Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кедейшілік және адами даму

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму контекстіндегі гендерлік саясаттыңмәні
  5. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  6. Адами дамудағытұжырымдықтәсіл
  7. Адами дамуды жетілдірудегі мемлекеттің рөлі

Бұрын айтылғандай, кедейшілік әр түрлі нысанда кез келген қоғамда бар. Кедейшілікті адам құқықтары көзқарасы тұрғысынан талдай отырып, әлемдегі мемлекеттер мен халықтар арасында қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларына байланысты адам дамуының проблемалары әсіресе кең таралғанын көруге болады. Басқаша айтқанда, кедейшілік проблемасы әмбебап және жіті назар аударудың жаппай объектісі болып табылады. Сонымен қатар кедейшіліктің бір мағыналы анықтамасы жоқ: ол өзінің табиғаты бойынша даулы және ұдайы зерттеліп, нақтыланып отырады.

Кедейшілікті зерттеу мен өлшеудің алғашқы салмақты әрекеттерін ХІХ ғасырдың соңына қарай Ұлыбританиядағы Ч. Бут пен С. Роунтри сияқты ғалымдар жүзеге асырды. ХХ ғасырдың 60-жылдарының аяқ шенінен бері қарай әлеуметтік теңсіздік пен кедейшілікті зерттеу кезінде тек табыстар ғана емес, сонымен бірге үй шаруашылықтарының өзге де материалдық активтері есепке алына бастады. Кедейшілікті ұғынуға қолданылатын осы кеңірек тәсілді П. Таунсенд ұсынды. Оның еңбектерінде «үлестен құр қалу» тек табыстардың деңгейімен ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік байланыстардың ең төменгі деңгейін ұстау немесе адамның қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін кепілдейтін, үй шаруашылықтарының материалдық активтерінің белгілі бір жиынтығымен де сабақтастырылды. Соңғы жылдарда «кедейшілік» бұрынғысынша ғылыми пікірталастар объектісі ретінде қолданылып отыр. Пікірлер ауқымы физиологиялық минимум деңгейінде кедейшілік шектерін белгілеуден бастап көпшілік халық тұрмыстарының тарихи қалыптасқан деңгейіне дейін ауытқып отырады.

Әлемдік практикада кедейшілікті өлшеудің негізгі үш тұжырымдамасы белгіленді, олар:

1) Абсолюттік;

2) Салыстырмалы;

3) Субъективтік.

Кедейшіліктің абсолюттік тұжырымдамасы адамның күнкөрісі үшін қажет ең аз қаражаттарын анықтау қағидасына негізделеді, олар-адамның суды, тамақты, киім-кешек пен тұрғын үйді физиологиялық тұрғыда ең аз қажетсінулері.

Абсолютті кедейшіліктің критерийі болып күнкөріс минимумы саналады. Ол қоғамда қабылданған деңгейде ең төменгі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін талап етілетін бір адамның ең аз ақшалай табыстарын көрсетеді және қоректік заттарының құрамы бойынша ең аз азық-түлік жиынтығы мен азық-түліктен бөлек ең қажетті тауарлар мен қызметтердің құнына тең болады. Ақшалай табыстардың немесе халық тұтынуының деңгейін күнкөріс минимумымен салыстыру абсолютті кедей тұрмысты халықтың үлесін анықтауға мүмкіндік береді.

Кедейшілік өлшемнің салыстырмалы тұжырымдамасында жеке адамның табысы осы қоғамда қол жеткен әл-ауқаттың орташа деңгейімен салыстырылады. Осы тұжырымдама бойынша адам немесе отбасы олардың қолдағы қаражаттары өздері тұратын қоғамда қабылданған тұрмыс салтын ұстауға жетпейтін жағдайда кедей тұрмысты болып саналады. Салыстырмалы кедейшілікті өлшеу үшін кедейшіліктің салыстырмалы шегі қолданылады, ол белгілі бір даму кезеңінде қоғамда орын алған үй шаруашылығының орташа немесе медиандық табысы деңгейінен төмен тұрмыс кешетін халықтың үлесін анықтайды.

Кедейшілік өлшемнің субъективті тұжырымдамасы адамдардың өздерінің материалдық жағдайларына субъективті баға берулеріне негізделеді және ол адамдар өздерін кедей тұрмысты деп есептей ма және алатын табыстары лайықты тұрмыс құру үшін жете ме деген сұраққа өз ықтиярларымен жауап берулеріне мүмкіндік береді. Осы мағынада аталмыш тұжырымдама адамның еркіндік және қадір-қасиет қағидаларымен, оның лайықты тұрмыс деңгейін құру, дұрыс тамақтану, медициналық қызмет, білім алу және қоғамдағы өзге де әлеуметтік-экономикалық жетістіктерді пайдалану құқықтарымен тығыз байланысты.

Кедейшілік дегенде ең кең мағынада үй шаруашылықтарының немесе жеке адамның мынадай әлеуметтік-экономикалық жағдайы ұғынылады, ондай жағдайда олардың/оның ақшамен, мүлікпен және өзге де ресурстармен қамтамасыздығының салыстырмалы төмен деңгейі, олардың/оның табиғи-физиологиялық, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 93 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)