Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

V.VI. Травматология

Читайте также:
  1. Каз. Травматология, каз
  2. Каз. Травматология, каз.
  3. РАЗДЕЛ 7. ТРАВМАТОЛОГИЯ

5.31. «Гипс таңғыштарын салу техникасы» стандарты

Мақсаты: зақымдалу кезінде емдік иммобилизациялау (сынықтар, буыны таю)

Көрсетім: қолдардың механикалық жарақаттары.

1. Жұмыс істегенде – бетперде, қолғап, қалпақ, алжапқыш сияқты арнайы қорғаныс киімдерінде болу қажет.

2. Гипс бинт металмен немесе мәрмәрмен қапталған жеке үстелде даярланады.

3. Гипсті таңғышты әзірлеместен бұрын гипстің сапасын тексеру қажет.

4. Тез қатуы үшін гипсті бинтті жылы суға салып қояды.

5. Гипсті бинтті судан қашан ауа көпіршіктерінің бөлінуі тоқтаған кезде барып шығарып алу қажет.

6. Емделушіні бинттелетін денесінің бөлігіне қол жететіндей ыңғайлы етіп отырғызу қажет.

7. Аяқтарын функционалды жағдайға келтіру. (абайлаңыз!)

8. Гипсті лонгеттің ұзындығын сау қолы бойынша өлшейді.

9. Таңғыш салынған жердің терісін балалар кремімен немесе вазелинмен майлап қоюға болады.

10. Сүйектің шығыңқы жерлеріне мақта төсемдері салынады немесе барлық жер мақталы – мәрлі төсемелермен ажыратылады.

11. Таңғышты өте сақтықпен қалыптайды.

12. Қан айналысын бақылау үшін саусақтарды ашық қалдырады.

13. Қосымша, таңғыштың түріне байланысты оны бинтті байламмен бекітіп отырады.

14. Гипс толық қатайғанша қолдар қозғалмау керек.

15. Таңғыш салынғаннан кейін емделушіні 2 сағат бойы, ауруханалық емделуде 2 тәулік бойы бақылайды.

Ескерту: гипстің сапасын анықтау:

1. Гипс пен бөлме температурасындағы суды бірдей шамада алып араластырады. Қоймалжың қоспа 6-7 минуттан кейін салқындап, қатаяды; гипстен пайда болған пластинка сыну қажет, бірақ үгілмеуі керек.

2. Гипсті жұдырықтың ішіне алып қатты қысады: егер оның сапасы жақсы болса, онда жұдырықты ашқанда шашылып түседі; сапасы нашар гипс болса ол алақанда кесек күйінде саусақтардың таңбасы түсіп қалады.

3. Сумен араластырылған гипсте шіріген жұмыртқаның иісіндей иіс болмау керек. Егер гипстің сапасы жеткіліксіз болса, оны төмендегіше жақсартуға болады:

1. Гипс дұрыс кеппеген, дымқыл күйінде болса, оны 120 градус температурада қыздыруғаболады.

2. Егер кесек және ұсақ түйіршіктер болса гипсті елекпен немесе мәрлімен елеу керек.

Содан кейін сапасына сынама жүргізіледі. Гипс өзінің қасиетін жоғалтпас үшін, оны құрғақ жерде тығыз жабылған металл қорапта немесе жәшікте сақтайды.

5.32. «Гипсті бинтті дайындау техникасы» стандарты

Мақсаты: гипсті таңғыш немесе лангет салу.

Қажетті құрал-жабдықтар: ені 10-20 см болатындай, ұзындығы 3-3,5 м ден аспайтын дайын бинттер; сапалы гипс; метал жәшік.

Көрсетім: лангетті таңғышты бекіту үшін.

Ортопедияда орнына келтіру үшін.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Гипсті (металмен қапталған), немесе клеенкамен қапталған гипс үстелінің шет жағына жағалай шашыңыз.

2. Бинттің бас жағы сіздің оң жағыңызда болатындай етіп, бинтті 50-60 см ұзындыққа тарқатыңыз.

3. Гипстің сапасын тексергеннен кейін гипсті жайылған бинттің үстіне төгіңіз де, қолыңызбен тарқатылған бинтті ұзына бойы ысқылаңыз.

4. Гипстелген бинттің кесіндісін гипсі түсіп қалмауын бақылай отырып, бостау етіп орайды.

5. Бинтті солға қарай жылжытыңыз да, оның бас жағын тағы да оңға қарай тарқатып, әрі қарай барлығын сол тәртіппен қайталаңыз.

Ескерту: Дайындалған бинттерді сол бойда пайдаланады немесе металл жәшіктерде құрғақ қараңғы бөлмеде сақтайды. Лонгет бинт орамдарын дайындау үшін оны қажетінше әр түрлі ұзындықта әзірлейді, содан кейін оларды екі басты бинтке ұқсатып екі жағынан бірдей бостау етіп домалатады. Лонгеттерді бинт қабаттарының әр түрлі мөлшерімен 8 ден 15 дейін, кей кезде одан да көп, 50, 75, 100 см ұзындықтарымен, гипсті таңғыштың мықтылығына байланысты қолданады.

 

5.33. «Білек сүйектерінің сынуы кезінде гипсті лонгет салу техникасы» стандарты

Мақсаты: қолдардың зақымдалуы кезінде емдік иммобилизациялау.

Көрсетім: сынықтар, буыны таю, сіңір созылу.

Қажетті құрал-жабдықтар: бинттер,қайшылар, гипс, вазелин немесе балалар кремі, қолғаптар, жылы су құйылған ыдыс.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз.

2. Жүргізілетініс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

3. Залалсыздандырылған қолғаптарды киіңіз.

4. Ауыруды сездірмейтін 2мл 50% анальгин уколын жасаңыз.

5. Жарақаттанған жерді қараңыз.

6. Сынықтың немесе буыны таюдың барына көз жеткізіңіз.

7. Қолдарын орта физиологиялық жағдайда ұстаңыз.

8. Қолын шынтақ буынынан тік бұрыш етіп иіңіз де, қолдарын кеудеге қарай жақындатыңыз.

9. Лонгеттің ұзындығын бинт кесіндісімен саусақ ұштарынан сау қолы иығының ортасына дейін өлшеңіз.

10. Бинтті осы ұзындықта гипс жасайтын үстелдің үстіне жайыңыз да, гипсті салып, жағыңыз.

11. Бинтті осы ұзындықта басқа ұшын конус тәріздес кейін қарай соза отырып аударыңыз да, гипсті салып, жағыңыз.

12. Осы бағытпен осы ұзындық бойынша, ені қолдардың 1/3 көлеміне сәйкес келуі үшін, әркез гипсті жаға отырып, 8-9 қабатқа дейін бүктеңіз.

13. Зақымдалған қолдың терісін креммен өңдеңіз, сүйектің шығыңқы жерін мақтамен жауып немесе мақталы– мәрліден жасалған жекелегіш циркулярлы төсеу салыңыз.

