Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Саяси жүйе

Читайте также:
  1. Ан жасау жүйесінің аурулары бар науқастарда жалпы бейспецификалық симптомдардың болуы неге байланысты?
  2. Ас қорыту жүйесі тесттік емтихан сұрақтары
  3. Вакуумдық жүйе
  4. Газдық қоспаны беру жүйесі
  5. Жаңа замаңдағы саяси ілімдер тарихы және қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер
  6. Зәр шығару жүйесі емтихан тесттері
  7. Магнетронды тұндыру жүйесі

1 Билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы:

A) саяси процесс

B) саяси партия

C) саяси жүйе

D) саяси билік

E) саяси тәртіп

2 Саясаттануды жүйеге бөлу әдісінің өкілдері:

A) Д. Истон, Г. Алмонд

B) Н. Макиавелли, Ж.Ж. Руссо

C) Г. Моска, Р. Михельс, В. Парето

D) Г. Лассуэлл, В. Гэттсмен

E) М. Гравитц, Р. Даль

3 Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктеріне кірмейтін көрсетіңіз:

A) топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетін басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі

B) өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі

C) қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік белгілерді бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі

D) әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі

E) рухани байлықтарды бөлу мүмкіндігі

4 Қоғамның саяси жүйесінің құрылымына кірмейтін бөлікті алып тастаңыз:

A) саяси ережелер

B) саяси институттар

C) саяси қатынастар

D) саяси мәдениет

E) саяси идеология

5 Саяси институттарға кірмейтін бөлікті алып тастаңыз:

A) кәсіподақтар

B) оқу орындар

C) саяси партиялар

D) мемлекет

E) діни орындар

6 Қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты:

A) кәсіподақтар

B) ғылыми-техникалық қоғамдар

C) саяси партиялар

D) мемлекет

E) діни орындар

7 Бұл саяси институт қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды:

A) кәсіподақтар

B) ғылыми-техникалық қоғамдар

C) саяси партиялар

D) мемлекет

E) діни орындар

8 Осы саяси институтта арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу органдары болады:

A) мемлекет

B) ғылыми-техникалық қоғамдар

C) саяси партиялар

D) кәсіподақтар

E) діни орындар

9 Бұл саяси институт мемлекеттік билікті іске асыруға саяси жүйені, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат салысады:

A) кәсіподақтар

B) ғылыми-техникалық қоғамдар

C) саяси партиялар

D) мемлекет

E) діни орындар

10 Бұл саяси институт еңбекшілердің заңды талаптарын қорғайды, еңбек заңдарының қатаң сақталуын қадағалайды:

A) кәсіподақтар

B) ғылыми-техникалық қоғамдар

C) саяси партиялар

D) мемлекет

E) діни орындар

11 Топтардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар:

A) саяси ережелер

B) саяси институттар

C) саяси қатынастар

D) саяси мәдениет

E) саяси идеология

12 Саяси жүйедегі құқықтық нормалар, Конституция, заңдар жинағы, әдет-ғұрып өнеге ерекшеліктері қандай бөліктің құрамына кіреді?

A) саяси ережелер

B) саяси институттар

C) саяси қатынастар

D) саяси мәдениет

E) саяси идеология

13 Саяси сана мен іс-әрекетте, көзқарастарда, идеялар мен теорияларда көрініс беретін, әдебиет пен өнер рухани өмірдің құндылығының жиынтығы:

A) саяси ережелер

B) саяси институттар

C) саяси қатынастар

D) саяси мәдениет

E) саяси идеология

14 Төменде берілген саяси жүйе қызметтеріне қатысы жоғын көрсетіңіз:

A) қоғам дамуының мақсат-міндеттері мен жолдарын анықтау

B) материлдық және рухани құндылықтарды бөлу

C) қоғамдағы адамдар мен топтардың мінез-құлқын анықтаушы заңдар мен ережелерді дайындау

D) демографиялық қызмет

E) саяси сананы қалыптастыру, қоғам мүшелерін саяси қатысу мен қызметке тарту

15 Қоғам дамуының мақсат-міндеттері мен жолдарын анықтау, қабылданған мақсаттар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қоғам қызметін ұйымдастыру, материлдық және рухани құндылықтарды бөлу қай саяси бөліктің негізгі қызметтері болып табылады?

A) саяси процесс

B) саяси партия

C) саяси жүйе

D) саяси билік

E) саяси тәртіп

16 Саяси өмірдің негізінде не жатыр?

A) саяси процесс

B) саяси партия

C) саяси жүйе

D) саяси іс-әрекет

E) саяси тәртіп

17 Саяси іс-әрекеттің дұрыс емес белгісін алып тастаңыз:

A) саяси іс-әрекет топтық және ұжымдық түрде жүзеге асады

B) саяси іс-әрекет маңызды қоғамдық мақсаттарды көздейді

C) саяси іс-әрекет қарама-қарсы және сәйкес мүдделерді қарастырады

D) саяси іс-әрекет дүниежүзілік немесе шектелген қалыпта болады

E) саяси іс-әрекет тек жекеше түрде жүзеге асады

18 Саяси іс-әрекеттің мақсаттарын көрсетіңіз (дұрыс емесін алып тастаңыз):

A) үкімет құрамын өзгерту

B) қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымын өзгерту

C) қоғамның саяси құрылымын өзгерістер еңгізу

D) қабылданған шешімдер мен жарлықтарды өзгерту

E) адамға ұнамайтын нәрселерді өзгерту

19 Саяси жүйенің ұлттық-мемлекеттік саяси деңгейі:

A) әлемнің ірі аумағын біріктіретін саяси жүйе – Евроодақ, ОПЕК, ШОСС және т.б.

B) белгілі бір мемлекеттің саяси жүйесі

C) локальды саяси жүйе

D) әлемдегі барлық мемлекеттердің саяси жүйесі

E) дұрыс жауабы жоқ

20 ҚР саяси жүйесі қандай деңгейге кіреді?

A) саяси жүйенің федеральді деңгейі

B) саяси жүйенің аумақтық деңгейі

C) саяси жүйенің жергілікті деңгейі

D) саяси жүйенің ұлттық-мемлекеттік деңгейі

E) саяси жүйенің конфедеральді деңгейі

 


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 264 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Саясаттану теориясы | Жаңа замаңдағы саяси ілімдер тарихы және қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер | Референдумға қатысу қай жылдан рұқсат етілген? | Саяси сана және идеология | Адам және саясат | Cаяси элита | Cаяси басшы | Cаяси процесс | Лемдік саясат және халықаралық қатынастар | Cаяси партия |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Саяси билік| Саяси тәртіп

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)