Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мір сүру деңгейі, теңсіздік және адами даму

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму контекстіндегі гендерлік саясаттыңмәні
  5. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  6. Адами дамудағытұжырымдықтәсіл
  7. Адами дамуды жетілдірудегі мемлекеттің рөлі

Тұрмыс деңгейі санаты (категориясы) 2 аспектте қаралады. Тар мағынадағы тұрмыс деңгейі-халықтың игіліктер мен қызмет көрсетулерге қол жеткізген деңгейі. Сөздің кең мағынасындағы тұрмыс деңгейі қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының бүкіл жиынтығын (кешенін) қамтиды. Осы жағдайда «тұрмыс сапасы» немесе «тұрмыс салты» терминдері жиі қолданылады.

Тұрмыс деңгейінің артуына дәл баға беру тиісті өлшеу құралын талап етеді, ол тұрмыс деңгейі мен халықтың жұмыспен қамтылуының көптеген көрсеткіштерінен және солармен сабақтас факторлардан тұрады, сондай-ақ оған тамақ өнімдерін, киім-кешекті, тұрғын үй жағдайларын, білім жүйесін, денсаулық сақтау мен негізгі әлеуметтік қызметтерді тұтынудың ұлттық статистикалық бағдарламаларын жақсарту да кіреді.

Жеке адам, отбасы немесе халықтың әлеуметтік тобы иеленетін тауарлар мен қызметтердің жиынтығы ретіндегі тұрмыс деңгейін анықтау әдісі ең көп тараған әдіс болып табылады. Жаңа заманғы экономикалық теория сөздігінде тұрмыс деңгейіне мынадай түсінік беріледі: «жеке адамның немесе үй шаруашылығының материалдық ырыс деңгейі». Экономикалық талдау тұрмыс деңгейін материалдық игіліктер мен қызметтер санына қарай (демалысты қосқанда) анықайды.

Осы санаттағы төрт деңгейді бөліп атауға болады:

5. Молшылық-адамның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін игіліктерді пайдалану;

6. Қалыпты деңгей-адамның дене және ақыл-парасат күш-қуаттарын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нормалар бойынша оңтайлы тұтыну;

7. Кедейшілік-жұмыс күшін ұдайы толықтырудың межесі ретінде жұмысқа қабілеттілікті сақтау деңгейінде игіліктерді пайдалану;

8. Жоқшылық-биологиялық критерийлер бойынша ең төменгі мүмкіндікте игіліктер мен қызметтерді пайдалану, оларды тұтыну адамның тіршілік қабілетін демеп отыруға ғана жетеді.

Тұрмыс деңгейін көтеру (әлеуметтік прогресс) қоғам дамуының басым бағытын құрайды. Осы критерий басты фигура адам болып табылатын әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикада ерекше маңызға ие болады.

Халықтың тұрмыс деңгейіне жан-жақты талдау жасау үшін аталмыш санаттың (категорияның) түрлі қырларын көрсететін көрсеткіштер есептеледі және олар мынадай ірілендірілген топтарға топтастырылады:

- Халықтың табыстары;

- Халықтың материалдық игіліктер мен қызметтерге жұмсайтын шығындары және тұтынулары;

- Жинақ ақша;

- Жинақталған мүлік және халықтың тұрғын үй қамтамасыздығы;

- Халықтың табыстарын, кедейшіліктің деңгейі мен мен шектерін саралау;

- Әлеуметтік-демографиялық сипаттамалар.

Табыс адам мүмкіндіктерін ұлғайту үшін маңызды алғышарт болып табылады, оның көрсеткіші лайықты тұрмыс деңгейін анықтайтын компоненттердің бірі ретінде АДИ есептеу кезінде пайдаланылады. Табыстардағы теңсіздік эконмикалық өсуге нарықтық және саяси дағдарыстардың келеңсіз әсер етулерін тереңдетеді.

Теңсіздік күрделі көп өлшемді санат (категория) ретінде табыстар мен тұрмыстағы да, сондай-ақ алынатын пайдалылықтағы, саяси еркіндіктер мен құқықтардағы да теңсіздікті көрсетеді. Алуан түрлі теңсіздіктер арасында өлшеуге көбірек көнетін негізгі теңсіздік экономикалық теңсіздік болып саналады, ол адамдар мен халықтың жеке топтары арасындағы табыстары мен жинаған байлықтарының шамасы бойынша айырмашылықтарды көрсетеді. Табыстардағы теңсіздік, өз кезегінде, шығындар мен тұтынудағы теңсіздіктерді де анықтайды, сондай-ақ ол ресурстарға қол жеткізу теңсіздігіне ұшыратады, яғни халықтың түрлі топтарына адам дамуы үшін әркелкі мүмкіндіктер жасайды. Табыстардағы теңсіздік түпкі нәтижеде осы замандағы ең өткір проблема-кедейшілікке соқтырады.

Табысты өлшеу теңсіздікті бағалаудың проблемалы мәселесіне жиі айналып отыр. Бірқатар елдердің экономикасында «ресим емес» сектормен сонда алынатын табыс едәуір маңыз алады, ол үй шаруашылықтары хабарлайтын табыстарда барабар көрсетілмейді де, теңсіздікке баға беруді бұрмалайды. Бұл жағдайда табыстардың орнына тұтыну немесе шығындар бойынша есептелген теңсіздік көрсеткіштерін қолданған жөн.

Орталық және Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы табыстар теңсіздігінің өсуі бірдей жағдайлардан туындады, олар әр елдерде әркелкі дәрежеде көрініп, мемлекет пен өзге де экономикалық субъектілер саясатының салдарларын анықтады. Теңсіздіктің өсуіне түрткі болатын аса маңызды фактор табыстағы өскелең теңсіздік болды, ол өздігінен жұмыспен қамтылу мен кәсіпкерлік қызметке байланысты жалақының және қосымша табыстың ұлғаюындағы айырмашылықтан туындады. Көптеген елдерде мемлекеттік трансферттер мен салықтар табыстағы теңсіздіктің өсу салдарын жұмсарта және орнын толтыра отырып, теңгеруші роль атқарды, ал кейбір елдерде мемлекет саясатының осы құралдары бейтарап күйде қалса, енді бір жағдайларда (әсіресе Ресейде) олар теңсіздіктің өсуіне тіпті жағдай да жасады.

 

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 243 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)