Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шипалы сазбен емделу 2 страница

Читайте также:
  1. A) жүректіктік ісінулерде 1 страница
  2. A) жүректіктік ісінулерде 2 страница
  3. A) жүректіктік ісінулерде 3 страница
  4. A) жүректіктік ісінулерде 4 страница
  5. A) жүректіктік ісінулерде 5 страница
  6. A) жүректіктік ісінулерде 6 страница
  7. A) жүректіктік ісінулерде 7 страница

3. Сыйластықтың шырқар биікке көтерілуі үшін не істеу керек?

4.Автор өз отандастарын неге шақырады?

 

Берілген тұрақты сөз тіркестерін жазыңыз, олардың баламасын түсіндіріңіз.

Құтты қоныс, жалын ату, шырқау биік, үн қату, тұғыры биік, ләзім.

 

Тыңдалым мәтіні бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Өз ісімізде.........., қоғамда адалдықты танытуымыз ләзім.

А) қаталдықты

Б) мейірімділікті

С) ұстамдылықты

D)сабырлылықты

 

Меніңше,........ о бастағы ойы мен ниеті осы болғаны анық.

А) Президенттің

Б) Елбасының

С) Көшбасшының

D) Басшымыздың

 

Шынайы............ үйлесімді бірлік пен тірлікте жатыр.

А) бақыт пен береке

Б) қуаныш пен шаттық

С) бақыт пен шаттық

D) береке мен мереке

 

Халықты өз қалауымен қастерлеу, құрметтеу, қадір тұту – әрқайсымыздың...........

А) міндетіміз

Б) адамгершілік қасиетіміз

С) адами борышымыз

D) перзенттік парызымыз

 

Анықтама

түсінік понятие, представление

кір жуып кіндік кескен жер Родина

бейімделу адаптироваться, приспасавливаться

тайпа племя

жою уничтожать, устранение

аңыз легенда

үйлесім гармония, соответсвие

сыйластық взаймное уважение

 

Тезаурус

құтты қоныс – бақыт орнаған тұрақ, жайлы мекен деген мағынада.

жалын ату – іштей қайрат-жігері артты, кеудесінен от-жалын шашты, ызалы кек қайнады деген мағынада.

шырқау биік – өте жоғары биік деген сөз

үн қату – дыбыс берді, сөйледі деген мағынадағы сөз

тұғыры биік – жоғарыда, биікте деген мағынада

ләзім – дұрыс, жөн деген мағынада

ат құлағында ойнау – пысық, өте икемді

жыныс ағаш – қалың орман

34-сабақ

Қазақ елі – бай ел

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашыңыз.

Жер қойнауы, әйгілі, кен орындары, өңір, ойпат, түбек

 

Мәтінді оқып, мазмұнын талдаңыз.

Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен дүниежүзіне әйгілі. Оның байлығы территориясының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты.

Қазақстан хром, ванадий, рений, висмут, фтор қоры жағынан дүниежүзінде бірінші орын алады. Темір, хромит, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, фосфарит, мыс, калий және кадмий қорынан да алдыңғы орындардың бірінде тұр.

Елімізде мұнай мен газдың қоры Атырау, Ақтөбе, Орал облыстарына шоғырланған. Мұнай фонтаны бірінші рет 1911 жылы Жайық-Жем бассейніндегі Доссор жерінде атқылады. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегінде Өзен мен Жетібай қосылды. Кейін олардан зор Қаражанбас пен Қаламқас, Теңіз «Атырау облысы), Кенқияқ пен Жаңажол (Ақтөбе облысы) және Қарашығанақ (Орал облысы) кен орындары ашылды.

Қазақстанда көмір қоры мол. Бізде тас көмір мен қоңыр көмірдің ондаған бассейні мен жүзден аса кен орындары бар. Көмір кен орындарының басым көпшілігі Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында орналасқан.

