Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Метрологиялық қызмет.

Іс жүзінде өлшеулер шешуші маңызға ие болмайтын қызмет түрі жоқ. Олардың дәлдігін және салыстырмалылығын төмендегі жұмыс түрлерін орындайтын филиалдың келесі түрлері қарастырылады:

- шамамен 300 атаулы өлшем құралдарын 14 өлшеу түрі бойынша салыстырып тексеру:

- геометриялық шамалар;

- масса;

- күш және қаттылық;

- қысым;

- қозғалыс параметрлері;

- сұйықтық және газ шығыны мен мөлшері

- тығыздық және тұтқырлық;

- физика-химиялық;

- жылу физикалық және температуралық;

- оптика-физикалық;

- электрлік;

- уақыт және жиілік;

- радиотехникалық;


Салыстырып тексеру базасында шамамен 800 жұмыс эталондарының бірліктері бар, оның ішінде 280-і бастапқы болып табылады.Қостанай филиалының метрологиялық қызметінің Қазақстан Республикасының «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес өлшем бірліктерін қамтамасыз ету бойынша қызметті іске асыру үшін қажетті эталондық және техникалық базасы, жоғары білікті мамандары бар.

ҚР-ның метрологиялық қызметі келесіден тұрады:

- мемлекеттік метрологиялық қызмет;

- уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі;

- басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері.

Метрологиялық қызмет мемлекеттік басқарудың маңызды звеносы болып табылады және келесі мәселелерді шешеді:

- шаруашылық субъектілердің қызметін метрологиялық қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін жүргізеді;

- өлшемдердің бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету;

- отандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекеқабілеттілігін жоғарлату және қауіпсіздігін, сапасын қамтамасыз ету;

- материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің шынайы есебін қамтамасыз ету;

Сонымен метрология:

1) өнімді ұзындық, салмақ, көлем, шығын, қуат көрсеткіштері бойынша есептеу əдістері жəне құралдарын;

2) физикалық шамалар жəне техникалық параметрлерді, заттардың құрамы мен қасиеттерін өлшеу;

3) технологиялық процестерді тексеру жəне реттеу үшін өлшеулерді қарастырады. Метрологияның бірнеше бағытын ажыратуға болады:

1) жалпы өлшеу теориясы;

2) физикалық шамалар бірліктерінің жүйесі;

3) өлшеу əдістері жəне құралдары;

4) өлшеу дəлдігін анықтау əдістері;

5) өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету негіздері, өлшеу құралдарының бірбейнелігі негіздері;

6) эталондар жəне үлгі өлшеу құралдары;

7) бірліктер размерін үлгі өлше құралдары мен эталондардан жұмыс өлшеу құралдарына беру əдістері.

Метрология обектілерін ажыратуымыз қажет:

1) шамаларды өлшеу бірліктері;

2) өлшеу құралдары;

3) өлшеу жүргізу əдістемелері жəне т.б.

Метрологияға, біріншіден, жалпы ережелер, нормалар жəне талаптар, екіншіден, мемлекеттік реттеу жəне тексеруді қажет ететін мəселелер жатады. Бұл дегеніміз:

1) физикалық шамалар, олардың бірліктері, өлшеулер;

2) өлшеу принциптері жəне əдістері, техникалық өлшеу құралдары;

3) өлшеу құралдарының қателіктері, қателікті болдырмау мақсатымен жасалатын өлшеу нəтижелерін өңдеу əдістері мен құралдары;

4) өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету, эталондар, үлгілер;

5) мемлекеттік метрологиялық қызмет;

6) салыстырып тексеру сұлбаларының əдістемелері;

7) өлшеу жұмыс құралдары.

Осыларға байланысты метрология қарастыратын мəселелер: эталондарды жетілдіру, дəлдік өлшеу жаңа əдістерін жасау, өлшеу бірыңғайлығын жəне қажетті дəлдікті қамтамасыз ету.

