Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

КУРС САЯСАТЫ 1 страница

Читайте также:
  1. Amp;ъ , Ж 1 страница
  2. Amp;ъ , Ж 2 страница
  3. Amp;ъ , Ж 3 страница
  4. Amp;ъ , Ж 4 страница
  5. Amp;ъ , Ж 5 страница
  6. B) созылмалыгастритте 1 страница
  7. B) созылмалыгастритте 2 страница

1. Білімгердің сабаққа саналылықпен, шын ниетімен қатысуы.

2. Білімгер оқу үрдісінде белсенділік танытулары, «субъект-субъект» қатынасын ұстауы қажет.

3. Үй тапсырмасын өз уақытында сапалы орындау.

4. Тапсырманы орындамаған жағдайда қорытынды бағасы төмендетіледі.

5. Сабақтан себепсіз қалмау, қалған жағдайда себебін анықтайтын анықтама қағазын көрсету. Жіберілген сабақтарды оқытушымен келісілген уақытта өту.

6. Сабақ уақытында бос әңгімемен айналыспау, газет оқымау, телефонды сөндіру, сағыз шайнамау. Сабаққа кешікпеу.

7. Білімгерлердің институттың ішкі тәртіп ережесін сақтауы қажет.

8. Институт қабырғасында болашақ мұғалімге жат барлық жаман әдеттерден аулақ болу.

9. Толеранттық және «полимәдениеттілік» тәрбиені ұстау, коммуникативті болу.

10. Оқытушылар мен курстастарына қатысты педагогтік әдеп пен этиканы ұстану.

11. Пунктуальды және міндетті бола білу.

12. Сабаққа күнделікті қатысу.

13. Барлық сабақтарда кері байланысты қолдау.

14. Сабақтан себепсіз қалудан қашу.

15. Алкоголдік ішімдіктер қолданбау.

10.1. Академиялық мінез-құлық пен этика саясаты

ЖОО-ның ішкі тәртіп негізінде, білімгердің этикалық кодексі негізінде төмендегіше анықталады: 1. Оқытушы, жолдастары мен қызметтестермен сыйластықта болуы керек.

2. Институт, факультеттің барлық тәрбиелік іс-шараларына ат салысу.

3. Институттағы мінез-құлық мәдениетін қолдау.

4. Оқу корпусында тазалық сақтау

10.2. Сабақтарға қатысу саясаты

1. Сабақтан қалмау.

2. Әр сабаққа дайындалу.

3. Белсенді түрде сабақта өзін-өзі көрсету.

4. Сабақтан қалғаны үшін келесі айып түрлері салынады:

- себепсіз сабақта болмағаны үшін 50 балл алынады;

- семинар сабағында болмағаны үшін 50 баллдан алынады;

- курс компоненттері міндетті және оқытушы белгіленген уақытта өткізіледі;

- кешіккендерден тапсырмалар қабылданбайды.

 

4. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі

 

Оқулық және оқу құралының атауы Білімгерлер контингенті Бар (данамен)
Кітапханада Оқу залында Кафедрада
  Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.        
  Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Алматы, 2002. -384 б.       -
  Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын,2004.-152 б.        
  Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. -Алматы: Дарын, 2004.-448 б.        
  Сабыров Т.С. Оқыту теориясы. – Алматы, 2000.       -
  Коджаспирова Г.М. Педагогика. –М.: Гардарики, 2007. -528 б.       -
  Пидкасистый П.И. Педагогика. -М.: Высшее образование, 2007.       -
  Ситаров В.А.Дидактика. –М., 2002.       -
  Харламов И.Ф. Педагогика. – М.: Гардарики, 2007       -
  Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.       -
  Сластенин В.А., Исаев И.Ф. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.       -
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.       -
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы пед-қ ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.       -
  Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.       -
  Құлшанова С. Мектеп педагогикасы.–Алматы,2005.       -
  Сұлтанова Ғ. Педагогика. –Алматы, 2007.       -
  Бегалиев Т. Педагогика. -Тараз. 2001.       --
  Қалиев С.Майғаранова Ш.Нысанбаева Г. Тәрбие хрестоматиясы.-А, 2001.       -
  Подласый И.П. Педагогика. –М.:Высшее образован. 2007       -
  Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. –Алматы, 2008.       -
  Бекмагамбетова Р.К. Дидактика. –Алматы, 2010.       -
  Бұзаубақова К.Ж. Жаңа пед-қ технология.- А., 2004.       -

