Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Анасы мен баласы 9 страница

Читайте также:
  1. A) жүректіктік ісінулерде 1 страница
  2. A) жүректіктік ісінулерде 2 страница
  3. A) жүректіктік ісінулерде 3 страница
  4. A) жүректіктік ісінулерде 4 страница
  5. A) жүректіктік ісінулерде 5 страница
  6. A) жүректіктік ісінулерде 6 страница
  7. A) жүректіктік ісінулерде 7 страница

Әрине, денсаулықтың бұзылуына сыртқы дүниенің де әсері мол. Экологиямыздың нашарлауы, адамдардың өз денсаулығына салғырт қарап, ішімдік ішіп, темекі шегу сияқты жағымсыз әсерлер – денсаулықтың нағыз жаулары. Ең әуелі осы әдеттен арылу керек. Әр адамның өмірі өз қолында.

Жақсылыққа ұмтылса жақсылыққа жетеді, жамандыққа ұмтылса жамандыққа жетеді. Сондықтан да денсаулықты сақтай білу қажет. Денсаулығы жақсы адам ғана бақытқа жете алады. Бақытты жіберіп алмайық!

(«Жан мен тән денсаулығы» газетінен, 2013ж.)

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Елдің болашағы неге байланысты?

2. Біздің міндетіміз не?

3.Өзіне жүктелген жұмысты қандай адам атқара алады?

4.Жан тазалығы дегеніміз не?

5. Денсаулықтың бұзылуы неге байланысты?

6.Қандай адамның денсаулығы жақсы болады?

 

ЖАЗЫЛЫМ

1-жазылым. Мәтіннен себеп-салдарлық қатынастарды білдіріп тұрған сөйлемдерді тауып жазыңыз.

2-жазылым. Өйткені, сондықтан, сол себепті, сол үшін деген жалғаулық шылауларды пайдаланып сөйлем құраңыз.

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді тыңдаңыз.

Дені саудың – жаны сау

 

Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қазақстан азаматтары қандай ұстанымды басшылыққа алады?

2. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруге денсаулықтың әсері бар ма?

3. Салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы кім пікір айтты?

4. Қоғам болашағы кімдердің қолында?

5. Әрбір адам қандай қағиданы естен шығармауы тиіс?

 

Анықтама

салауатты өмір салты здоровый образ жизни

қағида правила

жауапкершілік ответственность

барша весь, все

жан мен тән душа и тело

зор байлық огромное богатство

ұрпақ наследник

болашақ будущее

қуаныш радость

күйініш огорчение, досада, печаль

шаттық кернеу переполнение радости

 

Тыңдалым мәтіні бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз

(Көп нүктелердің орнына мәтінге қатысты сөздерді қойыңыз).

1...................... – табиғаттың ең қымбат жемісі.

А) ауру адам

В) сау адам

С) денсаулығы мықты адам

D) дені сау адам

 

2. Республика президенті салауатты өмір салтын ұстану туралы «........»

бағдарламасында айтты.

А ) Қазақстан - 2030

В) Қазақстан халқына Жолдауы

С) Жастар саясаты

D) Денсаулық

 

3. Қай халықтың болса да..................... жастардың денсаулығына тікелей байланысты.

А) келешегі

В) тағдыры

С) болашағы

D) денсаулығы

 

4. Дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын.......... тәрбиелеу өз қолымызда.

А) жастар

В) жас ұрпақ

С) балалар

D) адамдар

 

5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі – ұзақ мерзімді қажет ететін....................

А) баяу процесс

В) қиын процесс

С) оңай процесс

D) жеңіл процесс

 

6. Ұзақ өмір сүргің келсе................................... керек.

А) қозғалмау

В) қимыл-қозғалыста болу

С) жүгіру

D) секіру

 

 

27-сабақ

Ауру – астан

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашыңыз.

Жер шары, таңғажайып тайпа, аңғар, сүт өнімдері, бойжеткен, өмір сүру ырғағы, құпия, нәтиже, тандыр нан, бадана.

 

Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздердің синонимін табыңыз.

Ұзақ жасайтын тайпа

Біздің қыры мен сыры мол, шешілмеген құпияға толы жер шарымызда ауру-сырқау дегенді білмейтін және өмір сүрулерінің орташа мөлшері 110-120 жасты құрайтын таңғажайып тайпа бар. Олар Үндістанның солтүстігіндегі Гималай тауларының бауырын, Хунза өзенінің аңғарларын мекендейді. Олардың 40 жастағы әйелдері сырт көзге біздің 18-20 жастағы бойжеткендеріміз секілді көрінсе, ал 60-65 жастағылары өмірге сәби әкеліп жатады екен.

