәртіппен қатысу;

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламаларына техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде нормалар мен нормативтік құжаттарға мыналар жатады:

1. Халықаралық стандарттар.

2. Өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері.

4. Ұйымдар стандарттары.

5. Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары.

6. Шет мемлекеттердің үлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелері, нормалары мен ұсынымдары. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар төмендегілерге сәйкес әзірленеді және бекітіледі (қабылданады). Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ҚРСТ.1.2 бойынша.

ТЭЭА мемлекеттік сыныптауыштары - ҚР СТ. 5.0, ҚР СТ. 5.1. ҚР СТ.5.2 бойынша мемлекетаралық стандарттар мен сыныптауыштар MEM СТ.1.2. Стандарттау және сертификаттау салаларындағы шетелдік нормативтік құжаттар - ҚР СТ. 1.9. Стандарттау саласындағы ережелер мен ұсыныстар ЕР 50.1.20 бойынша техникалық шарттар - ҚР СТ. 1.3 бойынша. Халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт. Өңірлік стандарт - стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт. Мемлекеттік стандарт - уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың халық көпшілігіне қолжетімді стандарт. Ұйым стандарты - ұйым бекіткен стандарт. Үйлестірілген стандарт - техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт. Ұлттық стандарт - шет мемлекеттің стандарттау жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.

Стандарт түрлері

Стандарттау объектісінің ерекшелігіне және оған белгіленген талаптардың мазмұнына байланысты стандарттардың мына түрлері әзірленді:

негізге алынатын стандарттар;

өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарттар;

процеске стандарттар;

бақылау әдістеріне (сынау, өлшеу, рөсімдеу) стандарттар.

Негізге алынатын стандарттар - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарттар. Олар басқа стандарттарды шығаруға негіз болатын стандарттар немесе әдістемелік құжаттар түрінде қолданылады. Өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарт біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызметке) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар белгілейді. Өнімге, көрсетілетін қызметке әзірленетін стандарттар әр түрлі болады: жалпы техникалық шарттар түрінде, техникалық шарттар түрінде. Бірінші жағдайда стандарттар біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызмет) топтарына қойылатын жалпы талаптарды, ал екінші жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда мынандай бөлімдерден тұрады: жіктеу, негізгі параметрлер мен мөлшерлер, жалпы техникалық талаптар, қабылдап алу, таңбалау, буып, тасымалдау және сақтау ережелері. Біркелкі өнімдер топтарына шағын сұраныстағы стандарттар әзірленуі мүмкін: техникалық талаптар стандарттары: қабылдап алу ережелерінің стандарттары, таңбалау, буып, тасымалдау және сақтау ережелерінің стандарттары. Процестерге стандарттар әзірлеу, дайындау, сақтау, жүк тасу, пайдалану, өнімді кәдеге жарату мен жөндеудің технологиялық үдерістерінде әр түрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (орындау жолдары, тәсілдер, режимдер, нормалар) негізгі талаптарды белгілейді. Жаңа өнімді игеруді жеделдету жұмыс тарында авто- матты жобалау жүйелеріне байланысты әзірленген стан- дарттардың атңаратын рөлі үлкен. Мысалы, осындай стандарттарды қолдану негізінде Жапонияда жеңіл ма- шиналар шығаратын фирмалар жаңа модельдерді жоба- лауға жүмсалатын уақытты 2-8 есе қысқартқан. Саудада тамақ өнімдерін сақтау және сату алдындағы дайындау әдістеріне қатысты стандарттар маңызды рөл атңарады. Қазіргі кезде өнім (қызмет) сапасын қамтамасыз ету жүйелерінің шеңберінде қолданылатын басқару процестеріне қатысты стандарттар - құжаттарды сатып алуды, мамандарды дайындауды, т.б. басқару стандарттарының маңызы артып отыр. Бақылау әдісіне стандарттар өнімді жасап шығару, сертификаттау және пайдалану кезінде оған сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін белгілейді. Әрбір әдіске олардың ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді:

сынау құралдары және басқа да керек- жарақтар;

сынауды өткізуге дайындалу тәртібі;

сынауды өткізу тәртібі;

сынау кезінде алынған деректерді өңдеу ережелері;

сынау нәтижелерін дайындау ережелері;

сынау қателігінің мүмкін деңгейі.