Республика территориясында тұз қоры өте мол. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы тұз қабаттарының қалыңдығы 2 метрден асады. Ал әктас, мергель, бор, мәрмәр, гипс, отқа төзімді саз, кварцты құм, минералды бояулар сияқты құрылысқа қажетті материалдар да көп кездеседі. Қазақстан фосфоритінің де сапасы өте жоғары. Жер шарында теңдесі жоқ бұл кен орындары Шолақтау, Жаңатас, Ақсай деп аталады. Қазақстанның оңтүстік өңірінде орналасқан.

Жер қойнауының осынау байлығын ел игілігіне пайдаланудың маңызы зор. Дегенмен сарқылмайтын дүние жоқ екенін естен шығармай, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және оларды қорғау пайдалы қазбаларды кешенді түрде пайланауды қажет етеді.

(«Қазақстанның тарихитанымдық географиясы» 2007 жыл)

 

Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстан дүниежүзіне несімен әйгілі болып отыр?

2.Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар?

3.Мұнай мен газ еліміздің қай аймақтарында шоғырланған?

4.Сапасы жоғары фосфорит кен орындарын ата.

5. Республикадағы мол тұз қоры қайдан табылған?

6. Көмір кен орындары қайда орналасқан?

 

Берілген сөздердің синонимін табыңыз.

Сарқылмайтын көп

Мол аймақ

Өңір таусылмайтын

ЖАЗЫЛЫМ

1-жазылым. Сөйлемдерді байланыстырушы жалғаулықтарды пайдаланып өзгертіп жазыңыз.

Үлгі: Елімізде мұнай мен газдың қоры Атырауда, сонымен қатар Ақтөбе, Орал облыстарында шоғырланған.

Елімізде мұнай мен газдың қоры Атырау, Ақтөбе, Орал облыстарына шоғырланған. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегінде Өзен мен Жетібай қосылды. Кейін олардан зор Қаражанбас пен Қаламқас, Теңіз «Атырау облысы), Кенқияқ пен Жаңажол (Ақтөбе облысы) және Қарашығанақ (Орал облысы) кен орындары ашылды.

 

2-жазылым. Сөйлемдерді байланыстырушы жалғаулықтарды пайдаланып сөйлем құраңыз.

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді тыңдаңыз.

Қазақ жері

Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Ақын киелі жер деп қай жерді айтады?

2.Ол неге құлшылық етеді?

3.Отан деп қай жерді айтады?

4. Күз мезгілін қалай суреттейді?

 

Тезаурус

Балауса – тура мағынасында жас шалғын, ауыспалы мағынада балғын, жасөспірім деген мағынада.

Балдырған – ауыспалы мағынада жасөспірім, жеткіншек деген мағынада қолданылады.

Көкжиек – аспан мен жердің көз жиетіндей жері деген мағынаны білдіреді.

Тыңдалым мәтіні бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

Кімдер дүрілдеп өткен жер?

А) батырлар

В) ақындар

С) жауынгерлер

D) хандар

 

......... жасамай өтпеңдер!

А) ишарат

В) тағзым

С) белгі

D) ерлік

 

Қайда тұрғанға шүкірлік етемін.

А) Қазақстанда

В) осы бір Отанда

С) жерде

D) елде

 

Қысы бар..... қардырған.

А) суыққа

В) ызғырыққа

С) аязға

D) үскірікке

 

Ақ дәннен ақ........ жаудырған.

А) жаңбыр

В) нөсер

С) қар

D) мұздақ

 

Күрең нан жаңа алған......................

А) тандырдан

В) пештен

С) оттан

D) ошақтан

 

Анықтама

жер қойнауы недра земли

әйгілі известный

кен орындары месторождение

өңір окрестность

ойпат низменность

түбек полуостров, глушь

 

 

35-сабақ

Қазақстан нышандары

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Бодандық, зәулім ғимараттар, шикізат, ұлттық құндылық, рәміз, мәртебе.

