Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шипалы сазбен емделу 3 страница

Читайте также:
  1. A) жүректіктік ісінулерде 1 страница
  2. A) жүректіктік ісінулерде 2 страница
  3. A) жүректіктік ісінулерде 3 страница
  4. A) жүректіктік ісінулерде 4 страница
  5. A) жүректіктік ісінулерде 5 страница
  6. A) жүректіктік ісінулерде 6 страница
  7. A) жүректіктік ісінулерде 7 страница

Қара шаңырақ – киелі, үлкен үй, әке-шеше үйі.

Өмілдірік– ер-тоқым әбзелі, аттың кеудесіне кигізіледі

Жүген– жылқының басына кигізетін, ауыздық пен тізгіні бар қайыстан істелінген әбзел.

Тұлпар тас– тас бетіндегі тұлпар тұяғы

 

37-сабақ

Халықтық қолөнер

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

 

Шебер, әртіс, драма, қолөнер, ғажайып өрнек, дәстүр, рухани, ою-өрнек, сыр шертеді, тылсым күш, бедері, ширатыла түсу, сапасы, табандылық.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Қазақтың қолөнері

Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Өнер туындыларының бет бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты.Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының “сегіз қырлы, бір сырлы”өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.

( Қасиманов С., Қазақ халқының қолөнері, А., 1969)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Халық қолөнері адамдарға не сыйлайды?

2. Қолдан жасалған әртүрлі бұйымдардан нені аңғаруға болады?

3.Қолөнер шеберлері өнер туындылары арқылы нені суреттеген?

4. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар нені білдіреді?

5. Халық шеберлері шығармашылық ізденістерден неге қол жеткізді.

Жазылым

1-жазылым. Мәтіндегі мақалдарды теріп жазып, олардың мағынасын ашып жазыңыз.

 

2-жазылым. Берілген сөздерді жұптастырыңыз.

Қазақ бұйымдар

дәстүрлі халқы

еңбек мұрасы

халық құралдары

әшекей өнер

 

3-жазылым. Берілген сөздердің синонимдік қатарларын анықтаңыз.

Еңбек......  
Өнер........  
Қара шаңырақ......  
Бұйымдар......  
Мекен......  
Көшпелі.......  
Құрал......  

 

 

Тыңдалым

Қазақтың зергерлік бұйымдары

Тыңдалым бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Сөйлемді толықтырыңыз: Бойтұмарды алқаға, әмиянға тағы да басқа неге салатын болған?

а) үлкен сандыққа

в) кішкене қорапшаға

с) кішкене дорбаға

д) қалтаға

2. Сөйлемге қажетті сөзді анықтаңыз: Әйелдердің саусақтарына тағылатын...... зергерлік бұйымдарды көрсетіңіз?

а) білезік

в) алқа

с) түйреуіш

д) жүзік, сақина

3. Тиісті нұсқаны көрсетіңіз: Қ ыз-келіншектер шаштарының ұшына қандай бұйым таққан?

а) алқа

в) сырға

с) шашбау

д) білезік

4. Сөйлемді толықтырыңыз: Алқаның жиектеріне … тастар орнатылады.

а) маржан

в) күміс

с) шыншыр

д) жәй

5. Қажетті сөзді қойыңыз: Мүйіз – қазақ... негізі және ең көне мәнері.

а) оюының

в) суретінің

с) мүсінінің

д) бейнесінің

Анықтама

Шебер мастер

Әртіс актер

Драмалық шығарма – драматический произведение

Қолөнер – ремесло; рукоделие

Ғажайып өрнек – чудесное орнамент

Дәстүр традиция

Рухани духовный

Ою-өрнек орнаменты и узоры

Тезаурус

Қапсырма – бір-біріне топса арқылы бекітіліп екі бөліктен тұратын әшекей.

Шолпы, шаш теңге қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағатын бұйым.

