Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ян Амос Коменский.

4.амзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі бұл:

білім.

Семинар 1. Тақырып. Педагогиканың даму тарихының әдіснамалық негіздері

Жоспары:

1. Педагогика ғылымының дамуы мен қалыптасуы

2. Адам дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формалары.

3. Шетелдік педагогиканың даму кезеңдері.

4. Көне заманнан қазіргі күндерге дейінгі Қазақстанның педагогика ғылымының даму тарихы

5. Кеңес кезіндегі (1917-1991 жж.), тәуелсіз жылдардағы және қазіргі білім беру жүйесі мен педагогикалық ғылымы.

Тапсырма-1. Педагог-ағартушылардың педагогика ғылымына қосқан үлесін ашып көрсетіңіз.

Тапсырма-2. Шетелдік педагог-ағартушылардың педагогика ғылымына қосқан үлесін ашып көрсетіңіз.

 

Тапсырма-3. Шетелдік педагог-ағартушылардың ХVII-XVIII ғасырда педагогика ғылымына қосқан үлесін ашып көрсетіңіз.

Семинар 2. Тақырып: Жеке тұлға дамуының көпқырлылығы

Жоспары:

1. «Жеке тұлға», «индивид» ұғымдары.

2. Жеке тұлғаның даму факторлары: тәрбие, орта, тұқымқуалаушылық

3. Жеке тұлғаны әлеуметтендіру, іс-әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, таным және т.б.).

4. Жеке тұлға дамуының қозғаушы күштері, кұндылық бағдары, дүниетанымы, белсенділігі.

Шығармашылық тапсырма.

Тапсырма-1. Берілген ұғымдардың мәнін ашыңыз.

 

Тапсырма-2. Жеке тұлғаның ерекшеліктерін ашыңыз.

 

Тапсырма-3. Жеке тұлғаның құндылық бағдары, дүниетанымы,

белсенділігін анықтаңыз.

 

Семинар 3. Тақырып: Тәрбиенің мән-мазмұны

Жоспары:

1. Тәрбиенің мақсаты мен мәселелері.

2. Тәрбие тұжырымдары, дәстүрлі және инновациялық тұғырлар

3. Тәрбиенің қарым-қатынас стильдері: авторитарлық, демократиялық, либералдық, еркін, прагматикалық, аксиологиялық, ұжымшылдық, жекелік.

4. Дүниеге көзқарас, маңызы, қызметтері, түрлері, ішкі құрылымы

Шығармашылық тапсырма:

Тапсырма-1. «Тәрбие» ұғымының мәнін ашыңыз.

Білгір болсаң сөйлеп көр!

Тапсырма-2. Ағартушы-ғалымдардың тәрбие туралы ой-пікірлеріне тоқталыңыз.

 

Семинар 4. Тақырып: Тәрбие әдістері.

Жоспары:

1. Тәрбие әдістері

2. Тәрбие әдістерінің классификациясы

3. Жеке тұлғаның сана-сезімін қалыптастыру әдістері.

4. Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлықты қалыптастыру әдістері.

5. Ынталандыру әдістері.

Тапсырма-1. Кестені толтырыңыз.

 

Семинар 5. Тақырып: Оқыту мен білім беру теориясы

Жоспары:

1. Оқытудың мақсат, міндеттері.

2. Дидактиканың негізгі ұғымдары

3. Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері

4. Оқытудың атқаратын қызметтері.

 

Шығармашылық тапсырма. Білгір болсаң сөйлеп көр!

Семинар 6. Тақырып: Сабақ – оқыту формасы

Жоспары:

1. Сабақ – оқытудың негізгі формасы

2. Дәстүрлі сабақтың түрлері

3. Дәстүрлі емес сабақтар

4. Мұғалімнің сабаққа дайындығы

5. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Сабақты талдаудың типтері.

Шығармашылық тапсырма.

 

7. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсынысы

7. «Педагогика пәнінің п.ғ.д., профессор К.Ж.Бұзаубақова, п.ғ.к., доцент м.а. З.Қ.Қашқынбаева, аға оқытушы Ж.Н.Күмісбекованың авторлық бірлестігімен мультимедиялық оқу құралы,электронды медиатекасы жасалып ұсынылды.

8 Типтік есептерді, есептік-графикалық, зертханалық және курстық жұмыстарды т.б. орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар;

Жағдаят-7. Оқушы мұғалімге былай дейді: «Мен сіздің алдағы сабақтарыңызға қатыса алмаймын. Себебі, мен концерт көруге барамын .» Мұндай жағдайда қандай жауап қайтару керек?

