Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының ішкі істер органдарының түсінігі мен жүйесі
  2. азақстан Республикасының салық жүйесінің даму жылдары.
  3. Атмосфера құрылымы және газдық құрамы
  4. Векторлар жүйесінің сызықтық тәуелділігі. Векторлық кеңістік және оның базисі. Берілген базистегі вектор координаталары. 1 страница
  5. Векторлар жүйесінің сызықтық тәуелділігі. Векторлық кеңістік және оның базисі. Берілген базистегі вектор координаталары. 2 страница
  6. Векторлар жүйесінің сызықтық тәуелділігі. Векторлық кеңістік және оның базисі. Берілген базистегі вектор координаталары. 3 страница
  7. Векторлар жүйесінің сызықтық тәуелділігі. Векторлық кеңістік және оның базисі. Берілген базистегі вектор координаталары. 4 страница

Рынокта төлем жүйелерінің көптеген түрлері қызмет көрсетеді. Солардың ішіндегі ең кең тарағандарын атап шығайық. Олар: Орталық банкінің жүйесі, Cheeps және Free Wine жүйелері, SWIFT жүйесі, Visa және Europay жүйелері, жинақ картасы, Union-card, Western Union, Money Gran, Ресей Жинақ банкісінің коммуналдық төлемдер қабылдайтын жүйелері, Webmoney, PayCash, Gyber Plat, Assist жүйелері.

Төлем жүйелері қолданысы жағынан банкаралық, карталық, есепшот ашпай ақша аудару, электронды ақша болып бөлінеді. Мұнда қорытушы фактор болмағандықтан, мұндай бөліністің түрлерін сараптай алмаймыз. Бірінші жүйе – төлем жүйелерінің бір субъектісімен анықталса, екінші – төлеуші акцептісін жеңілдету арқылы, үшіншісі – технология арқылы, төртінші - ақшаның материалдық тұтыну формасы арқылы анықталады. Жалпы алғанда, бір фактор бойынша бір ғана топтастыру жасау төлем жүйелерінің көп түрлілігі мен күрделілігін бере алмайды. Әдетте, төлем жүйелері төмендегідей болып сипатталады: көтерме, бөлшек, жалпы, клирингілік, күнбе-күн, рейстік, оn-line режиміндегі, кредиттік және дебеттік аударма.

Федералдық қор жүйесінің статистикасы бойынша 1000 доллар төлемнің 5% -ын ғана құрайды, ал осы төлемдердің құны барлық төлем айналымының 88 % -ын құрайды.

Ұлттық банк пен Халықаралық есеп айырысу банкінің ресми құжаттарында көтерме және бөлшек төлем жүйесінің анықтамасы болмайды. Ұлттық орталық, ірі отандық және халықаралық банкілердің банкаралық есеп айырысу жүйелері көтерме жүйе болып есептеледі. Ал пластикалық карта, есепшот ашпай ақша аудару, электронды ақша негізінде құрылған жүйе – бөлшек жүйеге жатады. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық – соманы тиімді төлеу факторы. Ұсақ төлемдерге қарағанда ірі төлемдерде жүйенің барлық амал-тәсілдерінің нақты әрі қатесіз болғаны өте маңызды. Сонымен бірге, клиенттер қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің жылдам түріне қызығушылық танытады. Жүйенің жоғарғы талаптары үлкен тарифтер мен шағындарды анықтайтын болғандықтан, клиенттердің түсінігі бойынша тек ірі төлемдерді жүргізу тиімді болып көрінеді.

Келісім жасаушылар төлемді жүргізуге кепілдік алып, оның басталуын күтпей-ақ қойса болады. Бөлшек жүйелер банкаралық есеп айырысуды көтерме жүйе арқылы жүзеге асырады, бұл оның бөлшек жүйеге тәуелді екенін көрсетеді. Бөлшек жүйелер өзіндік зерттеу жүргізбейді және клиенттердің төлем жүргізуін жылдамдатады. Олар шығынды аз жұмсап, клиенттерден делдалдық қызметі үшін аз мөлшерде комиссия ұстайды. Көтерме төлем жүйесін тек орталық банкілер қалыптастырып, өздері бақылайды, яғгни мемлекеттік заңдарға сүйеніп реттейді. Себебі банкаралық есеп айырысудағы ақаулықтар елдің экономикасына соққы болып тиіп, оның экономикалық қауіпсіздігін бұзуы мүмкін. Көтерме төлем жүйелері тек кейбір жағдайда, мысалы, SWIFT және Target жүйелерін қолданған жағдайда ғана ұлттық шекарадан аса алады. Германиядан басқа көптеген елдерде тек бір ғана көтерме төлем жүйесі қалыптасқан. Мысалы, Германияда оның саны – екеу ал АҚШ-та – үшеу. Сондықтан бұл елдердің жүйелері бір-бірімен бәсеке жасамайды.