14. Дайындалған лонгетті «кітапша» етіп бүктеп, жылы су құйылған легенге салыңыз. Ауа шыққанша бірнеше минут күтіп, содан кейін суын сарқа сығамыз.

15. Лонгетті гипс үстелінің үстінде тегістеңіз.

16. Лонгетті зақымдалған қолдың үстіне қойып және сыртынан түсіп қалмас үшін жылжымалы таңғышпен бинттеп тастаңыз.

17. Гипс қатқаннан кейін тексеріп, жылжымалы таңғышты алып тастаңыз.

18. Лонгеттің қысуынан қан айналысының бұзылмауы үшін гипсті лонгеттің шет жақтарын аздап босатыңыз (ісікті кезеңде).

19. Гипсті лонгетті шеткі аймақтан ортасына қарай циркулярлы таңғышпен дәкелеңіз.

20. Лонгетті бинтпен мойынға іліп қойыңыз.

Ескерту: -салмастан бұрын гипс сапасын тексеріңіз:

- қан айналысының бұзылуы болып қалатындай жағдайларды бақылау үшін саусақтардың ұшын бинтпен жаппаңыз (ауыру, көгілдірлілік, ісік)

- егер қан айналысының бұзылу белгілері бар болған жағдайда тез арада дәрігерге хабарласу қажет екендігін айтып түсіндіріңіз және ескертіңіз;

- тұрғылықты жері бойынша үнемі хирургтің бақылауында болуы қажет.

 

5.34. «Иық сүйектерінің сынуы кезінде гипсті лонгет салу техникасы» стандарты

 

Мақсаты: қолдардың зақымдалуы кезінде емдік иммобилизациялау.

Көрсетім: сынықтар, буыны таю, сіңір созылу.

Қажетті құрал-жабдықтар: бинттер,қайшылар, гипс, вазелин немесе балалар кремі, қолғаптар, жылы су құйылған ыдыс.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз.

2. Жүргізілетініс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

3. Залалсыздандырылған қолғаптарды киіңіз.

4. Ауыруды сездірмейтін 2мл 50% анальгин уколын жасаңыз.

5. Жарақаттанған жерді қараңыз.

6. Сынықтың немесе буыны таюдың барына көз жеткізіңіз.

7. Қолдарын орта физиологиялық жағдайда ұстаңыз.

8. Қолын шынтақ буынынан тік бұрыш етіп иіңіз де, қолдарын кеудеге қарай жақындатыңыз.

9. Лонгеттің ұзындығын бинт кесіндісімен саусақ ұштарынан сау жауырынға дейін өлшеңіз.

10. Бинтті осы ұзындықта гипс жасайтын үстелдің үстіне жайыңыз да, гипсті салып, жағыңыз.

11. Бинтті осы ұзындықта басқа ұшын конус тәріздес кейін қарай соза отырып аударыңыз да, гипсті салып, жағыңыз.

12. Осы бағытпен осы ұзындық бойынша, ені қолдардың 1/3 көлеміне сәйкес келуі үшін, әркез гипсті жаға отырып, 8-9 қабатқа дейін бүктеңіз.

13. Зақымдалған қолдың терісін креммен өңдеңіз, сүйектің шығыңқы жерін мақтамен жауып немесе мақталы– мәрліден жасалған жекелегіш циркулярлы төсеу салыңыз.

14. Дайындалған лонгетті «кітапша» етіп бүктеп, жылы су құйылған легенге салыңыз. Ауа шыққанша бірнеше минут күтіп, содан кейін суын сарқа сығамыз.

15. Лонгетті гипс үстелінің үстінде тегістеңіз.

16. Лонгетті зақымдалған қолдың үстіне қойып және сыртынан түсіп қалмас үшін жылжымалы таңғышпен бинттеп тастаңыз.

17. Гипс қатқаннан кейін тексеріп, жылжымалы таңғышты алып тастаңыз.

18. Лонгеттің қысуынан қан айналысының бұзылмауы үшін гипсті лонгеттің шет жақтарын аздап босатыңыз (ісікті кезеңде).

19. Гипсті лонгетті шеткі аймақтан ортасына қарай циркулярлы таңғышпен бинттеңіз.

20. Иық буынын масақ тәріздес таңғышпен дәкелеңіз.

21. Лонгетті бинтпен мойынға іліп қойыңыз.

Ескерту:- салмастан бұрын гипс сапасын тексеріңіз:

- қан айналысының бұзылуы болып қалатындай жағдайларды бақылау үшін саусақтардың ұшын бинтпен жаппаңыз (ауыру, көгілдірлілік, ісік)

- егер қан айналысының бұзылу белгілері бар болған жағдайда тез арада дәрігерге хабарласу қажет екендігін айтып түсіндіріңіз және ескертіңіз;

- тұрғылықты жері бойынша үнемі хирургтің бақылауында болуы қажет.

 

5.35. «Сирақ сүйектерінің сынуы кезінде гипсті лонгет салу техникасы» стандарты

Мақсаты: аяқтардың зақымдалуы кезінде емдік иммобилизациялау.

Көрсетім: сынықтар, буыны таю, сіңір созылу.

Қажетті құрал-жабдықтар: бинттер,қайшылар, гипс, вазелин немесе балалар кремі, қолғаптар, жылы су құйылған ыдыс.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз.

2. Жүргізілетініс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

3. Залалсыздандырылған қолғаптарды киіңіз.

4. Ауыруды сездірмейтін 2мл 50% анальгин уколын жасаңыз.

5. Жарақаттанған жерді қараңыз.

6. Сынықтың немесе буыны таюдың барына көз жеткізіңіз.

7. Аяқты физиологиялық жағдайға келтіріп, аяқ тікелей созылып және кішкене тізе буынымен бүгілу керек.

8. Лонгеттің ұзындығын бинт кесіндісімен саусақ ұштарынан сау аяғының бойымен жамбастың ортасына дейін өлшеңіз.

9. Бинтті осы ұзындықта гипс жасайтын үстелдің үстіне жайыңыз да, гипсті салып, жағыңыз.

10. Бинтті осы ұзындықта басқа ұшын конус тәріздес кейін қарай соза отырып аударыңыз да, гипсті салып, жағыңыз.

11. Осы бағытпен осы ұзындық бойынша, ені қолдардың 1/3 көлеміне сәйкес келуі үшін, әркез гипсті жаға отырып, 10-12 қабатқа дейін бүктеңіз.

12. Зақымдалған аяқтың терісін креммен өңдеңіз, сүйектің шығыңқы жерін мақтамен жауып немесе мақталы – мәрліден жасалған жекелегіш циркулярлы төсеу салыңыз.

13. Дайындалған лонгетті «кітапша» етіп бүктеп, жылы су құйылған легенге салыңыз. Ауа шыққанша бірнеше минут күтіп, содан кейін суын сарқа сығамыз.

