Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аттестациялау. 4 страница

Читайте также:
  1. Amp;ъ , Ж 1 страница
  2. Amp;ъ , Ж 2 страница
  3. Amp;ъ , Ж 3 страница
  4. Amp;ъ , Ж 4 страница
  5. Amp;ъ , Ж 5 страница
  6. B) созылмалыгастритте 1 страница
  7. B) созылмалыгастритте 2 страница

А) Жөніне жіберемін.

В) Өз қателігімді түсініп, кешірім сұраймын.

С) «Ойнап айттым»- деп ақталамын.

D) Артынан барып: «Сені жақсы оқысын деп, осылай жасадым. Ендігәрі жақсы оқы! Әйтпесе осы сыныпта оқитын боласын» - деймін.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жағдаят-7. Оқушы мұғалімге былай дейді: «Мен сіздің алдағы сабақтарыңызға қатыса алмаймын. Себебі, мен концерт көруге барамын .» Мұндай жағдайда қандай жауап қайтару керек?

Жауабы: Неге саған мектептегі сабаққа карағанда сол концерт қызығырақ болып тұр. Маған сол қызық болып тұрғаны. Менің ойымша сен сабаққа бей-жай қарайсың....

Жағдаят-8. Сабақтан кейін мұғалім білім деңгейі нашар оқушымен жұмыс жасап отыр. Сол кезде: «Сіздің бұл үйретіп жатқан біліміңіз маған мүлде көмектесіп жатқан жоқ. Менің тіпті мектептен шығып кетсем бе деген ойым бар»-дейді оқушы. Мұндай жағдайда мұғалімнің жауабы қандай болмақ?

Жауабы: Неге сенде мұндай ой туындап жүр? Қане, Асқар, айта қойшы. Мүмкін екеуміз бірге отырып сенің мұндай шешіміңді талқылаймыз. Осындай ой бұрын менің де ойыма келген, бірақ еңбектеніп, ерінбей жұмыс жасасаң бәрін де жеңесің. Міне,маған қарашы қазір мен сол еңбегімнің жемісін көріп отырмын.

Жағдаят-9. Сыныптағы Дидар мүлде сабақ оқуды, үй тапсырмасын орындауды қойды.Тәртібі де нашарлап кетті.Негізінде оның сабақ үлгерімі өте жоғары болатын. «2» деген бағалары да көбейді.Бұл жағдай бір тоқсан бойы жалғасуда. Мұндай жағдайда мұғалім қандай шара қолдануы тиіс?

Жауабы: Мұндай жағдайда мұғалім оқушының үйіне барып, ата-анасымен сөйлесіп көруі қажет. Мүмкін отбасында бір қиыншылықтар болып жатқан шығар. Немесе оқушының ауладағы, сыныптағы достарымен сөйлесіп көру қажет.

Жағдаят-10. Педагогикалық практика кезінде келесі сыныптың мұғалімі ауырып қалғандықтан сыныпқа қарай тұруымды өтінді.Ал мен ол сыныптың сабағына мүлде дайын емеспін, оқушыларына да үйренбегем. Сыныпқа кірсем оқушылар шулап жатыр, бірінші сабақ математика екен. Мұндай жағдайдан қалай шығуға болады?

Жауабы: Қоңырау болған соң, оқушыларға жаңа сабақты түсіндіре бастадым. Оқушылар шулағанын қоймады. Осы кезде тақтаға геометриялық фигураларды ешқандай сызғышсыз, циркулсіз сыза бастағанымда оқушылар таң қалып тыныштала бастады.

9. Білім алушының өзіндік жұмысының материалдары: үй жұмысының мәтіндер жинағы, әр тақырып бойынша өзін-өзі бақылаудың материалдары, ағымдық жұмыстар түрі бойынша тапсырмалардың орындалуы, еңбек көлемі және әдебиеті көрсетілген рефераттар мен басқа үй тапсырмалары

Cтуденттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі болып жатқан түбегейлі өзгерістер мен нарыктық катынастар жоғары оку орындарының алдына болашақ мамандарды кәсіби әрекетінде өздігінен шығармашылықпен еңбектене алатындай етіп даярлау, студентті әрекеттің объектісінен субъектісіне айналдыру, яғни оның бойында белсенді түрде өз бетімен жұмыс істей білу мен өзіндік дамуды, өзін өзі баскару және өзін таныта білуді калыптастыру мақсатын койып отыр. Оқыту жүйесінде студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) барлық оқу бағдарламасының басым бөлігін құрайды. Оның тиімді болуы маманның кәсіби бағыттылығының талаптарына сай жасалған өздік жұмысты ұйымдастыру үлгісінің дүрыс құрылуына байланысты болады.