Бөлшек төлем жүйесі экономикасы дамыған елдердің бәрінде қалыптасқан. Оларды заң реттеп, мемлекет бақылайды, негізінен олар жеке меншіктегі ұйымдар болып табылады. Мұндай жүйелер сан алуан рыноктық салаларда болатын, өмірдің түрлі кезеңдеріндегі әр түрлі технологиялық дәуірлерге жатады. Экономикалық маңыздылығы жағынан тек бірінші ірі төлем жүйелерін, соның ішінде карталық жүйені ұлттық көтерме төлем жүйелерімен салыстыруға болады. Глоссарий банкінде клиринг негізіндегі жүйелік төлемдер қатысушылар арасындағы төлемдерді өзара есептеу мен банкаралық аударма арқылы жүзеге асады. Нақты мерзімдегі жалпы есеп айырысу жүйесінің (НМЕЖ) жалпы есеп айырысу жүйесі төлем жүйесіндегідей анықталады. Онда зерттеу мен есеп айырысу ешқандай шығынсыз, қазіргі уақыт режимінде және бірінен кейін бірі жүзеге асады.

Жалпы есеп айырысу АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі, Германияның Бундес банкі мен Украинаның Ұлттық банкі сияқты Ұлттық көтерме төлем жүйелеріне тән. SWIFT банкаралық коммуникация жүйесі жалпылама негізде төлем құжаттарын жүзеге асырады. Ресейдің ірі банкілерінің ішкі банкілік есеп айырысуы да жалпы негізде құрылған.

Ақша аударудың клирингілік әдісі бұрынғы буын өкілдерінің бөлшек және көтерме жүйесіне тән. Клирингтің негізінде карталық жүйе мен есепшот ашпай, жедел ақша аудару жүйесінде банкаралық есеп айырысу іске асады. Ол әсіресе көп рейстік жүйе мен Қазақстанның Аймақаралық банкісінен орын алған. Көтерме жүйеде төлемді нақты әрі жедел жүргізу үшін әрбір төлемді жеке жүргізуге қажет реквизиттері бар корреспонденттік шоттар бойынша көшірмені қолдану қажет.

Клирингілік жүйеде бөлшек төлемдерді жүргізу клиенттердің есебі бойынша жүргізіледі. Банкілер арасында есеп айырысу тек бір төлем жүйесі арқылы жүзеге асады, әдетте ол күніне бір рет кіретңн және шығатын төлем сальдосы түрінде кездеседі. Банкаралық төлем клиент төлемдері тізілімінің алмасуы процесінде талқыланады. Төлемдерді жинақтаудың клирингілік тиімділігіне бірыңғай есеп айырысу орталығы мен уақыт қажет. Төлемдердің жинақталуына неғұрлым жоғары болса, әрбір банк үшін кіріс төлемдері шығыс төлемдеріне тең болады және осы төлемді аяқтау үшін шамалы қаржы қажет.

Жалпы негіздегі төлемдер әдетте, жеке төлем нұсқауын алғаннан кейін жүргізіледі.. Клирингке қарағанда жалпы есептерде төленбеген төлем тез байқалады және бұған қатысушылардың барабар іс-шараларды қолдануға көп уақыты болады. Сол себепті оған төлемеушілік мультипликаторы енгізілмейді және клирингке қарағанда жалпы төлемдер аз дәрежеде жүйелік тәуекелге барады. Әрбір клиенттің төлемін жеке жүргізу электронды технологияларды енгізгенге дейін өте қымбат болды. Клиенттердің төлемін жиынтық түрде өткізудің салдарынан клирингілік жүйелер есеп айырысу жүйелерінен үнемдеу жасайды, сондықтан да олардың шығыны аз болады. 1990 жылдың ортасына таман енгізілген электронды технологиялар қолмен өңдеу мен қағаз құжат айналымын толықтай жойды. Жалпы жүйе өздерінің шығындарын клиринг жүйесінің дәрежесіне дейін азайта алады.