14. Лонгетті гипс үстелінің үстінде тегістеңіз.

15. Лонгетті зақымдалған аяқтың үстіне қойып және сыртынан түсіп қалмас үшін жылжымалы таңғышпен бинттеп тастаңыз.

16. Гипс қатқаннан кейін тексеріп, жылжымалы таңғышты алып тастаңыз.

17. Лонгеттің қысуынан қан айналысының бұзылмауы үшін гипсті лонгеттің шет жақтарын аздап босатыңыз (ісікті кезеңде).

18. Гипсті лонгетті шеткі аймақтан ортасына қарай циркулярлы таңғышпен дәкелеңіз.

Ескерту:: -салмастан бұрын гипс сапасын тексеріңіз:

- қан айналысының бұзылуы болып қалатындай жағдайларды бақылау үшін саусақтардың ұшын бинтпен жаппаңыз (ауыру, көгілдірлілік, ісік)

- егер қан айналысының бұзылу белгілері бар болған жағдайда тез арада дәрігерге хабарласу қажет екендігін айтып түсіндіріңіз және ескертіңіз;

- тұрғылықты жері бойынша үнемі хирургтің бақылауында болуы қажет.

 

5.36. Сан сүйектерінің сынуы кезінде гипсті лонгет салу техникасы» стандарты

Мақсаты: аяқтардың зақымдалуы кезінде емдік иммобилизациялау.

Көрсетім: сынықтар, буыны таю, сіңір созылу.

Қажетті құрал-жабдықтар: бинттер,қайшылар, гипс, вазелин немесе балалар кремі, қолғаптар, жылы су құйылған ыдыс.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз.

2. Жүргізілетініс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

3. Залалсыздандырылған қолғаптарды киіңіз.

4. Ауыруды сездірмейтін 2мл 50% анальгин уколын жасаңыз.

5. Жарақаттанған жерді қараңыз.

6. Сынықтың немесе буыны таюдың барына көз жеткізіңіз.

7. Аяқты физиологиялық жағдайға келтіріп, аяқ тікелей созылып және кішкене тізе буынымен бүгілу керек.

8. Лонгеттің ұзындығын бинт кесіндісімен саусақ ұштарынан белге дейін өлшеңіз.

9. Бинтті осы ұзындықта гипс жасайтын үстелдің үстіне жайыңыз да, гипсті салып, жағыңыз.

10. Бинтті осы ұзындықта басқа ұшын конус тәріздес кейін қарай соза отырып аударыңыз да, гипсті салып, жағыңыз.

11. Осы бағытпен осы ұзындық бойынша, ені қолдардың 1/3 көлеміне сәйкес келуі үшін, әркез гипсті жаға отырып, 10-12 қабатқа дейін бүктеңіз.

12. Зақымдалған аяқтың терісін креммен өңдеңіз, сүйектің шығыңқы жерін мақтамен жауып немесе мақталы– мәрліден жасалған жекелегіш циркулярлы төсеу салыңыз.

13. Дайындалған лонгетті «кітапша» етіп бүктеп, жылы су құйылған легенге салыңыз. Ауа шыққанша бірнеше минут күтіп, содан кейін суын сарқа сығамыз.

14. Лонгетті гипс үстелінің үстінде тегістеңіз.

15. Лонгетті зақымдалған аяқтың үстіне қойып және сыртынан түсіп қалмас үшін жылжымалы таңғышпен бинттеп тастаңыз.

16. Гипс қатқаннан кейін тексеріп, жылжымалы таңғышты алып тастаңыз.

17. Лонгеттің қысуынан қан айналысының бұзылмауы үшін гипсті лонгеттің шет жақтарын аздап босатыңыз (ісікті кезеңде).

18. Гипсті лонгетті шеткі аймақтан ортасына қарай циркулярлы таңғышпен дәкелеңіз.

19. Жамбас буынын масақ тәріздес таңғышпен дәкелеңіз.

Ескерту: - гипс жамбасқа қаңқа тартуларын алғаннан кейін барып салынады;

- салмастан бұрын гипс сапасын тексеріңіз:

- қан айналысының бұзылуы болып қалатындай жағдайларды бақылау үшін саусақтардың ұшын бинтпен жаппаңыз (ауыру, көгілдірлілік, ісік)

- егер қан айналысының бұзылу белгілері бар болған жағдайда тез арада дәрігерге хабарласу қажет екендігін айтып түсіндіріңіз және ескертіңіз;

- тұрғылықты жері бойынша үнемі хирургтің бақылауында болуы қажет.

 

 

5.37. «Гипсті таңғышты алу техникасы» стандарты

Мақсаты: гипсті таңғышты алу.

Көрсетім: иммобилизациялау мерзімі аяқталған кезде.

Қажетті құрал-жабдықтар: Штилле гипс қайшылары; Вольфа қысқашы; Кнорр кеңейткіштері; гипсті таңғыштарды кесуге арналған қайшылар; тігін қайшысы; гипс пышақтары; гипс аралары.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емделушіні отырғызып, тыныштандырыңыз.

2. Емделушіге жүргізілетініс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

3. Гипсті таңғыштағы аяқ – қолдарды, арнайы тіреуішке – аяқтарын, ал үстелге қолдарын жатқызыңыз.

4. Гипсті таңғышты арнайы гипс қайшыларымен, арамен алады. Штилле қайшысын қолданған кезде:

- қайшының кесетін жағын гипспен шпательдің арасынан енгізу қажет;

- бір қолыңызбен жоғарғы тұтқаны көтеріңіз, соның арқасында онымен жалғасқан кескіш төмен түседі;

- төменгі тұтқаның көмегімен кескішті қолыңызбен алға қарай итеріңіз;

- екі қолыңызды жақындатып, таңғышты кесуді бастайсыз.

Ескерту: Гипсті таңғышты кескен кезде аяқ – қолды жарақаттап алмас үшін өте сақ болу қажет.

1. Таңғышты ұзына бойы кескеннен кейін кескіш шетін мүмкіндігінше кейін қайыру керек.

2. Аяқ – қолдарды шеткі жағынан демей отырып, ақырындап таңғышты алыңыз.

3. Гипсті таңғышты алғаннан кейін теріні жылы сабынды су араластырылған, жұмсақ шүберекпен жуыңыз.

4. Теріні жеке сүлгімен сорғызып, кептіріңіз.

5. Аяқ – қол терісін вазелин майымен өңдеңіз.

Ескерту: Тізе буыны мен шынтақ буыны тұстарында қиын алынатын гипсті таңғыштарды арнайы гипертоникалық ерітіндімен жұмсартыңыз.

 

5.38. «Транспортты шинасалу ережесі» стандарты

Мақсаты: ЕПМ - не тасу уақытында зақымдалған аяқтарды иммобилизациялау.