 

Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

 

Мемлекеттік рәміздер

Мемлекетіміз бодандық құрсауынан босап, өз дербестігін алғанына да жиырма жылдан асты. Тәуелсіздік алған азат еліміздің басына қаншама ауыр күндер туса да, төзімшіл халқымыз қиыншылықтарды жеңіп, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бастаған саясатының арқасында 20 жылдан астам уақыт ішінде жарқын, дамыған мемлекетке айналды.
Қазіргі таңда Республикамыздың қай облысына барсаңыз көкке бой түзеген зәулім ғимараттарды, елімізде белең алып жатқан өндіріс орындарының шикізаттарын жарнамалап, кәсіпорындарының игі істерінен құлаққағыс етіп тұрған электрондық жүйеге қосылған алпауыт экрандарды көзіңіз шалады. Қадам бассаңыз еуропалық үлгіде салынған нысандардың халқымызға тұрмыстық, сервистік, тағы басқа бағытта қызмет көрсетіп жатқанына қуанасыз.
Мұның барлығы Көшбасшымыздың тура саясатшылдығымен, даналығымен жүзеге асқан десек қателеспейміз.
Нұрлы еліміздің өркениетіне Елбасымыздың, ел зиялыларының сарқылмас күш-жігері жұмсалып, маңдай тері төгілгені белгілі.
Осындай игілікті істердің қатарындағы ең маңыздысы, халқымыздың мақтанышы, ар-намысы, рухани-мәдени мұрасы, ұлттық құндылығы, тарихи естеліктері болған Мемлекеттік рәміздеріміздің елдігіміздің нышанына айналғанына да жиырма жылдан артық уақыт болыпты.
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер» туралы Заңы қабылданған болатын. Заңда Мемлекеттік рәміздеріміз тәуелсіздігіміздің рәмізі екендігі құқықтық негізде бекітілді. Оның қандай көрініске ие екендігі де анық белгілеп берілді.
Мемлекетіміздің рәміздерінде халықтың тарихы, бүгіні мен келешегі өз көрінісін тапқан. Онда белгіленген әрбір сурет, әрбір белгі, әрбір түстің өзіндік сыр, мағынасы бар.
«Мемлекеттік рәміздер» туралы Заң қабылданған күннен бастап, Мемлекетіміздің рәміздері бейнесі еліміздегі барша мемлекеттік және қоғамдық мекемелер үйлеріне орнатылды. Сондай-ақ, мәртебелі рәмізіміз бейнесі мөрлерде және мекемелер бланкаларында, ресми құжаттарда, ресми баспаларда, қағаз бен ақшаларда, құнды қағаздар мен азаматтардың төлқұжаттарында бейнеленді.
Мемлекетіміздің саясатына қолдау көрсетудегі басты мақсаттардың бірі – Мемлекеттік рәміздерімізді әрқашан қорғап, қадірлеп, бала-бақшаларда, мектептерде, мәдениет және басқа да орындарда оның мәні мен мазмұнын үнемі насихаттау болып саналады.
Отанымыздың рәміздері: Ту, Елтаңба және Әнұранымызды құрмет етіп, қасиетті атына кір келтірмеу – әрбір отандасымыздың айнымас борышы екенін, сонымен бірге оларды тәуелсіздігіміз таңында жарыққа әкелген азаматтардың еңбегін үлгі тұтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізе білуіміз тиіс.
Ұлы, дербес еліміздің биік мәртебесі Мемлекеттік рәміздерімізді аяқ асты ету, оған құрметсіздік көрсету – Отанымызды таптау, дұшпандық, опасыздық екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
А.Байсейітова Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Еліміздің бодандықтан құтылып, тәуелсіздік алғанына неше жыл болды?

2.Қазақстанда «Рәміздер туралы Заң» қай жылы қабылданды?

3. Рәміздерде не көрініс тапқан?

 

ЖАЗЫЛЫМ

 

Сөйлемдерді жазып, сөзбен сөздің, сөйлем мен сөйлемдердің қалай байланысып тұрғанына назар аударыңыз.

