Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Анасы мен баласы 2 страница

Читайте также:
  1. A) жүректіктік ісінулерде 1 страница
  2. A) жүректіктік ісінулерде 2 страница
  3. A) жүректіктік ісінулерде 3 страница
  4. A) жүректіктік ісінулерде 4 страница
  5. A) жүректіктік ісінулерде 5 страница
  6. A) жүректіктік ісінулерде 6 страница
  7. A) жүректіктік ісінулерде 7 страница

Кез келген шаңыраққа бала бақыт әкеледі. Қазақ халқы үшін отбасындағы қыз өзге үйге кететін қонақ іспеттес, ал ер бала – шаңырақтың иесі. Ер жігіт өзінің жарын дұрыс таңдай білсе – бағы, нашар болса – соры. Халқымыздың айтқанындай, «Еркек – үйдің егесі, әйел – үйдің шегесі».

Жас баланың тәрбиесі – ата-анаға артылар зор міндет. Анасына қарап қызын алған, әкесіне қарап ұлын таныған халықтың даналығы. Отбасы сыйластығы – бала бақытына апарар жол. Ата-анасын сыйлаған ұл халқын да сыйлар азаматқа айналады. Сыйластығы жарасқан, бір-бірін ғана емес, ауыл-аймақты, үлкен-кішіні құрметтеп тұратын жанұя мүшелеріне қызықпайтын адам болмайды. Тату отбасы өмірдің қиыншылықтарынан сүрінбей өтеді. Себебі «Бірлік бар жерде тірлік бар».

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Шаңырақтың беріктігі дегеніміз не?

2. «Үй болу» деген сөздің мағынасын білесіз бе?

3. Ата-анаға қандай талаптар қойылады?

4. Сыйластық тек отбасында ғана бола ма?

5. Сіз «Отан», «отбасы» деген ұғымдарды бірдей деп ойлайсыз ба?

 

1- жазылым. Сөйлемнің сыңарын табыңыз.

1. Аталарымыз баланы жас кезінен бастап үлкендерді сыйлап,..............

2. Үйлену оңай,..........

3. Асығып үйленудің арты..........

4. Өзің әке-шешеңе қалай қарасаң,............

5. Анасына қарап,............

6. Ел болам десең,.............

7. Тату отбасы өмірдің қиыншылықтарынан........

8. Бірлік бар жерде.........

 

2-жазылым. Мәтіндегі предикатқа, субъектіге назар аударыңыз. Кейбір сөйлемдерді іріктеп алып, сұрақ қойыңыз.

Үлгі:

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген мақалдың мағынасы терең. Мақалдың мағынасы нені білдіреді?

 

Тыңдалым

Ақын Мұхтар Шахановпен сұхбат

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Сұхбаттың мақсатын анықтаңыз.

A) Қажымұқанның асқан балуандығын таныту.

B) Қазақтың қонақ күту дәстүрін жоғалтпау.

C) Қажымұқандай балуанмен кездесуді еске түсіру.

D) Қазақ әйелдерінің дархан көңілін көрсету.

Диалогтегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Бала Мұхтардың санасында қалған ұмытылмас кездесу.

B) Қажымұқандай балуан жігіттердің қазір болмауы.

C) Отбасындағы жалғыз баланың еркелігі.

D) Қонақ күту – отбасыға сын.

Диалогке сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

A) Қазақтың ұлы палуанын сыйлау – абыройлы іс.

B) Баланың еркелігіне ата-анасы ұялады.

C) Қажымұқанның тұлғасы таудай болатын.

D) Қонақасыға ауыл қариялары да шақырылды.

 

Диалог мазмұнында жауабы бар сұрақты табыңыз.

A) Мұхтар ақында Қажымұқан туралы жыр бар ма?

B) Қажымұқан баланың еркелігіне түсіністікпен қарады ма?

C) Атақты балуанда басқа да өнерлер бар ма еді?

D) Ата-анасы бала Мұхтарды балуан болар деп ойлаған ба?

