Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Анасы мен баласы 7 страница

Читайте также:
  1. A) жүректіктік ісінулерде 1 страница
  2. A) жүректіктік ісінулерде 2 страница
  3. A) жүректіктік ісінулерде 3 страница
  4. A) жүректіктік ісінулерде 4 страница
  5. A) жүректіктік ісінулерде 5 страница
  6. A) жүректіктік ісінулерде 6 страница
  7. A) жүректіктік ісінулерде 7 страница

мұқият‑внимательный

күйгелек‑суетливый, беспокойный

шамданғыш‑обидчивый

ұялшақ‑стеснительный

қисық‑қыңыр‑упрямый, капризный

жайбасар‑нерасторопный

бей-жай қарау‑быть равнодушным

жалғыздықты сүю‑любить одиночество

 

19–сабақ

Іс-әрекет сыны мен интенсивтілігі дәрежесінің берілуі

(Выражение степени признака и интенсивности действия)

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Тіршілік, тік мінезді, турашыл, қату, жайсаңдық, тұңғиықтай терең, елжірету, құлазу, жігерлендіру, даралану, көсемсөзшілдік, көкірек кермеу, балаң, пәк бейне, жүректің төрінде сақталу.

 

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

 

Ерекеңнің мінезі мен келбеті

Мына тіршілікте кімге кім ұнап, кімді кім ұнатып жатыр дейін десең, азамат Ербол туралы олай айта алмайсың. Тік болса да турашылдығы, қатулау болса да жайсаңдығы қатар жүретін. Оның шығармашылдығы да жан-жақтылығымен ерекшеленетін. Ол жинаған афоризмдер тұңғиықтай терең болса, ал оның қаншалықты еңбекті қажет ететіні өз алдына бір төбе. Ерекеңнің рәміздер туралы еңбектері кандидаттық, докторлық диссертациялардан бір кем емес. Ал ақындығы мен публицистикасы артына қандайлық мол мұра қалдырғанын аңғартады.

Жаны нәзік те сезімтал, сәл нәрсеге жараланып қалатындай Ербол кейде кішіпейілдігімен іші-бауырымызды елжіретсе, енді бірде ашық-жарқын мінезбен бәрімізді жадыратып отыратын. Қым-қиғаш тіршілік адамды шаршатып, жалықтырып жіберетіні бар ғой. Сондайда ашық көңілді, тұнық сезімді, адал ниетті, жылы сөзді қалайтының анық. Ербол Шаймерденұлы осындай сәттерде құлазып қалған көңіл-күйіңді көтеріп, жұбаныш болатын, жігерлендіретін сөздерді табатын.

Ерекең ешқашан дарашылдық танытпайтын, алайда бойдағы қасиеттері оны даралап тұратын. Бар болмысымен, жүріс-тұрысы, мінез-құлқымен тіпті де жай адам емес еді, бірақ ортамызда ол ең кішіпейіл болатын, бәрімізбен тіл табыса білетін. Бір бойында ақындығы мен жазушылығы, аудармашылығы мен көсемсөзшілігі, ақылмандығы мен ғалымдығы, іскерлігі мен көшбасшылығы қатар келіп жатса да, ол ешқашан көкірек керген емес. Біз ұнатқан, біз ардақтаған, біз төрге шығарып, төбемізге көтерген Ерболдың мәңгілік балаң, пәк бейнесі қашан да жүрегіміздің төрінде сақталады.

(«Егемен Қазақстан» газетінен қысқартып алынды. 7 желтоқсан, 2013 жыл)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

 

1. Афоризмдер дегенді қалай түсінесіз?

2. Ол қандай сәттерде жігерлендіретін сөздерді табатын?

3. Ербол ағаның қандай еңбегі үлкен зерттеуден тұрады?

4. Ербол аға Шаймерденов қандай мінездерімен дараланатын?

5. Ербол Шаймерденұлы қазақ әдебиетіне қандай мұралар қалдырды?

 

1-жазылым:. Сөйлемдерді қарсылықты мағыналы сыңарымен толықтырыңыз:

1. Ербол тік болса да......, қатулау болса да....... жан еді.

2. Жаны нәзік те сезімтал, алайда кейде сәл нәрсеге......

3. Ерекең ешқашан дарашылдық танытпайтын, алайда бойдағы қасиеттері.......