«Сегіз қырлы, бір сырлы» –адамның өнегелі, өнерлі, жан-жақты қасиеті.

38-сабақ

Қазақ театр және кино өнері

Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

 

Өнер, кино өнері, эстрада жұлдыздары, ұлттық сахна, қойылым, танымал әртіс, режиссер, нұсқа, әуесқой, кәсіби.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы

 

Қазақстан аумағында алғашқы театрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастады. XX ғасырдың басында пайда болған татардың көшпелі труппалары өз үлесін қосты.

1910–1915 жылдары қазақ өмірінен алынған қысқа драмалық суреттеулер мен сценарийлер жазылды. 1917 жылы М.Әуезов «Еңлік-Кебек» трагедиясының бірінші нұсқасын жазып, кейіннен осы шығарманы бірнеше рет өңдеді. Театрлық процестің жедел дамуы қазан революциясынан кейін ерекше күш алды. 1918-1924 жылдар аралығында Ақмола, Тараз, Көкшетау, Оренбург, Ташкент, Түркістан, Шымкент, Қостанай, Петропавл қалаларында жаңа труппалар құрылып, Ж.Аймауытовтың, М. Әуезовтің, М.Дулатовтың, Е.Ерденовтің, К.Кемеңгеровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің пьесаларын сахнаға шығарды.

Қазақтың кәсіби театр өнері 1926 жылдың 13 қаңтарында Қызылорда қаласындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» қойылымының көрсетілуімен ресми түрде ашылды. Оның директоры және көркемдік жетекшісі Ж.Шанин, әйгілі әртістері мен әншілері Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров, И.Байзақов, Қ.Жандарбеков, Ә.Қашаубаев, Қ.Мұңайтпасов, Ғ.Абдуллин қазақ театры өнерінің қалаушылары болып тарихта қалды.

1928 жылы бұл театр Қызылорда қаласынан жаңа астана Алматыға көшіп, театрдың шығармашылық құрамында К.Байсейітова, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ш.Жиенқұлова, У.Тұрдықұлова сияқты өнер майталмандары өнер көрсетсе, ал 30-шы жылдардың ортасында Қ.Қармысов, С.Телғараев, Ә.Үмбетбаев, Р.Қойшыбаевалар қосылды. 1937 жылы театрға «академиялық» атағы берілді.

(www.ihc.ru Қазақстан Білім порталы «Тестент»)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Алғашқы қазақ театры қашан құрылды?

2. Театрдың жедел дамуы қай кездерде күш алды?

3. Қазақ өмірінен драмалық суреттеулер мен сценарийлер қашан жазылды?

4. Қазақтың кәсіби театр өнері қашан қалыптасты?

5. 1918-1924 жылдар аралығында жаңа труппалар қай қалаларда және кімдердің пьесаларын шығарды?

6. Алғашқы театрдың шығармашылық құрамын атаңыз?

Жазылым

1-жазылым. Мына сөйлемдерді жазыңыз, оқыңыз. Біреудің сөзін, ойын жеткізіңіз.

Үлгі: Тарихшылар қазақстан аумағында алғашқы театрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастағанын айтады.

1. Қазақстан аумағында алғашқы театрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастады.

2. 1910–1915 жылдары қазақ өмірінен алынған қысқа драмалық суреттеулер мен сценарийлер жазылды.

3. Театрлық процестің жедел дамуы қазан революциясынан кейін ерекше күш алды.

4. 1937 жылы театрға «академиялық» атағы берілді.

2-жазылым. Сөздерді жұптастырыңыз.

 

Әшекей ізденіс

Мамық қажетті

Шебердің жастық

Шығармашылық бұйымдар

Тұрмысқа төсек

Жайлы қолы

 

3-жазылым. Берілген сөздермен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз.

 

Өнер, өрмек, жіп, бұйым, әсем, текемет, сырмақ, киіз, кесте, жібек, бағалы, құнды, иіру.

