Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Банктегі талдау және қаржылық есеп» пәні бойынша семестраралық тапсырмалар.

Читайте также:
  1. G2 критерийі бойынша бірнеше дисперсиялардың біртектілігін бағалау.
  2. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  3. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  4. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  5. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  6. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  7. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология

 

1. Төлем жүйесінің түсінігі

2. Төлем жүйесінің негізгі қатысушылары

3. Төлем құралдарының мазмұны

4. Төлемді жетілдіру механизмі

5. Мемлекеттің төлем жүйесінің принциптері

6. ҚР төлем жүйесінің дамуы

7. Клирингтік палатының Алматыда құрылуы

8. КЦМР қызмет бабы

9. ҚР-ның төлем жүйесінің қазіргі жағдайы

10. Есеп айырысу операциялары және олардың сыныпталуы

11. Банкаралық сыныпталу

12. Төлем инструменттері

13. Төлем талап тапсырмасының есеп айырысуы

14. Чектермен есеп айырысу

15. Операциялардың функционалдық қызметі

16. Вексельдермен есеп айырысу

17. Төлем жүйесінің есеп айырысу формалары

18. Есеп айырысу карточкалары

19. Есеп айырысу операциясын ашу

20. Есеп айырысу операциясын жүргізу

21. Акцептік операциялары

22. Кассалық операциялары

23. Есеп айырысу формалары

24. Аударым операциялары

25. Аккредитивтік операциялары

26. Клирингтік операциялар

27. Инкассалық операциялар

28. Банк аралық есеп айырысу

29. Банк аралық есеп айырысудың тәртібі

30. Орталықтандырылған есеп айырысу, орталықтандырылмаған есеп айырысу

31. Электрондық төлемдер

32. Ірі төлемдерді аудару жүйесі

33. Қазақстандағы ірі төлемдерді аудару жүйесі

34. КЦМР-ды қолданушылардың келісім шарты

35. Бөлшек төлемдердің жүйесі

36. Клирингтің мазмұны

37. Клирингтің қатысушылармен объектілері

38. Клитингті жүргізу механизмі

39. Банкаралық клирингтік жүйеде тәуекелдерді басқару

40. Ақша аударымдарының электрондық жүйесі

41. Банктік операцияларды жүргізудің негізгі түрлері

42. Төлем құжаттарының электрондық жүйесі

43. Электронды сандық жазу

44. Электрондық әдіспен хабар беру

45. Қауіпсіздік процедурасы

46. SWIFT төлемдерінің электрондық мінездемесі

47. ҚР төлем жүйесінің даму перспективасы

 

Глоссарий

Аваль – вексель бойынша кепілдік. Аваль беруші банк(авалшы) вексель беруші (егер жай вексель болса) немесе акцептант (егер аудармалы вексель болса) тарапынан төлем төленбеген жағдайда оны төлеу жауапкершілігін өзіне алады. Төлем мерзімі келгенде банк акцептеген вексель төленуі үшін тікелей банкке жіберіледі, ал авальданған вексель төленуі үшін алдымен вексель берушіге немесе акцептантқа ұсынылуға тиіс, олар төлем төлемеген жағдайда ғана вексель иесі аваль беруші банкке талап қояды. Аваль акцептке қарағанда едәуір сиректеу қолданылады.

Авизо - өнімнің жөнелтілгені және ақша аударылғаны туралы немесе шарт бойынша белгілі бір міндеттемелер алған кәсіпорындар арасындағы өзара есеп айырысуда болған өзгерістер туралы алушыны хабардар ететін банк жүйесінде қолданылатын хат.

Авуарлар – кең ұғымда түсінгенде – түрлі активтер (ақша қаражаттары, чектер, вексельдер, аударылған ақша) есебінен осы актив иелерінің түрлі төлемдерін төлеуі мен міндеттемелерін орындауы; ал тар ұғымда – банктің шетело банктеріндегі есеп шотындағы шетел валютасымен есептелетін қаражаты (оның кассасы, басқа банктердегі есеп шоты, оңай таратылатын баңалы қағаздар, вексельдер және т.с.с.)

Акцептант (трассат) – төлем уақыты келгенде аудармалы вексельге (траттаға) қол қойып және сонымен қатар вексель бойынша төлем міндетін өзіне алатын тұлға.

Аудит- компаниялардың қызметіне, бухгалтерлік есебіне клиенттің тілегі бойынша жүргізілетін тәуелсіз тексеру түріндегі қаржы бақылауының ерекше түрі.

Аудиторлар- акционерлік қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметін тексеретін лауазымды адамдар. Аудиторлар дербес жұмыс істеп және өз қызметі үшін өздері жауап береді. Оларды акционерлердің жалпы жиналысы белгілі бір мерзімге тағайындайды. Оларға ақыны акционерлік қоғам төлейді. Аудиторлар менеджмент және салық салу мәселелері бойынша клиенттерге ақыл-кеңес береді. Ол қызметтер коммерциялық негізде көрсетіледі.

Акцияның баланстық құны- қаржы есебінің көрсеткіштері бойынша бір жай ақшаға шаққандағы компания активтерінің құны. Дұрысында, бұл құнның бағалы қағазадар курсымен байланысы нашар.

Аккредитив – бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредитив ашушының) банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.

Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтық көлемі.

Ақша базасы – бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшалар.

Ақша реформасы – ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асыратын түрлендірулер.

Ақша мультипликаторы – ақша-несие жүйесіндегі салымдарды ұлғайту немесе қысқарту нәтижесінде қанша мөлшерде ақша ұсынысының көбеюін немесе азаюын көрсететін сандық коэффициент және оның шамасы ақша-несие жүйесінде пайдаланылатын резервтеу нормасына кері пропарционал болып келеді.