5. Лекциялық кешен

1 БӨЛІМ. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ

Лекция 1. Тақырыбы: Педагогика - адам туралы ғылымдар жүйесінде

Жоспары:

1. Педагогика ғылымы жөнінде жалпы түсінік

2. Педагогиканың даму кезеңдері

3. Педагогиканың обьектісі, пәні және қызметтері

4. Педагогиканың категориялық аппараты

5. Педагогика ғылымының салалары мен басқа ғылымдармен байланысы

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Педагогика - адам туралы ғылымдарға жататындығын түсіндіру.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Ақпараттық: педагогика ұғымы, даму кезеңдері, атқаратын қызметтері мен басқа ғылымдармен байланысы туралы ақпарат беру.

2. Коммуникативтік: білімгерлерді тәрбие туралы өз ойларын ұсына отырып түсіндіру немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарында дәлелдеуге үйрету.

3. Проблеманы шешу: қажетті жағдайларды жасау арқылы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға, жобалау қабілеттерін дамыту.

Негізгі әдебиеттер

Оқулықтың, оқу құралы, әдiстемелiк нұсқаулары, аты, авторы, басылымы және шыққан жылы
  Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.
  Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика.–Алматы,2002.-384.
  Қосымша әдебиеттер:
  Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.
  Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.
  Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.
  Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. –Алматы, 2005.
  Сұлтанова Ғ. Педагогика. –Алматы, 2007.
  Бегалиев Т. Педагогика. -Тараз. 2001.

Педагогика ғылымы жөнінде жалпы түсінік

«Педагогика» ұғымы «пайдагогос» («paіda» - бала,«gogos»- жетектеуші) деген грек сөзінен шыққан. Педагогикалық еңбектерде бұл ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған делінген. Ертегі Грецияда қожасының баласын қолынан ұстап, жетелеп мектепке алып барушы құлды педагог деп атаған, ал баланы мектепке оқымысты басқа құл оқытқан. Қоғамның дамуына байланысты баланы оқытатын тұлғаның рөлі түбірімен өзгерді. Бүгінде «баланы өмірге жетелеу» өнері ретінде қабылданатын бұл ғылым, баланы тәрбиелеу, оқыту, оның рухани дамуына және дене жағынан дамуына бағыт беру өнері ретінде түсіндірілетін болды. Сондықтан да баланы тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым педагогика деп аталады. Педагогика - бұл адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады.

Педагогиканың даму кезеңдері

Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті. ХХ ғасырдың ортасына дейін педагогика баланы оқыту және тәрбиелеу туралы ғылым ретінде танылды.

Педагогиканың обьектісі, пәні және қызметтері

Педагогиканың обьектісі, пәні және қызметтері педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын жəне оның бағыт-бағдарын көрсетеді. Сонымен қатар педагогиканың атқаратын қызметтерін ғалымдар теориялық және технологиялық (практикалық) деп екіге бөледі.

Педагогиканың категориялық аппараты

Педагогиканың негізгі ұғымдарына тәрбие, білім беру, оқыту жатады. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз. Педагогикалық ұғымдардың негізгісі - тәрбие. Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі. Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі. Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И.Песталоцци. Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді.

2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.

Педагогиканың жеке категорияларына «даму», «өзін-өзі тәрбиелеу», «ептілік», «дағды», «қалыптасу», «жеке тұлға», «әлеуметтену», «қайта тәрбиелеу», «педагогикалық процесс», «іс-әрекет» ұғымдары жатады.

Педагогикалық ғылымдардың жүйесі

Педагогика ғылымының жүйесін немесе салаларын жіктеу процесі белсенді түрде жалғасын табуда. Соңғы жылдары педагогиканың бұрын болмаған салалары өзінің қажеттілік маңызымен көзге ілінуде.

 

Лекция 2. Тақырыбы: Педагогиканың әдіснамалық және аксиологиялық негіздері.

Жоспары:

1.Педагогика ғылымының әдіснамасы,философиялық негіздемелері

2. Педагогикалық зерттеу әдістері, оларды жіктеудің өлшемдері

3. Педагогикалық зерттеулердің құрылымы, логикасы

4. Педагогиканың аксиологиялық негізі, құндылықтар жүйесі

5. Педагогикалық неология, праксиология

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Педагогика - ғылымының әдіснамасын түсіндіру.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Ақпараттық: әдіснама ұғымы, педагогикалық зерттеу әдістері, аксиологиялық негізі, құндылықтар жүйесі туралы ақпарат беру.