Тыңдалым

Қазақ театры

Тест тапсырмаларын орындаңыз.

 

1. Қазақстан Кеңестерінің V съезінде Қазақстанда тұңғыш қандай театр ашу туралы шешім шығарылды?

а) Кәсіпқой

в) Маманданған

с) Шебер

д) Мамандандырылған

2. М.Әуезовтің «Еңлік—Кебек» спектакліндегі арудың есімін анықтаңыз.

а) Қыз Жібек

б) Еңлік

в) Гулбаршын

г) Қаракөз

3. «Қыз Жібек» либреттосының авторын көрсетіңіз.

а) С. Қожамқұлов

в) М.Әуезов

с) Ш.Айманов

д) Ғ. Мүсірепов

4. Күләш Байсейітова «Айман-Шолпан» музыкалық пьесасында кімнің рөлін ойнады?

а) Жібектің

в) Баянның

с) Ботакөздің

д) Айманның

5. Тұңғыш түсірілген фильмді көрсетіңіз.

а) «Райхан»

в) «Менің атым – Қожа»

с) «Амангелді»

д) «Тақиялы періште»

Анықтама

Өнер искусство

Кино өнері – искусство кино

Эстрада жұлдыздары – звезды эстрады

Ұлттық сахна – национальная сцена

Қойылым представление

Танымал әртіс – известный актер

Режиссер режиссер

Нұсқа вариант

Әуесқой любитель

Кәсіби профессиональный

 

Тезаурус:

Алтынның сынығы жақсы адамның ұрпағы, жақсының көзі

Алтыннан ардақты, күмістен салмақты аса қадірлі, қымбатты

Алтын бергек, асыл діңгек сүйеніш, тірек, қамқоршы адам

39-сабақ.

Өнер жұлдыздары

 

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Сөз өнері, ән би, күй, сурет өнері, ел дауы, жер дауы, шешкен, елге ақылымен, даналығымен, аты шыққан, билер.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Күләш Жасынқызы Байсейітова

Күләш Жасынқызы Байсейітова 1912 – жылы Верный қаласында (қазіргі Алматы) дүниеге келді. 1928 – жылы Қазақ драма театры Қызылордадан жаңа астана – Алматыға көшеді. Күләш 1929-жылдан осы театрда жұмыс істей бастайды. Ол уақытта театрда өтетін кештердің бірінші бөлімі шағын пьесалардан құралатын, екінші бөлімінде театр артистерінің қатысуымен әнші, биші, домбырашылардың концерті қойылатын. Күләш спектакльдерде де, концерттерде де өнер көрсетті. Ол кезде Күләш халықтық дәстүрге сәйкес қазақ әйелдеріне тән әндерді қоңыр дауыспен айтатын. Күләштің шын табиғи дауысы – жіңішке колоратуралық сопрано екені анықталды. Ол Б. Майлинның пьесасы бойынша қойылған “Шұға” спектаклінен бастап жіңішке дауыспен ән салды. Ол саналы түрде халық мәнеріне жақын ашық дауысты сақтады. Ғажайып талантымен орыстың дәстүрлі әншілік мектебі мен қазақтың ұлттық ән салу ерекшеліктерін табиғи байланыстырып, сабақтастыра білді.

Еліміз Күләш есімін жаңа қырынан танып, халық «Қазақтың бұлбұлы» деп өз атағын берді. Е.Г. Брусиловский жазған бірінші қазақ операсы «Қыз Жібектің» қойылуы қазақ музыка мәдениетінде үлкен тарихи оқиға болды. 1936 жылы Мәскеудегі қазақ өнерінің декадасы күндерінде Қыз Жібек бейнесін сомдаған Күләш тыңдарман жұртшылықты таң қалдырды.

