Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Білім алушының оқудағы жетістігін бақылау

Читайте также:
  1. Аралық бақылау сұрақтары
  2. Аралық бақылау сұрақтары
  3. Бақылау сұрақтары
  4. Бақылау сұрақтары
  5. Бақылау сұрақтары
  6. Бақылау сұрақтары
  7. Білім алушының білім беру траекториясын таңдау процедурасы

Білім алушының оқу жетістігін бақылау әр түрдегі бақылау тапсырмалары негізінде оқылып жатқан пәндер бойынша білім алушылардың білімдерін тексеру түрінде жүргізіледі. Ол ағымдық, аралық және қорытынды бақылау болып бөлінеді.

Ағымдық бақылау – бұл пәннің оқу бағдарламасына сәйкес оқытушының ағымдық сабақтарда жүргізетін, білім алушының оқу жетістігін жүйелі тексеру.

Аралық бақылау – пәннің бір бөлік мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында бірнеше тақырыптар бойынша материалдарды меңгеріп болған соң жүргізілетін бақылау (тәртіп бойынша екі аралық бақылау жүргізіледі).

Қорытынды бақылау (аралық аттестаттау) – аралық аттестаттау кезеңінде пәнді оқыту аяқталған соң жүргізілетін білім алушының оқу жетістіктерін тексеру;

Бақылаудың барлық түрі мен білімді сәйкес бағалауды академиялық күнтізбе мен силлабусқа сәйкес сабақ жүргізетін оқытушы жүргізеді. Ағымдық және аралық бақылау бағасы сол пән бойынша білімнің қорытынды бағасының 60 % -нан аспауы керек.

Аралық бақылау міндетті болып табылады және рейтингтік жұмада жүргізіледі (mid-term). Бірінші рейтинг 7/8 жұмада жүргізіледі және ағымдық үлгерімнің бағасы мен бірінші аралық бақылаудың қорытындысын кірістіреді. Екінші рейтинг 14/15 жұмада жүргізіледі және ағымдық үлгерімнің бағасы мен екінші аралық бақылаудың қорытындысын кірістіреді. Аралық бақылаудың түрі мен мазмұнын оқытушының өзі таңдайды. Бірінші және екінші рейтинг нәтижелері рейтингтік жұмадан кейінгі жұманың бірінші күнінен қалдырмай рейтингілік ведомостқа (1-қосымша) енгізілуі керек.

Егерде білім алушы аралық бақылау уақытында себепті жағдайлармен келмей қалған болса, онда ол жетекші оқытушының келісімімен аралық бақылауды қайта тапсыруға құқылы. Ол үшін қосымша рейтингілік ведомость толтырылады

Білім алушылардың қорытынды бақылауы (аралық аттестаттау) емтихандық сессия деп аталынады. Университетте қысқы және көктемгі емтихандық сессиялар бекітілген. Жазғы семестрды жүргізу кезінде жазғы емтихандық сессия орнатылған. Әрбір сессияның өткізілуіне 2-4 жұма, ал жазғыға -1 жұма беріледі.

Емтихандық сессияны ұйымдастыруды деканат тіркеу бөлімімен және тестілеу қызметімен бірге жүзеге асырады. Деканатттараралық аттестаттаудың басталуына 1 ай қалған мерзімнен кешікпей емтихан кестесін құрастырады да, ОӘЖ жөніндегі проектормен бекітіледі.

Емтихандар Ғылыми кеңестің шешімі негізінде келесідей түрде өткізіледі: жазбаша, ауызша, тестілеу. Емтихандық тапсырманың түрі мен мазмұнын оқытушының өзі анықтайды, бірақта олар кафедраның отырысында талқыланып, бекітілуі керек.

Пәндер бойынша сынақтар семестрдың соңғы жұмасында сабақтар барысында тапсырылады. Сынақтың бағасы GPA есептеу кезінде (дифференцирленген сынақты ескермегенде) ескерілмейді, бірақта бұл сабақ бойынша сынақ диплом мен сессияға жіберілу рұқсатын алу үшін қажет.