2. Коммуникативтік: білімгерлерді әдіснама туралы өз ойларын ұсына отырып түсіндіру немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарында дәлелдеуге үйрету.

3. Проблеманы шешу: қажетті жағдайларды жасау арқылы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға, жобалау қабілеттерін дамыту.

Негізгі әдебиеттер

Оқулықтың, оқу құралы, әдiстемелiк нұсқаулары, аты, авторы, басылымы және шыққан жылы
  Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.
  Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика.–Алматы,2002.-384.
  Қосымша әдебиеттер:
  Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.
  Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.
  Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.
  Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. –Алматы, 2005.
  Сұлтанова Ғ. Педагогика. –Алматы, 2007.
  Бегалиев Т. Педагогика. -Тараз. 2001.

 

Педагогикалық ғылымының әдіснамасы, философиялық негіздемелері

Әдіснама - әдістер туралы ілім. Әдіснама-грек сөзінен алынған «зерттеу» деген мағына білдіреді, яғни «әдіс туралы ғылым». Ғылымның әдіснамасы - ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды және ғылыми әдіснаманың негізін Гегель салды. Әдіс термині гректің «мetodos» деген сөзінен алынған, ол «білімге жол ашу» дегенді білдіреді. Әдіс қандай жоба, жол көмек арқылы мақсатқа жетуді анықтайды, шешеді немесе дәлелдейді. Әдіс – ұсынады, өзімен әртүрлі тану жолдарын және практикалық операцияны, жан-жақтығылық білімдерді көрсетеді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.

Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г.Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық, технологиялық. Әдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Жалпы ғылымдық әдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолдануы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Нақтылық ғылыми әдіснама қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды.

Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне байланысты əрқилы ғылымдар əдіснамасы сипатында көптеген философиялық бағыт-бағдарлар, теориялық көзқарастар бір қатар жасауда. Солардың ішінен бүгінгі педагогикада өз орнын тапқан келесі философиялық білімдерді ажыратуға болады: экзистенциализм, прагматизм, неотизм, позитивизм, неопозитивизм, т.б.

Педагогикалық зерттеу әдістері, оларды жіктеудің өлшемдері Педагогикалық зерттеудің әдістеріүш топқа бөлінеді: теориялық, эмпирикалық, әдіснамалық зерттеу әдістері.

Педагогикалық зерттеулердің құрылымы, логикасы

Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі.

Зерттеу ізденістерінің логикасы педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштерден: зерттелуге тиіс проблема, тақырып, зерттеу өзектілігі, нысан, пәні, мақсат, міндеттері, болжам, қорғалуы тиіс идеялар, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы.

Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың модельдері ұсынылады.

Қолданбалы зерттеулер - бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер.

Болжам жобалау - бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.

Педагогиканың аксиологиялық негізі, құндылықтар жүйесі

ХХ ғасырдың 80-жылдарында инновациялық іс-әрекеттің басым бағыттары анықталынды, әсіресе алдыңғы қатарлы озат іс-тәжірибенің мән-мағынасын ғалымдар В.А.Кан-Калик, Ю.Н.Кулюткин, Г.С.Сухобская, Н.В.Кухарев, Я.С.Турбовской, Ф.Ш.Терегулов, Л.М. Фридман, К.Н. Волков, Ш.Т.Таубаева және т.б. ашты және олардың негізгі түрлері анықталынды.

Педагогикалық неология, праксиология

Педагогикадағы «жаңаның» мағынасы, мәні, формасын анықтау педагогикалық неологияның пәні болып табылады, неология педагогикадағы инновациялық процестің мәнін ашып көрсетуге көмектеседі. Сол себепті педагогикада «инновациялық процесс» пен «педагогикадағы жаңалық» ұғымдары бір-біріне синоним ретінде қарастырылады.

Аксиологияның негізгі ұғымы құбылыстың мәдени-әлеуметтік мағынасын ашатын «құндылық» болып табылады. Тәжірибеге жүгінсек, аксиология үшін құнды нәрсе тек қана педагогикалық және ғылыми-педагогикалық құбылыстардың құндылығын анықтау ғана емес, сондай-ақ оларды бағалау критерийлерін де анықтау: жаңашылдық деңгейі, өзектілігі, теориялық және практикалық құндылықтары. Педагогикалық құндылықтарды бағалау критерийлері өте күрделі, себебі жаңалықтың өмірге келуі мен оны жүзеге асырудағы субъектінің рөлі өте маңызды болып табылады.