Өзіндік жұмыс – тек жекелеген пәнді меңгеру ғана емес, сонымен қатар оқу, ғылыми, кәсіби іскерлік, өзіндегі жауапкершілікті сезіне білу, дербес жұмыс істеуге үйрену. Сондықтан да өзіндік жұмыс білікті маман дайындаудың негізгі бір тиімді жолы болып табылады. Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуды туғызуға, таным үрдісінің әдіс – тәсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің дамуына, адамның дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеруге, шығармашылықпен жұмыс істеуге және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды.

Оны орындау барысында мынадай саналық, бірізділік, жүйелілік ұстанымдары қамтамасыз етілуі тиіс:

ü білімінің күрделілігі дамудың жақын аймағына сәйкестігі;

ü пәннің логикалық жүйесі мен игеру деңгейіне қарай тапсырманың бірізді берілуі;

ü тапсырманың көлемі студенттің оқу мүмкіндігіне сай болуы;

ü әрекет деңгейіне бейімделіп берілуі және т.б.

Өзіндік жұмыс – оқу үрдісінің бөлігі, оқытудың әдісі, оқу танымдық әрекеттің тәсілі, сипаты, бірізділігі, типі, тексеру формасы жоспарланған кешенді, мақсаттты оқу әрекеті.

Өзіндік жұмысты басқарудағы оқытушының әрекеті төмендегідей болады:

ü жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындау;

ü білімі мен тәжірибесін беру;

ü әрекетті ұйымдастыру;

ü өзіндік жұмысты жоспарлау;

ü оқу - әдістемелік нұсқаулар дайындау;

ü өзіндік жұмысты тексеру, формасын анықтау, т.б.

Өзіндік жұмыстың тексеру формасының болуы оны ұйымдастыра білумен тығыз байланысты. Ұйымдастыру жұмысы ұйымдастыру - әдістемелік және ғылыми - әдістемелік болып бөлінеді.

Ұйымдастыру - әдістемелік іс – шаралар:

· өзіндік жұмысты жоспарлау, кесте түзу;

· оған кететін уақытты анықтау;

· оқу - әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету;

· техникалық құралдар дайындау;

· тексеру формасын, мерзімін анықтау, т.б.

Ғылыми - әдістемелік іс – шаралар:

3. әдістемелік басшылық жасау;

4. қажетті құжаттардың нұсқауын дайындау;

5. нәтижеге талдау жасау, т.б.

Өзіндік жұмыс оқу үрдісімен тығыз байланысты болғандықтан, оны ең алдымен, екіге бөліп қарастыру керек: 1/ дәрісханалық өзіндік жұмыс, 2/ дәрісханадан тыс орындалатын өзіндік жұмыс.

Дәрісханада орындалатын өзіндік жұмыстарға дәрістік, тәжірибелік және зертханалық сабақтар кіреді.

Ал дәрісханадан тыс орындалатын өзіндік жұмыстарға дәріс материалдарын толықтыру, семинар сабақтарына дайындалу, реферат жазу, үй тапсырмаларын орындау, курс, диплом жұмыстарын жазу, т.б. жатады. Өзіндік жұмысты бұлай бөлу тиімді. Өйткені, өзіндік жұмыстың өзі дәрісті тындау және оны жазу, мәтінмен жұмыс істеу, тезис, конспект жазу, семинар сабақтарына дайындалу, үйірмелерге қатысу, ғылыми жұмыстармен айналысу сияқты бөліктерден тұрады.

Жоғары оқу орнында сапалы білім беруде студенттердің өзіндік жұмыстарының алатын орны ерекше. Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің өзіндік жұмысы барлық оқу бағдарламасының басым бөлігін құрайды.

Кредиттік оқыту технологиясының өзегі білім алушылардың өзін-өзі ұйымдастыруы мен өздігінен білім алу мүмкіндіктерін дамыту болып табылады.