Көрсетім: аяқтардың зақымдалуы.

1. Шина міндетті түрде екі шектес буынды қамтуы керек, ал кейде және үшеуін.

2. Аяқ – қолдарды иммобилизациялау кезінде мүмкіндігінше оларды физиологиялық жағдайға келтіру керек.

3. Транспортты шина салу кезінде киім мен аяқ киімді шешпейді.

4. Ашық сынықтарда жараға залалсыздандырылған таңғыш салу керек.

5. Қатты шинаны ашық денеге салуға болмайды, міндетті түрде жұмсақ төсемені салу қажет (мәрлі, орамал және т.б.).

6. Науқасты зембілден ауыстырып жатқызу кезінде, зақымдалған аяқ – қолдарын көмекші ұстауы керек.

7. Шина сау аяқ – қолдарда қалыптасады.

Ескерту: Өздеріңізге шығып кеткен аяқ – қолдарды қалпына келтірем деп әрекет қылуға, ашық сынықтар кезінде сынықты салуға болмайды. Дұрыс орындалмаған иммобилизация жүйке – тамырлар шоғырының зақымдалуына және жарақаттың ауырлауына әкеліп соқтыруы мүмкін. Қан тоқтататын бұрау материалмен жабылмауы керек. Шина салынған аяқ – қолдарды салқын уақытта жылы жабу керек. Коматоздық жағдай есеңгіреуге қарсы іс-шараларына кедергі жасай алмайды.

5.39. «Иықтың сынуы кезінде Крамер шинасын салу техникасы» стандарты

Мақсаты: иықтың сынуы кезінде транспортты иммобилизациялау.

Көрсетім: сынық, иықтың шығуы.

Қажетті құрал-жабдықтар: Крамер сатылышинасы, бинт, мақта, ауыруды сездірмейтін дәрі, шприц, қайшылар, 2мл 50%анальгин, 2мл 1%димедрол, залалсыздандырылған қолғаптар.

Ескерту: Есте сақта! Шина салу 3 кезеңде жүргізіледі.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз.

2. Жүргізілетініс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

3. Қолдарыңызды спиртпен өңдеңіз және залалсыздандырылған қолғаптарды киіңіз.

4. Ауыруды сездірмейтін 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол уколын жасаңыз.

5. Жарақаттанған жерді қараңыз.

6. Сынықтың немесе буыны таюдың барына көз жеткізіңіз.

7. Қолдарын орта физиологиялық жағдайға келтіріңіз.

8. Қолын шынтақ буынынан тік бұрыш астында иіңіз де, қолдарын кеудеге қарай жақындатыңыз.

9. Ұзындығы - 120см, ені – 11см Крамер сатылы шинасын таңдап алу керек.

10. Шинаны сау қолдардың үстінеқойып, саусақтардың түбінен шынтақ буынына дейінгі аралықты өлшеңіз.

11. Шинаны алып, салынатын буыннан шинаны тік бұрыш астында иіңіз.

12. Шинаны сау қолдардың үстіне қойып, шынтақ буынынан иық буынына дейінгі аралықты өлшеңіз.

13. Шинаны алып, салынатын буыннан шинаны доғал бұрыш астында иіңіз.

14. Шинаның бір шетіарқадан сау жауырынға дейін өтетіндей етіп шинаны салыңыз.

15. Шинаны сау қолдарда қалыптастырыңыз.

16. Шинаны зақымдалған қолдарға салыңыз.

17. Бұл ретте дәкелеу ережелерін басшылыққа ала отырып, шинаны бинт арқылы сау жауырынға дейін бекітіңіз.

18. Қолдарды жақсы бекіту үшін үшкіл орамалды таңғышын салыңыз.

Ескерту: - шина сау аяқ – қолдарда киімнің үстінен қалыптасады, шектес буындар қамтылады;

- иық және жамбас сүйектеріне 3 шектес буын қамтылады, ал білек пен сираққа 2 шектес буын қамтылады.

- шинаның ішкі беті мақтамен жабылып, бинтпен бекітіледі.

5.40. «Білекке Крамер шинасын салу техникасы» стандарты

Мақсаты: транспортты иммобилизациялау.

Көрсетім: білек сүйектерінің сынуы

Қажетті құрал-жабдықтар: Сатылы Крамер шинасы, бинт, мақта, ауыруды сездірмейтін дәрі, шприц, қайшылар, 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол, залалсыздандырылған қолғаптар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз.

2. Жүргізілетініс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

3. Қолдарыңызды спиртпен өңдеңіз және залалсыздандырылған қолғаптарды киіңіз.

4. Ауыруды сездірмейтін 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол уколын жасаңыз.

5. Жарақаттанған жерді қараңыз.

6. Сынықтың немесе буыны таюдың барына көз жеткізіңіз.

7. Қолдарын орта физиологиялық жағдайға келтіріңіз.

8. Қолын шынтақ буынынан тік бұрыш астында иіңіз де, қолдарын кеудеге қарай жақындатыңыз.

9. Крамер сатылы шинасын таңдаңыз: ұзындығы - 80см, ені – 8см болатындай.

10. Шинаны емделушінің сау қолдарының үстіне саусақтардың шетінен шынтақ буынына дейін қойыңыз.

11. Шинаны көздеген буыннан тік бұрыш астында иіңіз (90градусқа).

12. Шинаны сау қолдардың үстіне қойып, білезік буын мен білекті жатқызыңыз (шинаның дұрыс дайындалғандығын тексеріңіз).

13. Шинаны қолдардың сыртқы бетіне, білезіктің саусақ ұштарынан жоғарғы үшінші иыққа дейін салыңыз.

14. Қолдағы шинаныбілезіктің саусақ ұштарынан иық буынына дейін шиыршықты айналымдармен бинттеп бекітіңіз.

15. Қолдарды жақсы бекіту үшін үшкіл орамалды таңғышын салыңыз.

16. Қолғаптарыңыздышешіп, КБУ жәшігіне салыңыз.

Ескерту: -шинаны салған кезде 2 буынды бекітіңіз: сынған жердің буынынан жоғары және сынған жердің буынынан төмен;

- білезік сүйектері сынған кезде, қолды пронация қалпында дөңгелек жұмыр жастыққа немесе қолдың астына домалақ зат қойып жатқызыңыз, білезік буынға мақта мен мәрлі ден жасалған білікше немесе бинт салу керек;

- қолыңызды жұмыр жастыққа бинтті таңғышпен бекітіп, үшкіл орамалға іліп қойыңыз;

- шинаны екі жағынан мақтамен орап, мақтаны шинаға бинттеп тастаңыз.

 

5.41. «Сираққа Крамер шинасын салу техникасы» стандарты

Мақсаты: 3 шинаның көмегімен транспортты иммобилизациялау.

Көрсетім: сирақ сүйектерінің сынуы, тізе буындарының шығуы.