Стандарттау жөніндегі ұлттық орган стандарттарды шығару бағдар -ламасын әзірлейді және бекітеді. Стандартты әзірлеуші ұлттық стандарттың жасалып жатқаны туралы хабарлама береді. Хабарламаға жобаның сәйкес халықаралық стандарттың өзгешелігін көрсететін ақпарат болуы керек. Стандартты өзірлеуші мүдделі тұлғалардың жобасымен танысуын қамтамасыз етеді.

Стандартты дайындаушы мүдделі тұлғалардың пікірлерін ескере отырып стандарт жобасын жетілдіреді, жобаны көпшіліктің талқысына салады. Талқылау мерзімі екі айдан кем болмауы керек.

Ұлттық стандарттың жобасы мүдделі тұлғалардан жазбаша түрде алынған пікірлермен қоса стандарттау жөніндегі техникалық комитетке жіберіледі, комитет жобаны сараптамадан өткізеді. Техникалық комитет сараптау нәтижесі бойынша жобаны бекіту немесе қабыл алмау жөнінде дәлелді ұсыныс жасайды. Техникалық; комитет ұсынысты ұлттық стандарттау органына жібереді, орган комитет жіберген құжаттар негізінде шешім қабылдайды.

Ұлттық стандарттың бекітілуі туралы хабар органның баспасөз беттерінде және электронды сандық жалпы қолданыстағы ақпарат жүйесінде жарияланады. Жариялану мерзімі стандарт бекітілгеннен кейін бір айдан аспауы керек.

Ұлттық стандарттау органы техникалық регламенттер мен еркінді негізде үйлестіруге болатын ұлттық стандарттардың тізімін бекітіп, баспасөз бетінде және ақпараттық жүйеде жариялайды.

Ұйым стандартын, соның ішінде коммерциялық, қоғамдық, ғылыми мекемелердің, заңды тұлғалар бірлестіктерінің стандарттарын қажет болғанда олар өз бетімен әзірлеп, бекіте алады. Қажеттілік мына жағдайларға байланысты болуы мүмкін:

өндірісті жетілдіруге және өнім сапасын жақсартуға;

қызмет көрсетуге;

зерттеулердің (сынақтардың), өлшеулердің және басқа да жаңалықтардың нәтижелерін таратуға және пайдалануға.

Ұйым стандартын дайындаушы жобаны сараптамадан өткізу мақсатында, техникалық комитетке жіберуі мүмкін. Сараптама нәтижесі бойынша техникалық комитет қорытынды шығарып, оны стандарт жобасын дайындаушыға жібереді

 

Қорытынды

 

Мемлекеттік органдардың, стандарттау бойынша техникалық комитеттің, ҚР жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негізінде ҚР экономика саласының басты бағыттарын есепке алумен стандарттау бойынша жұмыстың жоспарлары мен бағдарламалары өкілетті орган бекіткен тәртіпте бекітіледі. Мемлекеттік стандарттау бойынша жоспарлар мен жұмыс бағдарламаларын құрастыру негізінде ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің нормативті құқықтық акттерімен бекітілген талаптар, ҚР әлеуметтік және экономикалық дамуының жоспарлары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары, жылдық және ұзақ мерзімді мемлекеттік және салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар жоспарлары ескеріледі. Мемлекеттік стандарттау бойынша бекітілген жұмыс жоспарлары мен бағдарламалары ресми баспалар мен қоғамдық тұтынудың ақпараттық жүйелерінде басылып шығарылады. Мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын құрастыру тәртібі өкілетті органмен нақтыланады.

Жылдық және болашақ жоспарлар ҚР территориясында ұлттық және мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыстарды мемлекеттік реттеу, мемлекеттік өндіруші мен тұтынушы құқықтарын қорғау салаларында саясатты жүзеге асыру, жұмыс тақырыбы мен орындалу мерзімін анықтау, ҚР стандарттарының мемлекеттік қоры (ҚР СМҚ) құрамын жетілдіру мақсатымен құрастырылады.

