Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

нсызданудан болған залалды тану және бағалау

Читайте также:
  1. Cv, Cs, r(1) параметрлерінің ығыспағанын бағалау.
  2. G2 критерийі бойынша бірнеше дисперсиялардың біртектілігін бағалау.
  3. Q12.0 Туа пайда болған катаракта
  4. VI. ИКҚК пайда болған жағдайда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
  5. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  6. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  7. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері

Йым әрбір есепті күні активтің мүмкін болатын құнсыздану белгілерінің болуын анықтауға міндетті. Кез келген осындай белгі анықталған жағдайда ұйым активтің өтелетін сомасын бағалауға тиіс.

Бұған қоса, қандай да болсын құнсыздану белгісінің бар-жоғына қарамастан, ұйым:

Пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активті немесе пайдалану үшін әлі қол жетпейтін материалдық емес активті оның баланстық құнын оның өтелетін сомасымен салыстыру арқылы құнсыздану мәніне жыл сайын сынақтауға міндетті. Құнсыздануға ондай сынақтама жылдық кезең ішінде кез келген уақытта, ол жыл сайын тап сондай уақытта қайталанып отырған жағдайда, орындалуы мүмкін. Әр түрлі материалдық емес активтер әр түрлі уақытта құнсыздануға сынақталуы мүмкін. Алайда, егер мұндай материалдық емес актив бастапқыда ағымдағы жылдық кезеңнің ішінде танылған болса, ол осы ағымдағы жылдық кезеңнің соңына дейін құнсыздануға сынақталуға тиіс.

Активтің құнсыздануы мүмкіндігінің көрсеткіш болу-болмауын анықтағанда, кәсіпорын, ең кемінде, төмендегі көрсеткіштерді, қарастыруы тиіс:

Сыртқы ақпарат көздері:

v кезең ішінде активтің нарықтық құны уақыт өткеннен кейін немесе қалыпты пайдаланылғаннан кейін күтуге болатынға қарағанда айтарлықтай елеулі өлшемге азайған;

v ұйым үшін теріс әсер ететін елеулі өзгерістер кезең ішінде болған немесе таяу болашақта ұйым жұмыс істейтін технологиялық, нарықтық, экономикалық немесе заңдық жағдайларда немесе актив арналған нарықта күтіледі;

v кезең ішінде инвестициялар кірістілігінің нарықтық пайыздық ставкалары немесе басқа нарықтық көрсеткіштері ұлғайған және осы ұлғаюлар, бәлкім, активті пайдалану құнын есептеген кезде дисконттау ставкасына әсер етуі және оның өтелетін сомасын елеулі түрде азайтуы мүмкін;

v ұйымның таза активтерінің баланстық құны оның нарықтық капиталдандыруынан асып түседі.

Ішкі ақпарат көздері:

Ø активтің тозуының немесе табиғи бүлінуінің дәлелдері бар;

Ø ұйым үшін теріс ықпал ететін елеулі өзгерістер кезең ішінде жасалды немесе активті ағымдағы немесе болжамды пайдалану дәрежесінде немесе тәсілінде таяу болашақта күтіледі. Ондай өзгерістердің қатарына: қарапайым актив, актив пайдаланылатын қызметті тоқтату немесе қайта құрылымдау жоспарлары, бұрын болжанған шығу күні басталғанға дейін активті өткізу жоспарлары, сондай-ақ активтің қызмет мерзімін – шектеусіз мерзімнен уақыты жағынан шектеулі мерзімге қайта қарау жатады.

Ø ішкі есептілік активті пайдаланудың ағымдағы немесе болашақ нәтижелерінің болжанғаннан нашар екенін көрсетеді.

Еншілес ұйымға, бірлесіп басқарылатын кәсіпорын немесе ортақтас компаниялардан түсетін дивиденд:

ü Еншілес ұйымға, бірлесіп басқарылатын кәсіпорын немесе ортақтас компанияларға инвестициялау үшін, инвестор инвестициядан дивидендті және төмендегі жөнінде мүмкіншілікті дәлелді таниды:

ü бөлек қаржылық есептердегі инвестицияның баланстық көрсеткіші, ортақтастық гудвиллді қоса алғанда, инвестиция нысанының нетто-активтерінің шоғырландырылған қаржылық есебіндегі баланстық көрсеткіштен артық болатындығы;

ü дивиденд хабарланған кезеңде еншілес ұйымның, бірлесіп басқарылатын кәсіпорын немесе ортақтас компаниялардың жалпы толық табысынан дивиденд артық болатындығы.