 

Диалог мазмұнында жауабы жоқ сұрақты табыңыз.

A) Мұхтар жалғыз болғандықтан ерке болып өскен бе?

B) Әкесі басқа мал болмаған соң, жалғыз ешкіні сойғызды ма?

C) Мұхтар еркелігін тек Қажымұқанға ғана істеген бе?

D) Қажымұқанның салмағы екі жүз келіден асатын ба еді?

Диалогтегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Қазақ халқы қонағына қонақасы береді.

B) Ел сыйлаған балуан Шахановтар отбасында да болды.

C) Ақын Қажымұқанмен кездескенін ешқашан ұмытпайды.

D) Қажымұқандай балуанның өнерін қайталау – жігіттерге оңай емес.

Мұхтар ағаның ниетін білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

A) Әке тәрбиесі адамдыққа жетелейді

B) Қазақ халқында дарынды перзенттері көп болған.

C) Елдің ізгі адамдарын сыйлау – ұлтты өсірумен тең.

D) Ұлы адамдармен кездесу – ақындыққа апарар жол.

 

Анықтама

отбасы берекесі здесь: семейное счастье,семейное благополучие

дүниетаным – мировоззрение

сана – сознание

құя білу (фраз.) – сіңіру, құю

баулу – приучать, тренировать

шектелмеу – не ограничиваться

тұжырым –вывод, заключение

сүрінбеу – не промахнуться, не спотыкаться, не упасть

бірлік – единство

тірлік – жизнь, существование

құлагер рухты дала (фраз.) – еркін, азат ел, халық

сауын ешкі (фраз.) – сауып ішіп отырған ешкі – дойная коза

атып ұру (фраз) – сою – заколоть, зарезать

ауыл қарияларын түгел жинау – здесь: собирать старших,собирать всех старшин аула

қонақасы беру – давать званный обед

жамбастап жату –здесь: лежать на боку

қимыл-харакет – действие

денесіне шыбын қонған құрлы көрмеу (фраз.)– здесь: не обращать внимание

кеңк-кеңк күлу – отрывисто смеяться

әңгімесін жалғай беру – продолжить свой рассказ

тасқа басылғандай жазылып қалу (фраз.)– как отпечаток на камне

жалғыз ұл – единственный ребенок,единственный сын

талшық қылу (фраз.) – минимальные средства для поддержания существования

бір ауыз қарсылық білдірмеу (фраз.) – нисколько не возразить

ырза болу – быть довольным

қамын ойлау – заботиться

ізгі даралық (фраз.) – асыл қасиет, ерекше даралық, өзгеге ұқсамайтын асыл

мойындамау – не признавать

адамның өсуіне кедергі болу – препятствовать развитию человека

тән – свойственный, присущий

салқынқандылық – хладнокровие

жомартжандылық – щедрая душа

туа біткен қасиет - врожденное свойство, достоинство

 

Т езаурус

Шаңырақ – қазақ халқының ұғымында тек киіз үйдің шаңырағын ғана білдірмейді, бұл сөз жалпы үй, үлкен отбасының мекені деген ұғымды да білдіреді.

Бесік – сәби жататын тербелмелі жайлы орын.

Тірлік, тіршілік – өмір сүру.

 

2-САБАҚ

ОТБАСЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

 

Думаншыл, келу құрметі, рәсім, нәресте, күтім, денені сылау, буындарды созу, ырым, үлкен кісі, үй тігу, төлем, көрініс, байғазы, көрімдік, құтты болсын.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

 

Қазақ халқы – думаншыл халықтың бірі. Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналатын көптеген салт-дәстүрлердің бірі – шілдехана. Бүгінде жас сәбидің дүниеге келгенін той жасап, атап өту рәсімге айналған.