Тәуелсіздік алған азат еліміздің басына қаншама ауыр күндер туса да, төзімшіл халқымыз қиыншылықтарды жеңіп, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бастаған саясатының арқасында 20 жылдан астам уақыт ішінде жарқын, дамыған мемлекетке айналды.
Оның қандай көрініске ие екендігі де анық белгілеп берілді.
Сондай-ақ, мәртебелі рәмізіміз бейнесі мөрлерде және мекемелер бланкаларында, ресми құжаттарда, ресми баспаларда, қағаз бен ақшаларда, құнды қағаздар мен азаматтардың төлқұжаттарында бейнеленді.
Отанымыздың рәміздері: Ту, Елтаңба және Әнұранымызды құрмет етіп, қасиетті атына кір келтірмеу – әрбір отандасымыздың айнымас борышы екенін, сонымен бірге оларды тәуелсіздігіміз таңында жарыққа әкелген азаматтардың еңбегін үлгі тұтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізе білуіміз тиіс.

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді мұхият тыңдаңыз.

Елімнің көк байрағы

 

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Көк түс ненің белгісі?

2.Ежелгі түрік тілінде «көк» сөзі қандай ұғымды білдіреді?

3.Нұрға малынған алтын күн нені бейнелейді?

4.Қыран құстың бейнеленуінен нені аңғаруға болады?

Тыңдалым мәтініне байланысты тест тапсырмаларын орындаңыз.

Көк аспан ненің белгісі?

А ) бейбітшіліктің

В) елдіктің

С) жаугершіліктің

D) хандықтың

 

Сөйлемге қажетті сөзді табыңыз.

Геральдика тілінде көк түс және оның түрлі реңкі –........, сенімділік, үміт сияқты адамгершілік қасиеттерге сай келеді.

А ) адалдық

В) арман

С) жақсылық

D) батырлық

 

Сөйлемге қажетті сөзді табыңыз.

Нұрға малынған................... тыныштық пен байлықты бейнелейді.

А ) жарық күн

В) алтын күн

С) сары күн

D) ашық күн

 

Сөйлемге қажетті сөзді табыңыз.

......... – елдіктің, тәуелсіздіктің шынайы белгісі.

А) Елтаңба

В) Ту

С) Мемлекеттік тіл

D) Астана

ЖАЗЫЛЫМ

1-тапсырма. Сөйлемдерді мәтінге сәйкес толықтырып жазыңыз.

1.Бірыңғай көк, көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және..................................................................................... аңғартады.

2..............................................................................тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.

3.Геральдика тілінде көк түс және оның түрлі реңкі –............................................................................. үміт сияқты адамгершілік қасиеттерге сай келеді.

4.Нұрға малынған............................................................ бейнелейді.

5.Күн – қозғалыс,........................................................................ белгісі.

6................................................................................................ қазақ халқының еркіндік сүйгіш асқақ рухын және елдің жан дүниесінің кеңдігін паш етеді.

 

2-тапсырма.Сөздердің синонимін жазыңыз.

Нышан, реңк, ұғым, ниет-тілек, бейне, шынайы.

Тезаурус

Нышан – бір нәрсенің белгісі

Реңк – түр, түс, келбет, өң

Ұғым – түсінік

Ниет-тілек – ықылас, ынта, мақсат, ой

Бейне – кескін - келбет, сымбат

Шынайы – адал, ақ, таза, ақиқат

 

Анықтама

бодандық покоренность, подчиненность

зәулім ғимараттар высотные зданий

шикізат сырье

ұлттық құндылық народное достояние

рәміз символ

мәртебе авторитет, престиж, слава

Блок.

36-сабақ: Қазақ халқының дәстүрлі өнері

Грамматика: Анықтауыштық қатынастың берілуі

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

 

Дәстүрлі өнер, қара шаңырақ, айбалта, көшпелі, айшық түймелер, жону

ойып жасалған, өмілдірік, арқау алған.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Дәстүрлі өнер

Қазақ халқының дәстүрлі өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы. Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Мысалы, Геродот былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттарының әшекейленіп, киімдерінің өзіне тән үлгісі барын айтады.

Академик Ә.Марғұлан: «Есть основание полагать что народное искусство казахов находится в генетической связи с искусством саков, усуней, гуннов и других племен, населявщих в древности территорию Казахстана»,- деп көшпенді халық өнерінен бастау алғанын теория жүзінде дәлелдеген.

