Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ПАЦИЕНТТІҢ ИЫҚТАРЫ МЕН БАСЫН КӨТЕРУ

Читайте также:
  1. Айнымалысы түбір таңбасына тәуелді теңдеулер
  2. Оқу жобасынан көшірме

(бір медбикемен орындалады)

Қолдану көрсетілімдері: көпшікті түзету; киімдерін жазу; іш киімдерін ауыстырудың

бір сатысы.

• Пациентке шараны орындау жолын түсіндіріп, оның түсінгеніне көз жеткізіп және шараны орындауға келісімін алыңыз.

• Кереует тежегішін бекітіңіз.

• Бір жақ бүйіріндегі тұтқаны төмен түсіріңіз (егер ол болса).

• Бас жағына қарап, кереуеттің жанында тұрып, аяқтарды 30 см-дей бір-бірінен алшақ қойыңыз.

• Аяқтарды тізеден бүгіп, алға қарай еңкеймеңіз!

• Пациенттен сізге көмектесуін сұраңыз (егер ол орындай алатын болса): қолын қолтық астынан сұғып, сізді иығыңыздан құшақтауын несеме кереует тұтқасынан ұстауын түсіндіріңіз.

• Сізге жақын пациент қолы астынан өз қолыңызды өткізіп, екіншісін — оның мойны мен иығы астына салыңыз.

• Өз салмағыңызды артқа, пациент аяғына қарай ауыстырып, пациенттің басы мен иығын көтеріңіз. Көтерген кезде, пациентті бұруға болмайды!

• Пациенттен бос қолымен сізге көмектесуін сұраңыз. Пациентті иығы мен мойнын көтеріңкіреп, қолмен көпшігін түзетіңіз.

• Көпшікке пациент иығы мен басын түсіріңіз. Оның ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз.

 

КЕРЕУЕТТЕ ӨЗГЕРГЕН БИІКТІКТЕН «ИЫҚПЕН КӨТЕРУ» ӘДІСІ (АВСТРАЛИЯЛЫҚ КӨТЕРУ)

(екі не одан да көп адам орындайды, пациенттің көмектесуіне болады)

Қолдану көрсетілімдері: пациентті кереуеттен көтеру; кереуеттен отырғышқа ауыстыру және керісінше.

Қарсы көрсетілімдері: пациент отыра алмайды; иық, кеуде, арқаның жоғарғы бөлігі ауырады не зақымдалған.

• Пациентке шараның орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіп және орындауға келісімін алыңыз.

• Пациент жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз.

• Кереуетті өз саныңыздың ортасы тұсына дейін төмен түсіріңіз. Кереует тежегішін бекітіңіз.

• Пациенттің отыруына көмектесіңіз:

⁻ бір медбике пациентті сүйемелдейді;

⁻ басқасы — басының астына көпшік салады (немесе кереуеттің бас жағын көтереді).

• Кереуіттің екі жағынан түрегеп тұрып:

- бір-біріне бетімен;

- кереутке жақын;

- медбикелер иығы пациент арқасы деңгейінде;

- аяқтарын алшақ қояды;

- кереуіттің бас жағына жақын аяқ қимыл бағытына бұрылған;

- аяқтарды тізелерден бүгіп;

- арқаны тік ұстап;

• Пациентке жақын иықты пациент қолтығы астына және пациент кеудесіне тіреп, осы қолдың басы пациенттің саны астына енгізіледі. Пациент өз қолдарын медбикелердің арқасына салады.

• Егер пациент қолтығы астына иықты тіреу мүмкін болмаса не ол қолдарын медбикелер арқасына қолдарын қоя алмаса, өз қолыңызды пациет иығы мен кеудесі арасына қойыңыз. Осы жақтағы қолды пациент саны астына енгізіңіз.

• Бір қолымен кереует арқалығына тіреу (шынтақ бүгілген), сан астындағы екінші қолымен көмекшіңіздің білезік тұсын ұстаңыз («қос білезіктен ұстау»).

• Егер сіз лидер болсаңыз, әріптесіңізді және пациентті үш деп есептегенде көте- ретіңіз. Пациенттің аяғы тұсына орналасқан аяғыңызды жазыңыз және өз денеңіздің салмағын кереует бас жағына жақын екінші аяғыңызға ауыстырып, пациентті сәл көтеріңіз. Тіректі қамтамасыз еткен шынтақты жазыңыз.

• Пациентті төсек үстіне толық көтеріңіз, оны кішкене қашықтыққа ауыстырыңыз және бас жаққа жақын аяғыңызды және тіреуді қамтамасыз ететін қолыңызды бүгіп қайтадан төсегіне түсіріңіз.

• Пациентті қажетті қашықтыққа ауыстырыңыз.

• Пациентке төсекте қажетті қалыпты қамтамасыз етіңіз.


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 102 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)