Праксиологияның негізін қалаған поляк ғалымы Т.Котарбинский болды, ол адамның барлық іс-әрекетінің заңдылықтарын анықтап, соның негізінде адами іс-әрекеттердің жалпы ережелерін ашуға тырысты. Праксиология іліміне сәйкес, жаңаны практикаға ендіру мәселесі мен оның әртүрлілігіне жаңаша қарау қажет.

Құндылықтар: Адам, Өмір, Денсаулық, Отбасы, Отан, Еңбек, Білім, Мәдениет, Бейбітшілік, Жер, Адамзат, Даму, Ар-ұят, Еркіндік, Бақыт, Еңбек, Өмір, Ақиқат, Жақсылық, Әділеттілік, Табиғат, Қоғам, Таным, Теңдік, Бауырластық, Сұлулық, Қарым-қатынас, Ойын.

Қазақстандық ғалымдар білім мен тәрбие беруді дамытуда жалпы адамзаттық ұлттық құндылық тенденцияларына ғылыми-теориялық, әдіснамалық бағытта әр қырынан зерттеу (Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, Қ.Б.Жарықбаев, А.А.Бейсенбаева, С.А.Ұзақбаева, Т.Сапабекова және т.б.) жүргізіп келеді.

Құндылықтарды игеру механизмі адамның өзін-өзі айқындау құндылығы арқылы жүзеге асады. Өзін-өзі айқындаудың алғашқы кезінде оқушы игеретін құндылықтардың мәнін аша келе, адамгершілік құндылық бағдарына ие болады. Бұдан келіп, оқушы өз бойындағы өзін-өзі айқындаудың адамгершілік құндылықтарын басқалардың адамгершілік құндылықтарын және адамгершілік құндылық бағдарлары негізінде іс-әрекеттері мен қарым-қатынасы ұйымдастыруын салыстырады, әрекеттер мен мінез-құлыққа талдау жасау барысында ол адамгершілік құндылықтарды анықтап, оның өзін-өзі айқындап жүзеге асады.

Лекция 3. Тақырыбы: Тұтас педагогикалық үрдіс.

Жоспары:

1. Тұтас педагогикалық процесс, компоненттері, қызметтері.

2. Тұтас пед. процестің заңдылықтары мен принциптері.

3. Тұтас педагогикалық процестің қозғаушы күші, педагогикалық жағдаят, шешу жолдары

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Тұтас педагогикалық процесс туралы түсіндіру.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Ақпараттық: педагогикалық процесс ұғымы, педагогикалық процестің қозғаушы күші туралы ақпарат беру.

2. Коммуникативтік: білімгерлерді педагогикалық процесс туралы өз ойларын ұсына отырып түсіндіру немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарында дәлелдеуге үйрету.

3. Проблеманы шешу: қажетті жағдайларды жасау арқылы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға, жобалау қабілеттерін дамыту.

Негізгі әдебиеттер

Оқулықтың, оқу құралы, әдiстемелiк нұсқаулары, аты, авторы, басылымы және шыққан жылы
  Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.
  Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Алматы, 2002. -384 б.
  Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын,2004.-152 б.
  Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. -Алматы: Дарын, 2004. -448 б.
  Сабыров Т.С. Оқыту теориясы. – Алматы, 2000.
  Коджаспирова Г.М. Педагогика.–М.:Гардарики,2007.-528 б.
  Қосымша әдебиеттер:
  Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.
  Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.
  Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.
  Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. –Алматы, 2005.
  Сұлтанова Ғ. Педагогика. –Алматы, 2007.
  Бегалиев Т. Педагогика. -Тараз. 2001.

Тұтас педагогикалық процесс, компоненттері, қызметтері


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 1330 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Деканы М.П.Оспанбаева | Курсты сипаттау | КУРС САЯСАТЫ 3 страница | КУРС САЯСАТЫ 4 страница | КУРС САЯСАТЫ 5 страница | Баланы жетектеу. | Гегель. | Акселерация. | Принцип. | Интеграция. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КУРС САЯСАТЫ| КУРС САЯСАТЫ 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)