Күләш Бәйсейітова драмалы спектакльдерді айрықша орындаушы тұңғыш кәсіби деңгейдегі концерттік және опералық қазақ әншісі. Қазақ халқы Күләш арқылы дүние жүзінің классикалық операсы мен көптеген халықтардың музыкасын таныды. Замандастары дүниежүзілік мәдениетті тануда Күләш атымен байланыстырады. Оның дауысы – қазақ даласындай кең де биік, ұлттық нақышы айрықша болғандықтан, орындаған әндері қазақ халқына жақын әрі түсінікті еді.

Күләштің өнер саласындағы негізгі шығармашылығы – операға байланысты. Ол тек драмаларда басты партия орындаушы ғана емес, әсіресе, ұлттық спектакльдерді жандандырып, жасаушысы болды. Қазірге дейін халық жадында Күләш сомдаған Қыз Жібек, Хадиша, Ақжүніс, Ажар, Сара бейнелері қалды.

Күләш арқылы қазақ халқы алғаш рет классикалық операдағы әйелдер бейнелерін танып, сүйіспеншілікпен қабылдады.

Әншінің өнері арқасында дүние жүзі Қазақстанның бай мұрасымен танысып, еліміздің мәртебесі асқақтай түсті. Оның бүкіл әлемге танымал ардақты есімі ұлтымыздың ұлылығымен мәңгілігінің символындай қастерлі.

К. Бәйсейітова бірнеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутаттыққа сайланып, Мемлекеттік сыйлық тағайындау комитетінің мүшесі болған. Қазақтың театр қоғамының ұйымдастырушысы және тұрақты басқарушысы қызметін атқарған. Екінші дүниежүзілік бейбітшілікті сақтау конгресінің жұмысына қатысқан.

Қазақстандықтар ұлы әншіні қашанда ардақтап, есте мәңгі сақтауда. Оның құрметіне Күләш Бәйсейітова атындағы Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығы тағайындалды. К. Бәйсейітованың есімімен Алматының бір көшесі және арнайы музыкалық мектеп аталады. Жыл сайын Қазақстанда К. Бәйсейітова атындағы вокалистердің байқауы өткізіліп тұрады. «Қазақтың бұлбұлы» атанған әнші есімі Республикамыздың жаңа астанасының опера театрына берілді.

Қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына, салт-санасына байланысты өнердің неше алуан түрлерімен айналысқан. Сол арқылы жастарды ұлттық әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, өнерін қастерлеуге тәрбиелеп келеді. (Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”, 2009)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Күләш Жасынқызы Байсейітова қай жылы, қай қалада дүниеге келді?

2. Күләш қай жерлерде өнер көрсетті?

3. Күләш әндерді қалай айтатын?

4. Күләштің дауысы қандай дауысқа жатады?

5. Қазақ халқы дүние жүзінің классикалық операсы мен көптеген халықтардың музыкасын кім арқылы таныды?

6. Күләш кімдердің бейнесін сомдаған?

7. Күләш есімімен байланысты қандай іс шаралар болып тұрады?

Жазылым

1-жазылым. Сөйлемдердің сыңарын табыңыз.

1. Күләш арқылы қазақ халқы алғаш рет классикалық операдағы әйелдер бейнелерін танып,.......................

2. Әнші гастрольдерге жиі шығып,................

3. Күләштің осындай сапарлары арқасында дүние жүзі Қазақстанның бай мұрасымен танысып,................................

4. Қазақстандықтар ұлы әншіні қашанда ардақтап,.............

5. Қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігіне,...................

6. Республика Күләш есімін жаңа қырынан таныды,...................

7. Сол арқылы жастарды ұлттық әдет-ғұрып, дәстүрлерін,...................

2-жазылым. Атау, аталу етістігін қолдана отырып, сөйлемдер жазыңыз.

1. Үлгі: Күләштің шын табиғи дауысын – жіңішке «колоратуралық сопрано» деп атайды.

2. Күләштің шын табиғи дауысы – жіңішке колоратуралық сопрано екені анықталды.