4. Бар болмысымен, жүріс-тұрысы, мінез-құлқымен ол жай адам емес еді, бірақ ортамызда ол.......

5. Тамаша ақын, сыршыл публицист, рәмізтанушы, аудармашы бола тұра, ол ешқашан......

2-жазылым. Мәтіннен Ербол Шаймерденұлының қандай еңбектер жазғанын табыңыз.

 

3-жазылым. Мәтіндегі тұрақты тіркестерді теріп алыңыз, оның мағынасын түсіндіріп жазыңыз.

Үлгі: тұңғиықтай терең – көп, мол, терең.

 

Тыңдалым

Бет-келбет

Тыңдаңыз.

Физиономистика ғылымы бойынша адамның бет‑әлпеті нені білдіреді?

A) ақыл‑парасатын

B) мінез‑құлқын

C) денсаулығын

D) мүмкіндіктерін

 

Мейірбан адамдардың бет‑әлпеті қандай болып келеді?

A) атжақты

B) сопақ бет

C) төртбұрышты

D) дөңгелек жүзді

Соңынан жұрт еретін көсемдер көбінесе бет‑әлпеті қандай адамдарда ұшырасады?

A) сопақша бет

B) томпақ бет

C) үшбұрышты бет

D) төртбұрышты бет

Физиономастка ғылым бойынша ақсүйектік көбінесе қандай сипаттағы адамдарға тән?

A) үшбұрышты бет

B)) төртбұрышты бет

C) атжақты

D) сопақша бет

Жайлы тұрмыс үшін жанын салатын адамдар қандай кескінді адамдарда жиі кездеседі?

A) томпақ бет

B) сопақ бет

C) дөңгелек жүзді

D) атжақты

 

Анықтама

қадірін білу‑ знать достоинства

желке‑затылок

қап‑ мешковина

төбе‑макушка

тезек‑ кизяк

күл‑зола

тұлға‑ личность

даналық‑ мудрость

сопақша бет‑ продолговатое лицо

қалмақы бет‑калмыцкое лицо

атжақты‑продолговатое, удлиненное лицо

зиялылық‑интелегентность

ақсүйек‑аристократ

жұрдай болу‑быть лишенным

пішін‑форма

дөңгелек жүз‑круглое лицо

жақ‑скула, челюсть

шамшыл‑обчидивый

шабан‑медленно, медлительный

томпақ бет‑круглощекий

қиын‑қыстау‑трудный, сложный

үшбұрышты-трехугольный

 

Блок.

20-сабақ

Уақыт және адам

Іс-әрекеттің басталу сәті мен аяқталуының берілуі.

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

 

Алтын уақыт, уақыт кешті, жастық шақ, санасу, жыл мезгілі, заман өзгерісі, дәуір, болашақ, алалық.

 

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Уақыт алтыннан да қымбат

 

Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тоқтап тұрмақ емес. Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек, уақыт - адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді. Халқымызда уақытты не үшін алтынға балайды дейсің? Өйткені уақыт - дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта.

Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Мысалы, жаман әдетке құмар адам уақытын тек осы жолға арнайды. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен өткізеді. Құмар ойнағыш уақытын ойынмен толтырады.

Ал өзің алтын уақытыңды қалай өткізудесің?

Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды.

Уақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секундтың өзіндік құны бар. Осыны түсіне біліңдер!

("RefTrend" http://reftrend.ru)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Уақыт қайта айналып келе ме?

2. Уақытты қалай пайдаланған дұрыс?

3. Мақсатсыз адам бос уақытты немен өткізеді?

4. Уақытты меңгере алмаған адам неге жете алмайды?

5. Уақытты көбінесе не құртады?

Жазылым

1-жазылым. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Уақытты көбінесе …. құртады.

2. Барлық нәрсе..... пайдалана білуге байланысты.

3. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен....

4. Құмар ойнағыш уақытын....

2-жазылым. Сөйлемдерді оқыңыз. Мезгіл мәнді конструкцияны табыңыз.

«Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек, уақыт – адам баласына берілген өткінші бағалы зат.

3-жазылым. Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

1. Ал өзің алтын... қалай өткізудесің?

2. Барлық нәрсе уақытты... пайдалана білуге байланысты.

3. Әр нәрсенің өз... бар.

4. Уақытты меңгере алмаған адам... жете алмайды.

5. Уақыттың... білу керек.

6. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секундтың өзіндік... бар.

