Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Теориялық негіздеме. Жазық басылымның офсеттік формаларын жасау, негізінен басылым және ашық

Читайте также:
  1. Теориялық бөлім
  2. Теориялық бөлім
  3. Теориялық бөлім
  4. Теориялық бөлім
  5. Теориялық мәліметтер
  6. Теориялық мәліметтер
  7. Теориялық мәліметтер

Жазық басылымның офсеттік формаларын жасау, негізінен басылым және ашық элементтердің учаскелерінде молекулалық-беттік қасиеттері жағынан әр түрлі адсорбциялық қабаттар пайда болуына байланысты негізделген. Басылым элементтің олеофильді қабаты майлы бояуды қабылдап, ал ашық элементтердің гидрофильді қабаты ылғалды күйде бояуды өзіне қабылдамайды. Осыған байланысты барлық элементтері бір жазықтықта жатқан формадан басу мүмкіндігі туады.

Басу процесі кезінде басылым және ашық элементтер физико-химиялық қасиеттерін сақтау және де механикалық ақауларды болдырмау шарттарын тудыру қажет. Бұл офсеттік басуда басылым элементтерге бояуды жақпас бұрын, ашық элементтерді арнайы ерітіндімен ылғалдандыру арқылы жүзеге асырылдады. Бояу қабатынан қалыптасқан бейне басылым формасынан офсеттік покрышкаға, ал одан басылым материалына беріледі.

Басу процесі кезінде офсеттік бояуға ылғалдандырғыш ерітінді қосылып кетуі мүмкін. Осының салдарынан туындайтын эмульсияны болдырмау үшін «бояу-су» балансын ұстау арқылы қол жеткізуге болады. Егер бұл баланс болмаса, ылғалдандырғыш ерітінді бояумен әсерлесіп «су-май» типтес эмульсиясын тудырады. Бұл таңбаны әсерлі өзгеріске әкеп соқтырады. Бояу немесе оның жеке компоненттері ылғалдандырғыш ерітіндіге түсетін болса, «май-су» типтес эмульсиясы пайда болады да, ашық элементтердің тұрақтылығы төмендейді. Ашық элементтердің тұрақтылығының төмендеуі форманы арнайы өңдеу арқылы жоюға болатын «көлеңкелену» немесе тек форманы ауыстыру арқылы жойылатын, қайтымсыз процесс болып табылатын «майлану» арқылы жүреді.

Кіші форматты машиналарда тұтқырлығы жоғары емес, эмульсиялануға тұрақтылығы жоғары бояулар қолданылады.

Кіші форматты машиналарда басылатын өнімнің сипатына қарай офсеттік қағаз №1,2, жылтыр немесе газеттік қағаздар қолданылады.

Ылғалдандырғыш ерітінді басу процесі кезінде ашық элементтердің гидрофильдідігін тұрақты ұстап тұру үшін қажет. Бұл ылғалдандырғыш ерітіндінің РН мәніне және құрамына байланысты болып келеді. РН мәні аз болса, бояудың бекітілу процесі баяулайды, ал жоғары кезде ашық элементтердің «көлеңкеленуі», «майлануы» болып, бояудың эмульсиялану қаупі жоғарлайды.

Кіші форматты машиналарда натрий фосфор қышқылы немесе глицерин қосылған фосфор қышқылы негізіндегі ылғалдандырғыш ерітінді РН 5,8 фольга үшін, РН 6,5-7 гидрофильді қағаз үшін қолданылады.

Кіші офсеттік басу машиналары әмбебап, тиімді, жедел өндірістік процесске қолдану талабына толықтай жауап береді. Олар форманы дайындау қарапайымдылығы, басу формасының арзандылығы, ауыстыру бекіту, приладкаға, басқада көмекші жұмыстарға уақыттың аз кетуі, қарапайымдылығы, жоғары өнімділігі арқылы сипатталады.

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 169 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Теориялық негіздемесі | Теориялық негіздемесі | Теориялық негіздемесі | Теориялық негіздеме | Теориялық негіздемесі | Осымша құрығылары. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Цифрлық фотокамераның құрылымдық тетіктері мен жұмыс істеу принципі.| Жұмыстың орындалу тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)