Қазақ халқында ұл бала туылса да, қыз бала туылса да, жақын туыстарына хабарлап, «сүйінші» сұраған. Қуаныштарын той жасап, атап өтеді. Ол тойға жақын туыстары мен жора-жолдастары келіп, нәрестенің жақсы азамат болып өсуіне тілектерін білдіреді, сыйлықтарын береді. Баланың анасына туған-туыстары күтіммен қарайды.

Туылған ер баланы отыз күн, қыз баланы қырық күн суға түсіріп, денесін сылап, буындарын созады. Қырық күн өткен соң, қырқынан шығару ырымын жасайды. Оны туыстары болып келетін үлкен кісіге тапсырады. Бұл кезде де «қырқынан шығару» тойы жасалады.

Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде, тағы басқа да зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарап береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.

Асар. Бір жанұяның қолынан келмейтін күрделі жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады. Мысалы, үй көтергенде, егін салғанда, жинағанда, шөп шабуға, тағы сол сияқты көлемді, ауыр жұмыстарға шақырылады. Асарға шақырылғандар еңбегі үшін төлем ақы талап етпейді. Оның есесіне асарға шақырушы адам оларға мал сойып, қымыз құйып, жақсы ас әзірлеп, тойғызады. Асар – қазақ елінің ұжымдық топта жұмыс істеуінің үлкен бір көрінісі. Мұндай жақсы салт, дәстүрлер ел ішінде әлі де бар.

Тілашар. Тілашар тойына арнап шашу шашады. Әр отбасы баласы 7 жасқа толған соң медресеге, мектепке оқуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу-жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны дәстүрлі «тілашар тойы» деп атайды. Үлкен-кішілер балаға өсті, азамат болды деп, «ғалым бол», «ақын бол» деген сияқты тілек білдіріп, бата береді. Жаңа киіміне байғазы, көрімдік ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға құмарлығы артады. Жақын-жуық адамдар баланың ата-анасына құтты болсын айтып, балаға сәт-сапар тілейді.

(С.Кенжеахметұлы)

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Шілдехана қай кезде жасалатын той?

2. Сүйіншіні кімнен сұрайды?

3. Шілдехана тойына кімдер келеді?

4. Баланы қырқынан әке-шешесі шығарады ма?

5. Шашу – қандай кезде жасалатын дәстүр?

6. Тілашар – бала өміріндегі қандай кезең?

1-жазылым. Сөйлемді толықтырыңыз.

1.Ұяда не көрсең,...................

2. Әке – асқар....,

3. ана – басындағы....,

4. бала – жағасындағы....

5.Әкеге қарап ұл.......,

6.......... қарап, қыз өсер.

7.Отан........... басталады.

2-жазылым. Ақпаратты «саналады, санайды» байланыстырушы етістігімен жазыңыз. Үлгі: Қазақ халқы – думаншыл халықтың бірі. Қазақ халқы думаншыл халықтың бірінен саналады.

Тыңдалым: Жас Мұхтар

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Диалог мазмұнын анықтаңыз.

A) кішкентай балалар жайлы

B) атасы мен әжесінің баласы туралы

C) Омархан мен Нұржамал туралы

D) қос қария жайлы

Диалог мазмұнына сәйкес қате ақпаратты көрсетіңіз.

A) Қос қария сұрақты Омарханға қойды.

B) Қос қарияға Мұхтар немере болады.

C) Мұхтардың сөзі қарияларды қуантады.

D) Кішкентай Мұхтар өзін атасының баласы санайды.

 

Сұхбаттасушының көзқарасын көрсетіңіз.

A) Мұхтар өзін Омарханның баласымын дейді.

B) Атасы мен әжесіне Омархан немере болады.

C) Қариялар кішкентай Мұхтарды өз баласы санайды.

D) Қариялар үшін Мұхтар, Омархан мен Нұржамал әлі бала.

 

Диалог қазақ халқының қандай дәстүрінен хабар береді:

А) Баланы бөтен адамдардың асырап алуын білдіреді.

Б) Тұңғыш баланы атасы мен әжесінің бауырына салуын білдіреді.