Тайпалар еңбек құралдарын, қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар жасауда құю, қақтау, қысып өрнектеу, жону, тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, заттарға өрнек сала білді. Мысалы, қазақ жерінен табылған айшық түймелер, жылқының сүйегінен ойып жасалған ромб, үшбұрыш тәрізді бейнелерді атауға болады.

Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алғаны ғалымдар өз еңбектерінде сөз етеді. Мысалы, С.Қасиманов: «халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығы» десе, ал М.С.Мұқанов: «… дәстүрлі халық өнерінің негізі. Халық мұрасынсыз алға басу мүмкін еместігін» — ескертеді.

(Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. — Алматы: Қазақстан, 1995. – 240б)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Қазақ халқының дәстүрлі өнері көшпелі түркі тектес халықтардың несіболып табылады?

2. Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекен еткендердің барлық заттары туралы не айтқан?

3. Тайпалар еңбек құралдары, қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдарға не сала білді?

4. Қазақ жерінен табылған қандай бейнелерді кездестіруге болады?

5.Халық мұрасы жөнінде кімдер пікірлер айтқан?

Жазылым

1-жазылым. Сөйлемдердің сыңарын табыңыз.

1. Қазақ халқының дәстүрлі өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі,.............

2. «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған жайдың металдан істелген бөлшектері,.........................

3....., үшбұрыш тәрізді бейнелерді атауға болады.

2-жазылым. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырыңыз.

 

1.Сондай-ақ ат........ де мыстан соғылып,......... тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріп, безендірілген.

2. Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген... мен... барлық заттарының әшекейленіп, киімдерінің өзіне тән... бар ын айтады.

3.Тайпалар еңбек құралдарын,...,... заттар,... бұйымдар жасауда...,...,...... өрнектеу, жону, тегістеп... техникасын жақсы меңгерді, заттарға өрнек сала білді.

4. Мысалы, қазақ жерінен табылған......, жылқының сүйегінен ойып жасалған...,... тәрізді бейнелерді атауға болады.

Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.

Геродот былай деп жазып қалдырған

Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған.

3-жазылым. Мәтіннен анықтауышты қатынасты білдіретін сөйлемдерді алыңыз, оларға сұрақ қойыңыз.

. Үлгі: Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған.

1. Қазақ халқының дәстүрлі өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы.

2. Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған.

3. Тайпалар еңбек құралдарын, қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар жасауда құю, қақтау, қысып өрнектеу, жону, тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, заттарға өрнек сала білді.

Сұрағы: Әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлері не істеді, қайтті?

Тыңдалым

Қазақ халқының дәстүрлі өнері

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Қажетті қосымшасын қойыңыз: Өнер қиял-ғажайып... пайда болған – нақыш.

а) - дан

в) -тан

с) - тен

д) - пен

2. Сөйлемге қажетті сөзді көрсетіңіз: Сақ кезеңінің (VІІ-VІ ғ. б.э.д.) көркем... жануарлық стильде дамыған.

а) әдебиеті

в) сәулеті

с) мәдениеті

д) құрылысы

3. Мәтіндегі « бейне» сөзін қандай сөзбен ауыстыруға болады?

а) бет-әлпет

в) сипат

с) келбет

д) сурет

4. Сөйлемді толықтырыңыз: Кейіннен жануарлардың бейнесі..... алмастырылады.

а) әшекеймен

б) ою-өрнектермен

в) сипатпен

г) бейнемен

5. Тасқа қашалып жазған жырларды көрсетіңіз?

а) «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш –Баян сұлу»

в) «Қобыланды», «Алпамыс»

с) «Ер тарғын», «Ер төстік»

д) «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк»

Анықтама

Дәстүрлі өнер национальная традиция

қара шаңырақ домашний очаг; семья

айбалта секира

көшпелі кочевой

айшық түймелер яркие пуговицы

жону – обстругивать

ойып жасалған вырезонный

өмілдірік – нагрудник

арқау алған опираться, опиравший

Тезаурус


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 149 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.043 сек.)