Өздерін «хунзакуттармыз» деп атайтын бұл ерекше тайпа өкілдерінен әлем халықтары құпияларын ашуға өтінгенде, барлығы да бір ауыздан «ет жеме, әрдайым еңбек ет, өмір сүру ырғағыңды өзгертпе» деп жауап беріпті.

Олар – қатерлі ісік ауруына шалдықпаған әлемдегі жалғыз халық. Олардың қарттарының өзі кәрілікке бой алдырмайды.

Әлем елдері олар туралы мәліметті осы өлкеде 14 жыл еңбек еткен шотландық әскери дәрігер Мак-Каррисонның баяндамалары арқылы білген болатын. Одан өзге де дәрігерлер осы тайпаның құпиясын ашу үшін қаншама жыл ізденді. Нәтижесінде, ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясы – тамақтанудың ерекше жүйесі екен деген шешімге келіпті.

Хунзакуттардың басқа халықтардан ең басты айырмашылығы – барлығының вегетариан болғандығында. Олардың күнделікті астары – тандыр нан, көкөніс сорпасы, жеміс-жидектер, бадана,т.б.

Халық сүт және сүт өнімдеріне құрметпен қарағанымен, аса көп пайдаланбайды. Ас тұзы аздап қолданыстарында бар екен, қант пен бидай ұнын мүлдем қолданбайтын көрінеді.

(«Жан мен тән саулығы» газетінен, 2013ж.)

 

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ауруды білмейтін тайпа қай жерді мекендейді?

2. Ол қандай тайпа?

3. Олардың орташа өмір сүру жасы қанша?

4. Дәрігерлер осы тайпаның ұзақ өмір сүруінің құпиясы не дейді?

5. Бұл тайпаның басқа халықтардан қандай айырмашылығы бар?

6. Бұл тайпа қандай өнімдерді пайдаланбайды?

 

1-жазылым.Сөйлемдерді мәтінге сәйкес толықтырып, жазыңыз.

 

1. Олардың...... әйелдері сырт көзге біздің 18-20 жастағы бойжеткендеріміз секілді көрінсе, ал 60-65 жастағылары өмірге сәби әкеліп жатады екен.

2. Әлем елдері олар туралы мәліметті осы өлкеде 14 жыл еңбек еткен шотландық әскери дәрігер................... баяндамалары арқылы білген болатын.

3. Нәтижесінде, ғалымдар......... құпиясы – тамақтанудың ерекше жүйесі екен деген шешімге келіпті.

4. Олардың күнделікті астары –

..............................................................

2-жазылым. Сөйлемдерді нәтижесінде, сондықтан, өйткені жалғаулықтарын пайдаланып, себеп-салдар қатынастағы сөйлемдерге айналдырыңыз.

Олар – қатерлі ісік ауруына шалдықпаған әлемдегі жалғыз халық.......... Олардың қарттарының өзі кәрілікке бой алдырмайды,...................... Халық сүт және сүт өнімдеріне құрметпен қарағанымен, аса көп пайдаланбайды,..........................................

ТЫҢДАЛЫМ

 

Мәтінді мұхият тыңдаңыз

Ауру – астан

Сұрақтарды мұхият тыңдап, дұрыс жауап беріңіз.

1.Ұзақ өмір сүрудің кепілі?

2. Адам өз денсаулығын қалай сақтай алады?

3. Адам ағзасына қатты әсер ететін зат?

4. Қандай тағамдар семіздікке әкеледі?

 

Анықтама

таңғажайып тайпа удивительная племя

аңғар ущелье, горная теснина, русло (реки)

сүт өнімдері молочные продукты

бойжеткен девушка

семіздік ожирение

ас мәзірі меню

мүлдем вообще, совсем, совершенно

құрғақ тамақ всухомятка

зат алмасу обмен веществ

 

Тыңдалым мәтініне байланысты тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Қандай өнімдерді пайдаланбаған жөн?

А) зиянды

В) пайдалы

С) дәруменді

D) таза

 

2. Нені үнемі есте ұстау қажет?

