Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Анасы мен баласы 1 страница

Читайте также:
  1. A) жүректіктік ісінулерде 1 страница
  2. A) жүректіктік ісінулерде 2 страница
  3. A) жүректіктік ісінулерде 3 страница
  4. A) жүректіктік ісінулерде 4 страница
  5. A) жүректіктік ісінулерде 5 страница
  6. A) жүректіктік ісінулерде 6 страница
  7. A) жүректіктік ісінулерде 7 страница

Астана

 

СИЛЛАБУС (жұмыс оқу бағдарламасы)

 

1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы. Практикалық қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.С.Құлманов, доценттер ф.ғ.к. Б.С.Әбдуова, Б. Ақбұзауова, аға оқытушылар Қ.А. Ахметова, Л.Б.Байболат.

Байланыс телефоны: 32-233

1. Оқу пәні туралы мәліметтер

 

Оқу пәнінің атауы мен коды Қазақ тілі K (R) Ya 1105.

кредит саны ___3______

 

2. Оқу бағдарламасы бойынша сағаттарды бөлу

 

Сабақ түрлері жалпы сағат саны Күзгі семестр Көктемгі семестр
аптасына барлығы аптасына барлығы
Лекция          
Практическалық сабақ          
Семинар сабағы          
Лабораториялық сабақ          
Студиялық сабақ          
СРО          

3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:

Бакалавр мамандықтарының студенттеріне мемлекеттік тілді халықаралық стандартқа негізделген 6 деңгейлі оқыту жүйесін басшылыққа ала отырып, В2 – негізгі стандартты деңгей бойынша оқыту көзделді. Студенттердің қазақ тілінен орта мектеп деңгейінде лексикалық минимум мен грамматикалық құрылым бойынша алған білім негіздері практикалық түрде жетілдіріледі.

Постреквизиттері: бакалавр мамандықтарында оқитын студенттерге мемлекеттік тілді оқыту барысында олардың өзара еркін сөйлесіп, ішкі ойын бір-біріне қазақ тілінде еркін жеткізуіне, оқыған мәтіннің мазмұнын дәл, анық жеткізе алуына жағдай жасау, қазақ елінің тұрмысы мен салт-дәстүрін, мәдени-рухани жетістіктерін насихаттаужәне олардың бойында отансүйгіштік сезімін нығайту.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы.

5.1.Оқу пәнінің аты: Қазақ тілі пәні жоғары оқу орнында оқитын студенттердің мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне толық жағдай жасау үшін, оларды грамматикалық және лексикалық тұрғыда толық сауаттандыру үшін жүргізіледі.

5.2. Оқу пәнін оқыту мақсаты: Жоғарғы оқу орнындағы бакалавр мамандықтарында оқып жүрген студенттерге қазақ тілінің тілдік жүйесі мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту.

5.3. Пәнді оқыту міндеттері

Осы мақсат негізінде төмендегі міндеттер жүзеге асуға тиіс, олар: тақырыптарды баяндау, алған мәліметтерге өз көзқарастарын білдіру, дәлелдеу; сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау, мәліметтерге қызығушылық таныту, белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу; тыңдалым дағдыларын түсіну; электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті мәліметтерді ала білу; техникалық ережелерді, буклет, каталог, ас мәзіріндегі қажетті мәліметтерді оқи алу және оны қолдана білу.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны:

- студенттердің сөздік қорларын молайту;

- қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын, жазу сауаттылығын арттыру;

- өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары

1. Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.

 

Сабақ түрлері Жалпы сағат саны Күзгі семестр Көктемгі семестр
Аптасына Барлығы Аптасына Барлығы
Дәріс          
Практикалық сабақ          
Семинар сабақ          
Зертханалық сабақ          
Студиялық сабақ          
БӨЖ          

 

3. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:

Бакалавр мамандықтарының студенттеріне мемлекеттік тілді халықаралық стандартқа негізделген 6 деңгейлі оқыту жүйесін басшылыққа ала отырып, В2 – негізгі стандартты деңгей бойынша оқыту көзделді. Студенттердің қазақ тілінен орта мектеп деңгейінде лексикалық минимум мен грамматикалық құрылым бойынша алған білім негіздері практикалық түрде жетілдіріледі.

Постреквизиттері: бакалавр мамандықтарында оқитын студенттерге мемлекеттік тілді оқыту барысында олардың өзара еркін сөйлесіп, ішкі ойын бір-біріне қазақ тілінде еркін жеткізуіне, оқыған мәтіннің мазмұнын дәл, анық жеткізе алуына жағдай жасау, қазақ елінің тұрмысы мен салт-дәстүрін, мәдени-рухани жетістіктерін насихаттаужәне олардың бойында отансүйгіштік сезімін нығайту.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы.