Жауабы: Неге саған мектептегі сабаққа карағанда сол концерт қызығырақ болып тұр. Маған сол қызық болып тұрғаны. Менің ойымша сен сабаққа бей-жай қарайсың....

Жағдаят-8. Сабақтан кейін мұғалім білім деңгейі нашар оқушымен жұмыс жасап отыр. Сол кезде: «Сіздің бұл үйретіп жатқан біліміңіз маған мүлде көмектесіп жатқан жоқ. Менің тіпті мектептен шығып кетсем бе деген ойым бар»-дейді оқушы. Мұндай жағдайда мұғалімнің жауабы қандай болмақ?

Жауабы: Неге сенде мұндай ой туындап жүр? Қане, Асқар, айта қойшы. Мүмкін екеуміз бірге отырып сенің мұндай шешіміңді талқылаймыз. Осындай ой бұрын менің де ойыма келген, бірақ еңбектеніп, ерінбей жұмыс жасасаң бәрін де жеңесің. Міне,маған қарашы қазір мен сол еңбегімнің жемісін көріп отырмын.

Жағдаят-9. Сыныптағы Дидар мүлде сабақ оқуды, үй тапсырмасын орындауды қойды.Тәртібі де нашарлап кетті.Негізінде оның сабақ үлгерімі өте жоғары болатын. «2» деген бағалары да көбейді.Бұл жағдай бір тоқсан бойы жалғасуда. Мұндай жағдайда мұғалім қандай шара қолдануы тиіс?

Жауабы: Мұндай жағдайда мұғалім оқушының үйіне барып, ата-анасымен сөйлесіп көруі қажет. Мүмкін отбасында бір қиыншылықтар болып жатқан шығар. Немесе оқушының ауладағы, сыныптағы достарымен сөйлесіп көру қажет.

Жағдаят-10. Педагогикалық практика кезінде келесі сыныптың мұғалімі ауырып қалғандықтан сыныпқа қарай тұруымды өтінді.Ал мен ол сыныптың сабағына мүлде дайын емеспін, оқушыларына да үйренбегем. Сыныпқа кірсем оқушылар шулап жатыр, бірінші сабақ математика екен. Мұндай жағдайдан қалай шығуға болады?

Жауабы: Қоңырау болған соң, оқушыларға жаңа сабақты түсіндіре бастадым. Оқушылар шулағанын қоймады. Осы кезде тақтаға геометриялық фигураларды ешқандай сызғышсыз, циркулсіз сыза бастағанымда оқушылар таң қалып тыныштала бастады.

9. Білім алушының өзіндік жұмысының материалдары: үй жұмысының мәтіндер жинағы, әр тақырып бойынша өзін-өзі бақылаудың материалдары, ағымдық жұмыстар түрі бойынша тапсырмалардың орындалуы, еңбек көлемі және әдебиеті көрсетілген рефераттар мен басқа үй тапсырмалары

П Е Д А Г О Г И К А» ПӘНІНЕН АҒЫМДЫҚ БАҒАЛАУ

СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым» лекциясы (№1) бойынша:

1. «Педагогика» қандай ұғымды білдіреді?

2. Педагогика қандай ғылым?

3. Педагогиканың даму кезеңдері (4 кезең)?

4. Педагогиканың мақсат, міндеттері қандай?

5. Педагогиканың зерттеу нысаны мен пәні?

6. Педагогиканың негізгі және жеке категориялары қандай?

7. Педагогиканың атқаратын қызметтері?

8. Педагогиканың бөлімдері?

9. Педагогиканың салалары?

10. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы туралы?

«Педагогиканың әдіснамалық және аксиологиялық негіздері» лекциясы (№2) бойынша:

1. Әдіс, әдіснама деген не?

2. Педагогикалық әдіснама деңгейлері?

3. Педагогикалық әдіснама ағымдары?

4. Педагогикалық зерттеулердің мақсат, міндеттері?

5. Педагогикалық зерттеулердің деңгейлері?

6. Педагогикалық зерттеулердің түрлері?

7. Педагогикалық зерттеу әдістері

8. Теориялық зерттеу әдістері?

9. Тәжірибелік (эмпирикалық) зерттеу әдістері?

10. Педагогикалық әдіснаманың ерекшеліктері?

 

«Тұтас педагогикалық процесс мәні» лекциясы (№3) бойынша:

1. Педагогикалық процесс қандай ұғым?

2. Педагогикалық процесс ұғымын ғылымға енгізген ғалым?

3. Педагогикалық процесс қызметтері?

4. Педагогикалық процесс белгілері?

5. Педагогикалық процесс компоненттері?

6. Педагогикалық процесс заңдылықтары?

7. Педагогикалық процесс принциптері?

8. Педагогикалық процесс қозғаушы күші?

