Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Анасы мен баласы 5 страница

Читайте также:
  1. A) жүректіктік ісінулерде 1 страница
  2. A) жүректіктік ісінулерде 2 страница
  3. A) жүректіктік ісінулерде 3 страница
  4. A) жүректіктік ісінулерде 4 страница
  5. A) жүректіктік ісінулерде 5 страница
  6. A) жүректіктік ісінулерде 6 страница
  7. A) жүректіктік ісінулерде 7 страница

- Барлық еңбекке қабілетті азаматтар өзінің жеке басының болашағы мен өз отбасының әл-ауқаты үшін жауапты болуға ұмтылуы тиіс;
- Пәрменді жәрдемақылар атаулы болуы тиіс, яғни оны алуға құқығы бар және оған аса мұқтаж адамдарға беріледі;
- Барлық азаматтарға әлеуметтік қатерлерге қарай бюджет қаражатының есебінен бірдей деңгейдегі мемлекеттік төлемдер беру;
- Алғашқы кезеңде міндетті әлеуметтік сақтандыруды жұмыс берушілер есебінен және келешекте еңбеккерлерді де аударымдары есебінен жүргізу;
- Ана мен баланы кең ауқымды әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттің бүкіл әлеуметтік қорғау жүйесінің басымдықтарының бірі болады.

- Қолдау көрсету ретiнде бала туғанда бiр жолғы жәрдемақы және жасы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына қосымша жәрдемақы беру енгiзiлетiн болады.

- Мүгедектiк проблемаларын шешу бойынша іс-шаралар әзiрлеу, мүгедектердiң мұқтаждарына арналған өндiрiстердi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру, мүгедектердiң негiзгi құқықтар мен көрсетiлетiн қызметтерге қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк стандарттарды енгiзу қарастырылады.

http://kk.wikipedia.org/wiki

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Әлеуметтік қорғау жүйесі неге байланысты негізделген?

2. Барлық жеке тұлғалар дегендер кімдер?

3. Әлеуметтік қорғау жүйесінде мемлекеттің рөлі қандай?

4. Барлық еңбекке қабілетті азаматтар неге ұмтылуға тиіс?

5. Пәрменді жәрдемақылар атаулы болғандықтан, кімдерге беріледі?

 

1-жазылым. Берілген сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз.

Ынтымақтастық, көмек, мемлекеттік, әлеуметтік, шарттар, қағидат, атаулы, кәмелеттік, іс-, жәрдемақы, халықаралық, жас, бір жолғы, сақтандыру, шаралар.

 

2-жазылым. Мәтіндегі термин сөздерді теріп алыңыз, олармен сөйлем құрастырыңыз.

Үлгі: жеке тұлғалар – Қазақстанның әрбір азаматы жеке тұлға деп саналады.

 

Тыңдалым

БАҚЫТ

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Диалог мазмұнында жауабы бар сұрақты табыңыз.

A) Адам өзінің бақытты екенін біліп жүрді ме?

B) Бақыттың не екенін түсіну үшін Адамға еңбек ету керек пе?

C) Адам ұйықтап тұрғанда бақта оянды ма?

D) Адамның іші пысатын сәттері болды ма?

 

Диалог бойынша дұрыс ақпаратты көрсетіңіз.

A) Адам өзінің бақытсыз екенін сезіп жүрді.

B) Адам бақыттың не екенін білген еді.

C) Адам адаммен ғана бақытты болады.

D) Ерінбей еңбек еткен бақытқа жетеді.

 

Диалог мазмұны бойынша қате ақпаратты көрсетіңіз

A) Адам бақта жүргенде ішерге тамақ мол болды.

B) Адам өзінің еңбек етуге тиіс екенін білді.

C) Адам бақыттың артта қалғанын түсінді.

D) Адам ұйықтап тұрғанда, енді не істеу керектігін түсінді.

 

 

Сұхбаттасушының ниетін білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

A) Адам өзіне қажетті нәрсені іздеп таппақ болды.

B) Адам бақытты көрсетуді сұрады.

C) Адам шөл даланы гүлдендірмек болды.

D) Адам бақытты ұстап көрмек болды.

Диалогтегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Адам бақытты қайдан табуға болатынын сұрады.

B) Адам айдалада тұрғанын көргенде, аштан өлермін деп ойлады.

C) Шөл даланы гүлге айналдыру үшін ерінбей еңбек ету керек.

D) Ештеңе істемей жүрген адам бақытты түсінбейді.