Активті пайдалану құндылығын есептеу кезінде мынадай элементтерді көрсету керек:

· ұйым актив алуды күтетін ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарын бағалау;

· ақшалай қаражаттардың осы тасқындарының келіп түсу мөлшері мен мерзімдеріндегі мүмкін болатын түрлендірмелерге қатысты күтілімдер;

· ағымдағы нарықтық тәуекелсіз пайыздық ставка ұсынған ақшаның уақытша құны;

· осы активке тән белгісіздік үшін үстеме ақы;

· ұйым активтен алуды күтіп отырған ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарының өлшемін белгілеген кезде нарыққа қатысушылар көрсеткен өтемсіздік сияқты басқа да факторлар.

Пайдалану құндылығын анықтау кезінде ұйым:

o басшылықтың активтің пайдалы қызметінің қалған мерзімі ішінде болатын экономикалық жағдайлар жиынына қатысты барынша жақсы бағалауын білдіретін ұйғарынның негізді және бекітілген дәлелдемелеріне сүйене отырып, ақшалай қаражаттар тасқындарын болжауға міндетті. Сыртқы көздерден алынған деректерге үлкен мән берілуге тиіс;

o басшылық бекіткен ең соңғы қаржы сметаларына/болжамды бағалауларға сүйене отырып, бірақ, күтілуіне сәйкес, болашақ қайта құрылымдауға немесе активтің өнімділігін жақсарту немесе арттыру жөніндегі шараларға байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттардың кез келген болашақ түсімдерін немесе жылыстауларын болғызбай, ақшалай қаражаттар тасқындарын болжауға. Осы сметаларға/болжау бағаларына негізделген болжамдар, неғұрлым ұзақ кезең ақталатын жағдайларды қоспағанда, ең көп ұзақтығы бес жыл болатын кезеңді қамтуға тиіс;

o ең соңғы сметалармен/болжау бағаларымен қамтылған кезең шегінен тысқары шығарылатын ақшалай қаражаттар тасқындарының болжамдары, көтеріліп келе жатқан өсу қарқыны ақталуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, келесі жылдарға арналған тұрақты немесе төмендейтін өсу қарқынының көмегімен, сметаларға/болжау бағаларына негізделген болжамдарды экстраполяциялау жолымен бағалануға тиіс. Неғұрлым жоғары қарқын ақталуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, осы өсу қарқыны тауарлар, салалар, ел немесе ұйым өз қызметін жүзеге асыратын елдер үшін немесе актив пайдаланылатын нарық үшін ұзақ мерзімі өсу қарқынынан аспауға тиіс.

Ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарын бағалау мыналарды қамтуға тиіс:

§ активті одан әрі пайдаланудан ақшалай қаражаттар түсімдерінің болжамдары;

§ активті одан әрі пайдаланудан ақшалай қаражаттардың түсімдерін қозғалысқа келтіру үшін міндетті түрде туындайтын және активке тікелей жатқызылуы немесе негізді және жүйелі түрде бөлінуі мүмкін ақшалай қаражаттар жылыстауының (активті пайдалануға даярлауға арналған ақшалай қаражаттардың жылыстауын қоса) болжамдары;

§ активтің пайдалы қызмет мерзімінің соңында жойған кезде алу (немесе төлеу) көзделіп отырған ақшалай қаражаттардың таза тасқындары (егер осындайлар бар болса).

Ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындары актив үшін оның ағымдағы жағдайында бағалануға тиіс. Ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарын бағалау мыналардан туындауы күтілетін ақшалай қаражаттардың болашақ түсімі мен жылыстауын қамти алмайды:

v кәсіпорын әлі кіріспеген болашақ қайта құрылымдаудан;

v активтің өнімділігін жақсартудан немесе арттырудан.

Ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарын бағалау мыналарды қамтымайды:

Ø қаржы қызметінен ақшалай қаражаттардың түсімдерін немесе жылыстауларын;

Ø түсімдер немесе пайдаға салынатын салық төлемдерін.

Дисконт ставкасы (ставкалары) салық шегерілгенге дейінгі, мынадай ағымдағы нарықтық бағалауды көрсететін ставка (ставкалар) болуға тиіс:

ü ақшаның уақытша құнын;

ü болашақ ақшалай тасқындарды бағалау кезінде түзету жасалмаған осы активке айрықша тән тәуекелдерді.