Метрология ғылымы жəне пəнін түсінуде метрологияда қолданылатын терминдер мен ұғымдарды мəні зор. Өмірде болатын құбылысты толығымен жəне оңтайлы түсінуге мүмкіндікті терминдерді бірмəнді түсіну маңызды. Бұл үшін мемлекет деңгейінде бекітілген арнайы терминологиялық стандарт құрастырылған. Бүгінгі күні Қазақстан өзін дүниежүзілік экономикалық жүйенің бөлігі ретінде қабылдағандықтан, терминдер мен ұғымдарды тұрақты жетілдіріп отырады, халықаралық стандарттар жасалынады. Бұл əрине жоғары дамыған шет мемлекеттермен өзара пайдалы қарым-қатынасты жеңілдетеді.

Метрологияда келесі шамалар жəне олардың анықтамалары қолданылады: 1) көп физикалық объектер сапасына қатысты ортақ, бірақ сандық мəнінде əрқайсына жеке қасиеті бар физикалық шама;

2) шарт бойынша бірге тең сандық мəн берілген физикалық шаманы білдіретін физикалық шама бірлігі;

3) өлшеу құралы көмегімен физикалық объекті сандық жəне сапалық бағалауды білдіретін физикалық шаманы өлшеу;

4) нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал болып келетін өлшеу құралдары. Бұларға өлшеу аспабы, мөлшер, өлшегіш жүйесі, өлшегіш түрлендіргіш, өлшегіш жүйелерінің жиынтығы жатады;

5) өлшегіш аспап - бұл өлшегіш ақпарат белгісін бақылаушымен тікелей қабылдауға қолайлы күйде өндіруші құрылғы;

6) мөлшер – бұл берілген мөлшерлі физикалық шаманы қайталау жаңғырту үшін арналған өлшеу құралы. Мысалы, егер аспап өлшеу құралы ретінде аттестатталса, оның шкаласы санмен белгіленген болса, онда ол мөлшер болады;

7) бір немесе бірнеше функция атқаруға бір бірімен ақпарат беретін желілер арқылы байланысатын, өлшеу құралдарының жиынтығы ретінде қабылданатын өлшегіш жүйе;

8) өлшегіш түрлендіргіш – ақпараттық өлшеу белгісін сақтауға, көруге жəне байланыс желелерімен таратуға, бірақ тікелей қабылдауға болмайтын пішімде шығаратын өлшеу құралы;

9) өлшеу принципі - өлшеу негізделетін, физикалық құбылыстар жиынтығы

10) өлшеу əдісі - техникалық өлшеу құралдарын пайдалану тəсілдері мен принциптері жиынтығы;

11) өлшеу əдістемесі - метрологиялық ғылыми-зерттеу ұйымдарымен жасалған, заңнамамен бекітілген əдістер жəне ережелер жиынтығы;

12) өлшеу қателігі – физикалық шаманың шын мəні мен өлшеу нəтижесінде алынған мəн арасындағы азғантай айырмашылық;

13) өлшеудің негізгі бірлігі – ресми түрде бекітілген эталоны бар өлшем бірлігі; 14) туынды бірлік – эталоны жоқ, негізгі өлшем бірліктерімен математикалық модель негізінде энергетикалық қатынас арқылы байланыста болатын өлшем бірлігі;

15) эталон бұл ерекше арнайыландыру бойынша орындалған жəне орнатылған тəртіпте ресми бекітілген, салыстырып тексерудің сұлбасы бойынша төменде тұрған өлшеу құралына (ӨҚ) бірлік мөлшерін беру мақсатында оның қайталануы мен сақталуын қамтамасыз етуші өлшеу құралы. Алғашқы эталон – осы мемлекетте физикалық шаманың бірлігін, осы салада ғылыми-техниканың соңғы жетістіктерінің мүмкіндігі бойынша ең жоғарғы дəлдікпен қайталаған эталон. Салыстыру эталоны- ммемлекеттік қызмет эталондарының байланыстарына арналған құрал. Көшірме-эталон - бірлік размерлерін үлгі құралдарға беру үшін қолданылады;

16) үлгі құралы – жұмыс өлшеу құралдарына бірлік габариттерін беруге арналған; 17) жұмыс құралы – физикалық құбылысты бағалауға арналған құрал;

18) өлшеу дəлдігі – үлгі өлшеу құралдарының жіктелуін анықтайтын, қателікке кері физикалық шаманың сандық мəні.