Бірнеше төлем жүйелері төлемдерін нақты бір мерзімде (on-line), есеп айырысудың көп рейсті жүйесінде, күнбе-күн немесе бірнеше сағаттардың ішінде жүргізеді. Глоссарий банкінің халықаралық есебінде төлемді жүргізудің мерзімі анықталған. Мерзім бойынша төлемді жүргізу, төлем тапсырысын зерттегеннен кейін емес. Сол төлем алынған сәттен бастап жүргізіледі. Күнбе-күн есеп айырысу дегеніміз – төлемді есептеу үшін қабылданған есептердің аяқталуы. Төлемді жүргізу мерзімі деген ұғымның мағынасы кең, ол төлеушінің төлем құжаттарын берген күннен төлеушіге жүргізілген төлем есебінің көшірмесі берілгенге дейінгі уақытты қамтиды. Ал бір жақты мағынада – клиенттермен өзара байланыстарды есептемегенде, банк төлемдерін жүргізуге жұмсалған уақыт. Төлеушінің немесе алушының бухгалтерлік есебінде көрініс беретін төлем құжатының қалыптасуына жұмсалған уақыт, әдетте, төлем жүйелерінің мерзімінен тыс қалады. Кейбір банкілер жоғары дәрежеде автоматтандырылған жүйе мен бағдарламалық техникалық құралдарды қолдана отырып, банкінің ішкі төлемдерін жүргізеді. Банкоматтағы ақша алынған жағдайда ол бірден банкілік карта иесінің есебінен көрініс табады. Егер төлеуші мен алушыға бір банк қызмет етсе, онда банк қызметкерлері төлем тапсырысы орындалып жатқанда төлеушінің есебінен алушының есебіне дейін ұзын сызық жүргізеді.

Жүйеге қатысушылар арқылы төлемді жүргізу жылдамдығы тек банкілік жүйелердің дәрежесімен ғана емес, сонымен бірге байланыс каналдарының өткізгіштік тәсілімен және компьютерлік жедел жұмыс істеймен шектеледі. Мәселен, SWIFT жүйесі өзінің дамыған технологиясына қарамастан төлемдерді 30 минуттың ішінде жүргізуге кепілдік береді: әр түрлі аймақтағы банкілердің арасында төлем 10 минут ішінде жүреді, қатысушы-банкінің төлемдер жүргізуіне де осындай уақыт қажет.

Ресей банкінің көп рейстік жүйесінде бір күнде төлем жүйесінің 5 сеансы жүргізіледі. Егер клиенттер бір аймақтың банк ісіне жатса, онда төлем бір күнде төрт кәсіпорынның шаруашылық байланысы арқылы өтеді. Ресей банкінің көп рейстік жүйесі төлем технологияларының даму кезеңдері болып табылады. Күнбе-күн төлемдер 1990 жылдың басында құрылған аймақ-аралық және халықаралық төлем жүйесі арқылы жүргізіледі. Бірнеше күн төлем жүргізу кәсіпорындарға тән емес және олар тәжірибе жүзінде сақталмаған. Көтерме жүйеге қарағанда бөлшек жүйеде төлемдерді жүргізудің жылдамдығы төмен. Карталық төлем жүйесі қазіргі кезде авторландыруды жүргізуде, ал төлемнің өзі бірнеше күннің аралығында төлеуші мен алушының есебі арқылы жүзеге асады. Күнбе-күн төлемдерді банк есебінің өтімділігімен басқару оңай, сондықтан төлемдердің тобы клирингілік негізде өзіне қарсы кірістердің есебінде олардың өтуін қамтамасыз етеді. Нақты уақыт аралығында есеп айырысуда корреспонденттік есепшот алмасып, өтімділік арқылы банкаралық тәсілдер күрделене түседі. Күнбе-күн жүргізілетін есеп айырысулар банк шотындағы тұрақты қалдықтардың қалуын және сол қалдықтарды кредитке тарату арқылы ақша табудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Нақты уақыт аралығында есеп айырысуға көшкенде, тұрақты қалдықтар мен кредиттеудің табысы төмендейді. Глоссарий банкінің халықаралық есебі кредиттік және дебеттік ақша аударуға төмендегідей анықтама береді. Кредиттік ақшаны аударуда төлем нұсқаулары төлеуші бекіткен жағдайда жүзеге асатын болса, ал нұсқауда төлеушінің есебінен бенефициардың есебіне қаржыны қалай аударудың жолдары беріледі. Дебеттік ақша аударуда дебеттік аударудың құралдары төлеуші бекіткеннен кейін, бенефициардың қаржылық институтына бағытталады., нәтижесінде соңғысының есебі дебеттеледі. Кредиттік және дебеттік ақша аударулардың арасындағы айырмашылық – төлеуші төлем нұсқасымен бірге банкіге барып төлем жүргізеді.