С) Мұхтардың ата-әжесінің балажандылығын білдіреді.

D) Өз ата-анасын «аға», «жеңеше» деу дәстүрін көрсетеді.

Анықтама

думаншыл – здесь: народ, любящий веселье

келу құрметі – честь приезда

рәсім – церемония

нәресте – ребенок

күтім – уход

денені сылау – здесь: массаж, гладить тело

буындарды созу – здесь: растягивать мышцы

ырым – примета

үлкен кісі – здесь: уважаемый человек

үй тігу – отау болу, үй болу (фраз.) – создать семью

төлем – оплата

көрініс – вид

 

Тезаурус

байғазы, көрімдік – жаңа затқа, мүлікке, т.б берілетін сыйлық, зат

жеңеше – ағаның, ер кісінің әйелі

үй көтеру – өз алдына отбасы болу

құтты болсын – жақсылық болсын!

3-сабақ

Әйел – шаңырақтың құты

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Шаңырақтың құты, үй шырайы, жылулық келтіру, шыдас бермеу, көкірегі ояу, зерделі азаматтар, сал ауруға шалдығу, төсекке таңылу, дес бермеу, тағдыр тауқыметі, тайталасу, үміт отын үзбеу.

 

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

 

Әйел – шаңырақтың құты

Халық даналығы «жақсы әйел – ырысың», «жақсы жар – жарық күн» дейді. Расында да солай. Әйел – шаңырақтың құты. Әйел – үйдің туы. Үй шырайын кіргізіп, жылулық келтіретін – әйел. Қазақ жігіті әйелін құрметпен «жан жолдасым» дейді. Әйелдің рөлі отбасын сақтауда, бала тәрбиелеуде өте зор. Сондықтан болар қандай қоғам болмасын, аналарды әрдайым құрметтеп, аялайды, сыйлайды. Өйткені, олар соған әбден лайық! Ер жігіттердің өзі шыдас бермес кейбір әрекеттерге нәзік әйел бара алады. Оның бойынан тауды қопарардай ерен күш табылады. Оған мысалдар да көп.

Жазушы, түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы Немат Келімбетовтің ауыр тағдыры, ғылыми және шығармашылық еңбектері көкірегі ояу зерделі азаматтарға жақсы таныс. 35 жасында сал ауруға шалдығып, төсекке таңылғанына дес бермей, тағдыр тауқыметімен тайталасып, қайрат танытып, сенім-жігерін қамшылап, қолынан қаламын түсірмей көптеген шоқтығы биік еңбектер жазды. Дерт жанын қанша қинаса да, үміт отын лаулатып, ерінбей, талмай, беріле еңбек етті. Сөйтіп, әлем классиктерінің 10 романын, 25 кинофильмін аударып, «Ұлыма хат», «Қариялар», «Күншілдік» және «Үміт үзгім келмейді» атты төрт кітап жазып қалдырды. Әсіресе оның «Үміт үзгім келмейді» монолог-хикаяты – жазушының қаламгерлік қуатын, ой өрісін, күрескерлік күшін көрсететін ерекше туынды. Осы шығармасы арқылы Франц Кафка қоғамының марапатын иеленді. Ал сандаған ғылыми еңбектері өз алдына бір төбе. Ой таразысына салсақ, бұл ерлікке, батырлыққа тең үлкен іс емес пе?

Ауыр науқас, мүгедек жанның ауыртпалығын бір кісідей көтеріп, қала кітапханаларынан том-том кітап арқалап, үйі мен кітапханалар арасын жол қылған, төсекке таңылған жарының ауызша айтып аударған кітаптарын қайта-қайта қолмен жазып (ол кезде компьютер жоқ болатын), қайта-қайта бастырып, баспаға апарып беріп жүретін, еріне сүйеу, тіреу бола білген жұбайы Қуаныш апайдың еңбегін қалай бағаламайсың! Қос қанаты – ұлдары Мұхит пен Қайратты ел қатарынан қалдырмай тәрбиелеп, терең, сапалы білім беру де Қуаныш апайға жеңіл іс болды дейсіз бе? Шіркін, сол бір жүрегі сыйға, нұрға, сезімге толы, қайырымы мол, сабырлы мінезді, дархан пейілді нәзік жанды қалай қастерлесек те жараспай ма?