Кредиттік оқыту жүйесінің негізі- студенттердің өз бетінше дамуына мүмкіндік туғызу. Студенттің іс- әрекетін ұйымдастыра алуға және білімін жетілдіруге қабілетін дамыту мақсатын іске асыру үшін оқытушы мен студент арасында төмендегідей жұмыстар жасалынады:

ü оқытушының студентпен жұмысы;

ü студенттің оқытушының басшылығымен жүргізілетін өз бетінше жұмысы;

ü студенттің өз бетінше жұмысы.

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өз бетінше жұмысында студент:

ü оқу материалына талдау жүргізеді;

ü қосымша оқу және ғылыми ақпараттарды іздейді;

ü қосымша ғылыми жаңа ақпараттарды талдайды, сұрыптайды;

ü жиналған мәліметтерді, ақпараттарды жүйелейді;

ü жаңа қарама- қайшылықтарды анықтайды;

ü жаңа мәселелерді көре алады;

ü туындаған мәселені шешудің жолдарын іздестіреді;

ü алынған мәліметтерді жинақтап, қорғауға дайындайды.

СӨЖ-ның мақсаты айқын, міндеттері нақты, мазмұны оқу бағдарламасына сәйкес болуы шарт. СӨЖ тапсырмалары студентті ынталандыратындай жасалып, оны орындауға студенттің жағдайы мен мүмкіндігі болуы тиіс. СӨЖ тапсырмалары алған білімді жаңа жағдаятта қолдануды, жаңадан өздігінен білім алуды қажет ететіндей, студенттің танымдық қабілетін арттыратындай болуы шарт.

Студенттердің өзіндік жұмысты орындау барысында тек жалпы пән бойынша білім, білік пен дағдыны алып қана қоймайды, сонымен қатар мақсатты көздеу, жоспарлау, талдау, рефлексия, өз оқу әрекетіне өзіндік бақылау жасай алатын интеллектуалды ой- өрісі бар шығармашыл тұлға қалыптастыру. Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өз бетінше жұмысы 2 қызметті атқарады: кеңесшілік және бақылаушылық.

СӨЖ-ның кеңесшілік қызметі:

-үйге берген тапсырманы орындауда студентке көмек көрсетеді;

-студентке оқу бағдарламасын меңгеруге қажетті жұмыстың әдіс- тәсілдерін таңдауда көмектеседі;

-студент үшін қиын болған, шала түсінген оқу материалын қайта тыңдауға мүмкіндік береді;

-жіберілген сабақ бойынша оқытушыдан жеке кеңес алуға жол ашады;

-студентті ізденушілік, шығармашылық жұмыстарға бастайды.

СӨЖ-ның бақылаушылық қызметі:

-студенттің лекция, семинар дәптерлерін тексеруге, бақылауға мүмкіндік беріледі;

-студенттің жеке, дербес, дара ерекшелігін тануға жол ашылады;

-студенттің білім, білік, дағдысын бақылауға мүмкіндік ашылады.

СӨЖ- ді тиімді ұйымдастырудың педагогикалық шарттары:

1. Пән бойынша аудиториялық және өзіндік жұмыстың көлемінің өзара үйлесімділігі:

-сабақ кестесінің дұрыс құрылуы;

-СӨЖ көлемінің нақтылығы;

-студентке берілген тапсырманың оның мүмкіндігіне сәйкес келуі.

2. Әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету:

-оқу-орнының материалдық – техникалық базасын ескеру;

-оқу орнындағы электрондық залда бар әдебиеттердің ақпараттар қорын толық пайдалану (интернет көзі, электронды оқулық, электронды оқыту бағдарламалары және т.б.)

3. Студенттің дербес ерекшеліктерін есепке алу:

-тапсырма әрбір студенттің біліміне, қабілетіне сәйкес келуі шарт;

- тапсырма студентті шығармашылыққа жетелеуі тиіс;

4. СӨЖ-ді ұйымдастыруда тиімді әдіс- тәсілдерді таңдау:

- студенттің жұмысын белсендіру керек;

- студентті жұмысты тыңғылықты орындауға ынталандыру.

1-суретте студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар жүйесі ашылды.