Өлшеу құралдарын дəлдік көрсеткіші бойынша өте жоғары, жоғары, орташа жəне төмен дəлдікті деп бөлуге болады. Өлшем бірлігі (бірыңғайлығы)- өлшеу қателігі белгіленген мөлшермен айқындалып, нəтижесі заңдастырылған өлшем бірліктерімен көрсетілген өлшеу жағдайы. Əр түрлі жерде, əр түрлі уақытта, əр түрлі əдіс пен өлшеу құралдарын қолданып алынған өлшеу нəтижелерін салыстыру үшін өлшем бірліктері қажет. Метрологияның басты мақсаты өлшем бірлігі мен қажетті дəлдікті қамтамасыз ету. Өлшем бірлігін (бірыңғайлығын) қамтамасыз ету (ӨБҚ) –өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік стандарттармен, басқа да нормативтік құжаттармен тағайындалған, өлшеу бірегейлігіне қол жеткізуге жəне оны қолдауға бағытталған заңдастырылған актілеріне, ережелер мен нормаларына сəйкес метрологиялық қызметтің іс-əрекеті. ӨБҚ негізгі мақсаты – ҚР азаматтарының мүддесін жəне экономикасын ақиқат емес өлшеу нəтижелерінің салдарынан сақтау. (ҚР заңы 4 бап «Өлшем бірыңғайлығын қамтамасыз ету жайлы»).

Өлшем бірыңғайлығын қамтамасыз ету мақсаты:

- ұлттық жəне шетелге жіберілетін өнімдер, процесстер мен қызметтер;

- ғылыми зерттеулер кезіндегі өлшеу ақиқаттығы;

- материалдық жəне энергетикалық ресурстарды есепке алу ақиқаттығы;

- ауруды болжау жəне емдеу, еңбек шарттары мен адам тұрмысындағы қауіпсіздікті бақылау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету нəтижелерінің ақиқаттығы.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. ҚР МБЖ ҚР-дағы өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз етудегі, субъектілерді, нормаларды, іс-əрекет пен құралдарды мемлекеттік бақылау жүйесі.

МБЖ құру жəне енгізу қажеттілігі:

- өлшеу адам істерінің ішіндегі ең көп сұранысқа ие болған іс-əрекет (еңбек шарттары мен қауіпсіздігін бағалау, қоршаған ортаны бақылау, бағалы заттарды есептеу, ауруды болжау жəне емдеу);

- өлшеу дəлдігіне қойылатын талаптар күннен-күнге өсуде;

- адам іс-əрекетінің бар саласындағы халықаралық қатынастың дамуы, өлшеу нəтижелеріне өз-ара сенімділік көрсетуді талап етеді. Сонымен, толық жəне дəл өлшем ақпаратын алу метрологияның қарастыратын мəселесі.

 

Қорытынды

 

Метрология дегеніміз өлшемдер туралы ғылым. Метрология («метро» – өлшем, «логос» – ғылым деген грек сөзінен шыққан) өлшемдер, олардың бірлігін және қамтамасыз ету әдістері мен құралдары, қажет дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым. Бүгінгі күнде Республикада метрологиялық қызмет «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР-ның заңына және ҚР Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 қаулысымен Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ҚазМетрИн» РМК) құрылды және халықаралық талаптарға сай өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін метрология жөніндегі техникалық (эталондық) базаны және нормативтік құжаттардың үйлесімділігін жетілдіру, осы салада мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мақсаттарды орындау үшін ҚР-дағы метрология бойынша жалғыз институт болып есептеледі.