Қажетті құрал-жабдықтар: 3 сатылы Крамер шинасы, мақта, 2 бинт, шприц, қайшылар, 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол, залалсыздандырылған қолғаптар, КБУ жәшігі.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты көлденеңінен жатқызып, тыныштандырыңыз.

2. Жүргізілетініс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

3. Қолдарыңызды спиртпен өңдеңіз және залалсыздандырылған қолғаптарды киіңіз.

4. Ауыруды сездірмейтін 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол уколын жасаңыз.

5. Жарақаттанған жерді қараңыз.

6. Сынықтың немесе буыны таюдың барына көз жеткізіңіз.

7. Аяқтарын орта физиологиялық жағдайға келтіріңіз.

8. Крамер сатылы шинасын таңдаңыз: бірінші – ұзындығы 120см, ені-11см, екі шина-ұзындығы 80см -ден, ені 8см-ден.

9. Шинаның шетін (120х11) емделушінің сау аяғының табанына саусақтан өкшеге қарай салыңыз.

10. Өкше тұсында тік бұрыш астында иіңіз (90 градусқа).

11. Аяқты дайын шинаға жатқызыңыз:

- шинаның біреуі сирақтың артқы бетімен ортаңғы үшінші жамбасқа дейін табаннан өтеді, (табан саусақтары сираққа қарай тартылуы керек);

- екінші шина сирақтың сыртқы жағымен табанның сыртқы шетінен ортаңғы үшінші жамбасқа дейін өтеді;

- үшінші шина сирақтың ішкі бетімен, табанның ішкі шетінен ортаңғы үшінші жамбасқа дейін өтеді.

12. Аяқтағы шинанышиыршықты айналымдармен бинттеп бекітіңіз.

13. Қолғаптарды шешіп, КБУ жәшігіне салыңыз.

Ескерту: - шинаны салған кезде 2 буынды бекітіңіз: сынған жердің буынынан жоғары және сынған жердің буынынан төмен (тізе және сирақ - табандық);

- Сирақтың жоғарғы үштен бір сүйегі сынған кезде және тізе буыны жарақатында, шинаның жоғарғы шеті жамбас буынына дейін жетуі керек;

- үш шинаболмаған жағдайда, бүйір жақ беттерінен екі (олардың біреуін табан айналасында тік бұрыш астында ие отырып) немесе аяқтың артқы бетімен біреуін салады;

- табан сүйегі сынған кезде шинаны саусақтың бас жағынан сирақтың ортасына дейін салады;

- шинаны екі жағынан мақтамен орап, мақтаны шинаға бинттеп тастаңыз.

 

5.42. «Дитерихса шинасын салу техникасы» стандарты

Мақсаты: жамбастың сынуы кезінде транспортты иммобилизациялау.

Көрсетім: жамбастың сынуы.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмсақ төсеулер, бинттер, мақта, Дитерихса шинасы, Крамер шинасы, шприц, қайшылар, 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол, залалсыздандырылған қолғаптар, КБУ жәшігі.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты көлденеңінен жатқызып, тыныштандырыңыз.

2. Жүргізілетініс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

3. Қолдарыңызды спиртпен өңдеңіз және залалсыздандырылған қолғаптарды киіңіз.

4. Ауыруды сездірмейтін 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол уколын жасаңыз.

5. Жарақаттанған жерді қараңыз.

6. Сынықтың немесе буыны таюдың барына көз жеткізіңіз.

7. Аяқтарын орта физиологиялық жағдайға келтіріңіз.

8. Ұзындығы - 120см, ені - 11см болатын Крамер шинасын алыңыз.

9. Шинаның шетін (120х11) емделушінің сау аяғының табанына саусақтан өкшеге қарай салыңыз.

10. Өкше тұсында тік бұрыш астында иіңіз (90 градусқа).

11. Шинаны аяқтың артқы бетінен белге дейін салыңыз.

12. Шинаның табан бөлігін 8дік тәрізді таңғышпен табанның ұлтандық бетіне бекітіңіз (аяқ киімді шешпеңіз!).

13. Шинаның сыртқы бөлігін, қолтық асты ойысынан басталатындай және табанның ұлтандық бетінен 8-10см шығып тұратындай етіп бекітіңіз.

14. Оны шинаның ұлтандық бөлігіндегі металл құлақшаға қойыңыз.

15. Шинаның ішкі бөлігін, аяқтың ішкі бетімен, күнтиместен, табанның ұлтандық бетіне 8-10см дейін салыңыз.

16. Оны ұлтандық бөліктің ішкі металды құлақшасы арқылы жүргізіңіз.

17. Некроздың дамуын және еттің қысылуын болдырмау үшін сүйектердің шығыңқы жерлерінің астына (тобыққа, тізе буынына, үлкен ұршыққа және жамбас сүйектің жалпақ басы қанатына) мақтадан төсем салыңыз.

18. Шинаны сираққа, жамбасқа, ішке, көкірек қуысына бинтті циркулярлы айналымдармен бекітіңіз.

19. Бұрауыштың көмегімен тартып, оны шинаның дөңес жерінің сыртқы бөлігіне орналастырыңыз.

20. Қолғабыңызды шешіп, КБУ жәшігіне салыңыз.

5.43. «Медициналық пневматикалық шинаны салу (МПШ)» стандарты

Мақсаты: аяқ-қолдардың сынуы кезінде транспортты иммобилизациялау.

Көрсетім: аяқ-қолдардың сынуы.

Қажетті құрал-жабдықтар: шиналы пакет.

Ескерту: шина мөлдір пластмассалы пленкадан жасалған және келесі элементтерден тұрады: екі қабатты герметикалық пленка, түймелік - сыдырма ілгек, камераға ауа айдау үшін арналған түтікті клапанды құрылғы; МПШ өлшемдері бойынша үш түрлі пакеттерде шығарылады: 1 – білезік буыны мен білекке арналған; 2 – табан мен сираққа арналған; 3 –тізе буыны мен жамбасқа арналған.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз.

2. Жүргізілетініс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

3. Қолдарыңызды спиртпен өңдеп, залалсыздандырылған қолғаптарды киіңіз.

4. Ауыруды сездірмейтін 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол уколын жасаңыз.

5. Жарақаттанған жерді қараңыз.

6. Сынықтың немесе буыны таюдың барына көз жеткізіңіз.

7. Аяқтарын орта физиологиялық жағдайда ұстаңыз.

8. Шинаны пакеттен шығарыңыз.

9. Түймелік - сыдырма ілгекті ағытыңыз.

10. Шинаны жазып, зақымдалған аяқ-қолдардың астына ақырын енгізіңіз.

11. Түймелік - сыдырма ілгекті жабыңыз.

12. Ауа құбыры құрылғысының клапанын сағат тіліне қарсы жүру бағытында құбырды айналдыра отырып ашыңыз.