Емтиханға жіберу кезінде сәйкес пәнге міндетті түрде курстық жұмысты (жоба) қорғау бойынша баға ескеріледі, ол қорғалынатын объекті бойынша көрсетілген білімге сәйкес балдық – рейтингілік әріптік жүйе бойынша (8-қосымша) қойылады

Аралық аттестаттау сонымен қатар барлық түрлері бойынша практикаларды (олардың аяқталу сәтінен бастап) қорытынды бақылауды кірістіреді. Практика бойынша қорытынды бақылау кәсіпорыннан/ұйымнан практика жетекшісінің, университеттегі практика жетекішісінің және практика есебін қорғауды қабылдайтын кафедралық комиссияның пікірлерімен бағаланады.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың төменде келтірілген шкаласына сәйкес бағаларды дәстүрлі жүйеге ауыстырумен жүзеге асырылады.

 

Әріптік жүйе бойынша баға Бағалаудың сандық эквиваленті Балдар Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А   95-100   «Өте жақсы»
А- 3,67 90-94  
В+ 3,33 85-89   «Жақсы»
В 3,0 80-84  
В- 2,67 75-79  
С+ 2,33 70-74   «Қанағаттанарлық»
С 2,0 65-69  
С- 1,67 60-64  
D+ 1,33 55-59  
D- 1,0 50-54  
F   0-49 «Қанағаттанарлықсыз»

 

Әр пән бойынша қорытынды баға студенттермен ағымдық және аралық бақылау нәтижесі бойынша -60 және емтихан – 40 жинаған балдар соммасы және нәтижесінде максималды 100 балды құрайды. Бұл балдар жұмыстың әртүрі бойынша жіктелінеді және оқытушымен анықталынады. Әрбір рейтингтік балл силлабуста көрсетілген бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалануы керек.

Білім алушының қорытынды бақылау (аралық аттестаттау) бойынша алған оң бағасы сәйкес пән бойынша бекітілген кредиттер санын ескеру үшін негіз болып табылады.

Білім алушылар үшін емтиханға қатысу міндетті.Егерде студент емтиханға келмеген жағдайда, ол «0» балл алады; қорытынды балы бұл жағдайда семестрде жиналған балдар соммасынан жинастырылады және бағасы университеттің бағалау шкаласына сәйкес қойылады.

Емтихан нәтижелерін оқытушы емтихан ведомостына емтиханның өту күнінде қояды және тіркеу бөліміне тапсырады.

Егерде білім алушылар қойылған бағаларымен (B,C,D,F) келіспеген жағдайда, емтихан нәтижесі жарияланған сәттен 24 сағат ішінде апеляцияға беруге құқылы. Апеляцияға өтініш факультеттің деканатына беріледі. Тіркеу бөлімі жеке деканның рұқсатнамасы алынған өтініштің негізінде апеляциялық ведомость береді.

Кафедрамен құрылған апеляциялық комиссия 24 сағат ішінде өтінішті қарастырып, бағаны өзгерту немесе сол түрінде қалдыру туралы сәйкес шешім қабылдайды.

Ескертпе: Егерде білім алушы емтиханнан «В» бағасын алып, онымен келіспей, апеляциялық комиссияға өтініш беріп төмен баға алып қалса, онда ол транскриптқа енгізіледі, ал GPA есептеу кезінде ең жоғары бағасы есептелінеді.

Студент бағаны көтеру мақсатымен емтиханды қайта тапсыра алмайды, бірақта қайта тіркеліп осы сабақты ақылы негізде қайта өтуіне болады.

«F» (Fail) бағасы - қанағаттанарлықсыз

«F» бағасын алған жағдайда, білім алушы бұл пәнді қайта өтуіне құқылы (Retake). Пәнді қайта оқу ақылы негізде жүзеге асырылады.

Элективті пәндер бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар оны қайта өтуі немесе басқа элективті пәнге ауыстыруы мүмкін. Пәнді ауыстыру эдвайзермен (ғылыми жетекші) келісілуі керек. Эдвайзер (ғылыми жетекші) білім алушының ЖОЖ ресми түрде өзгерістер енгізеді. Өзгертілген ЖОЖ бір данасы білім алушыға беріледі, екінші данасын эдвайзер (ғылыми жетекші) Тіркеу бөліміне береді, ал үшіншісі деканатта қалады.

Retake тіркелу жалпы тәртіп бойынша Жазғы семестр туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.


Дата добавления: 2015-11-28; просмотров: 156 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)