5.1.Оқу пәнінің аты: Қазақ тілі пәні жоғары оқу орнында оқитын студенттердің мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне толық жағдай жасау үшін, оларды грамматикалық және лексикалық тұрғыда толық сауаттандыру үшін жүргізіледі.

5.2. Оқу пәнін оқыту мақсаты: Жоғарғы оқу орнындағы бакалавр мамандықтарында оқып жүрген студенттерге қазақ тілінің тілдік жүйесі мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту.

5.3. Пәнді оқыту міндеттері

Осы мақсат негізінде төмендегі міндеттер жүзеге асуға тиіс, олар: тақырыптарды баяндау, алған мәліметтерге өз көзқарастарын білдіру, дәлелдеу; сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау, мәліметтерге қызығушылық таныту, белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу; тыңдалым дағдыларын түсіну; электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті мәліметтерді ала білу; техникалық ережелерді, буклет, каталог, ас мәзіріндегі қажетті мәліметтерді оқи алу және оны қолдана білу.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны:

- студенттердің сөздік қорларын молайту;

- қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын, жазу сауаттылығын арттыру;

 

4. Пәнді оқыту жоспары

№ апта Тақырып атауы Сағаттар саны мен оқытуды ұйымдастырудың формалары БӨЖ тапсырмалары мен білімді бақылау түрі
дәріс Практикалық сабақтар (семинар) Зертханалық Студиялық БӨЖ
  І Модуль: Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы Отан отбасынан басталады Грамматика: Субъектілік-предикаттық қатынастың берілуі 1-сабақ: Отбасы – шағын мемлекет 2-сабақ: Отбасы және ұлттық дәстүрлер 3-сабақ: Әйел – шаңырақтың құты           «Отбасы құндылығы» дегеніміз не? (әңгімелесу)
  Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі 4-сабақ: Әке тәлімі 5-сабақ: Қазақстандысағынып жүрмін 2 БЛОК. Жас отбасы және дәстүр Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты 6-сабақ: Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер           Қазақ халқының отбасына қатысты ұлттық дәстүрлері реферат жазу
  7-сабақ: Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер 8-сабақ: Жас отбасы бюджеті немесе үнемшілдік деген не? 9-сабақ: Жас отбасының негізгі шығындары             Қазақстан Республикасындағы халықтық санақ, демографиялық жағдаяттар туралы реферат жазу
  10-сабақ: Таным патшалығы 11-сабақ: ҚР отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі 3 БЛОК. Қазіргі тұрғын үй Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі 12-сабақ: Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы           Тұрғын үй жайлылығы пікір алысу.
  13-сабақ: Шаңырақ немесе отау көтеру 14-сабақ: Қала көркі – әсем үй 15-сабақ: Пәтер интерьері           Отау үй немесе жас шаңырақ (әңгімелесу).
  4-Блок. Мінез және келбет Грамматика: Сын есімді тіркестер мен сындық сипаттаманың берілуі. 16-сабақ: Кішіпейілдіктен адам кішіреймейді. 17-сабақ: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті             «Жаным - арымның садағасы» эссе жазу
  19-сабақ: Ерекеңнің мінезі мен келбеті. Грамматика: Іс-әрекет сыны мен интенсивтілігі дәрежесінің берілуі 5 Блок. Уақыт және адам Грамматика: Іс-әрекеттің басталу сәті мен аяқталуының берілуі. 20-сабақ: Уақыт – алтыннан да қымбат 21-сабақ: Студенттің бос уақыты           Уақыт туралы қанатты сөздер.
  Аралық бақылау. Коллоквиум            
  Грамматика:Іс-әрекеттің басталу сәті мезгілдік ұғымды білдіру. 22-сабақ: Уақыттың маңызы 23-сабақ: Уақытты басқару – өнер 24-сабақ: Күн тәртібі және денсаулық           Адамның жас кезеңдері (әңгімелесу)
  25-сабақ: Уақытты қалай пайдаланып жүрмін? 6 Блок. Салауатты өмір салты Грамматика: Салдардың берілуі. 26-сабақ: Дені саудың – жаны сау 27-сабақ: Ауру – астан             «Денсаулық – зор байлық» шағын шығарма жазу.
  28-сабақ: Тазалық – денсаулық кепілі 29-сабақ: Денсаулықты күтудің жолдары 30-сабақ: Пайдалы кеңестер           Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде (пікір алысу)
  ІІ МОДУЛЬ. Қатысымның әлеуметтік-мәдени саласы 7 Блок. Менің Отаным – Қазақстан Грамматика: Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі 31-сабақ: Менің елім – тәуелсіз Қазақстан 32-сабақ: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет 33-сабақ: Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені           «Татулық мекені – Қазақстан» эссе жазу
  34-сабақ: Қазақ елі - бай ел 35-сабақ: Қазақстан нышандары 8 Блок. Қазақ халқының дәстүрлі өнері: Грамматика: Анықтауыштық қатынастың берілуі. Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі. 36-сабақ: Дәстүрлі өнер           Біздің елдің жері мен табиғаты (әңгімелесу)
  37-сабақ: Халықтық қолөнер 38-сабақ: Қазақтың театр және кино өнері 39-сабақ: Өнер жұлдыздары           «Қолданбалы өнер – ұлттық мұрамыз» шығарма жазу.
  40-сабақ: Шәкен Айманов 9 Блок. Ұлттық мәдениет тамыры. Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі 41-сабақ: Ұлттық мәдениет 42-сабақ: Айтыс           Ұлттық әдебиет пен мәдениеттің тамырлары (пікір алысу)
  Аралық бақылау.. Коллоквиум            
  43-сабақ: Күй атасы – Құрманғазы 44-сабақ: Күйші Дина 45-сабақ: ҚР президенттік мәдениет орталығы           Ғасырлардан жеткен жауһар өнер (реферат)