13. Шинаны қатайғанша сорғымен үріңіз (немесе тепкі сорғының көмегімен).

14. Құбырды сағат тіліне қарай айналдыра отырып клапанды жабыңыз.

Ескерту: - камерадағы қысым сын.бағ.40-45мм. болғанда, шина транспортты иммобилизацияны іске асыру үшін қажетті, қатты қалпына келеді.

- шина зақымдалған аяқ-қолдардың қан айналысының бұзылуына жол бермейді.

- шапшаң салынуымен, рентген сәулелері үшін жақсы өткізгіштігімен ерекшеленеді.

5.44. «Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуде жараны өңдеутехникасы» стандарты

Мақсаты: жарадағы микробты ластануды азайту.

Көрсетім: жарақаттың болуы.

Қажетті құрал-жабдықтар: 2 іскек, залалсыздандырылған материалмен бикс, залалсыздандырылған таңғыш материал, антисептиктер ерітінділері, залалсыздандырылған қолғаптар, 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол, 1% йодонат немесе 70% спирт, КБУ жәшігі.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз.

2. Жүргізілетініс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

3. Қолдарыңызды спиртпен өңдеп, залалсыздандырылған қолғаптарды киіңіз.

4. Жарақатты қараңыз.

5. Ауыруды сездірмейтін 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол уколын жасаңыз.

6. Жарақаттың айналасындағы тері аумағын залалсыздандырылған мақта тампонының көмегімен немесе іскектегі сулықпен 2 рет 1% йодонат ерітіндісімен немесе 70% спиртпен өңдеңіз.

7. Залалсыздандырылған сулықты іскекпен салыңыз.

8. Таңғыш материалды қандай әдіспен болса да бекітіп тастаңыз.

9. Қолғаптарды шешіп, КБУ жәшігіне салыңыз.

10. Стационарға жатқызу.

Ескерту: - жарадағы қан кетуді тоқтатуды – стандартқа қараңыз;

- сіреспежәне газды гангренаның алдын - алу шаралары емханада немесе хирургиялық стационардың қабылдау бөлімінде жүргізіледі.

- тістеужарақаттары кезінде құтырудан алдын – алу шұғыл шаралары өткізіледі және тіркеуге тұрады.

5.45. «Таңу жасау техникасы» стандарты

Мақсаты: таңғышты ауыстыру, жарақаттың микробты ластануын азайту, жарақатты сырттан түсетін микробтардан қорғау.

Көрсетім: жарақаттың болуы.

Қажетті құрал-жабдықтар: 1. 3% сутек тотығы ерітіндісі (немесе фурациллин ерітіндісі, немесе 0,5% калий перманганат ерітіндісі); 2. 0,5% мұсатырлы спиртінің ерітіндісі, 1% йодонат ерітіндісі (немесе йодопирон, 1% жасыл дәрі ерітіндісі), спирт 70%, 10% натрий хлорид ерітіндісі; 3. Іскек, залалсыздандырылған мақта тампондары, залалсыздандырылған білтелер, сулықтар, лейкопластырь, бинт; КБУ жәшігі.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолдарыңызға гигиеналық деңгейде деконтоминация жасаңыз.

2. Залалсыздандырылған қолғаптарды киіңіз.

3. Бір шетінен екінші шетіне, жараны бойлай, емделушінің ескі таңғышын алып тастаңыз.

4. 3% сутек тотығы ерітіндісін пайдалана отырып, кеуіп қалған таңғышты сулаңыз (немесе фурациллин ерітіндісімен, немесе 0,5% калий перманганат ерітіндісімен).

5. Жараны және оның айналасындағы ұлпаларды қараңыз.

6. Жараның айналасындағы теріні бірінші құрғақ тампонмен, сосын 0,5% мұсатырлы спиртінің ерітіндісінде сулап, жараның аймағынан шеткі аймаққа дейін жуып тазалаңыз.

7. Жараның айналасындағы теріні антисептиктердің бір түрі - 1% йодонат ерітіндісімен (йодопиронмен, 1% жасыл дәрі ерітіндісімен), содан кейін спиртпен емдеп – өңдеңіз.

Ескерту: Қолыңызды аспаптың жарамен өзара жанасқан бөлігіне жақындатпаңыз.

8. Егер жарада іріңді бөліну болса, тампондарды қысқышпен пайдалана отырып, жараны 3% сутек тотығы ерітіндісімен жуыңыз.

9. Жараны кептіріп, жараның үстіне 10% натрий хлорид ерітіндісіне батырылған білтені немесе тампонды қалдырыңыз.

10. Залалсыздандырылған сулықтарды, қажет жағдайда мақталы кеудешеніпайдалана отырып, жаңадан таңғыш салыңыз.

11. Клеолды немесе лейкопластырды, торлы – түтікті бинтті немесе қарапайым бинтті пайдалана отырып, таңғышты бекітіңіз.

12. Қолғаптарды шешіп, КБУ жәшігіне салыңыз.

 

5.46. «Таза операциядан кейінгі жараны таңуды жасау техникасы» стандарты

Мақсаты: жараны тексеру және асептикалық таңғыш салу.

Көрсетім: операциядан кейінгі жараның болуы.

Қажетті құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған жайма; залалсыздандырылған резеңке қолғаптар; залалсыздандырылған таңғыш материал; 1% йодонат ерітіндісі; КБУ жәшігі.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолдарыңызға гигиеналық деңгейде деконтоминация жасаңыз.

2. Резеңке қолғаптарды киіңіз.

3. Жарадағы ластанған сулықты іскекпен алып тастаңыз.

4. Тігістің айналасын қолмен басып көріңіз.

5. Сулықты іскекпен ұстай отырып, йодонат ерітіндісімен тігісті сорғыш қозғалыстармен өңдеңіз.

6. Жараға залалсыздандырылған іскекпен құрғақ сулық салыңыз.

7. Клеолды немесе лейкопластырды, торлы – түтікті бинтті немесе қарапайым бинтті пайдалана отырып, таңғышты бекітіңіз.

8. Қолданылған жабдықтарды, қолғаптар мен таңғыш материалды әртүрлі КБУ жәшіктеріне орналастырыңыз.

5.47. «Іріңді жараларға таңу жасау техникасы» стандарты

Мақсаты: жарадағы антисептиканы сақтау.

Көрсетім: іріңді жараның болуы.

Қажетті құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған жайма; резеңке қолғаптар; таңу материалы; іскектер; астаушалы шолғы; моқал инелі шприц;тегіс резеңкелі дренаждар; антисептика ерітіндісі; жаракеңейткіштер;3% сутек тотығы ерітіндісі; 1% йодонат ерітіндісі; КБУ жәшігі.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолдарыңызға гигиеналық деңгейде деконтоминация жасаңыз.

2. Резеңке қолғаптарды киіңіз.

3. Жарадағы ластанған сулықты іскекпен алып тастаңыз.