 

Анықтама

мүгедектік – инвалидность

асыраушы – кормилец

айырылу – лишаться

әлеуметтік қорғау – социальная защита

ынтымақтастық – сотрудничество

қағидат – положение, закон

қатерлі – опасный, рискованный

жарна – взнос

көзделу – быть нацеленным

жәрдемақы – пособие

заңнама – закон, законодательство

санат – категория

әл-ауқат – благосостояние, материальное положение

пәрменді – действенный

атаулы – именной, именованный

мұқтаж – нуждающийся

қатер – опасность

төлем – платеж, пошлина

еңбеккерлер – труженики, работники

аударым – перевод (денег)

есебінен жүргізу – за счет (налога)

қамсыздандыру – страховать, обеспечить

басымдық –преимущество, превосходство

бір жолғы жәрдемақы – единовременное пособие

 

Тезаурус

іші пысу (фраз.) – не істерін білмеу, бос отыру, зерігу

сауық құру –көңіл көтеру, қызық, ойын

айдала – ешнәрсе жоқ дала

бақшаға бөлеу – бау, бақша өсіру

 

3 БЛОК. ТҰРҒЫН ҮЙ

12-сабақ

Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Елді мекен, қыруар, жан саны, орта есеппен, ру басы, шатқал, ауыз су, отырықшы өмір салты, үрдіс, бас сұғу, дін ұстану, аула, күмбез, тезек, қолға қарап қалу, қораға қамалу, пішен.

 

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

 

Ертеректе қазақтар шағын елді мекендерде — ауылдарда тұрды. Қыруар көп малды бағу үшін олар шағын ауыл болып тұруға мәжбүр еді. Әр ауылдағы шаруашылық 5-20 отбасынан аспады. Әдетте ауыл ең жақын туыстардан құралды. Әр отбасындағы жан саны орта есеппен 5-7 адамнан келді. Ауылды ең жасы үлкен кісі, би немесе құрметті ақсақал басқарды. Әр ауыл көбінесе белгілі бір ру басының атымен аталды. Ауыл орманның шетінде, өзеннің не көлдің жағасында, ал таулы жерлерде шатқалдың ішінде орналасты. Орман мен тау қысқы суықтар мен борандар кезінде малды аман сақтаудың табиғи қорғанысы саналды. Ол жерлерден отын мен құрылыс материалдарын жинап алуға да мүмкіндік мол еді. Қоныс таңдаған кезде қазақтар су көздерінің – өзендер мен көлдердің, мол сулы бұлақтардың болуын мұқият ескерді. Олардан ауыз су алды, мал суарды. Ондай су көздері болмаған жағдайда құдық қазып алуға тырысатын.

Қазақтар жаз кезінде киіз үйлерде тұрды. Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз», деп аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланады. Киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктігі, мәдениет пен өнердегі талғамы, жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады.

Киіз үй – тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды. Ол ағаш, киіз, ши, ішінара күмістен құрастырылды әрі көшпелі құрылыс түріне жатады. Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениеті мен өнерінің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік, халықаралық, этнография көрмелерінде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп отырған. Мысалы, 1861 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік этнографиялық көрмеде қазақтың киіз үйіне еуропалықтар таңғалып, жүлделі орын берген. Германияның Гамбург, Майндағы Франкфурт қалаларындағы мұражайларда да қазақ киіз үйлері бар.

Неміс ғалымы Ф. фон Шварц былай деп жазды:«Қазақтардың қысы-жазы бірдей тұра беретін бірден-бір баспанасы киіз үй болып табылады. Киіз үй адамның қашаннан бергі ойлап тапқан ең ғажайып практикалық өнертабысының бірі екенінде дay жоқ». Киіз үйдің ағаштан жасалатын бөліктерін арнаулы шеберлер – үйшілер, ал киізден жасалатын жабдықтарын киіз басатын әйелдер әзірлейтін. Үйдің бау-шуларын құрастыру, тігу мен жығу да әйелдердің үлесіне тиетін.

Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті орын болып «төр» саналды. Төрге ең сыйлы адамдар мен қадірлі қонақтар шығарылады. Үйге бас сұққан қонақ қандай дін ұстанатынына, қай ұлттың өкілі екендігіне қарамастан, сол үй иесінің сенімді қорғауында болатын. Қазақтар киіз үй мен қысқы тұрғын үйдің ішін қамыс пен қураған ағаш және тезек жағып жылытатын. Қазақтарда өсіп тұрған ағашты кесуге қатаң тыйым салынатын.