А) тұзды шектеуді

В) уақтылы тамақтануды

С) қолды жууды

D) ұйықтауды

 

3. Майлы тағамдарды, тәтті тағамдарды шамадан тыс жеу ағзада зат алмасуды бұзып, неге әкеледі?

А) семіздікке

В) ауруға

С) ұйқышылдыққа

D) жалқаулыққа

 

4. Қандай тамақтар адам денсаулығының бұзылуына бірден-бір кері әсерін тигізеді?

А) донер, самса, чизбургер

В) айран, сүт

С) қымыз, шұбат

D) құрт, ірімшік

 

28-сабақ

Тазалық – денсаулық кепілі

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын есте сақтаңыз.

Тағамның сапасы, жеке бас гигиенасы, тұтынушылар саны, сараптама жасау, егде жастағы кісілер, зардап шегу, мағлұмат беру, қадағалау комитеті, сапалы тауарды айыру.

 

Мәтінді оқып, мазмұнын талдаңыз.

Адам ішкі ағзасының бұзылуы күнделікті тұтынған тағамының сапасы мен тазалығынан болады. Екіншіден, жеке бас гигиенасына салғырт қарағандықтан, дерттің асқыну қаупі туындайды. Жеміс-жидек жан-жақтан ағылып келіп жатқан жаз мезгілінде оны тұтынушылар саны арта түседі. Жылда республикалық деңгейде сақтандыру шаралары тұрақты өткізіліп келеді. «Халықтың денсаулығы – қауіпсіз тағамда» атты акция жыл сайын жалғасын табуда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен осы шара «Әсем» сауда орталығында жүргізіліп, халық сатып алған азық-түліктерінің құрамын тексеруден өткізді. «Еуразия» сауда орталығында да осындай сараптама жасалды.

Акция барысында департамент қызметкерлері тұрғындарға тазалықты сақтау мен қалай тамақтану керектігі жөнінде жазылған ақпараттарды таратты. Жастар жағы сатып алған азық-түліктерінің құрамын тексеруге онша қызыққан жоқ. Ал тексертуге кезекке тұрғандардың көпшілігі егде жастағы кісілер болды.

«Біз үш айда бір рет осылай сауда нүктелерінде азық-түліктердің сапасын тексеріп тұрамыз. Біздің байқағанымыз, құрамында нитраты көп тағамдардан уланғандарға қарағанда, жеке бас гигиенасын сақтамағаннан зардап шегетіндер көп. Жалпы бұл акция денсаулықты сақтау мен сапалы тауарды қалай айыру керектігі жөнінде халыққа мол мағлұмат береді», - деп ойлаймын дейді департамент бастығы.

Расында да, сатып алынған азық-түлікті тазалап жуып, тоңазытқышқа қою керек. Жұмыртқаның өзін сода ерітіндісіне салып, сабынды суда шүберекпен жуып, тазаланған жұмыртқаны тоңазытқышта 12 күнге дейін ұстауға болады. Жеміс-жидектерді жылы суға жуып жеу керек.

(Ғаламтордан).

 

Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Ағзаның бұзылуы неге байланысты?

2. Жылда қандай шаралар өткізіледі?

3. Акцияны кімдер өткізеді?

4.Акцияның қандай пайдасы бар?

ЖАЗЫЛЫМ

 

С өйлемдерді сол себепті, өйткені, сондықтан жалғаулықтарын қолданып, салдар мәнді сөйлемге айналдырып жазыңыз.

Үлгі: Адамның ішкі ағзасының бұзылуы күнделікті тағамына байланысты, сондықтан оның сапасы мен тазалығын қадағалап отыру керек.

Адам ішкі ағзасының бұзылуы күнделікті тұтынған тағамының сапасы мен тазалығынан болады. Екіншіден, жеке бас гигиенасына салғырт қарағандықтан, дерттің асқыну қаупі туындайды. Жеміс-жидек жан-жақтан ағылып келіп жатқан жаз мезгілінде оны тұтынушылар саны арта түседі.

 

ТЫҢДАЛЫМ

 

Мәтінді тыңдаңыз.

Тазалық – денсаулық кепілі

 

 

Сұрақтарға жауап жазыңыз.

1.Адам денсаулығы неге байланысты?

2. Адам денсаулығы жақсы болуы үшін не істеуі керек?

3.Бөлмені желдетудің қандай пайдасы бар?

4. Көрпе-жастықтың қандай матадан тігілгені дұрыс?

5. Төсек-орынды қанша күнде ауыстыру керек?