1-сурет. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар жүйесі

 

 


5. СӨЖ студенттің өзін-өзін және мамандығының қыр- сырын ашуға бағытталуы шарт:

- СӨЖ тақырыптарын студенттің болашақ мамандығымен байланысты қарастыру қажет;

- СӨЖ тапсырмаларын орындау барысында студент өз қабілеттерінің ашылуына, мүмкіндіктерінің молаюына көз жеткізуі тиіс.

6. СӨЖ тапсырмаларының ғылыми- зерттеушілік бағытта болуы шарт:

- студенттің шағын ғылыми- эксперименттер қою арқылы болашақ мамандығының құпия жақтарын білуі тиіс;

- шағын ізденістер жүргізу барысында студент өз мамандығы саласындағы күрделі мәселені көре және шеше алуы мүмкін.

7. СӨЖ тапсырмалары студентті шығармашылыққа баулуы тиіс.СӨЖ тапсырмаларын дайындауға студентке дербестік беріледі, тақырыпты ашу үшін студент:

- эссе жазады;

- баяндама даярлайды;

- сөзжұмбақ құрастырады;

- глоссарий жасайды;

-шағын ғылыми жоба даярлайды.

8. СӨЖ тапсырмаларын орындауда студент дидактикалық құралдарды, жаңа ақпараттық технологияларды, телекомуникацияларды қолдануы тиіс:

-ғаламторға шығып, қажетті жаңа деректерді, тың жаңалықтар мен ақпараттарды алуы;

-электронды оқулықты пайдалануы;

- ақпарат банк қорын жасақтауы;

- жеке веб- сайт ашу;

- слайд даярлау;

- алынған материалды жүйелеу, сұрыптау, талдау.

9. Мониторингтік диагностика жүргізу:

- өзін-өзі анықтауы: қандай жаңалық аштым?

- өзін-өзі бағалауы: алған нәтижем қандай?

- өзін-өзі дамытуы: бұл менің қолымнан келеді ме?

10. СӨЖ-ның әдістемелік қамтамасыз етілуі. СӨЖ-ның әдістемелік қамтамасыз етілуінің бірден- бір жолы- кафедрада СӨЖ бойынша Web-сайт ашу.

Web-сайтта:

1. әр пән бойынша СӨЖ ұйымдастыру кестесі беріледі (СӨЖ алатын мерзімі, орны, оқытушының аты-жөні);

2. әр пән бойынша СӨЖ тапсырмалары;

3. СӨЖ- ын орындауға әдістемелік нұсқаулар беріледі;

4. әр апта сайын СӨЖ бойынша студенттің алған бағасы (электронды журнал) қойылады.

Алдыңғы жылғы студенттің осы тақырыптар бойынша студенттің ең үздік жұмыстары қойылады:

5. баяндама;

6. глоссарий;

7. эссе;

8. ғылыми жоба;

9. сөзжұмбақ;

10. слайдтар және т.б.

СӨЖ–ын дұрыс ұйымдастырғанда студенттің ғылыми жобасы әрі қарай курстық және дипломдық жұмысқа ұласуы мүмкін. СӨЖ-ді тиімді ұйымдастырудың үлгісі болашақ маманды кәсіби бағытта даярлаудың, жоғары оқу орнының оқыту мақсатының және пәнді оқьпу мақсатының талаптарына сай болуы тиіс. СӨЖ-ді ұйымдастырудың үлгісін жасау үлгісін бакылау (байқау), үқсастык (аналогия), талдау, жинақтау, абстрактілеу, әңгіме, сауалнама, тестілеу және тағы да баска тәсілдер колданылды. Әр тәсілді колданудың өз орны бар: айталык, бақылау тәсілінің нәтижесінде зерттеу объектісі туралы акпарат жиналды, үксастық тәсілін колдану аркылы осыған ұксас үлгілер қарастырылып, ұқсас негіздері аныкталып, оны жана үлгіге колдану қарастырыдды.Жоғары оку орнындағы әр пәнді оқытудың өзіндік максаты болады.

Пәнді оқыту технологиясы компонентінің құрамына диалоггық, ойын,тренинг және есептік технологиялары кіреді.

Пәнді оқьпу мақсаты, оның мазмүны жэне оқыту технологиясынан үлгінің келесі компоненттерінің - студенттің өздік жұмысын ұйымдастырудың сипаттамалары анықталады.