4. Жарадағы тегіс резеңке дренажды іскекпен алып тастаңыз.

5. Сулықты іскекпен ұстай отырып, 3% сутек тотығы ерітіндісімен жараның айналасын өңдеңіз.

6. Сулықты іскекпен ұстай отырып, жараның айналасын құрғатыңыз.

7. Сулықты іскекпен ұстай отырып, 1% йодонат ерітіндісімен жараның айналасын өңдеңіз.

8. Жараны жара кеңейткіш немесе шолғының көмегімен қараңыз.

9. Шприцтің және моқал иненің көмегімен жараны 3% сутек тотығы ерітіндісімен жуыңыз.

10. Сулықты іскекпен ұстай отырып, жараны құрғатыңыз.

11. Қолданылған құралдардың барлығын лас жабдықтар салуға арналған жаймаға тастаңыз.

12. Сулықты іскекпен ұстай отырып, 1% йодонат ерітіндісімен жараның айналасындағы теріні өңдеңіз.

13. Іскек және шолғы арқылы жараға тегіс резеңкелі дренажды енгізіңіз.

14. Антисептикалық ерітіндіге малынған сулықты іскекпен жараның үстіне салыңыз.

15. Клеолды немесе лейкопластырды, торлы – түтікті бинтті немесе қарапайым бинтті пайдалана отырып, таңғышты бекітіңіз.

16. Қолданылған жабдықтарды, қолғаптар мен таңғыш материалды әртүрлі КБУ жәшіктеріне орналастырыңыз.

 

5.48. «Сіреспеге тән алдын - алу шараларын жүргізу» стандарты

Мақсаты: сіреспенің жедел алдын – алу шаралары үшін.

Көрсеткіші: жараның болуы, 2-3 дәрежелі күйік, үсу және басқалары.

Қажетті құрал-жабдықтар: Залалсыздандырылған қолғаптар, спирт,залалсыздандырылған таңғыш материал, шприц, сіреспеге қарсы анатоксин, сіреспеге қарсы адам иммуноглобулині (СҚАИ); СҚАИ болмаған жағдайда – сұйық,құнарландырылған, пептикалық қорыту әдісімен аршылған сіреспеге қарсы сарысу (ППС); КБУ жәшігі.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолдарыңызға гигиеналық деңгейде деконтоминация жасаңыз.

2. Резеңке қолғаптарды киіңіз.

3. Теріні 70% спиртпен өңдеңіз.

4. Білектің иін үстінен 1:100 пропорциясында езілген 0,1мл сіреспеге қарсы сарысуды тері ішіне енгізіңіз.

5. Қорытындысын 20 минуттан кейін бағалаңыз: егер томпақша көлемі 0,9мм дейін болса, нәтижесі жағымсыз және онда СҚС 0,1мл т/а тағы енгізіп, ал 20 минуттан кейін қалған дозасы енгізіледі (барлығы 3000 МЕ).

6. Емделушіні 1 сағат бойы бақылаңыз.

7. Қолданылған жабдықтарды, қолғаптар мен таңғыш материалды әртүрлі КБУ жәшіктеріне орналастырыңыз.

Ескерту: - сіреспенің алдын – алу шаралары сезімталдыққа сынама қойылғаннан кейін барып жүргізіледі;

- емдік мақсатта ППС - ті науқасқа барынша ерте мерзімде, аурудың басталған мезгілінен 100000 - 200 000 МЕ дозасында енгізеді;

- Сарысуды күре тамырға немесе жұлын каналына енгізеді.

- Аурудың ауырлығына байланысты сарысу енгізуді рефлекторлық діріл басылғанша қайталайды.

 

 

5.49. «Теріге тігіс салу техникасы» стандарты

Мақсаты: жараның шеттерін біріктіру.

Көрсетімі: жараның болуы.

Қажетті құрал-жабдықтар: 1,5% йодтың спиртті ерітіндісі (балаларға жасыл дәрі ерітіндісі); залалсыздандырылған таңғыш материал; клеол; №3 және №4 жібек жіп; ине ұстағыш; тері кесетін инелер, хирургиялық іскектер, корнцанг, қайшылар, залалсыздандырылған жайма; КБУ жәшігі.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолдарыңызға гигиеналық деңгейде деконтоминация жасаңыз.

2. Резеңке қолғаптарды киіңіз.

3. Антисептиктердің біріне малынған, мақта тампонын пайдалана отырып, жараның айналасындағы теріні жараның шетінен оның шеткі аймағына дейін өңдеңіз.

4. Вишневский әдісімен жергілікті жансыздандыру жасаңыз (стандартты қараңыз).

5. Ине ұстағышқа тері кесетін инені №3 және №4 жібек жібімен төмендегіше қондырыңыз:

- ине ұстағышты оң қолыңызға ұстаңыз;

- кескіш инені ине ұстағышпен перпендикуляр иненің көзіне таман жақын алыңыз, яғни иненің ұшы өзіңе және жоғары қарау керек;

- жібек жіпті алып, оның бір шетін ине ұстағыштың сабында ұстаңыз;

- екінші ұшын иненің ұшын айналдыра отырыпкөзіне сабақтаңыз;

6. Іскекпен жараның шетін, теріні және тері асты майы өзегін ұстаңыз;

7. Жараның шетінен 3-4мм бос жер қалдыра отырып, инені жараға тік бұрыш астында түйреңіз;

8. Жараның қарама – қарсы беті шетінен тесіңіз.

9. Ине ұстағышты инесімен суырып алып тастаңыз, жібек жіп ұлпада қалуы керек.

10. Жібек жіптің ұшын жараның шеті жанасқанға дейін тартыңыз және 3 рет түйіндеп байлаңыз.

11. Келесі тігістерді 1,5см ара қашықтықта салыңыз (есте сақтаңыз, түйінді өте қатты тартуға болмайды!).

12. Жараның шеттерін іскекпен салыстырып қараңыз, жібек жіптің қалдықтарын тігістен 1 – 1,5см бос жер қалдыра отырып үзіп тастаңыз.

13. Тігісті антисептикпен өңдеңіз және антисептикалық таңғыш салыңыз.

14. Қолданылған жабдықтарды, қолғаптар мен таңғыш материалды әртүрлі КБУ жәшіктеріне орналастырыңыз.

 

5.50. «Түйінді тігісті алу техникасы» стандарты

Мақсаты: түйінді тігісті алу.

Көрсетімі: жараның жазылу барысы кезеңінде.

Қажетті құрал-жабдықтар: йодонат, 70% спирт (балаларға жасыл дәрі ерітіндісі); залалсыздандырылған таңғыш материал, залалсыздандырылған сулықтар; хирургиялық іскектер, анатомиялық іскектер, корнцанг, қайшылар, залалсыздандырылған жайма, КБУ жәшігі.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолдарыңызға гигиеналық деңгейде деконтоминация жасаңыз.

