Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шетелдердегі демографиялық ахуал

Шетелдерде ұлттың қартаюы және өмір ұзақтығы проблемасы айрықша өзекті болып отыр.

Өмір ұзақтығы барынша жоғары елдер рейтингінде Андорра (Франция мен Испания аралығындағы Пернейде орналасқан мемлекет, орташа өмір ұзақтағы 83,5 жылға дейін) көш бастап келеді. Ел екінші дүниежүзілік соғыстан кейін айтарлықтай гүлденді, бұған дейін ол оқшау және кедейлік жағдайында болған еді.

Жапония, Макао (Қытайдың айрықша әкімшілік ауданы), Сан-Марино мен Сингапурда өмір ұзақтығы жоғары.

Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан Африка елдеріндегі адамдар ең аз өмір сүреді. ЖҚТБ ауруы, аштық пен азамат соғыстары халықтың 35 жасқа жетпей өлуіне әкелді. Свазиленде елінде адамдар тым ерте өледі, ондағы орташа өмір ұзақтығы 34,1 жылды құрайды. Замбия, Ангола, Либерия және Зимбабвадағы ахуал бұдан сәл жақсы.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап қазіргі кезге дейін Ресейде халық санының күрт төмендеуі байқалып отыр. РФ Мемлекеттік статистика комитеті мен демограф Е. Андреевтің болжамы бойынша халық санының азаю серпіні мынадай: 2010 ж. – 138,7 млн. адам; 2020 ж. – 131,2; 2030 ж. – 121,1; 2040 ж. – 108,3; 2050 ж. – 93,8 млн. адам.

РФ денсаулық сақтау министрінің мәлімдемесі бойынша 2011 жылға халық санының құлдырауын 143 млн. деңгейінде ұстап тұру жоспарлануда. Әр жыл сайын Ресей халқы 700–150 мың адамға азайып отыр. Халық санын 2011 жылы 143 млн. адам деңгейінде ұстау арқылы тұрақтандырудың негізі жоқ. Бірқатар себептер бойынша, ең бірінші Ресей халқы санының мониторингі деректері бойынша қазіргі кездегі халық саны 143 млн. адам, яғни 2011 жылы азаю саны және 3 млн. адамды құрайды. Осылайша, үміттене отырып есептегеннің өзінде 2011 жылы Ресейліктер саны 140 млн. адамды құрайды.

 

 

46.Адамзат дамуының индексінің мазмұны мен халықаралық салыстырудағы рөлі. Адами Даму Индексі (АДИ) адамдардың дамуы бойынша мемлекеттерді салыстыратын индекс. Ол бойынша мемлекеттің даму дамымағандығы өлшенеді. Көбінесе АДИ индексіне қарап мемлекеттерді дамыған, дамушы және дамымаған болып бөледі.

АДИ адамның өмір ұзақтығын, білімін, әріп тану және адам басына шаққандағы ЖІӨ өлшемдерін біріктіреді. Индекс адамның жалпы даму деңгейін көрсетеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы АДИ-дың даму деңгейін адамдардың таңдау қыбілеті, білім алу мүмкіншіліктері, денсаулық сақтауға арналған, табыс табу мен жұмыс жағдайлары сияқты факторларды есепке алатын үрдіс деп атайды.


АДИ үш басты қағидалардан тұрады:

· Өмір Ұзақтығы - Халық денсаулығы мен ұзқтығын өлшейді

· Білім деңгейі мен білім беру жүйесі

· Өмір сүру стандарты, адам басына шаққандағы жалпы ішкі өніммен өлшенеді

Бұл адам даму индексіне қарасты елдер тізімі. 2008 жылдың желтоқсанның 18 шыққан тізім 2006 жылдағы статистикалық мәліметтер негізінде құрастырылған. Тізім 177 елден құралған.

Елдер Адами Даму Индексі негізінде үш кең категорияға бөлінеді: жоғары, орташа және төмен адам дамуы. 2008 жылдың 18 желтоқсанында жаңа тізбек шықты. Халық арасында статистикалық жаңарту деп аталып кеткен тізбе осы жолы қосымша түсіндірмесіз шыққан. Жаңарған тізбек аларман қабілет тепетендігінің (АҚТ) жаңадан шыққанына байланысты басылды. [1] Осы жаңарған тізбекте Қазақстан бірнеше қадам көтеріліп, АДИ индексіне сәйкес орташа дамыған елдері арасынан жоғары дамыған елдері қатарына қосылды. Адам дамуының интегралдық көрсеткіштері

1987 жылы БҰҰ-ның дамуды жоспарлау жөніндегі комитеті құрылымдық қайта құрудың адам шығынын 1988 жылғы өз баяндамасында қарауға шешім қабылдады. Осы баяндаманы дайындау кезінде М.Уль-Хаканың басшылығымен жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін «Адам әлеуетінің дамуы: даму стратегиясының ұмытылған өлшемі» деген тақырыппен жарияланған баяндаманың жобасы түрінде К. Гриффин дайындаған еді. Кейін К. Гриффин Джон Найтпен (Griffin K. and Knight J.) бірге жұмыстың нәтижелерін 1989 жылы «Дамуды жоспарлау журналының» арнайы нөмерінде басып шығарды және 1990 жылы кітап түрінде қайта басып шығарды. Бұл жұмыстар адамның дамуына тұжырымдамалық тәсілдеменің негізіне жатқызылды.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 362 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)