3. “Қазақ бұлбұлы” атанған әнші есімі Республикамыздың жаңа астанасының опера театрына да берілген.

4. К. Бәйсейітованың есімімен Алматының бір көшесі және арнайы музыкалық мектеп аталады.

 

 

3-жазылым. Берілген мақал - мәтелдердің мағынасын ашыңыз.

v Ер қадірін ер білер,

v Зер қадірін зергер білер.

v Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.

v Ерінбеген етікші болады.

v Қолың ұста болсын, сөзің қысқа болсын.

v Ұстаны соққан пышағынан таниды.

v Қазаншының өз еркі,

v Қайдан құлақ шығарса.

 

Тыңдалым

Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры

 

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Астана қаласының опера және балет театрына қазақтың әйгілі әншісі Күләш Байсейітоваға қандай мәртебе берілді?

а) Ұлттық

в) Отандық

с) Патриоттық

д) Қайраткері

2. К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры қазіргі таңда қандай театр?

а) Ең әдемі театр

в) Ең жас музыкалық театр

с) Ең кішкентай театр

д) Ең ғажайып театр

3. Ұлттық театрдың мақсаты қандай?

а) Жаңа шығармаларды жарыққа шығару

в) Ескі шығармаларды жарыққа шығару

с) Көне шығармаларды жарыққа шығару

д) Әдемі шығармаларды жарыққа шығару

4. Театрдың ұлттық репертуары қандай туындыларымен толыға түсті?

а) Аса көрнекті

в) Аса суретті

с) Аса бейнелі

д) Аса жарқын

 

5. Астананың мәдени өмірін дүр сілкінткен қандай туынды?

а) «Батыр Баян туралы аңыз»

в) «Қамр сұлу»

с) «Қыз Жібек»

д) «Ер Тарғын»

Анықтама

Көркем сөз өнері – художественное искусство слова

Ән мен би – песня и танец

Күй орындау – кюи, исполняемые на домбре

Сурет өнері живопись

Шешкен решил

Ақылымен – благоразумием,благоразумно, рассудительным

Даналығымен – мудрым, гениальностям

Аты шыққан знаменитый

 

Тезаурус

Маңдайалды – үлгілі, алдыңғы қатардағы.

Жанқиярлық – елі, жері үшін басын өлімге тігу.

Үйлесімі – жан – жақты сәйкестілік, бір–бірі мен сәйкес келу.

40-сабақ

Шәкен Кенжетайұлы Айманов

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

 

Әйгілі, ой-талғам, бас режиссер, рөлдер, шебер орындау, үлкен үлес, үлес қосты, аяусыз, жан дүниесін, ой толғам, сомдады, боздақ, тұтқиылдап.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Айманов Шәкен Кенжетайұлы 1914-1970) қазақтың әйгілі актері, режиссері. 1964жылдан КСРО-ның халық әртісі.

Туып-өскен жері Павлодар облысының Баянауыл өңірі. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 жылы Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылып жұмысқа қабылданады. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьессалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындайды. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды.

1947–51жылы қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері», «Жамбыл» көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953–70 жылы «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз», «Алдар көсе», «Атамекен», «Найзатас баурайында». Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» мен «Тақиялы періште» фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытты. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» фильмі шығармашылығының биік шыңына айналды. Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға көп үлес қосты. Қазіргі таңда Алматы қаласының бір көшесі және «Қазақфильм» студиясы Шәкен Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.

Ш. Айманов актер ретінде алдымен кейіпкерінің жан дүниесін ашуға және соған лайықты ұтымды әрекет қимылдар жасау шеберлігімен ерекшеленсе, режиссер ретінде шығармаға көркемдік идеялық мазмұнын дарытуға, ұлттық ерекшеліктердің бояуын қанық етуге, заман мен қоғам туралы философиялық ойтолғам жасауға айрықша мән бере білетін дарынды суреткер.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 198 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.038 сек.)