Аулада шаруашылыққа арналған төбесі күмбез тәріздес «шошала»тұрғызылды. Онда ет және басқа да азық-түлік өнімдері сақталды, ас пісірілді. Қыс кезінде қолға қарап қалатын мал түн мезгілінде мал қораға қамалатын. Мал қораның үстіне көбінесе пішен жиналатын. XIX ғасырдың 30-50-жылдарында қазақтардың отырықшы өмір салтына көшуіне байланысты тұрақты баспана салу үрдісі орнықты.

http://kk.wikipedia.org/wiki

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ертеректе қазақтар неге шағын ауыл болып тұрды?

2. Ауыл кімдерден құралды?

3. Таулы жерлердегі ауыл қайда орналасты?

4. Су көздері болмаған жағдайда не істейтін болған?

5. Тұрақты баспана салу үрдісі неліктен орнықты?

 

1-жазылым. Сөйлемді толықтырыңыз.

1. Ауыл дегеніміз –

2. Әр ауыл көбінесе белгілі бір........

3. Су көздері дегеніміз –

4. Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті орын –

5. Шошалада сақталатындар –

 

2-жазылым. Киіз үйдің, оған қажетті тұрмыстық заттардың суретін салыңыз. Оларды неге пайдаланатынын жазыңыз. Мысалы, сіз шаңырақтың суретін салдыңыз дейік. Енді оның қызметі қандай, соны жазыңыз. Ал киіз, кілем, алаша салсаңыз, не жазар едіңіз? Күбі, саба, ожау, т.б. салсаңыз ше?

 

Тыңдалым

Естелік

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Мәтін тақырыбын таңдаңыз.

A) Абай мен Әйгерім

B) Әйгерімнің кілттері

C) Әйгерім апа

D) Әйгерімнің үйі

 

Мәтінге сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

A) Сандық – киім сақтайтын зат

B) Тәтті-дәмділер сандықта сақталады.

C) Сандықтың аузы үнемі ашық тұрады.

D) Есікті кілттеп қояды.

 

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Абай мен Әйгерімнің үйі – алты қанатты киіз үй.

B) Әйгерім апа асықпай қимылдайтын кісі болды.

C) Сандықтың кілті табылса, балалар қуанатын.

D) Әйгерім балажан, мейірімді жан еді.

 

Мәтіннің қорытындысын көрсетіңіз.

A) Балалар да жақсыға үйір

B) Балалы үй – базар

C) Абай үйі – қонақжай

D) Құт сандық

 

Мәтінде киіз үйге қатысты қандай сөздер аталды?

A) төр, ақсақал, сандық

B) бешпент, кілт, төсек

C) алты қанат ақ үй, кереге

D) ақ төсек, сандық, киіз

 

Анықтама

елді мекен – населенный пункт

қыруар – многочисленный

жан саны – количество людей

орта есеппен – в среднем

ру басы – глава рода

шатқал – каньон

ауыз су – питьевая вода

отырықшы өмір салты – оседлый образ жизни

үрдіс – тенденция, обычай

бас сұғу (фраз.) – зайти

дін ұстану – придерживаться определенной религии

аула – двор

күмбез – купол

тезек – кизяк

қораға қамалу – держать в сарае, быть загнанным в загон

пішен – сено

 

Тезаурус

Алты қанат үй – үлкендеу киіз үй

Кереге – киіз үйдің бөлшегі

Бешпент – қазақ киімі

Қолға қарап қалу – адамның көмегін қажет ету

 

13-сабақ

Шаңырақ немесе отау көтеру

Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Жауһар жыр, отау көтеру, жұп, қыз жасауы, жабдықтау, бақан, босаға, түтіннің түзу шығуы, төңіректеу, көрімдік, түндік ашу.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Шаңырақ немесе отау көтеру салты

