Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Серке» газеті

1907 жылы Петерборда татардың «Улфат» (бірлесу, келісім) атты газстіне қосымша шыққан газет. Ғылыми әдебиеттерде оның бір ғана саны шыққан делінеді. Татар ғалымы И. Рәмидің зерттеуіне қарағанда, жалпы бұл газеттің 87 саны ғана шығып, патша цензурасының күшімен 1907 жылы 9 маусымда жабылып калған. Редакторы - Ғабдрашид Ибраһимов ныспылы татар қайраткері.

Газет мақсаты - ислам дүниесін біріктіру, діни білікті көтеру, оқу-білімді насихаттау, ұлттық автономиялар кұрудың негізін қалау болған. М.Сералин «Айкаптың» алғашқы санында «Серкені» «1907 жылы II Мемлекеттік Думаның мүшесі Шаймерден Қосшығұлдың ыждиһатымен шықты» деп көрсетеді.

Екі нөмірі ғана шығып тоқтап қалған басылым туралы Ш.Қосшығұловтың айтуы бойынша, «Серке» деген сөз, ол боранда қой бастайтын көсем мағынасында қолданатын ұғым. Газет шыққан соң бірер күннен кейін полиция келіп, басқармадағы бүкіл даналарын жиып алып, құлыптап кетеді. «Серке» газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар, содан ұсталды деп жазылған.

Ал бүгінгі таңда бұл газеттің жабылуына басты себеп белгілі ақын- журналист Міржақып Дулатовтың «Жастарға» атты өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» деген мақаласының жариялануы болды деген де дерек бар.

Айқап”- журнал.

Бірінші нөмірі 1911 жылы қаңтарында Троицкіде шығарылды. Баспагері әрі редакторы М.Сералин болды.

Журнал алғашқы айларда айына бір рет шықты. 1912 жылдан бастап айына екі рет шығып отырды. Зерттеушілер Қ. Бекқожин мен С.Қозыбаевтың айтуынша, "Айқаптың" таралымы 1000 дана болған, шығып тұрған бес жылдың ішінде оқырман қолына 89 нөмірі тиген. Бірінші бетінде ел жаңалығы, ресми хабарлар, екінші және үшінші беттерде "Ашық хат" айдарымен оқырмандар хаты жарияланып тұрған. Көкейкесті мақалалар (жер, съездер, сайлаулар туралы) 4-6 беттерге орналастырылған. "Фельетон",'Ақпараттар" айдарымен берілген материалдарды оқырман журналдың ортаңғы бөлігінен тапқан. Шетел жаңалықтары, өлген кісінің өмірі мен қызметі туралы мақалалар (некролог), жаңа шыққан кітаптарға пікірлер соңғы беттерде жарияланды. "Айқап" өз заманының алдыңғы қатарлы басылымы болды. 1911-1912 жылы журналға А.Ғалымов, 1913-1914 жылдары С.Торайғыров хатшылық етті. Журналда Ж.Сейдалин, С.Көбеев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Дөнентаев, Б.Қаратаев, М.Жолдыбаев, Б.Бекжанов т.б. қызмет атқарды.

Азақ газеті

Жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.

Жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.

Азақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов, С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.

XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 500 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)