2. Резеңке қолғаптарды киіңіз.

3. Науқасты жатқызып, жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

4. Таңғышты шешіп, жараны қараңыз.

5. Іскекті немесе қысқышты пайдалана отырып, жарадан таңғышты алып тастаңыз.

6. Теріні және тігістерді 70% спиртпен, йодонатпен немесе жасыл дәрімен өңдеңіз.

7. Тігісті ақ түсті жіптің аумағы ашылып көрінгенше, анатомиялық іскекпен алып, тартыңыз.

8. Осы аумақта жіпті қандауырмен немесе қайшылармен кесіңіз де, оны іскекпен алып тастаңыз.

9. Осы әдіспен қалған барлық тігісті алып тастаңыз.

10. Операциядан кейінгі тыртықты йодонатпен өңдеңіз.

11. Асептикалық сулық салып, бекітіп тастаңыз.

12. Қолданылған жабдықтарды, қолғаптар мен таңғыш материалды әртүрлі КБУ жәшіктеріне орналастырыңыз.

Ескерту:

- Тігіс жара жазылғаннан кейін 7 тәуліктен кейін алынады.

- Тігісті алу ережесі бұзылса, лигатуралық терең жара сияқты асқынулар пайда болуы мүмкін.

 

 

5.51. «АВС жүйесі бойынша жүрек – өкпе реанимациясын жүргізу техникасы» стандарты

Мақсаты: тыныс алуды және жүрекқызметін жандандыру, қалпынакелтіру.

Көрсетімі: клиникалық өлім.

Қажетті құрал-жабдықтар: мәрлі сулықтар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Тыныс алудың жоқтығын көріпкөз жеткізіңіз.

2. Естен танудың болмағандығын анықтаңыз (дыбыстаңыз немесе зардап шегушіні ақырын қозғалтыңыз).

3. Қолыңызды ұйқы күре тамырына қойып, тамыр соғысының жоқтығына көз жеткізіңіз.

Ескерту: Соңғы екі іс – әрекетті бір уақытта жүргізеді.

А – тынысжолдарының өткізу қабілетін қалпына келтіру.

Сафара үш жақты әдісін қолданыңыз:

1. Зардап шегушіні арқасымен көлденеңінен, қатты тегістікке жатқызыңыз.

2. Зардап шегушінің басын кейін шалқайтыңыз.

3. Бір қолыңызбен мойынды астынан көтеріңіз, екінші қолыңызбен маңдайға жоғарыдан төмен қарай басыңыз.

4. Мойын омыртқа бөлімі зақымдалған кезде асқыну қаупінің болуына байланысты 3 бөлім жүргізілмейді.

5. Төменгі жақты екі қолмен немесе иектен бір қолмен алға жылжытыңыз.

6. Аузын ашып, қараңыз. Басын жанына бұра отырып, сулықтың көмегімен ауыз қуысындағы ұйыған қанды, шырышты, құсық қалдығынтазартыңыз.

В – тыныс алуды қалпына келтіру.

Егер тыныс жолдарының өткізу қабілетін қалпына келтіргеннен кейін спонтанды дем қалпына келмесе, онда (ИВЛ?) бастайды:

1. Зардап шегушінің ауызын ерініңізбен тығыз қапсыра ішке қарай қатты дем тартыңыз да, осы ретте оның мұрынын жабық ұстап, аузынадем шығарыңыз.Зардап шегушінің қолы мойынның астына және маңдайына қойылады.

С –жүрекке массаж жасау арқылы қан айналысты қолдау.

1. Зардап шегуші массаж жасаушының тізесінің деңгейінде қатты нәрседе арқасымен жатады. Қысымның басылу нүктесі төстің төменгі үштен бір бөлігінде, семсер тәрізді өсіктен екі саусаққа жоғары орналасады.

2. Қолыңызды созып бір қолыңызды екінші қолыңыздың үстіне алақаныңызды төмен қаратып кеуденің төменгі үштен бір бөлігіне қойып (саусақтарыңыз көтеріңкі), кеуденің 4-5см-ге жылжуы үшін бар күшіңізбен итеріңіз.

3. Қолдарыңызды кеудеден түсірмей, босаңсытыңыз.

Ескерту: Реанимацияны екеулеп жасау барысында жиілік соғу арақатынасы және ауа жіберу 1:5 тең, ал жалғыз 2:30 тең (ВОЗ стандарты бойынша). Кеудені қысу жиілігі 1 минутқа 80 – 110 тең; қысу ұзақтығы массаж жасау ұзақтығының жартысына тең болуы керек.

 

5.52. «Тыныс жолдарына бөтен заттар тұрып қалу кезінде кезек күттірмейтін көмек» стандарты

Мақсаты: бөтен заттарды жою.

Көрсетім: тыныс жолдарындағы бөтен заттар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зардап шегушінің жағдайын бағалаңыз.

2. Зардап шегушінің арт жағынан қолдарыңызбен құшақтап, кеуде тұсынан көкірек қуысын қысу әдісін қолданыңыз (Геймлих әдісі):

- зардап шегушінің артынан тұрып, белінен құшақтаңыз да, алға қарай кішкене еңкейтіңіз;

- бір қолыңыздың жұдырығын кіндіктен сәл жоғары қойыңыз (эпигастрия тұсы);

- екінші қолыңыздың алақанымен жаңағы жұдырықты құшақтай басып, денені қалайда көтеруге тырыса отырып,қолыңыздың қимылын диафрагма астына жібере, зардап шегушінің ішіне қатты және тез басыңыз;

- осындай оқыс серпулерді 5 рет жасау қажет;

- егер тыныс жолдары босатылмаса, «бес қосу бес» циклын қайталау керек.

3. Зембілге жантайтып отырғызып апарып, ЕПМ - не жатқызыңыз.

4. Дем алысын бақылаңыз.

Ескерту: Зардап шегушіні аяғынан ұстап басымен төмен қарай аударыңыз немесе зардап шегушінің кеудесі көмек көрсетіп жатқан кісінің жамбасында жататындай, басымен төмен қарай өз жамбасыңыздан асыра ұстап, жөтелуге ұсыныс беріңіз және рефлекторлық дем шығаруды болдыру үшін арқа тұсынан қолдарыңызбен басыңыз (балаларға жасалады!).

Зардап шегуші есінен танған жағдайда:

1. Оны арқасымен еденге жатқызыңыз.

2. Тыныс жолдарын босатыңыз. Егер бөтен зат тамағынан көрініп тұрса, оны саусақпен алып шығуға әрекет жасауға болады. Бірақ, байқамай бөтен затты әрі қарай тереңге итеріп жіберуденөте сақ болғаныңыз жөн (әсіресе мұндай жағдайлар кішкентай балаларға көмек жасаған кезде болады!).


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 2282 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
V.IV. Десмургия| Установка обычной мебельной петли.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.142 сек.)