«Көтерілген отауың құтты болып, ұзақ жасап ішінде сүйсін жарың» деп халқымыздың жауһар жырының бірі «Қыз Жібекте» айтылғандай, ұлтымыздың мәдениетінде «отау көтеру» деген сөз бар. Ол «үйлену, жұпты болу» деген мағынаны білдіреді. Демек, жастар үйленіп, отау көтеруге тиіс. Аталарымыз «отау көтеру» салтына ерекше мән берген. Әдетте, ұлы үйленетін, қызы тұрмысқа шығатын ата-ана алдымен отау дайындайды. Қыз жасауына отау қосыла берілетін. Отау жас отбасының бақыт шаңырағы болып саналатындықтан, оны барынша әсемдеп, әдемілеп, толық жабдықтап әзірлеу – аз шаруа емес. Оған көрші-көлем, жақын туыс, нағашы-жиендер тегіс араласады. Ыдыс-аяқтан бастап, сандық, кілемдердің бәрін әкеледі. Сөйтіп, бүкіл ауыл болып отау көтеру әрі қызық, әрі міндетті іс. Отау алғаш тігілгенде оны құрметті әрі елге сыйлы аналар бастайды. Шаңырақты да бақанға ақ мата байлап, ел ағалары көтереді. Отқа май құйылады, «босаға майлау» жасалады. Алғашқы дастархан жайылып, оған мол тағам жасалады. Кіргендер шашу шашып, «құтты болсын», «іші жанға, сырты малға толсын» деген тілекпен қуанышын білдіреді. Жақын туыстар отауға көрімдік әкеліп, мал атайды, бағалы мүліктер сыйлайды.
Жас отау әке үйінің оң жағына тігіледі. Бұл үйге жасы үлкендер шақырусыз кірмейді. Ал жастар мен балалар қызықтап, осы отауды төңіректейді. Ауылдастар мен жанашырлар жас отау түтінінің түзу шығуын, жаңа үйленгендердің тұрмыс-тіршілігін сырттай бақылап, келінге баға беріп отырады. Жас келін ерте тұрып, өз үйінің ғана емес, жанындағы іргелес үйлердің де түндігін ашуы оның әдептілігі мен мәдениеттілігін білдіреді. Келін инабатты, үлкендерге ізетті болса, ауыл болып оны аялайды, жақсы тілектерін аямайды. Бұндай келіндер қарттардың батасына ие болып, шаңырақтың ғана емес, елдің көркіне айналады.

http://kk.wikipedia.org/wiki (ғаламтор желісінен бейімдеп алынды)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Отау көтеру» дегеніміз не?

2. Отауды кім дайындайды?

3. Отауды жабдықтауға кімдер қатысады?

4. Отау тігуді кімдер бастайды?

5. «Босаға майлау» дәстүрінде қандай әрекет жасалады?

 

1-жазылым. Отау көтеруге байланысты тілекті толықтырыңыз.

1. Шаңырағың.....

Керегең..... болсын!

 

2. Шаңырағыңнан.... кетпесін.

 

3. Қазаның... түспесін.

 

4. Үйлерің аталы,

Дастарханың..... болсын!

 

2-жазылым. Мәтіндегі есімшелі тіркестерді өзгертіп жазыңыз.

Үлгі:

«Қыз Жібекте» айтылғандай – «Қыз Жібек» жырында жырланған. Аталарымыз «отау көтеру» салтына ерекше мән берген – Аталарымыз «отау көтеру» салтына ерекше назар аударған.

 

Тыңдалым

Қарлығаш

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Мәтінде қандай үй сипаты айтылған:

A) қала үйі

B) киіз үй

C) ауыл үйі

D) қора

Мәтін тақырыбын таңдаңыз.

A) Қарлығаш

B) Менің қарлығашым

C) Қарлығаштың балапандары

D) Қарлығаш – адамға дос құс

 

Мәтінге сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

A) Қарлығаштар үйренген ұясына оралады

B) Ақ жіп байлау арқылы құсты оралтуға болады

C) Құстар балапандарын күзде ұшуға үйретеді

D) Көктемде құстар жылы жақтан оралады

 

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Барлық құстар үйге ұя салады

B) Адамдар құстарға қамқорлық жасайды

C) Қарлығаштар балапандарына өте қамқор болады

D) Көп құстар күзде өзі өскен ұясынан кетпейді

 

Мәтіннің қорытындысын көрсетіңіз.

A) Құстар қамқорлық күтеді

B) Қарлығаш – сирек кездесетін құс

C) Құстар бір-біріне ұқсамайды

D) Ұшқан ұяға оралу

 

Анықтама

жауһар жыр – здесь: драгоценная поэзия

жұп – пара

жабдықтау – обставить

бақан – шест

босаға – порог

түтіннің түзу шығуы (фраз.) – мир и согласие в семье

төңіректеу – околачиваться, подвизаться

көрімдік – этн. подарок

түндік ашу – этн. открыть четырехугольный войлок, закрывающий купол юрты

 

Тезаурус

отау көтеру – өз алдына үй болу, отбасын құру

қыз жасауы – қызға берілетін үй жабдықтары

босаға – есіктің жақтау ағашы

түтінің түзу шықсын!тілек: отбасың тату болсын, жақсылық болсын!

көрімдік – жаңа затқа, жас келінге, сәбиге берілетін сыйлық

 

 

14-сабақ

Қала көркі – әсем үй

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Тұрғын үй кешені, әлеуетті, қауым, жоба, әрлеу, желдету жүйесі, қалауы бойынша, еңкейтіп салынған, тік тұру, шолу, заманауи, шаң-тозаң, бірегей, сәулетші, дәл іргесі, бірінші тоқсан.