Ақша механизмі – ақша жиынындағы өзгерістер арқылы экономикадағы ықпал ету тәсілі.

Аударым вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлем туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассаттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

Варрант- бағалы қағазбен қосып берілетін куәлік, ол белгілі бір мезгіл өткесін өз иесіне қосымша жеңілдіктер алуға құқық береді.

Бағалы қағаздар депозитариі – бағалы қағаздарды орталықтанған сақтау орны. Олардың физикалық орны ауыстырмай ақ компьютерлік жүйелер және сертификаттар арқылы саудаға салуға мүмкіндік береді.

Валюталық интервенция – ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында орталық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуы.

Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

Вексель дисконты – 1) қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін вексельді номиналдан төменгі бағамен сатып алу; 2) вексельдерді есепке алу барысында банктердің алатын есепке алу пайызы.

Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Дефляциялық саясат – бұл ақша және несие механизмі арқылы ақшаға деген сұранысты шектеуді, салық механизмін қолдану арқылы мемлекеттік шығыстарды азайту, несие үшін пайыз мөлшерін жоғарлату, ақша массасын шектеу әдістерінің жиынтығы.

Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.

Домицилиант – вексельдекөрсетілген төлемді жүзеге асыратын, вексельге делдал ретінде қатысатын банк.

Инфляция – бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.

Индексациялау – ақшаның құнсыздануы, инфляцияның нәтижесінде болған зиянның орнын толтыру әдісі.

Инкассалық өкім – заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты.

Инкассо – банк клиенттің тапсырмасы бойынша төлеушіден төлемді немесе төлемге беретін келісімді алуға міндеттеме алатын банктік операцияның түрі.

Коммерциалық несие -бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауары.

Кросс бағам -бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның шеткі қатынасы.

Қаржылық (банктік) вексель -белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.

Қазыналық вексель -бұл мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылған, оның қарыздық міндеттемесі.

Кредиттік карточка -оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісім шартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

Лизинг -бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға(жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Төлем тапсырысы – ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырма.

Төлем талап – тапсырмасы – бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

Факторинг операциясы - жабдықтаушының (банк клиентінің) жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық –делдалдық операция.

Форфейтинг операциясы - форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті имортердың төлем құжатын сатып алуы.

Форс-мажор жағдайы - экономикалық келісім шарттарға қатысушылардың әртүрлі төтенше жағдайларға (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және т.б.) байланысты міндеттемелерді орындай алмауы.

Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

Электрондық ақшалар - компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы

 

Әдебиет тізімі (негізгі, қосымша)

Негізгі әдебиеттер:

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03. 1995 (28.02.07. өзгерістер мен толықтырулар)

2. «ҚР банктер және банктік қызметтер туралы» ҚР заңы 31.08.1995 ж. (28.03.07. өзгерістер мен толықтырулар)

3. «Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы» ҚР заңы. 29.06.1998 ж.

4. Ілияс А.Ә., Сәулембекова Ә.Қ. «Төлем жүйесі: теория және практикасы». Оқу құралы. А: 2007

Қосымша әдебиеттер:

5. «Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» ҚР Ұлттық банк Басқармасының № 179 қаулысы. 25.04.2000 ж.

6. «Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулық» ҚР Үлттық банк Басқармасының № 266 қаулысы. 02.06.2000ж.

7. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік классификато­ры — төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалануу ережесі» ҚР Үлттық банктің Басқармасының № 388 қаулысы. 15.11.1999. Қ.Р-сының 30.03.1995 жылғы: «ҚР-ң Ұлттық Банкі туралы» заң.

8. «ҚР вексельдік айналым туралы» Қ.Р заңы. 28.04.1997 жыл

9. «ҚР ұлттық валютаны енгізу туралы» Қ.Р жарлығы 12.11.1993

10. «ҚР ақша жүйесі туралы» Қ.Р заңы13.12.1993 жыл Қ.Р Ұлттық Банкінің инструктивті-нормативтік актілері

11. Қ.Р Ұлттық Банкінің Бас Басқармасының үкімімен бекітілген 29.08.1996 жылғы № 200 Ірі төлем жүйесіндегі есеп айырысу Қазақстанның орталық банкаралық есеп айырысуды жүргізу ережелері.

12. Қ.Р Ұлттық Банкінің Бас Басқармасының үкімімен бекітілген 21.11.1998 жылғы № 242 Банкаралық жүйеде ақшаны аудару ережелері.

13. Қ.Р Ұлттық Банкінің Бас Басқармасының үкімімен бекітілген 05.12.1998 жылғы № 266 Қ.Р-сының территориясында чектерді қолдану ережелері.

14. Қ.Р Ұлттық Банкінің Бас Басқармасының үкімімен бекітілген 03.07.1999 жылғы № 157 Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарда шаруашылық жүргізу құқығындағы клирингтік жүйеде операцияларды жүргізу ережелері.

15. Қ.Р Ұлттық Банкінің Бас Басқармасының үкімімен бекітілген 15.11.1999 жылғы № 395 «Қ.Р Ұлттық Банкімен вексельдерді қайта есептеу ережелері»

16. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары». А: Экономика.2000 ж

17. «Ақша, несие, банктер» Ғ.С.Сейтқасымов жетекшілігімен. А: Экономика. 2001ж

18. Мақыш С.Б. «Ақша айналымы және несие». А: "Қазақ Университеті" 2000 ж.

19. Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары».-А: Қазақ университеті, 2002 ж.

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 361 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)