Тыңдалым

Уақыт және адам

Тыңдаңыз.

Тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1. Сөйлемдегі ақпаратты анықтаңыз: « Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеу керек» - деп қай жазушы айтқан?

А) Абай Құнанбайұлы

В) Әзілхан Нұршайықов

С) Мұхтар Әуезов

Д) Ыбырай Алтынсарин

2. Сөйлемге қажетті сөзді көрсетіңіз: Уақыт … санаспайды, тез өтіп кетеді.

А) менімен

В) олармен

С) онымен

Д) бізбен

3. Қажетті қосымшасын көрсетіңіз: «Көктем… бір күні - жылға азық», - дейді халық.

а) - ның

в) - нің

с) - дің

д) - дың

4. Сөйлемді толықтырыңыз: Уақыт бар ғой деп … ісіңді ертеңге қалдырма.

а) кешегі

в) бүгінгі

с) өткен

д) болатын

5. Егер адам уақыттың ағып жатқан өмір екендігін түсінсе, онда ондай адам өз өмірінде көп нәрсеге … ….

а) армандайды

в) мақсат етеді

с) қол жеткізеді

д) ештеңеге жете алмайды

 

Анықтама

Алтын уақыт – золотое время

жастық шақ – молодость

уақытпен санасу – считаться со временем

жыл мезгілі – времена года

заман өзгерісі – перемена времени

дәуір – эпоха

балалық шақ – детство

 

Тезаурус

«Аһ» ұрамыз – өкінеміз.

Бір күндік қызықтар – аз уақыттық қуаныш.

Қор қылу – жоқ қылу.

 

21-сабақ

Студенттің бос уақыты.

Іс-әрекеттің басталу сәті мезгілдік ұғымды білдіру

 

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Бос уақыт, қабілет, көшбасшы, іс-шара, қабілет, толыққанды, жүзеге асыру, студенттік жоба, үйірмелер, шеберлігін шыңдау, Жастар кеңесі, спорттық өмір.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Студент және уақыт

 

Университетте сабақ уақытында және де бос уақытта Өзіңізді қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге барлық жағдайлар жасалған. Егер Сіздің бойыңызда көшбасшылық қабілет болса, онда Сіз өзіңізді топ басшысы ретінде, топтағы, университеттегі мәдени-спорттық іс-шараларды, мерекелерді ұйымдастырушы немесе бастамашы ретінде өз қабілетіңізді көрсетіп қана қоймай, оны одан әрі шыңдай аласыз.

Егер Сізде жаңа идеялар болып, соны жүзеге асырғыңыз келсе –Жастар Кеңесіне барыңыз. Бұл жерде Сіздің идеяңызды, талап-тілегіңізді тыңдап қана қоймай, сізге қызықты жұмыстар тауып береді, талантыңызды ашуға көмектесіп, жаңа студенттік жобалар Сіздің қатысуыңызбен жүзеге асып жатады.

Студенттік өмір – университетте оқитын әр адамның өміріндегі ең қызықты шақ. Жастық шақ білім алуға ұмтылған жастардың тың энергиясымен нәр алады.

Біздің университетте Жастар Кеңесінің қатысуымен студенттердің талантын шыңдауға арналған көптеген үйірмелер қызмет атқарады.

Университеттің спорттық өмірі спорттық іс-шаралардың дамуына бағытталған, студент-спортшылардың спорттық шеберлігін шыңдауға арналған оқу-тәрбиелеу процессінің жалғасы болып табылады. Студенттер қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жеңімпаз, чемпиондар атанып жатады. Спортшылар қаламыздағы әр түрлі спорттық жарыстарға қатысып спорттың дамуына өзіндік үлестерін қосады. Жеке спорт түрлерінен біздің студенттер жоғары дәрежелі жарыстарға қатысады.

(http://kaz.docdat)

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін қандай жағдайлар жасалған?

2. Сіздің бойыңызда көшбасшылық қабілет болса не істер едіңіз?

3. Өз идеяларыңызды іске асыру үшін қандай қадам жасау керексіз?

4. Студенттік өмір дегеніміз не?

5. Спорттың студент үшін қандай пайдасы бар?

6. Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

Жазылым.

 

1-жазылым. Сөйлемнің сыңарын табыңыз.

1. Егер Сізде жаңа идеялар болып, соны жүзеге асырғыңыз келсе –.....

2. Бұл жерде Сіздің идеяңызды,.....