6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

Авторы, атауы, басылым уақыты Ақпарат көзі Бары (дана)
Кітапханада Кафедрада
Негізгі әдебиеттер
  1. Күзекова З., Әбдіқұлова Р.М. Қазақ тілі. Алматы, «Раритет» баспа компаниясы, 2011 ж.        
  2. 2. З.С. Күзекова Қазақ тілінің грамматикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Ғылым», 2009 ж. 3. www.til.gov.kz. (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиялық кешен). Астана, 2010 ж.        
  3. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ. т.б. Қазақ тілі. Оқу құралы, Алматы, 2008.      
  4 Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. Алматы, 2009.      
  5. Күзекова З.С. Қазақ тілі практикумы. Грамматикалық жаттығулар жинағы. «ІС-Сервис» ЖШС, 2010ж      
Қосымша әдебиеттер
  1.Салқынбай А.Б., Иманасова Ж. Қазақ тілі. –Алматы, 2007.      
  2. Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі. – Алматы, 2007.        
  3. Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігі.      
  4 Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. (қаржы инст.) Алматы, «Раритет», 2009.        
  5. Рысбаева Г.Қ.Қазақ тілі (грамматикалық анықтағыш), Алматы, 2000.        
  6. Р.Ғ.Сыздықова, К.Ш.Хұсайын. Қазақша-орысша сөздік. Алматы, 2008. Русско-казахский словарь. І-ІІ том. Алматы, 2007.        
  7.Қазақша-орысша терминологиялық сөздік: Мәдениет және өнер. Алматы: Рауан, 2000.        
    8.Қазақша-орысша терминологиялық сөздік: Әдебиет және лингвистика. Алматы: Рауан, 2000.        
  9.Қазақша-орысша тілмаш. – Алматы, 2005. тілін жоғары деңгейде тереңдете оқыту құралы. Өскемен. «Medi.ASoft» - 2009ж.        

7. Студенттің білімін бақылау және бағалау

7.1 Бақылау түрлері (ағымдық,аралық)

Тест тапсырмалары (лексика-грамматика, оқылым, жазылым бойынша).

7.2 Бақылау түрлері(қорытынды)

Ауызша емтихан

Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік жүйе бойынша баға Сандық эквивалент % мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 үздік үздік
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы жақсы жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 0-49 қанағаттанарлықсыз
  1. Оқу тәртібінің саясаты.

Кәсіби қазақ тілі пәні – міндетті пән. Оқу жүктемесінің көлемі 2 кредиттен тұрады, оның ішінде семинар (практикалық) сабақ – 30 сағат.

Пәннің талаптары: аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, семинар сабақтарына оқу-әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу, БӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмалары, аралық бақылау, қорытынды бақылау).

Білім алушылардың білімін бағалауда аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.