Нәзік болса да қайтпас қайсар мінезді қазақ әйеліне әдемі, сұлу, шырайлы әдеби ескерткіш қойған қазақ жазушыларының бірі атақты сөз зергері – Ғабит Мүсірепов. Ана туралы әңгімелерінен басталып, «Ұлпанға» ұласқан шоқ жұлдызды шығармалар шоғырында әйел-аналардың сымбаты мен ұлылығы терең суреттеледі. Ал әйелдер туралы жазылған шығармалардың бастауы бағзы заман ескерткіші болып табылатын «Қорқыт ата» кітабынан шығады. Онда төрт түрлі әйел жайлы мынадай мысал келтірілген екен: «Сұлу әйелге үйленсең – оның күзетшісіне айналасың, атақты әйелге үйленсең – оның атағына телінесің, бай әйелге үйленсең – оның көп мүлкінің біріне айналасың, ал ақылды, иманды әйелге үйленсең – оның сенімді серігі боласың» депті. Ой салатын әңгіме. Әрқайсысымызға адалынан келген жақсы жар кездессін деп тілейік.

(Сағындық Ордабеков)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақ жігіті әйелін қалай атайды?

2. Нәзік әйел бойынан қандай күш табылады?

3. Ғалым Н.Келімбетовтің қай шығармасы өшпес рухты көрсетеді?

4. «Қорқыт ата» кітабында қандай әйелді жақсы деп санайды?

5. Ғ.Мүсірепов шығармаларында әйел бейнелері қалай көрсетіледі?

 

1- жазылым. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Әйелдер – отбасын сақтайды,...........

2. Халық мақалы жақсы әйелді................

3. Н.Келімбетовтің жан жары оған қиналғанда тіреу,........

4. Ғалым жанын қинаған дертіне қарамай,............

5. Оның еңбектерінен күрескерлік рух,.......

6.Сұлу әйелге үйленсең,.............

7.Атақты әйелге үйленсең,................

8.Бай әйелге үйленсең,...............

9.Ақылды, иманды әйелге үйленсең,............

10. Жақсы жар кездессін..........

2-жазылым. Атау, аталу етістігін қолдана отырып, сөйлемдер жазыңыз.

Үлгі: Қазақ жігіті әйелін құрметпен «жан жолдасым» дейді. Қазақ жігіті әйелін құрметпен «жан жолдасым» деп атайды.

Жазушының монолог-хикаяты «Үміт үзгім келмейді» деп аталады.

 

Тыңдалым

Анасы мен баласы

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Диалогке сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

А) Ана - өмірдегі ең жақсы адам.

B) Кинотеатрлар киноны кеш көрсетеді.

C) Үйге кешігіп келуге болмайды.

D) Кино көру – жақсы жұмыс.

 

Диалог мазмұнын анықтаңыз.

A) Кешкі кино сеансы

B) Кино – қызықты әлем

C) Ананың ойы – баласында.

D) баланың ойы – анасында.

 

Диалог мазмұнына сәйкес емес сөйлемді көрсетіңіз.

A) Әр баланың мінезі әртүрлі

B) Анаға баласының амандығы – қуаныш

C) Ата-ана өз баласының жақсы болғанын қалайды

D) Ата-ананы өзің балалы болғанда түсінесің.

