Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Гипертензия патогенезі

Натрий және судың іркілуі. Бүйрек қызметінің зақымдануы кезінде шумақтық фильтрация жылдамдығының төмендеуі натрий мен судың несеппен бөлінуінің төмендеуіне әкеледі. Соның салдарынанайналымдағы қанның көлемі жоғарылайды, сонымен қоса тамырлар қабырғасында натрий құрамы жоғарылайды, ол тамыр қабырғасын ісіндіреді және тамырлардың ангиотензин және катехоламиндерге прессорлық сезімталдығын жоғарылатады. Бұндай артериялық гипертонияға тұз қабылдаудан кейін ауырлау тән (тұзға сезімтал гипертензия деп аталады). Натрий денгейінің артуынан дамыған вазоконстрикция кальций тасымалының бұзылуынан болуы мүмкін. Сонымен, тамырлар қабырғасында натрий және кальцийдің жоғарылауы жалпы шеткері тамырлық қарсылықты жоғарылатады. Гипергидратация, гиперволемия және жүрек лақтырысының жоғарылауы жедел гломерулонефрит және БСА терминальді сатысындағы артериялық гипертонияның патогенезінде негізгі орынға ие.

Прессорлы жүйелердің белсенуі. Бүйрек ауруы кезіндегі артерияльді гипертония мына жүйелер белсенуіне байланысты:

· Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі

· Симпатико-адренальді жүйе

· Эндотелиндер

Ренин секрециясы бүйректің артериялық жүйесінде қысымның түсуімен, гиповолемиямен, тағамда натрий жетіспеушілігімен, несеп айдаушы дәрілік заттарды қабылдаумен белсенеді.

 

4 кесте. Балалардағы артериялық гипертензия себептері

 

Бүйрек аурулары Реноваскулярлы Паренхиматозды Кардиоваскулярлы аурулар Эндокринді аурулар Жоғарғы жүйке жүйесінің аурулары Дәрілік заттар Эссенциальді гипертензия   Бүйрек артериясы стенозы Бүйрек артериясы/венасы тромбозы   Жедел гломерулонефрит Созылмалы гломерулонефрит Созылмалы пиелонефрит Рефлюкс-нефропатия Бүйрек поликистозы Бүйрек гипоплазиясы Гемолитико-уремиялық синдром Вильмс ісігі Гидронефроз Жүйелі қызыл жегі Бүйрек трансплантаты   Қолқа коарктациясы Такаясу ауруы (аортоартериит)   Феохромоцитома Нейробластома Гипертиреоидизм Бүйрек үсті безінің іштен біткен гиперплазия Біріншілік гиперальдостеронизм Кушинг синдромы (эндогенді немесе экзогенді)   Бас ми ішілік қысымның жоғарылауы   Симпатомиметиктер Оральді контрацептивтер Кортикостероидтар Рекомбинантты эритропоэтин  

 

Бұл механизмнің бүйрек артерияларының стенозы кезінде маңызы зор, қанмен қамтамасыз етілуі төмендеген бүйрек зақымданса өте жоғары көлемде ренин бөлінеді, кейін ангиотензина II өндірілуі жоғарылайды, ол тамырлар тарылуын шақырады, альдостерон секрециясы өседі және натрийдің ағзада ұсталуы жүзеге асады. Бірақ натрийдің фильтрациялану фракциясы мен экскрециясы жоғары, сондықтан науқаста гиповолемиялық жағдай анықталады. Бұндай артериялық гипертонияны тұзға байланыссыз, ренинге тәуелді деп атайды. Бүйректің созылмалы ауруы бар науқастарда ренин белсенділігі жоғары. Ренинге тәуелді гипертензия бүйректің созылмалы жетіспеушілігінің терминальді сатысындағы науқастардың белгілі бір бөлігінде кездеседі. Гемодиализ сеансын жүргізу бұндай науқастардың артериялық қан қысымын түсіруге аз ғана әсерін тигізеді. Ренин тәуелді гипертензия айқын шеткері тамырлық қарсылықпен жүреді. Әртүрлі науқастарда артериялық қан қысымы дамуының әртүрлі патогенетикалық факторлары болуы мүмкін (4-сурет).

 
 

 

 


4-сурет. Артериялық гипертонияда натрий мен су іркілуінің және РААЖ рөлі

Симпато-адренальді жүйенің белсенділігінің жоғарылауы катехоламиндердің түзілуінің жоғарлауынан немесе бүйректің экскреторлы қызметінің төмендеуінен, натрийдің ағзада ұсталуынан болады. Және де натрийдің іркілуі кезінде катехоламиндердің прессорлы әсері жоғарылайды. Бүйрек аурулары кезінде симпато-адренальді жүйенің әсері жалпы шеткері тамырлық қарсылықтың жоғарлауымен және жүрек лақтырысының күшеюімен көрініс береді..

Артериялық гипертония дамуына эндотелий гормондары да қатысады (эндотелиальді дисфункция). Тамыр тарылтушы медиаторлардың белсенділігі (эндотелин және тромбоксан) тамыр кеңейтуші жүйеден басым болады (простациклин, азот тотығы).

Бүйрек паренхимасының зақымдануы бүйректің депрессорлы қызметінің төмендеуіне әкеледі (простагландиндер белсенділігі, калликреин – кинин жүйесі және азот тотығы). Олардың тамырларды кеңейтуші және натриуретикалық әсері төмендейді.

Айта кетерлігі, бүйректің көптеген аурулары кезіндегі артерияльді гипертония генезі аралас болып келеді, оны емдеу кезінде ескеру керек.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 412 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)