Төлемді жүргізу нұсқасы барлық қағидаларға сәйкес оны жүргізу тәсіліне тәуелсіз орындалады. Төлемге қатысушылар берілген нұсқауды орындаудың алдында, өз шотында қажетті соманың бар екеніне көзін жеткізеді. Содан кейін төлем құжатына төлеушінің акцептін айқындап жазады. Алғашқыда, ақша төлеушінің шоты мен төлемші-банкінің корреспонденттік есепшотынан алынып, содан кейін алушы мен алушы-банкінің есепшотына аударылады. Кредиттік ақша аударуда төлеушінің акцепті бар төлем құжаттары төлемші-банкіге келіп түседі және сонда сақталады. Көп жағдайда көтерме жүйеде кредиттік аударулар қолданылады. Үнемі болатын негізсіз көшірулер (әсіресе, ірі сомалар) орасан зор банкротқа әкеп соғады. Көтерме жүйеде төлем талаптарының аккредитиві мен инкассосы негізіндегі дебеттік аударулар жіберіледі. Алайда төлемнің бұл формалары төлемнің 5 %-ын ғана құрайды, төлем құжаттары кез келген жағдайда төлемші-банкіге түсіп, сонда сақталады. Алушы төлем құжатын өзі жасап, төлеушіге акцептілейді және сол қалпында оны банкіге береді. Сондықтан дебеттік аударудың кепілдігі мықты. Ақша алушыға жасалатын қолайлы жағдай туралы айтпаса да болады, сол себепті барлық ауыртпашылық төлеушіге емес алушыға түседі. Кредиттікке қарағанда дебеттік аударудағы іс-шаралар күрделірек. Себебі төлеуші төлемді алушыға қолайлы жағдай жасап, төлем құжатының жедел жасалуын қамтамсыз етуі қажет.

Карталық жүйелердегі төлешілер негізінен – халық, ал алушылар – сауда мекемелері болып табылады. Сатып алу үшін төлемді рәсімдеген кезде, дүкеннің дұрысқызмет етуіне сатып алушы күмән тудырмауы керек. Сондықтан, дүкен сатып алушыдан тек төлемнің талаптарын ғана қабылдайды, сонымен бірге қатысушы банкілердің өзіне де талап қояды. Банк үшін мыңдаған адамдардың төлем нұсқауларын орындағаннан гөрі, жүздеген дүкендердің төлем талабын орындаған артық. Төлемдерді зерттеуге қажет техникалық құралдарды адамдарға таратқаннан гөрі, дүкендерге орнатқан арзанырақ.

Карталық жүйедегі дебеттік аудару кезінде төлеушінің акцепті бар төлем құжатының нұсқасы алушы-банкіде қалады. Төлемші-банк төлем жүйесінің талаптарын негізге ала отырып, өз клиентінің есепшотындағы ақшаны есептеп шығарады. Егер төлеуші өз тарапынан бұл есеппен келіспейтіндігін білдірсе, онда бұл жағдайды реттеу ұзақ уақытқа созылатын болады.

Клиенттер төлем шығындарын азайтуды талап ете алады: төлем жүргізуді біршама жылдамдату, тәуекелді төмендету. Төлем шығындарының азаюы төмендегідей төлем жүйелерінің үндестігін сипаттайды. Көтерме (қауіпсіз), жалпы (жедел төлем мен тәуекелдің төмендігін қамтамасыз етуші), төлемді уақытында төлеу (жедел), дебеттік ақша аудару (ең қарапайым және шығыны аз). Көбінесе, бұл тенденция орталық банкілердің жалпы төлем жүйесінде байқалады. Төлем жүйесі күрделенген механизм, сондықтан ол нақты қағидаларға негізделуі қажет. Төлем жүйелерін жасауға көп көңіл бөлінеді, соған ол міндетті түрде заң шығару мен түрлі төлем жүйелерінде есепке алынады. Халықаралық төлем банкінің төлем және есеп айырысу жүйелерінің комитеті осы қағидаларға баса назар аударады.

Отандық экономистер де осы қағидаларға қатты көңіл бөліп отыр. Алайда, олардың қалыптасуы жағынан айырмашылық өте көп, ол уақыт және зерттеумен түсіндіріледі. 1990 жылдан бастап отандық экономистер қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға қатысты ұстанымдарды өзекті ендіре түсті. Сол кезден бастап төлем жүйелерін ұйымдастыру мен технологиялары, ұстанымдарды қалыптастыруға көмегін тигізген құрылғылар да өзгере бастады.

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 208 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)