Берілген сөздердің антонимін табыңыз.

Жақсы –

Дұрыс –

Оңай –

Жинау –

Мықты –

Тыңдалым мәтіні бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Септігін тигізу деген тұрақты сөз тіркесінің баламасын табыңыз.

А) көмектесу

В) жұмыс істеу

С) демалу

D) бірге болу

 

2. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

Адамның денсаулығы –... байлығы

А) қоғам

В) елдің

С) мемлекеттің

D) халықтың

 

3. Күнделікті бір уақытта тұрып, бөлмені желдетіп, жаттығу жасауы,.... тазалап, беті-қолын жууы керек.

А) тісін

В) аяғын

С) төсегін

D) киімін

 

4. Көрпе-жастықтың тыстары... жақсы өткізетін, оңай жуылатын болуы керек.

А) ауаны

В) суықты

С) жылыны

D) шаңды

Мақал-мәтелдерді есте сақтаңыз.

Тазалық – денсаулық негізі,

Денсаулық – байлық негізі

 

 

Анықтама

тағамның сапасы качества пищи

жеке бас гигиенасы личная гигиена

тұтынушылар саны число потрибителей

сараптама жасау делать экспертизу

егде жастағы кісілер пожилые люди

зардап шегу пострадать

мағлұмат беру известить

қадағалау наблюдать

сапалы тауар - качественный товар

 

Тезаурус

Егде жастағы кісілер – қарттар, кәрі кісілер

Зардап шегу – зиян шекті, зияны тиді

 

 

29-сабақ

Денсаулықты күтудің жолдары

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын есте сақтаңыз.

Абзал, дәрумен, итмұрын, ағзадағы тотығу, жүрек қантамыр жүйесі, қарақұмық.

Мәтінді оқыңыз.

Дәрумендердің пайдасы

Адам ағзасына дәрумендердің пайдасы көп. Сондықтан оны қажетті мөлшерде қабылдап тұрған абзал. А дәрумені сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, көздің көру қызметіне пайдалы. Терінің қайта жаңаруын қамтамасыз етеді. Бұл дәрумендер сәбізде, тәтті бұрышта, көк пиязда, қымызда, итмұрында көп мөлшерде кездеседі.

С дәрумені ағзадағы тотығу – қалпына келтіру үдерісінің негізгі компоненті. Жұқпалы ауруларға қарсы төзімділікті арттырады. Ағзаның темірді сіңіруіне көмектеседі. Тамырдың қабырғаларын нығайтады. Ақжелкенде, аскөкте, қызанақта, қара және қызыл қарақатта, тәтті бұрышта, цитрус жемістерінде, картопта, пиязда көп кездеседі.

Е дәрумені – ағзаны қалпына келтіру үдерістеріне тікелей әсер етеді. Атеросклероз ауруының алдын алады. Жүрек қантамыр жүйесінің жұмысын жақсартады. Бұл дәрумен бауырда, жұмыртқада, бидайдың өнген дәндерінде, сұлы және қарақұмық жармаларында, жаңғақ тұқымдас өсімдіктердің майларында, сүт құрамында кездеседі.

В тобындағы дәрумендер жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, ақуызды, майды, көмір-суларды сіңіруге көмектеседі. Сондай-ақ көздің көру қызметін жақсартады. Гормондардың түзілуіне әсер етіп, холестериннің мөлшерін азайтады. Жұқпалы ауруларға қарсы тұру қызметін арттырып, бауырдың қызметін жақсартады. В дәрумені нанда, сүтте, ірімшікте, жұмыртқада, қарақатта, алмада, бадамшада, қызанақта, бұршақтарда, күнбағыста, саңырауқұлақта, кепкен өрікте, балық, ет тағамдарында, жармалар мен бананда бар.

(«Жан мен тән саулығы» газетінен, 2013ж.).

Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің синонимін табыңыз.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

1. Адам ағзасына................. пайдасы көп.

2............................. сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, көздің көру қызметіне пайдалы.

3. С дәрумені............. тотығу – қалпына келтіру үдерісінің негізгі компоненті.

4............................. ауруының алдын алады.

5. Сондай-ақ көздің.................................... қызметін жақсартады.

6. Гормондардың түзілуіне әсер етіп,............................ мөлшерін азайтады.

7. В дәрумені........................................................................................ бар.

Тыңдалым

 

Мәтінді мұхият тыңдаңыз.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 102 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.033 сек.)