 

ГЛОССАРИЙ – СӨЗДІК

Белсенді үлестірмелі материал (БҮМ) (Hand-outs) – оқу сабақтарында білім алушының тақырыпты табысты меңгеруіне шығармашылығын арттыратын үлестірмелі көрнекі иллюстрациялық материал (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарий, өздік жұмыс тапсырмалары);

Білім алушының аралық аттестациясы – емтихан сессиясы кезінде оқу пәні мазмұнының бір бөлігін немесе оны оқып болғаннан кейін оқу пәнінің барлық көлемін меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін амалдар;

Білім алушының қорытынды аттестациясы (Qualification Examination) – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемі мен оларды меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін амалдар;

Білім алушының оқудағы жетістіктері – оқу үдерісінде қол жеткізген және тұлғалық дамуының деңгейін көрсететін білім алушының білімі, шеберлігі, дағдысы және құзіреттілігі;

Білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау – жоғары оқу орны тарапынан анықталатын бақылаудың түрлі формаларымен (ағымдық, аралық және қорытынды) және аттестаттау арқылы білім алушының білім деңгейін тексеру;

Білім алушының өздік жұмысы (ары қарай – БӨЖ) – өздігінен оқуға белгіленген тақырыптар тізімі бойынша жұмыс, ол тақырыптар оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулармен қамтамасыз етіліп, тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма және есеп түрінде бақылау жүргізіледі; білім алушының санатына байланысты студенттің өздік жұмысы (ары қарай – СӨЖ), магистранттың өздік жұмысы (ары қарай – МӨЖ) және докторанттың өздік жұмысы (ары қарай – ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушының күнделікті өздік жұмысын талап ететін тапсырмалармен анықталады;

Демонстрация (лат. Demonstpatio – көрсету) – барлық топқа әр түрлі көрнекі құралдарды көрсетуде қолданылатын әдістемелік тәсіл.

Диалог – екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу.

Дискуссия (лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.

Жағдаяттық тапсырма – білім алушының белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға қатысты орындайтын жұмысы. Көп жағдайда бұл тапсырма рөлдік үлгіде орындалады.

Жазылым – сөйлесім, тыңдалым-оқылым үнемі жазба жұмыстарымен ұйымдастырылады. Жазба жұмысының тақтада жазу,көшіріп жазу, шағын реферат, баяндама, аннотация т.б. түрлері жүргізіледі.

Монолог – бір адамның кез келген тақырыпты немесе естіген, оқыған материалдарды ауызша баяндауы.

Оқылым - өз бетінше іштей оқу, дауыстап оқу техникасын меңгеру. Газет материалы, естеліктер және әңгімелер, повестер оқу тапсырылады. Өздік жұмыс барысында оқу нормаларын, талаптарын жетілдіреді.

Презентация (лат. Praesentatio - таныстыру) – жеке немесе топта орындалған оқу-танымдық жұмыстың нәтижелерін көрсету.

Сөйлесім – белгілі бір тақырып, проблема жайлы өз білгендерін қазақша толық жеткізе алуға және пікірін қарсыласымен жарыссыз арқылы жеткізуге дағдылану: Ауызекі және ресми сөйлесім үлгілерін меңгеру.

Тыңдалым – меңгерілген лексикалық материал және қосымша таныс емес мәтін материалын ауызша мәнерлеп оқып,тыңдауға жаттығу.Радио, теледидар хаьарларын тыңдауларға жаттығу және аудио-видио құралдарынан берілетін мәтіңді тыңдау,айтып беруге үйрену.

 

 

І Модуль: Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы

1-Блок: ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

1-сабақ

Отбасы – шағын мемлекет

Субъектілік-предикаттық қатынастың берілуі

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

 

Отбасы берекесі, дүниетаным, сана, құя білу, баулу, шектелмеу, тұжырым, сүрінбеу, бірлік, тірлік.

 

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Отбасы – шағын мемлекет

 

Қазақ халқы ерте заманнан-ақ отбасы берекесі, татулық, шаңырақтың беріктігі туралы дүниетанымын қалыптастыра білген. Баланы жас кезінен бастап үлкендерді сыйлап, ақыл-кеңестерін тыңдауға үйреткен. Олардың санасына ата-ана алдындағы парыз, Отан алдындағы міндеттерді құя білген. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деп, асығып үйленудің арты жақсы отбасы болуға апара бермейтінін түсіндірген. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» дей отырып, үлкенді құрметтеуді, ата-ананы сыйлауды міндеттеген. Өзің әке-шешеңе қалай қарасаң, балаларың да саған солай қарайды деп айта отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға баулыған. «Анасына қарап, қызын ал» деген аталарымыз ертең-ақ бір үйге келін болатын қыз баланың анасына да қатаң талаптар қоя білген. Өзі жақсы ана қызына да жақсы тәрбие бере алатынына сенген. «Өз отбасыңмен ғана шектелмей, елді де көркейтуге тырыс, ел алдындағы парызыңды естен шығарма» деген тұжырымын «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген мақалға сыйғызған.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 152 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)