3. Студенттік өмір –......

4. Студенттер қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып,....

Назар аударыңыз!

Іс-әрекеттің басталу сәті мезгілдік ұғымды білдіретін сөзге шығыс септігі және бері көмекші сөзінің тіркесуімен беріледі. Мысалы: Мен күзден бері Астанада тұрамын. Мен спортпен өткен жылдан бері айналысамын.

Бастапқы мезгілдік шекті білдіру конструкциясы мезгіл ұғымды сөз заттанған етістікке көмектес септігінің жалғануымен беріледі. Мысалы: Көктем келісімен күн жылына бастады. Жаңа жыл басталысымен азық-түлікке бағалар өсті.

Мезгілдік ұғымды білдіретін сөздер + септеулік сөз конструкциясы әрекеттің біртіндеп өзгеруін білдіреді. Күн сайын күн жыли бастады. Жыл сайын елдегі жағдай жақсарып келеді.

Іс-әрекеттің аяқталуын білдіретін құрылым барыс септігіндегі мезгіл ұғымды сөзге дейін септеулігінің тіркесуімен беріледі. Мысалы: Біз таңға дейін отырдық. Біз кешке дейін сөйлестік.

Уақыттың шек мезгіл ұғымды сөздермен берілмейтін конструкцияларда шығыс септігі сөз + барыс септікті сөз қолданылады: Біз таңнан таңға дейін жұмыс істейміз. Студенттер сессиядан сессияға дейін көңілді өмір сүреді.

 

2-жазылым. Мезгіл мәнді диалогтық құрылымға сұрақ қойыңыз.

1. - _____________?

- Мен сағат жеті жарымда тұрамын.

- _____________?

- Үйден жеті жарымда шығамын.

2. - _____________?

- Біздің университетіміз қаланың шетінде.

- _____________?

- Лекция сағат сегізде басталады, үште аяқталады.

3. - _____________?

- Асханадан тамақ ішеміз.

- _____________?

- Сағат төртте жұмысты аяқтаймыз.

- _____________?

- Кешке кешкі астан кейін теледидар көреміз.

4. - _____________?

- Сейсенбіде бассейнге барамын.

- _____________?

- Бассейн біздің үйден алыс емес.

3-жазылым. Іс-әрекеттің мезгілдік ұғымды білдіретін сөздерді анықтап, оларға сұрақ қойыңыз.

Үлгі: Қай кез?

Университетте сабақ уақытында және де бос уақытта Өзіңізді қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге барлық жағдайлар жасалған.

Студенттік өмір – университетте оқитын әр адамның өміріндегі ең қызықты шақ. Жастық шақ білім алуға ұмтылған жастардың тың энергиясымен нәр алады.

 

Тыңдалым

Студенттің бос уақыты.

 

Тыңдаңыз.

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. «Сағат сатып алсаң да, … сатып ала алмайсың».

а) ақшаны

в) үйіңді

в) кітапты

д) уақытты

2. «Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деп кім айтқан?

а) Ыбырай

в) Абай

с) Ақан

д) Төлеген

3. « Жұмысы көп адамның жамандық ойлауға да мұршасы келмейді» деп кім айтқан?

а) Әл-Фараби

в) Аристотель

с) Физули

д) Ахмет Йассауи

4. Адамның бос уақытын болдырмау үшін не істеу керек?

а) Бос отыру

в) Ұйықтау

с) Жату

д) Асханада отыру

5. Уақыттың нағыз жауын көрсетіңіз.

а) Ақша

в) Мал

с) Терезе

д) Теледидар

 

 

Анықтама

Бос уақыт - свободное время

Қабілет - способность

Көшбасшы - лидер

Толыққанды - полноценный

Жүзеге асыру - осуществлять

Студенттік жоба – студенческий проект

Үйірмелер - кружки

Шеберлік - мастерство

Жастар кеңесі – совет молодёжи

Спорттық өмір – спортивная жизнь

 

Тезаурус

Үйірсектеу – жақын, құмар болу

уақыт өлтіру – уақытын жоғалту, бос өткізу

салғырт қарау – жауапкершіліксіздік

22-сабақ

Уақыттың маңызы

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Ұтымды, жоспарлау, уақыттың маңызы, ыдыс, қадірін бағалау, шәкірт, күндік жоспар, ыдысты толтыру,

 

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Уақыттың маңызы

 

Уақытты ұтымды пайдалану үшін күнде таңертең сол күннің маңызды шаруаларын қағазға түсіріп, сосын оны жоспарлау қажет. Ал түнде жатар алдында Абай атамыз айтқандай, адам сол күні үшін өзінен есеп алуы керек. Дұрыс, кей кезде жоспарымыздың барлығы орындалмай жатады, дегенмен күндік жоспар жасайтын болсақ, ең аз дегенде алпыс пайыздан жоғары жұмысымыз орындалады. Ал түзбейтін болсақ, сол жұмыстың бар-жоғы жиырма-отыз пайызы ғана жасалады.