 

Анықтама

шаңырақтың құты (фраз.) – үйдің бақыты, домашнее изобилие

үй шырайы – үйдің көркі,красота дома

жылулық келтіру – жылу беру

шыдас бермеу – шыдай алмау,проявлять нетерпение,быть нетерпеливым

көкірегі ояу – ойлы, ақылды адам,образованный человек

зерделі азаматтар – образованный человек,разумный человек

сал ауруға шалдығу – здесь: стать параличом

төсекке таңылу – тұра алмау, жатып қалу – быть прикованным к постели

дес бермеу – қиындыққа қарсы тұру – быть стойким, не сгибаться

тағдыр тауқыметі – өмірдің қиындығы – трудности судьбы

тайталасу – күресу – бороться

үміт отын үзбеу – не терять надежды

 

Тезаурус

адал жар – адал әйел (ер)

өз алдына бір төбе – ерекше, өзгеге ұқсамау

дархан пейіл – кең, жомарт көңіл

шығармалар шоғыры – шығармалар жинағы, көп еңбек

 

4-САБАҚ

Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі

(Выражение объекта, обозначающего содержание речи, мысли)

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Көз алдында жүру, сапарға аттану, жолаушы, белестерден асу, оқтын-оқтын, шамшырақ, тұйыққа тірелу, сауал қою, қол бастау, сөз бастау, бағбан, балдақ, меселін қайтармау, жойқын қайсарлық, мәуелі бау-бақша.

 

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Әке тәлімі

 

Ұлым менің!

Мен саған ғасырлар бұрынғы бабалар дәстүрі жайында айтып отырмын. Ал өзіміз кейде кеше ғана көз алдымызда жүрген аталар мен әкелер дәстүрін де ескере бермейміз ғой. Алыс сапарға аттанған жолаушы биік белестерден асқан сәттерінде оқтын-оқтын арқасына бұрылып, өзінің басып өткен жолын шамалап отырады. Мұның өзі сол жолаушыға дұрыс бағыт-бағдар ұстауына мүмкіндік береді.

Теңіз жағалауынан алыста жүзіп жүрген кемелер тұманды күндері адасып кетпеуі үшін порттағы биік бағаналар басына күндіз-түні өшпей, жарқырап жанып тұратын үлкен шамшырақтар іліп қояды.

Құлыным! Мені асырып айтып отыр деп ойлап қалма. Менің өз әкем өзіме сол шамшырақтар секілді көрінеді. Тұйыққа тірелген сәттерде мен: «Осындай кезде әкем не істер еді?» деп өзіме-өзім сауал қоямын. Сол сұраққа әкемнің тұрғысынан жауап іздеп табуға өзімше әрекет жасаймын. Дегенмен, айтар ойым түсінікті болу үшін әкем туралы қысқаша баяндап берейін. Оның үстіне, сен өз атаң жайында неғұрлым көбірек біле түскенің жөн ғой.

Менің әкем қол бастаған батыр да, сөз бастаған шешен де емес еді. Қарапайым бағбан болатын. Қарапайым деймін-ау, әкемнің бағбандық өнерін күллі Келес әлі күнге аңыз етіп айтады.

Тегінде, адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі де мейірімділіктен бастау алса керек. Әкем туралы ойлағанда ұдайы осындай тұжырымға келемін.

Кешегі сұрапыл соғыстан әкем қос балдаққа сүйеніп оралды. Әкемнің балдаққа сүйеніп, кетпен шауып жатқаны әлі көз алдымда тұр. Бұған бала кезде жете мән бермеген екем. Ер жеткенде ғана әкемнің қанды майданның өзі де меселін қайтара алмаған жойқын қайсарлығына қайран қалдым.

Айналасын биік көк теректер тізбегі қоршаған шағын үйіміздің алды көктем шығысымен-ақ қызыл-жасыл, хош иісті гүлдерге оранып, түрлі-түсті кілемдей құлпырып кететін. Әкем алуан түрлі гүлдерді өсіруге құштар еді. Мен әкемнің сұлулыққа соншалықты құштар жан болғанын есейген шағымда ғана түсіндім. Мұндай құштарлық тек жаны мөлдір жандарға ғана тән қасиет шығар деп ойлаймын.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 425 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.059 сек.)