Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Манипуляция- Жүрекке перкуссия жасау әдісін жасап көрсетіңіз.

Читайте также:
  1. RAD принципін пайдаланатын бағдарламаны жасау ортасына жатпайтынын көрсетіңіз
  2. Кестеде есептеулер жасау
  3. Коллапс кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсетіңіз.
  4. Сурет. Ашытқыш активация жасау схемасы
  5. Топографиялық перкуссия .
  6. ХIII. Адамдармен карым-катынас жасаудын 10 шарты

Диагностикалық мәні;

Мақсаты: жүректің салыстырмалы шекарасын анықтау;

Көрсеткіші: жүрек аурулары;

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ;

Асқынулары: жоқ;

Керекті заттар: сабын,бір реттік сүлгі,кушетка,төсек жаймалары;

Іс-әрекет алгоритмі:

1) Бөлме жылы және тыныш болу керек;

2) Тексерушінің қолы жылы,тырнағы қысқа алынған болуы керек;

3) Қолды гигиеналық деңгейде жуыңыз;

4) Науқастан киімін беліне дейін шешуін сұраңыз;

5) Науқастың оң жағында тұрыңыз;

6) Перкуссияны қабырғааралық бойынша ашық дыбыстан тұйық дыбысқа қарай жүргізіңіз;

7) Жүректің үш шекарасын анықтаңыз;

8) Перкуссияны науқастың жағдайына байланысты отырғызып,тұрғызып,жатқызып жасайды;.

Жүректің оң жақ шекарасы:

Оң жақ өкпенің төменгі шекарасын бұғана орта сызығымен VI қабырғаға дейін анықтаңыз;

1) Қалақша саусақты табылған шекарадан бір қабырғааралық жоғары қойып,анықтайтын шекараға паралелль қойып перкуссия жүргізіңіз (қ.ж IV қабырғааралық);

2) Қалақша саусақты төске қарай жылжыта отырып,тұйықталған дыбыс пайда болғанша тыныш перкуссия жүргізіңіз;

3) Саусақты анық дыбыс естілген жағынан белгілеңіз.Бұл жүректің салыстырмалы оң жақ шекарасы;

Жүректің сол жақ шекарасы:

1) Пальпация арқылы жүрек соғысын анықтаңыз;

2) Жүрек соғысы анықталған қабырғааралықпен (V қабырғааралық) алдыңғы қолтық сызығына қалақша саусақты паралелль қойып перкуссия жүргізіңіз

3) Қалақша саусақты V қабырғааралық бойынша алдыңғы қолтық сызығына қиғаш қойып,анық дыбыстан бәсең дыбысқа өткенше перкуссия жасаңыз;

4)Қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз,бұл жүректің сол жақ шекарасы;

Жүректің жоғарғы шекарасы:

1) Қалақша саусақты II қабырғааралыққа көлденең қойып,төстің сол жақ шетінен 1 см сыртқа қойып,төмен қарай анық дыбыс бәсең дыбысқа өткенше перкуссия жасаңыз;

2) Қалақша саусақтың дыбыс анық естілген жағынан белгілеңіз,бұл жүректің жоғарғы шекарасы;

Ескерту:

1) Жүректің оң жақ шекарасы-қалыпты жағдайда IV қабырғааралықта төстің оң жақ шетінен 1-1,5 см сыртқа;

2) Жүректің сол жақ шекарасы-қалыпты жағдайда V қабырғааралықта 1-1,5 см ішке сол жақ бүғана орта сызығынан;

3) Жүректің жоғарғы шекарасы-III қабырғааралық тұсында;

 

 

Жедел көмек

Жүрек демікпесі кезінде дәрігерге дейінгі көрсетілетін медициналық көмек

Мақсаты: Өкпе ісінуіне өтуіне мүмкіндік бермеу;

Көрсеткіші: кенеттен ентігк,әлсіздік,суық тер басу,мазасыздық,беті көкшіл,тыныс алу қиын,кеудесінде бұрқылдаған сырыл естіледі;

Қарама-қарсы көрсеткіштері: жоқ;

Асқынулары: өкпе ісінуі;

Керекті заттар: оттегі,система, жгут, шприцтер, стерильді мақталар,марлі,лоток,дәрілік препараттар, этиль спирті 700.

Іс-әрекет алгритмі:

1.Дәрігер шақырыңыз;

2.Таза ауамен қамтамасыз ету;

3.Науқастың қысып тұрған киімін шешу;

4. Науқастың аяғын төмен түсіріп отырғызыңыз (арқасын тіреп отыру үшін жастық қойыңыз);

5.Резиналы баллон арқылы аузынан шырыш пен көпіршікті сорып алыңыз;

6.Тіл астына нитроглицерин таблеткасын беріңіз (ААҚ 100 мм с.б артық болса);

7.Оттекті көпіршікті басқыштан өткізіп беріңіз (10% антифомсилан немесе спирт);

8.Инъекция түрінде салатын дәрілерді дайындау:

9.морфин гидрохлорид 1%

10.дроперидол 0,025%

11.димедрол 1%

12.Фуросемид (лазикс)-40-160мг.

13.Преднизолон-30-60 мг.

14.Пентамин 5% (АҚҚ жоғарылағанда)

15.эуфиллин 2.4%

16.строфантин 0.025%

17.кордиамин 25%

18.АҚҚ қайта өлшеңіз және пульс

19.Дәрігер тағайындаған дәрілерді салыңыз.

Ескерту:

- дәрілер болмаған жағдайда аяқ-қолына байлам салыңыз;

- зеңбілмен тасымалдаңыз;

 


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 604 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)