Уақыттың маңызы туралы мынадай жақсы мысал келтіре кетейін: Бір шәкірт ұстазынан «уақыттың қадірін қалай бағалайсыз?» деп сұрайды. Сонда ғалым шәкіртіне бір ыдыс алдыртады. Ыдысқа алдымен тас салып толтыртады. Ыдыс тасқа толған соң, оның үстіне құм құйғызады. Ыдысты құммен толтырған соң, енді осының үстіне су құйыңдар дейді. Шәкірттері ыдыс толғанша суды да құяды. Бірақ олар бұның мәнісін түсінбей, ұстазынан сұрағанда, ол «бұл адамның бір күндік жоспары», яғни:

тас - бір күндік ең маңызды жұмыстар; құм - күндегі бос уақыттар (оған автобустағы уақытымыз, сабақтар арасындағы кейбір бос уақыттар, әңгіме-аяң айтуға кеткен уақыттар т.б. жатқызуға болады);

су - кейбір қысқа мерзімді уақыттар: бес минуттық үзіліс, т.б. - деп түсіндіреді. Міне, тамаша түсіндіру, уақыттың қадірін білу. (http://peterik.ru)

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Уақытты ұтымды пайдалану үшін не істеу қажет?

2. Ұстаз шәкіртіне уақыттың қадірін қалай түсіндірген?

3. Ұстаз мысалын не арқылы келтірген?

4. Мысалдағы тас, құм, судың мәнісі нені білдірген?

5. Ұстаз өзінің мысалынан нені түсіндіреді?

Жазылым

1-жазылым. Сөйлемнің сыңарын табыңыз.

 

1. «Сағат сатып алсаң да,....»

2. Жасы бір құрдас емес,.....

3......, тоғайына қарай аңы.

4. Уақыттың бос өткені -.....

5. Жан жарасына....

2-жазылым. Мезгілді мәнді фразеологизмдердің мағынасын ашып, сұрақ қойыңыз.

Үлгі: Ерте тұрған жігіттің ырысы артық. Сұрақ: Қай кезде?

v Ерте тұрған жігіттің ырысы артық,

v Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.

v Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

v Елу жылда ел жаңа.

3-жазылым. Берілген сөз тіркестерін жұптастырыңыз.

Адамзат........ бұрын

Күні............... бұйым

Алтын............ жетпес

Баға........... бос өткізді

Жұмыс............ үнемдеу

Жастық.......... істеп жатыр

Уақытты........ шақ

Уақытын............. парызы

 

Тыңдалым

Уақыттың маңызы.

 

Тыңдаңыз.

 

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

 

1. Мұқағали ақын ұйқымен өткізген күндерді неге балаған?

а) Жоғалғанға

в) Өлдіге

с) Байлыққа

д) Барға

2. «..., барлығынан қайраң, қалам».

а) Оянсам

в) Барсам

с) Ұйықтасам

д) Оқысам

3. «...маған ұйықтау үшін берілмеген».

а) Кеш

в) Таң

с) Кешке таман

д) Түн

4. Адамға ұйқы денесінің демалуы үшін емес,... демалу үшін қажет екен.

а) аяғы

в) миы

с) қолы

д) көзі

5. «Уақыт адамзатпен санаспайды, ал уақытпен …..»

а) санасқан адам адаспайды

в) санасқысы келмеген адам адаспайды

с) санаспайтын адам адаспайды

д) санасуды ойламаған адам адаспайды

 

Анықтама

Ұтымды жоспарлау- выгодное планирование

Уақыттың маңызы - значение времени

Ыдыс - посуда

Қадірін білу - знать достоинство

Шәкірт - ученик

Күндік жоспар - однодневное планирование

Ыдысты толтыру – наполнить посуду


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 158 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.058 сек.)