 

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

 

«BI Group» компаниясы Астанада жаңа форматтағы «Viva Plaza» тұрғын үй кешенін таныстырды. Бұл шараға компанияның 100-ге жуық әлеуетті клиенттері қатысты. «BI Group» холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев сөз сөйлеп, жиналған қауымды компанияның жобасымен таныстырды.

«Бүгін таныстырып отырған тұрғын үй кешені «Аll inclusive» сегменті бойынша салынуда. Біз клиенттерге таза әрлеуден өткен, жиһаздары орнатылған, жылу, желдету жүйесі, тұрмыстық құралдары басқарылатын, «ақылды үй» функциялары орнатылған пәтерлер ұсынып отырмыз», - деді Айдын Рахымбаев өз сөзінде.

«Viva Plaza» кешенінде әр пәтердің интерьер дизайны әртүрлі. Таза әрлеу жұмыстарын да клиент modern немесе classic стилінде таңдай алады. Клиенттің қалауы бойынша, пәтерге жарықты, жылуды, желдету жүйесін, тұрмыстық техникаларды және қауіпсіздік жүйесін басқаратын «ақылды үй» функциясы орнатыла алады.

«Viva Plaza» тұрғын үй кешені 9 және 17 қабатты ғимараттардан тұрады. Жоба авторларының айтуынша, «Viva Plaza» кешені еңкейтіп салынған: үй жерге қарай 3 см еңкейтіп салынғандықтан, бүкіл ғимараттың қабырғасын тік тұрып шола аласыз.

«Тапсырыс беруші BI Group компаниясымен жұмыс істеу бізге ұнайды. Компания өз жобаларында ең заманауи және барынша ұзаққа шыдайтын материалдар қолданады. «Viva Plaza» кешенінің құрылысында өзін шаң-тозаңнан тазалай алатын бірегей материалдар қолдану жоспарлануда. Тек «Viva Plaza» кешенінде бағалы «KeraTwin» керамикалық тақталары қолданылатын болады. Тұрғындар мен қонақтар бұл ерекшелікті жоғары бағалайды деген үміттемін» деді сәулетші, «Viva Plaza» жобасының авторы Алексей Блиновский.

Бұл тұрғын үй кешені жаңа орталықта – «Бәйтерек» монументі көрінетін жерде орналасқан, ҚР Қорғаныс министрлігі мен «Абу Даби Плаза Астана» кешенінің дәл іргесінде салынуда.

«Viva Plaza» жобасын «Цеснабанк» АҚ қаржыландыруда. «Vive Plaza» кешені 2014 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беріледі.

http://vivaplaza.kz/news/ (ғаламтордан бейімдеп алынды)

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Холдинг басшысы жиналған қауымды немен таныстырды?

2. Viva Plaza – қандай ғимарат?

3. Бүкіл ғимараттың қабырғасын қалайша тік тұрып шолуға болады?

4. Үйге қандай материалдар қолданады?

5. Бірегей материалдар неден тазалай алады?

1-жазылым. Сөйлемді толықтырыңыз.

Viva Plaza тұрғын үй кешені клиенттеріне мынадай пәтерлер ұсынады:

- таза әрлеуден....

- жиһаздары.....

- желдету........

- тұрмыстық құралдары.....

- «ақылды үй» функциялары....

- әр пәтердің интерьер дизайны....

 

2-жазылым. Мәтіннен анықтауышты сөз тіркесін табыңыз.

Үлгі: тазалай алатын, көрінетін жер

 

Тыңдалым

Біздің пәтер

Тыңдалым сұрақтарына жауап беріңіз.

 

1. Пәтер қай қабатта орналасқан?

А) бірінші

Б) бесінші

С) үшінші

 

2. Отбасында қанша адам бар?

А) көп

Б) аз

С) төрт

 

3. Бөлме гүлдерінің орны қайда?

А) жазда балконда, қыста үйдегі терезе алдында

Б) қысы-жазы ас үйде

С) барлық бөлмеде

 

4. Гүлдер адамға қандай сезім сыйлайды?

А) қуаныш сыйлайды

Б) адамға жайлылық сыйлайды

С) адам көңілін көтереді, көз қуантады

 

Анықтама

тұрғын үй кешені – жилой комплекс

әлеуетті – потенциальный

қауым – община, народ

жоба – проект

әрлеу – укращать

желдету жүйесі – система винтиляции

қалауы бойынша – по желанию


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 174 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.05 сек.)