Кредиттік оқыту жүйесінің міндеті студенттердің өзін-өзі ұйымдастыру,өздігінен білім алу мүмкіндіктерін дамыту болып табылады. Сондықтан да студенттің өздік жұмысының мақсаты өздік жұмыстың міндеттерінде нақтыланып, оқыту пәнінің міңдеттеріне сәйкес болады. Ол - жоғары оқу орнында оқуға қажетті маңызды оқу-танымдық біліктер мен дағдыларды, ғылыми-зерттеу жұмысын жасау дағдысын, өздік жұмысты орындау іскерлігін (тапсырманың максатын айқындау, орындау алгоритмін кұру, оны орындаудың уақыты мен әрекетін жоспарлау, өзіндік бақылау жасау) қалыптастыру. Өздік жұмыстың мазмұнына оқыту пәнінің мақсаты мен мазмұны, СӨЖ-ді ұйымдастырудың қағидалары ыкпал етеді.

Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың технологиясы студенттердің жеке бас ерекшеліктері мен олардың нақты оқу мүмкіндіктеріне тәуелді болады. СӨЖ-ді ұйымдастыру технологиясы субъектілерге диагностика жасау, әрекет мақсатын қою, уақытты жоспарлау, тапсырманы бөлу (үлестіру), орыңдаушыларға нұсқама беру, студенттер әрекетін ынталандыру, аралық бақылау және тузету, қорытындыларды шығарудан тұрады

СӨЖ-ді тиімді ұйымдастыру үшін оқытушы оны ұйымдастырудың жүйелілік пен бірізділік, белсенділік, жекелей қарастыру, көрнекілік, үй тапсырмасының көлемі мен уақытын ғылыми негізделген түрде есептеу, түсініктілік сияқты қағидаларын білуі және басшылыққа алуы тиіс.

Қазіргі заманғы қоғамға өз бетімен,шығармашылықпен құлшына жұмыс істейтін, еркін де кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен анықтап және қолдана алатын кәсіби -маманның тұлғасы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру үрдісі жатады. Ол еліміздің жоғары оқу орыңдарында эксперимент түрінде ендірілген кредиттік окыту жүйесі арқылы жүзеге асады. Оқу үрдісінің тиімділігі оқыту сапасы мен білім алушының өздігінен жасайтын танымдық әрекеті арқылы анықталады. Кредиттік оқыту жүйесінде оқытушы мен студент білім беру әрекетінің еубъектілері болады. Сондықтан да, оқытушыға оқытудың казіргі заманғы интерактивті әдістерін меңгеру, окыту пән бойынша кешенді түрде силлабус даярлау, сабақтардың формаларын дұрыс таңдау, студенттің өздік жұмысын тиімді ұйымдастыру, таңдау бойынша курстар жүргізу, өздік жұмысты белсендіру, оқу үрдісін оқытудың кредиттік технологиясына сай ұйымдастыру, өзінін және студенттердің әрекетін бағалаудың өлшемдіктері мен тәсілдерін игеру, оқу үрдісін әдістемелік жабдықтау сияқты жаңаша әрекеттер мен талаптар қойылады. Оқытушының құзіреттілігі СӨЖ-дің тиімді ұйымдастырылуына үлкен ықпал етеді. Осыған орай кредиттік оқьпу жүйесінде студенттермен жұмыс жасаудағы оқытушы таныстырушы, бақылаушы-бағалаушы және сарапшы- консулътант функцияларын атқарады, оның рөлі мен ұстанымы- ұйымдастырушылық және қосымша болады.Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру және олардың оқу-танымдық әрекетін басқару студенттердің өз бетімен таным мен ғылымның әдістерін игеріп, тәсілдерін қолдануына ықпал етеді. Тұлғаны дамытуға бағытталған қазіргі заманғы білім беру жүйесі тек мемлекеттің ғана қажеттіліктеріне ғана емес, тұлғаның білім, әлеуметтік ­мәдени және рухани қажеттіліктеріне де бейімделуде. Білім берудің парадигмалары өзгерді: білім алушы өзінің мүдделері мен қабілетгерін ескере отырып, білімге деген кажеттіліктеріне сәйкес саналы түрде өзінің жеке білім алу траекториясын таңдайтын болады.Психология жэне педагогика ғылымдарының түрлі зерттеу нәтижелері кез келген әрекеттің оның ішінде өздік жұмыстың да мотивацияны ескермей дұрыс нәтижеге жетуі мүмкін еместігін көрсетеді. Әр студенттің жеке тұлғасының дамуына ықпал ету үшін студент пен оқьпушы бірлесе жұмыс істейтін өзара бірлесе әрекет ету мен қатынастар ғана оң мотивация туындатады.