9. Педагогикалық жағдаят деген не??

10. Педагогикалық процесті зерттеуші ғалымдар?

 

«Оқушы тұлғасы – тәрбие обьектісі және субьектісі» лекциясы (№4) бойынша:

1. Жеке тұлға туралы түсінік?

2. Жеке тұлға дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар?

3. Тәрбие деген не?

4. Орта деген не?

5. Тұқымқуалаушылық деген не?

6. Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін қасиетттер?

7. Жас ерекшелік деген не?

8. Балалардың жас кезеңдерін бөлу?

9. Баланың жеке ерекшеліктері?

10. Акселерация қандай құбылыс?

«ҚР білім беру жүйесі» лекциясы (№5) бойынша:

1. Қазіргі білім беру жүйесі

2. ҚР білім беру жүйесінің құрылымы

3. ҚР білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері

4. ҚР білім беру жүйесін дамыту бағыттары, даму факторлары

5. ҚР мемлекеттік саясатының ұстанымдары

6. Оқытудың 12 жылдық білім беру жүйесі.

7. Шағын жинақты мектеп, ерекшеліктері.

8. Білім беру мазмұнын белгілейтін Қазақстандық және халықаралық құжаттар. ҚР «Білім туралы» Заңы.

9. ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

10. Инклюзивті және үздіксіз, қосымша білім беру

«Тәрбиенің мақсат, міндеттері, әдістері» лекциясы (№6) бойынша:

1. Тәрбие түсінігі?

2. Тәрбиенің мақсаты не?

3. Тәрбиенің міндеттері?

4. Тәрбие мазмұны?

5. Тәрбие әдістері деген не?

6. Тәрбие әдістерін топтау?

7. Тәрбие әдістерінің түрлері?

8. Тәрбие жүйелері?

9. Тәрбиедегі қарым-қатынас стильдері қандай?

10. Балалар ұйымдары мен бірлестіктері туралы?

«Тәрбиенің мәні мен мазмұны» лекциясы (№7) бойынша:

1. Тәрбие заңдылықтары деген не?

2. Тәрбие заңдылықтарын ата?

3. Тәрбие заңдылықтарының классификациясы?

4. Тәрбие принциптерін ата?

5. Тәрбие принциптері деген не?

6. Тәрбие принциптерінің классификациясы?

7. Тәрбие формалары деген не?

8. Тәрбие формалары қандай?

9. Тәрбие құралдарын ата?

10. Тәрбие заңдылықтары, принциптерін зерттеуші ғалымдар?

 

«Тәрбие үрдісінде тұлғаны тәрбиелеу» лекциясы (№8) бойынша:

1. Тәрбие түрлері жеке тұлғаның қандай құндылық бағдарларын қалыптастырады?

2. Адамгершілік тәрбиесі деген не?

3. Рухани тәрбиенің мақсаты?

4. Интеллектуалдық тәрбиенің мазмұны?

5. Ақыл-ой тәрбиесі міндеттері?

6. Еңбек тәрбиесі деген не?

7. Дене тәрбиесінің мәні?

8. Этикалық тәрбиенің құралдары?

9. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты неде?

10. Экологиялық тәрбиенің мәні?

«Ұжым және оның қалыптасуы» лекциясы (№9) бойынша:

1. Ұжым түсінігің мәні?

2. Ұжым мәселесін зерттеген ғалымдар?

3.А.С.Макаренко-ұжым теориясының негізін қалаушы, себебі?

4. А.С.Макаренконың өмірі, қызметі, еңбектері?

5. Ұжымдағы дәстүрлер?

6. Ұжымның белгілері қандай?

7. Ұжымды тәрбиелеу құралдары?

8. Ұжымның даму кезеңдері?

9. Ұжымның перспективалары?

10. Оқушылар ұжымын басқаруға қажет мұғалімнің кәсіби қасиеттері?

«Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру жүйесінде» лекциясы (№10) бойынша:

1. Отбасы - әлеуметтік институт

2. Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері.

3. Отбасы, мектеп және социумның өзара әрекеті

4. Тәрбиелік жүйе құрылымы

5. Ата-ана беделі

6. Мұғалім беделі

7. Ұл бала және қыз бала тәрбиесі

8. Әлеуметтендіруге қатысатын тұлғалар

9. Отбасылық әдет-ғұрыптар, дәстүрлер

10. Отбасының бала тәрбиесіндегі орны туралы нақыл сөздер мен фильмдер.


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 682 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жадынама | Отбасын зерттеу схемасы | ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ | ПЕДАГОГИКА | ТАРАЗ 2014 |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Акселерация.| Практическое занятие №1

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.024 сек.)