Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

НАУҚАСТЫ ФИБРОГАСТРОДУОДЕНОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ

Читайте также:
  1. НАУҚАСТЫ ҚЫРЫМЕН ЖАТҚЫЗУ
  2. НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҰЛТАБАРҒА СҮҢГІЛЕУДІ ЖҮРГІЗУ
  3. НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ АСКАЗАНДЫ ФРАКЦИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖІҢІШКЕ СҮҢГІМЕН СҮҢГІЛЕУДІ ЖҮРГІЗУ

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету,

өңеш, асқазан және он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған гастроскопты, сүлгіні, зерттеуге

жолдаманы.ФГДС-ті дәрігер жасайды, медбике көмекші қызметін атқарады.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2.Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

3.Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Тамақ, су ішуіне, Дәрілік препараттарды қабылдауына тыйым салыңыз, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.

4.Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етіңіз, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек.

5.Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.

6.Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын науқасқа ескертіңіз (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады).

7Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопия-лық кабинетіне ертіп апарыңыз.

8.Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарыңыз және одан жүту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұраңыз. Темекі шегуге болмайды.

Ескерту:

- тері астына премедикация жасалмайды, себебі зерттелетін мүшенің жағдайын өзгертеді;

- биопсияға материал алғанда, науқасқа тамақ тек салқын түрде беріледі.

НАУҚАСТЫ КОЛОНОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, жуан ішектің жоғары орналасқан бөлігінің сілемейлі қабығын қарау.

Қажеттілерді дайындау: колоноскопты, Эсмарх крушкасын, шылапшынды, қайнатылған суды, фортрансты, клеенканы, жайманы, судноны, салфеткаларды, резеңке қолғаптарды, вазелинді, шпательді, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, жолдаманы.

Колоноскопияны дәрігер жасайды, медбике көмекші қызметін атқарады

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2.Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

3.Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескертіңіз (зертгеу нәтижесі дұрыс шықпайды).

4.Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз.

5.Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тағайындалады, науқастың тағамынан газ түзетін азық-түліктер, көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, нан алынып тасталады.

6.Зерттеуді жасар алдында 2 күн бойы іш жүргізетін дәрілер тағайындалады (фортранс схемаға сәйкес). 1 литр ерітіндіні 15-20 кг дене салмағына, бұл 3-4 литр ерітіндіге сәйкес келеді. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай немесе бірдей бөлікке бөліп кеш қарсаңында және зерттеу жасайтын күні таңертең қабылданады. Соңғы препарат емшара алдында 3-4 сағат бұрын қабылданады.

7.Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай науқасқа жоғарғы тазарту клизмасын 3-4 литрдей сумен жасаңыз.

8.Таңертең зерттеу жасайтын күні зерттеуден 2 сағат бұрын 1 тазарту клизмасын жасаңыз.

9.Белгіленген сағатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарыңыз (ауру тарихымен).

10.Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шығарып салыңыз.

Ескерту: жуан ішекті нәжістен, сұйықтықтан және сілемей сұйықтықтардан тазарту - дайындықтың негізгі міндеті, осының дұрыс шешілуі зерттеудің жетістігін қамтамасыз етеді.


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 492 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)