Әрекет үрдісіндегі студенттің тұрақты қызығушылығы, өз әрекетінің мотивті ұғынуы, мойындауы және оқуға ынтасын, қызығушылығын өзін басқаруын кажет деген оның ішкі стимулдары ен күшті мотивация болып табылады. Қызығушылықты қалыптастыру әуелі оқу-танымдық қызығушылықтан басталып, біртіндеп теориялық қызығушылыққа ауысады, соңында кәсіби қызығушылықпен аяқталады. Өздік жұмыстың тиімді орындалуы тұрақты мотивацияға, яғни студенттің нәтижеге жетуге мүдделі болуына байланысты болады.

Студенттің өздік жұмысының мотивацияларының түрлері:

1. сыртқы мотивация - болашақ кәсіби карьерасының жоғары оқу орнындағы оқуына тәуелділігі, бұл фактор енді ғана күш алып, өзін танытып келеді.

2. ішкі мотивация - студеттің оқуға құлықтылығы, ЖОО-да оқуға қабілеттілігі, оқитын мамандықты өз қалауымен талдауы, ата-ана, жолдастарының алдында сенімін жоғалтпау үшіп жауапкершіліктің болуы.

Процессуалды (оқу) мотивация. Студенттің өзінің орындайтын жұмысының пайдалылығын түсінуі. Студентті өздік жұмысты орындаудың маңызды әрі оған қажет екендігіне психологиялык жағынан әрі кәсіби дайындык, әрі маманның ой-өрісін, эрудициясын кеңейту тұрғысынан баптау қажет.

Белгілі жағдайлар мен мотивацияның деңгейі үйлескен жағдайда білім сапасының артуымен сипатталатын студенттердің танымдық белсеңділігі жоғары болады. Сондықтан танымдық қызығушылықтарын қаггыптастыруға эсер ететін әдістемелік тэсілдер мен стимудцарды жасауда студенттің өздік жүмысын жүйе ретінде қарастыру қажет.

Үлгінің маңызды компоненттерінің бірі - оздік жұмысқа мониторинг жасау. Ол студенттердің күңделікті өздік жұмыстарын бақылау нәтижесін есепке алу ғана емес, ол нәтижелерді талдау барысында жаңадан шешім шығару үшін түлғаны дамытута бағытталған оқу үрдісінде қатысушы барлық субъектілердің әрекеттерін, оларға әсер ететін ортаның объективті факгорларының сипаты мен дәрежесі туралы толық жедел және шынайы акпарат алу арқылы оқу-әдістемелік жұмыстарды жаңаша ұйымдастыру, өздік жұмыстардың мазмұнын жаңалау болып табылады. Мониторинг барысында оқьпушы да, студент те өз әрекеттеріне, білімдеріне және өз оқу әрекеттерінін ұйымдастырылуына өзіндік бақылау жасай атады.

Студентгер өздік жұмысты орындау барысыңда тек жалпы пән бойынша білім, білік пен дағдыны алып қана қоймайды, сонымен қатар мақсатты көздеу, жоспарлау, талдау, рефлексия, өз оку-әрекетіне өзіңдік бағалау жасауды ұйымдастырудың білімі мен білігін алады.

Студенттің оқу-танымдық кузіреттілігін қалыптастыру жүмысыньщ нэтижелі болуы және өздік жүмыстың тиімді уйымдастырылуы тек өздік жүмыстың жүйесіне ғана емес, сонымен қатар, мына иедагогикалық шарттардың орындалуына да байланысты:


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 535 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КУРС САЯСАТЫ 4 страница | КУРС САЯСАТЫ 5 страница | Баланы жетектеу. | Гегель. | Акселерация. | Принцип. | Интеграция. | М. Чошанов. | Аттестациялау. 1 страница | Аттестациялау. 2 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аттестациялау. 3 страница| Аттестациялау. 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)