Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЖОЛ ҚАБАТЫНЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ

Читайте также:
  1. ЖАСАНДЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ САПАСЫН БАСТАПҚЫ БАҚЫЛАУ КЕЗІНДЕ ТОПЫРАҚТАРДЫ ТЫҒЫЗДАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСІН РЕТКЕ КЕЛТІРУ
  2. ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
  3. ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
  4. Жол құрылысының сапасын бағалаудагы пайдаланалытын сапасның кейбір бәрлік көрсеткіштері
  5. ЙІНДІНІ ТЫҒЫЗДАУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ
  6. МАТЕРИАЛДАР МЕН КОНСТРУКЦИЯЛАРДЫҢ САПАСЫН БАСТАПҚЫ БАҚЫЛАУДА АЙЫППҰЛ САНКЦИЯСЫ

Жұмыс мақсаты

Пайдаланудағы жол қабатының беріктігін бағалау (көтеру қабілеті). Беріктік критерилерімен танысу.

 

Жалпы ережелер

Жол қабатының беріктігін (көтеру қабілеті), беріктік коэффициентімен бағаланады Кпр. Қатты емес беріктіктің үш критериімен бағаланады:

- жол қабатының барлық құрылымында, топырақ негізін қосқанда жүктеме кезінде серпімді иілу:

 

; (25)

 

мұндағы: Еф – барлық құрылымның нақты жалпы серпімді иілуі; Етал..с.м. – барлық құрылымның талапты есептік серпімділік модулі;

- жер төсемесі мен аз байланысқан негізде топырақтың жылжуға беріктігін:

 

; (26)

 

мұндағы: Тжіб – жер төсемесі мен аз байланысқан негізде топырақтың жылжуында жіберілетін кернеу, ілігісумен байланысқан; Т – жер төсемесі мен аз байланысқан негізде көлік жүктемесі мен жол қабатының өз салмағының әсерінен топырақтың жылжуға жүйелі кернеуі;

- монолитті материал қабатында созылудағы иілу беріктігі бойынша:

 

; (27)

 

мұндағы: Rpu – қабат материалының шаршауын ескеріп шектік жіберілетін созылмалы кернеуі, σr – қарастырылатын қабатта автомобильден түсетін жүктемеде созылмалы кернеу.

Аспапты бақылау екінші және үшінші критерилер бойынша күрделі есепті көрсетеді, сондықтан қатты емес жол қабатының беріктігін пайдалану бағасы бойынша беріктіктің бірінші критериі түзету коэффициентін енгізу арқылы есептеледі. Қатты емес жол қабатының беріктігін аспапты бақылауда барлық құрылымның жүктеме астында серпімді иілуге және берілген өлшеулер негізінде нақтылық жалпы серпімділік модулін анықтаумен қорытындылайды.

 

4-сурет. Қатты емес жол қабатын сынаудың есептік сұлбасы.

 

Сынаудың есептік сұлбасы 4-суретте келтірілген. Жол қабатының беріктігін сынау екі тәсілмен жүргізіледі:

1. Жол қабатын статикалық жүктеуде серпімді иілуін өлшеу;

2. Жол қабатын динамикалық жүктеуде серпімді иілуін өлшеу.

Жол қабатын статикалық жүктеуде сынау қатты штампты пайдалану, ол арқылы жол қабатына жүктеме берумен жүргізіледі, немесе жүк көлігінің дөңгелегімен жол қабатына жүктеме беру (сыналатын нүктені көлік дөңгелегімен жүріп өткенде) және жүктемесіз (осы нүктеден көлік кеткен кезде).

Қатты штампты қолдану арқылы статикалық сынақты жүргізу үлкен жүктемені құруға мүмкіндік береді, сонымен қатар жол қабатына жүктемені біртіндеп беру, бұл берілген құрылым үшін бұзу жүктемесін анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл сынақтың жұмыс көлемі үлкен, сондықтан аз көлемді сынау А тобына сай келетін жүк көлігінің дөңгелегімен жүктеме беру жиі қолданылады.

Жол қабатына көлік дөңгелегі арқылы нормаланған статикалық жүктеме,– 50 кН.

Көлік ізінің есептік диаметрі D=0,33 м. Бірақ бұл тәсілде иілуді дөңгелек астында өлшеу мүмкін емес, сонымен қатар жүктемені біртіндеп беру мүмкін емес. Сонымен қатар, бұл тәсіл жоғары қарқындылықты және ауыр жүктемелерді пайдалануға арналған магистральдық, карьерлік, мұнай саласының және басқада жолдарда жол қабатының құрылымын сынауға мүмкіндік бермейді.

Жол қабатын динамикалық жүктеу тәсілінде құлайтын жүк қондырғысы (динамикалық жүктеме қондырғысы); ауытқу генераторы (әр түрлі вибраторлар); сонымен қатар, қозғалыстағы көлік дөңгелегімен жүктеме беру қолданылады.

Динамикалық жүктеме қондырғысының жүктемесі қатты емес жол қабатында қолданылады, яғни қатты жол жамылғысында қажетті иілуді өлшеу мүмкін болмайды. Қозғалыстағы көлік дөңгелегінің астында жол қабатын сынау сирек қолданылады, өйткені бұл тәсілде сынақ жүргізу өте қиын, ол кезде көлік 2–5 км/сағ, жылдамдықпен қозғалу керек, бұл келтірілген жылдамдықтарға сай келмейді.

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 134 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)