нсызданудан болған залалды тану және бағалау

Егер активтің өтелетін сомасы оның баланстық құнынан аз болған кезде ғана, баланстық құн активтің өтелетін сомасына дейін азайтылуға тиіс. Бұл азайтылу құнсыздану залалы болып табылады.

Егер актив басқа Стандартқа сәйкес (мысалы, 16-“Негізгі құралдар” IAS Халықаралық стандартына сәйкес қайта бағалау үлгісі бойынша) қайта бағалану бойынша көрсетілмесе, құнсыздану залалы пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде танылуға тиіс. Қайта бағаланған актив бойынша құнсызданудан болған кез келген залал осындай басқа Стандартқа сәйкес қайта бағалаудан болған құнның азаюы ретінде есепке алынуға тиіс.

Құнсызданудан болған залалдың бағалау өлшемі ол жатқызылған активтің баланстық құнынан көп болған кезде, егер мұны басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарты талап етсе ғана, ұйым міндеттемені тануға тиіс.

Құнсызданудан болған залал танылғаннан кейін осы актив бойынша амортизациялық аударымдар активтің өзгертілген баланстық құнын бөлу үшін, оның жою құнын шегере отырып (егер ондайлар бар болса), оның қалған пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі негізде болашақ кезеңдерде түзетілуге тиіс.

Егер актив немесе активтер тобы шығаратын өнім үшін белсенді нарық бар болса, онда осы актив немесе активтер тобы, тіпті егер шығарылған өнім ішінара немесе толық ұйымның ішінде пайдаланылғанның өзінде, ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлік ретінде бірегейлендірілуге тиіс. Егер актив немесе қозғалысқа келтіретін бірлік шығарған ақшалай қаражаттардың түсімдеріне фирма ішіндегі аудару бағалары әсер ететін болса, ұйым мыналарды бағалау үшін бір-біріне тәуелді емес тараптардың арасында мәмілелер жасаған кезде өткізілуі мүмкін болатын болашақ бағаға (бағаларға) қатысты басшылықтың ең жақсы бағасын қолдануға міндетті:

a) активті немесе қозғалысқа келтіретін бірлікті пайдалану құндылығын анықтауға қатысатын ақшалай қаражаттардың болашақ түсімдерін;

b) фирма ішіндегі аудару бағалары кез келген басқа активтерді немесе қозғалысқа келтіретін бірліктерді пайдалану құндылығын анықтауға қатысатын ақшалай қаражаттардың болашақ жылыстауларын.

Егер іскерлік бедел қозғалысқа келтіретін бірлікке бөлінген болса, және ұйым осы бірліктің құрамындағы қызметтің бір түрін сатса, онда осы шығып қалған қызмет түріне байланысты іскерлік бедел:

1. шығып қалудан пайданы немесе залалды анықтаған кезде осы қызмет түрінің баланстық құнына енгізілуге;

2. шығып қалған қызмет түрі құнының және қозғалысқа келтіретін бірліктің ұйым өзінде сақтап қалған бөлігі құнының салыстырмалы мәндері негізінде бағалануға тиіс, бұған ұйым шығып қалған қызмет түріне байланысты іскерлік беделді жақсырақ көрсететін басқа әдіс бар екендігін көрсетуі мүмкін жағдайлар кірмейді.

Іскерлік бедел бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасына қатысты алдыңғы кезеңде жүргізілген ең соңғы егжей-тегжейлі есептеулердің нәтижесі мынадай өлшемдер қанағаттандырылатын жағдайда осы бірлікті құнсыздануға сынақтаған кезде пайдаланылуы мүмкін:

- осы бірлікті құрайтын активтер мен міндеттемелер өтелетін сома ең соңғы есептелген кезден бастап елеулі өзгерістерге ұшырамаған;

- өтелетін соманы ең соңғы есептеу нәтижесінде осы бірліктің баланстық құнынан едәуір асатын сома алынған;

- өтелетін сома ең соңғы есептелген кезден бастап болған оқиғаларды және өзгерген мән-жайларды талдау ағымдағы кезге анықталған өтелетін соманың қозғалысқа келтіретін бірліктің баланстық құнынан аз болуы неғайбіл екендігін дәлелдейді.

Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікті құнсыздануына сынақтау кезінде ұйым қаралып отырған қозғалысқа келтіретін бірлікке жататын корпорациялық активтердің барлығын бірегейлендіруге міндетті. Егер корпорациялық активтің баланстық құнының бір бөлігі:

v негізді және жүйелі түрде осы бірлікке бөлінуі мүмкін болса, онда ұйым корпорациялық активтің баланстық құнының осы бірлікке бөлінген бөлігін қоса, осы бірліктің баланстық құнын, оның өтелетін сомасымен салыстыруға міндетті;

v негізді және жүйелі түрде осы бірлікке бөлінуі мүмкін болмаса, ұйым;

v қаралып отырған бірлік құрамына кіретін және корпорациялық активтің баланстық құнының бір бөлігі негізді және жүйелі түрде бөлінуі мүмкін қозғалысқа келтіретін бірліктердің ең шағын тобын бірегейлендіруге.

Құнсызданудан болған залал ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты (іскерлік бедел немесе корпорациялық актив бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктердің ең шағын тобы), егер де осы бірліктің (бірліктер тобының) өтелетін сомасы осы бірліктің (бірліктер тобының) баланстық құнынан аз болса ғана, танылуға тиіс. Бірлік (бірлік топтары) активтерінің баланстық құнын азайту үшін құнсызданудан болған залал былайша бөлінуге тиіс:

a) алдымен ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін осы бірлікке (бірліктер тобына) бөлінген кез келген іскерлік беделдің баланстық құнын азайту үшін;

b) одан кейін бірліктің (бірліктер тобының) құрамындағы әрбір активтің баланстық құнына тепе-тең етіп бірліктің (бірліктер тобының) басқа да активтеріне.

Алдыңғы кезеңдерде, іскерлік беделді қоспағанда, активке қатысты танылған құнсызданудан болған залалдың бұдан былай болмауы немесе азаюы мүмкін екендігінің белгілерін анықтай отырып, ұйым, ең болмағанда, мынадай факторларды ескеруге міндетті:

Сыртқы ақпарат көздері:

активтің нарықтық құны кезең ішінде біршама ұлғайған;

ұйым үшін қолайлы оң әсері бар елеулі өзгерістер ұйым жұмыс істейтін технологиялық, нарықтық, экономикалық немесе заңдық жағдайларда, немесе ұйым үшін актив арналған нарықта кезең ішінде болды немесе таяу болашақта болады;

инвестицияларға пайданың нарықтық пайыздық ставкалары немесе басқа нарықтық нормалары кезең ішінде азайған және осы азаюлар активті пайдалану құндылығын есептеу кезінде пайдаланылатын дисконт ставкасына әсер етуі және оның өтелетін сомасын елеулі түрде ұлғайтуы мүмкін.

Ішкі ақпарат көздері:

· ұйым үшін оң әсері бар елеулі өзгерістер активті ағымдағы немесе болжамды пайдалану деңгейі немесе тәсілі кезең ішінде жасалған немесе таяу болашақта күтілуде. Осы өзгерістер активтің өнімділігін жақсарту немесе арттыру не осы актив жататын қызмет түрін қайта құрылымдау мақсатымен кезең ішінде келтірілген залалды қамтиды;

· ішкі есептілік активтің өнімділігі болжанғаннан жоғары екендігін, немесе жоғары болатындығын көрсетеді.

Активтердің әрбір жіктелімі үшін ұйым мынадай ақпаратты ашып көрсетуге тиіс:

1. кезең ішінде пайдалар мен залалдар туралы есепте танылған құнсызданудан болған залалдар сомасын және сол залалдар көрсетілетін толық табыс жөніндегі есептіліктің желілік бабын (баптарын);

2. кезең ішінде пайдалар мен залалдар туралы есепте танылған құнсызданудан болған залалдардың қайтару сомасын және толық табыс жөніндегі есептіліктің сол залалдар қайтарылатын желілік бабын (баптарын);

3. кезең ішінде басқа толық табыс арқылы танылған қайта бағаланған активтер бойынша құнсызданудан болған залалдар сомасын;

4. кезең ішінде басқа толық табыс арқылы танылған активтер бойынша құнсызданудан болған залалдардың қайтару сомасын.

Ұйым осы Стандартты қолдануға міндетті:

Ø 2004 жылғы 31 наурызда немесе осы күннен кейін келісім жасалған, кәсіпорындарды біріктірген кезде сатып алынған іскерлік беделге және материалдық емес активтерге қатысты;

Oslash; 2004 жылғы 31 наурыздан немесе осы күннен кейін басталатын бірінші жылдық кезеңнің басынан бастап болашақ негізде барлық басқа активтерге қатысты.

 


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 210 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)