Салыстырып тексеру базасында шамамен 800 жұмыс эталондарының бірліктері бар, оның ішінде 280-і бастапқы болып табылады.Қостанай филиалының метрологиялық қызметінің Қазақстан Республикасының «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес өлшем бірліктерін қамтамасыз ету бойынша қызметті іске асыру үшін қажетті эталондық және техникалық базасы, жоғары білікті мамандары бар.

Метрология ғылымы жəне пəнін түсінуде метрологияда қолданылатын терминдер мен ұғымдарды мəні зор. Өмірде болатын құбылысты толығымен жəне оңтайлы түсінуге мүмкіндікті терминдерді бірмəнді түсіну маңызды. Бұл үшін мемлекет деңгейінде бекітілген арнайы терминологиялық стандарт құрастырылған. Бүгінгі күні Қазақстан өзін дүниежүзілік экономикалық жүйенің бөлігі ретінде қабылдағандықтан, терминдер мен ұғымдарды тұрақты жетілдіріп отырады, халықаралық стандарттар жасалынады. Бұл əрине жоғары дамыған шет мемлекеттермен өзара пайдалы қарым-қатынасты жеңілдетеді.

«Өлшеу ақпараты» деген ұғым, заттардың, материалдардың, өнімнің, процесстердің жəне құбылыстардың, техникалық құралдарды қолданып, тəжірибе арқылы алынған сандық қасиеттерінің сипаттамаларын қамтиды. Осы ақпарат негізінде бүкіл халық шаруашылықты басқару істері негізделген. Өлшеу нəтижелері бекітілген бірліктермен көрсетіліп, дəлдік көрсеткіші қателіктермен бағаланып, өлшем бірыңғайлығы қамтамасыз ету арқасында басқару мүмкіндігі туады. Өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету Мемлекеттік жүйесінің жұмысына дейін, Қазақстан метрологтары өздерінің іс-əрекеттерін өлшеу аспаптары мен мөлшердің бірегейлігін қамтамасыз ету негізінде жүргізілді.

Өлшеу əдісі деп берілген шаманы өлшеуге қолданылатын тəсіл немесе тəсілдер кешенін айтамыз, атап айтқанда, қабылданған өлшеу принципіне сəйкес өлшенетін шаманы оның мөлшерімен салыстыру. Өлшеу риниі - өлшеу негізіне физикалық құбылыс, немесе физикалық құбылыстар жиынтығы алынған. Мысалы, массасына пропорционалды ауырлық күшін таразыға тарту арқылы дененің массасын өлшеу, термоэлектрлік əсерді пайдаланып температураны өлшеу.

Метрологияның басты мақсаты өлшем бірлігі мен қажетті дəлдікті қамтамасыз ету. Өлшем бірлігін (бірыңғайлығын) қамтамасыз ету (ӨБҚ) –өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік стандарттармен, басқа да нормативтік құжаттармен тағайындалған, өлшеу бірегейлігіне қол жеткізуге жəне оны қолдауға бағытталған заңдастырылған актілеріне, ережелер мен нормаларына сəйкес метрологиялық қызметтің іс-əрекеті. ӨБҚ негізгі мақсаты – ҚР азаматтарының мүддесін жəне экономикасын ақиқат емес өлшеу нəтижелерінің салдарынан сақтау.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ермекбаева Ə.Ө., Түсіпбекова Г.М., Нұрымов Е.Қ. «Стандарттау, сертификаттау жəне метрология» пəнінің оқу-əдістемелік кешені. Алматы: ҚазҰТУ, 2011 –94 б.

2. Керімжанова М.Ф., Ермекбаева А.Ө. «Стандарттау, сертификаттау жəне техникалық өлшемдер» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. Алматы 2010 жыл.

3. www.google.kz

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 1131 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)