Стандарттау бойынша жұмыс жоспары 1жылға немесе 3-5жылдарға дейін болашаққа құрастырылады және осы кезеңде тұрақты әрекет ететін, мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттау бойынша қажетті қаржыландырумен қамтамасыз етілген жұмыстарды орындау бойынша тізімі бар құжат болып табылады.

Мемлекеттік стандарттау жоспары ТК, МТК, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары негізінде, стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша жоспарланатын кезең үшін басты бағыттар негізінде стандарттау бойынша Мемстандартпен өкілеттелген кәсіпорынмен (өкілетті орган) құрастырылады.

Мемлекеттік стандарттарды құрастыру, өзгерістер енгізу, қайта қарау және тоқтату туралы ұсыныстар мүдделі жеке және заңды тұлғалармен ұсынылады.

Мемлекетаралық стандарттарды құрастыру бойынша жоспарға ұсыныстарды секретариаттары ҚР-да жүргізілетін ТМД, МТК елдерінің стандарттау бойынша мүдделі ұлттық ұйымдары немесе солардың келісімдеуімен басқа ұйымдар ұсынады.

Мемлекетаралық стандарттарды құрастыру мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыс бағдарламасының бөлігі болып табылады. Мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыс жоспарының мемлекетаралық бөлігі мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыс бағдарламасының құрамында қабылданады.

Өкілетті орган келіп түскен ұсыныстарды талдайды, жоспар жобасының алғашқы редакциясын құрап, мүдделі министрліктерге, комитеттерге, басқа да жеке және заңды тұлғаларға пікір мен келісімдеуге болжанатын жылдың алдындағы жылының 1-қыркүйегіне дейін таратады.

Жоспар жобасын қарастыру және оған пікір дайындау мерзімі оны алған уақыттан бастап 1 айдан аспау керек. Стандарт жобасына пікірлер ұйым жетекшісінің атынан жазбаша қорытынды түрінде толтырылады.

Пікірлерді алған соң өкілетті орган жоспар жобасының соңғы редакциясын жасап, Мемстандартқа оны бекіту немесе қайта өңдеуге қайтару туралы келісім қабылдау үшін болжанатын жылдың алдындағы жылының 15-қыркүйегіне дейін жібереді.

Соңғы редакциямен бірге келіп түскен тапсырыстар мен жоспарланатын жұмыстардың, нақтыланатын бағыттардың, нормативті құжаттардың категориялары мен түрлерінің, жұмыс түрлерінің, құрастырушының жұмысты орындау мерзімдерінің, қаржыландыру көздерінің талдануы бар түсіндірме жазба беріледі.

Түсіндірме жазбада құрастыруға келіп түскен тапсырыстардың жалпы мөлшері, себептері көрсетіліп қабылданбаған тапсырыстардың мөлшері беріледі.

Жоспар жобасын қарастырған соң Мемстандарт, қажет жағдайда, жоспар жобасының соңғы редакциясын мемлекеттік басқарудың мүдделі органдарымен немесе басқа жеке және заңды тұлғалармен (егер олар жоспар жобасына ұсыныстар ұсынған болса) қосымша келісімдеу жүргізу туралы шешім қабылдайды.

Өкілетті органмен, мүдделі жақтардың ұсыныстарын есепке алумен, жасалып болған жоспар мемстандартқа қарастыру мен бекітілуге ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде ұсынылу керек.

Бекітілген жоспар министрліктерге, комитеттерге, мемстандарт құрастырған тізім бойынша басқа да мемлекеттік басқару органдарына, сонымен қатар жоспар тапсырмасын құрастырушы-ұйымдарға жіберіледі.

Бекітілген жоспар шаруашылық және әскери тағайындалған өнім үшін бірыңғай талаптары бар стандарттар тізімін анықтау үшін ҚР-ның Қорғаныс Министрлігіне жіберіледі. Жоспарды Мемстандарттың бірге жіберілетін хаты бар өкілетті орган таратады.

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 410 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Раздел 4. Экономическая экспертиза обследуемого объекта| ЗАГАЛЬНІ ПОНЯТТЯ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.037 сек.)